ТУНИС МЕМЛЕКЕТІНІҢ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙЫ НЕМЕСЕ «АРАБ КӨКТЕМІНІҢ» БАСТАЛУЫ
Сүгір Н.М., Надыров Ш.М. жетекшілігімен әл- Фараби ат.Қазақ Ұлттық университеті
e- mail: nazym_sugirova@mail.ru
Қазіргі таңдағы Субсахара аймағындағы елдердің экономикалық жағдайына шолу, «Араб көктемінің басталуының негізгі себептері, елдердегі саяси жағдайларды қарастыру. Сонымен қатар Тунис мемлекетінің қазіргі экономикалық жағдайы сипатталып, дағдарыстан шығу мүмкіндіктері қарастырылады.
Түйін сөздер : «Араб көктемі», Тунис, геосаясат, тау-кен өнеркәсібі, АҚШ, экономика, экспорт,мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп.
Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады [1].
2010 жылдың аяғы мен 2011 жылдың басы бүкіл Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка бойынша жаппай наразылық шаралары бой көтерді. Бұл ереуілдер «арабтық төңкерістер», «Арабтардың оянуы» деген атпен белгелі болды. Бірақ «араб көктемі» деген атпен тарихта қалды.
Сонымен Тунис Солтүстік Африка бойынша білімі мен халқы өмір сүру деңгейі бойынша алда тұрған елдердің бірі. Тунис – Африкадағы салыстырмалы түрде дамыған тау-кен өнеркәсібі бар аграрлы ел. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 1820 АҚШ долларына тең. Тунис экономикасының негізін мұнай, фосфорит өндірісі мен туризм құрайды. Ел аумағының 32%-ы ауыл шаруашылығына қолайлы. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – егіншілік. Бидай, қара бидай, зәйтүн ағашы, құрма, цитрустық жемістер, жүзім өсіріледі. Негізгі порттары: Тунис, Сфакс, Бизер-та, Габес, Сехира. Экспортқа тоқыма, тері, фосфорит, эәйтүн майын, шарап, ерте пісетін көкөніс, шығарады. Машиналар мен құрал-жабдықтар, азық-түлік пен тұтыну тауарларын әкеледі. Мұнай өңдеу 5 млн тоннаны құрап, осының өзі ішкі нарықты қамтамасыз етеді. Негізгі сауда серіктестері : Франция, Италия, Германия,АҚШ, Бельгия, Ливия, Жапония [2].
Тунис халқы сауаттылығы жоғары деңгейде болды, әрі мүмкін бұл басты ерекшелік- Тунис бір ұлтты ел. Оның үстіне халықтың басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Қазіргі таңда Тунисте ешқандай төңкеріс болмаған сияқты әсер қалдырады. Сондай-ақ еркіндік елге баға өсімі алып келді, әсіресе азық – түлік қымбаттап, Туниске көршілес араб елдеріндегі қиын жағдай әсер етуде. Соңғы 3 жылда Тунисте экономикалық жағдай күрт төмендеп орташа айлық көрсеткіш те азайған [3].
Әдебиеттер тізімі
1.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
2.Тунис, государство // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907
3. Kersten Knipp; Benjamin Wirtz. Terror gegen Touristen. Deutsche Welle (30.06.2015)