Сабақтың тақырыбы:Улы жыландар және жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерге дейінгі көмек
1. Аяқ – қолды шаққан кездегі шұғыл көмек.
Жылан шаққан кезде адам ағзасы улануы мүмкін. Бұл кезде уланудың төмендегідей белгілері білінеді. Шаққанан қалатын екі ірі нүкте түріндегі жаралар, қатты ауыру, шаққан жерден тез таралатын ісіну және қызару , лифматикалық тамырлар мен түйіндердің асқынуы, шаққан жердегі тері асты қан құйылуы, кіші дәреттегі қан (гематургия) тынышсыздық, ауыздың құрғауы, шөлдеу, іш өту, суық тер басу, коллапс тартылу, сөздің бұзылуы, (тілі күрмелуі), жұтынудың қиындауы, қозғалыстың (тартылу) сал болып қалуы (кобра шаққанда).
Аяқ-қолды шаққан кездегі шұғыл көмек –удың сіңірілуінің алдын алу үшін шаққан жерден жоғары тұсты қатты байлау (2 сағаттан артық емес), уды алып тастау үшін шаққан жерге қан соратын банка қою, көмек көрсетушінің ауыз қуысында зақым болмаса, жарадан уды сорып алып тастау.
Сондай-ақ қыздырылған темірмен, сілтімен, азот қышқылымен күйдіруге болады; мүмкін болса, дереу тері астына поливалентті сарысу (сарысудың 1 бөлігін стерильді судың 10 бөлігіне еріту керек) енгізу керек. Бұдан басқа шаққан жер айналасындағы тері астына марганец қышқылды калийдің 2 % ерітіндісін шашу (күніне 2-3 мл ден 2-3 рет) шаққан жердің айналасына 10-20 мл сарысу түйреу жүргізіледі, қою тәтті су, мол сусынішкізу, тері астына –физиологиялық ерітінді, глюкозаның 5 % -дық ерітіндісін (венаға) жіберуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |