3.12.2020
5-сынып
Тақырып:
Ультрадыбысты датчик. Кедергілерге реакция және оларды анықтау.
Ультрадыбысты датчик (Ultrasonic Sensor):
Ультрадыбысты датчик робот алдында тұрған кедергілерге дейінгі арақашықтығын анықтау үшін керек.
Негізгі қызметтері:
– қашықтықты өлшейді;
– нақты объектілердің бар жоқтығын анықтайды;
Мақсаты: Датчик алдында қол пайда болғанда, сәлемдесу дыбысын ойнату.
Берілген сандар a=0 және b=15. Біздің аралық: 0
Егер X=8 онда шарт орындалады, өйткені 0<8<15, Х берілген аралыққа кіреді.
Егер Х=18, онда шарт орындалмайды, себебі 0<15<18, Х берілген аралыққа кіреді.
Ултрадыбысты датчик келесі ұстаным бойынша жұмыс жасайды.
Датчик салыстырмалы мәнге ие (<, >, =, >=, <=), бастапқы мәні 0 және шекті мәнін өзіңіз қоясыз.
Салыстыру түрлері:
А. Тең =
Б. Тең емес !=
В. Үлкен <
Г. Үлкен немесе тең <=
Д. Кіші <
Е. Кіші немесе тең >=
7. < (үлкен) атты салыстыру түрін таңдаңыз және 15 см тең шектік мәнін енгізіңіз. Таким образом, датчик будет реагировать на объект, который будет в промежутке от 0 до 15 см от расположения датчика.
Егер объект (кедергі) осы аралықта болса, онда датчик оны тіркеп келесі блокты орындауға көшеді.
Әрекет (Action) атты жасыл палитрада орналасқан Дыбыс (Sound) блогын таңдаңыз.
Оны Күту блогына қосыңыз. Тізімнен Файлды ойнау (Play File) атты пункті таңдаңыз.
Дыбыстардың жиынтығынан керекті дыбысты таңдап алу үшін Файл атауы (File Name) пунктін басыңыз.
Бұл жерде бағдарламадағы дыбыстар тізімін көре аласыз. Барлық дыбыстар санаттар бойынша берілген. Мысалы, Жануарлар (Animals) барлық жануарларға қатысты дыбыстар тізімінде жинақталған. Осы тізімнен Мысықтың пырылдауы (Cat purr) атты дыбысты таңдаңыз.
Тізімді қарап шығу үшін жанында орналасқан жүгіртпені пайдаланыңыз. Оны жоғары және төмен қозғалтыңыз.
EV3 құрылғысында дыбыстың қосылғандығына көз жеткізіңіз. Бағдарламаны роботқа жүктеңіз.
Қолыңызды ультрадыбысты датчикке алыстан біртіндеп жақындатыңыз. Қолыңыз 15 см-ге жақындаған кезде сіз өзіңіз таңдаған дыбысты естисіз.
Ультрадыбысты датчик: Қозғалыс және тосқауыл
Рульдік басқару блогын СТАРТ блогына қосыңыз.
Блокты Қосылған (On) режиміне ауыстырыңыз.
Күту блогын Рульдік басқару блогына қосыңыз.
Режимжі өзгертіңіз:
Ультрадыбысты датчик (Ultrasonic Sensor) ->
Салыстыру (Compare) ->
Сантиметрдегі арақашықтық (Distance centimeters).
Кіші < салыстыру түрін таңдаңыз. Шектік мәне 10 тең болсын.
Күту блогына Рульдік басқару блогын қосыңыз.
Өшірілді (Off) режимін қосыңыз.
Сіздің бағдарламаңыз суретте көрсетілген нұсқаға ұқсас болуы керек.
Моторлардың дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Бағдарламаны роботқа жүктеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |