Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-нің
бастауыш сынып мұғалімі
Тундебаева Бахыт Зекеновна
Ашық сабақ . Дүниетану. 4 сынып.
Тақырыбы: Өзен және көл.
Білімділік мақсаты: Өзен және көл туралы түсіндіру, айырмашылығын ұғындыру.Адам өмірінде өзен, көлдердің маңыздылығын, олардың пайдасын ұғындыру. Еліміздегі ірі-ірі өзен , көлдермен таныстыра отырып білімдерін тереңдету.Картамен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Жергілікті жер компоненттерімен байланыстыру.
Дамытушылық мақсаты: Ой-өрісін,тіл байлығын ,жүйелеп мазмұндау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Өз Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілікке, өзен көл жағасында тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,диск, слайд,сөзжұмбақ, тест.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
Психологиялық дайындық
-Балалар, сабақты бастамас мына сұраққа жауап берейікші.
-Осы , біз қандаймыз?
Осы, біз қандаймыз?
Талабы биік таудаймыз!
Біз қызықпыз,қызықпыз,
Сәл еркелеу бұзықпыз.
Барлығы: Біз-қазақ елінің болашағымыз.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену,
Еңбек етіп топтасып,
«5-ке» қолды жеткізу.
Ендеше, балалар қазір өздеріңе белгілі « Нұрлы Болашақ-Нұрлы Жол» атты бастауыштар апталығы болып жатыр, сондықтан «ҚАЗАҚСТАН» сөзжұмбағын шешейік.
1.Тас көмірдің басты кен орны қай жерде?
2.Қазақстанның елордасы қай қала?
3.Қазақстанның елбасы кім?
4.Қазақстан қай құрылықта орналасқан?
5.Қазақстанда мемлекеттік тіл қандай тіл?
6.Президент күні қай айда?
7.Қазақстанның ұлттық валютасы не?
8.Қазақстанның көршілерінің бірі?
9.Қазақстан неге бай?
Олай болса балалар , өткен тақырып бойынша мына тесті шешіп жіберейік.
(тест кілтін слайдтан көрсету)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
«Жер асты сулары» тақырыбын мазмұндату.(екі оқушыдан мазмұнын сұрау, екі оқушыға семантикалық карта тарату)
Дәптерлерін тексеру..
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:
-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?
- Жер асты суының қандай пайдасы бар?
IV. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Өзен және көл.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: (слайдтан көрсете отырып түсіндіру)
Кіріспе: адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? Өзендер –құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.Ірі өзендер жоғарғы ,орта, төменгі ағысқа бөлінеді.Тікелей мұхиттарға, теңіздерге, көлдерге құятын немесе құм ,батпаққа сіңетін өзендер—негізгі , ал бұларға келіп қосылатын олардың салалары деп аталады.
Қазақстанда 85 мың өзен бар.Ұзындығын ескерсек,төртеуі ғана 1мың шақырымнан асады.Олар: Ертіс,ұз1698км., Сырдария,ұз.1692км.Есіл ұз. 1607км.,Жайық ,ұз1084км өзендері.Ұз 1000км асатын Тобыл,Іле,Шу сияқты тағы 3 өзен бар.
Өзендер-желмен жарысар,
Өршіл де асау ағыстар.
Өзенді ластап,лайласаң,
Өзіңе дерт боп жабысар.
Ішуге жарамды судың тағы бір көзі -осы өзен сулары. Өзендер тек ішуге ғана емес, қатынас жолы да,су күші және электр қуатын өндіруге де пайдалы. Өзендерді жағалай елді мекендер орналасқан, себебі өзен суы адам баласы үшін маңызды.Көл де пайдалы ,кейбір ақпалы көлдердің суын ішуге болады. Ағынсыз көл суы тұзды болады. Теңіз деп аталатын үлкен көлдер де бар. Каспий—көлдердің ең үлкені.
Дүние жүзіндегі ең терең көл-Ресей жеріндегі Байкал көлі. Арал теңізі бұрынғы аумағы бойынша дүние жүзінде 3- орын алатын. Аралдан кейінгі ірі көл—Балқаш. Оның бір жағы тұщы, бір жағы тұзды болып келеді.
Дискіден өзендер мен көлдер туралы мәлімет беру.(Видеоролик)
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Ірі өзендер мен көлдердің аттарын теріп жазу.
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
-Қандай көл суын ішуге болады?
-Көлдің буланған суының орнын қалай толтырады?
- Арал теңізі үшін сен болашақта қандай жұмыс жүргізетін едің?
-Өзен суын ішуден басқа не үшін пайдаланамыз?
VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.Суды қорғау.Алакөлге тоқталу.
Картадан өзендер мен көлдерді тауып, көлдерге қандай өзендер құятынын табу.
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 61,62- беттерді оқу,мазмұнын айту..Дәптерге екі қатарға үш өзен, көл атауларын беріп, солар туралы мәлімет жинақтап жазуға беру.
Өзін-өзі бағалау.Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды мадақтау.
Бағалау.
Тест жауаптары
6.
7.
8.
9.
Достарыңызбен бөлісу: |