Жоба
V шақырылған Жылыой аудандық мәслихатының _____ сессиясының ШЕШІМІ
Құлсары қаласы №___ __ _____________ 2015 жыл
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, 2015 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасы Премьер Министрдің орынбасары Б.Сапарбаевтың тапсырмасы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілісінің 20 ақпандағы 2015 жылғы №10 хаттамасы және аудан әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №522 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» қаулысы негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 23 тамыздағы №15-4«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2776 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйектегі «Кең Жылой» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Сұлтанов).
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
___сессиясының төрағасы
Аудандық мәслихат хатшысы М.Кенғанов
Аудандық мәслихаттың
20__ жылғы " " желтоқсандағы
№ шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың
20__ жылғы " " желтоқсандағы
№ шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1.Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – шартты ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасайтын адамдар;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі - облыстағы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) жүгінген күні – барлық қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш берілген ай;
6) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
8) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты (бұдан әрі – әлеуметтік келісім шарт) – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
9) отбасының жиынтық табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;
10) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
11) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы- отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
12) «Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
13) өтініш беруші – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдірген адам;
14) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
15) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
16) уәкілетті ұйым - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
17) үміткер – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан жүгінген адам;
18) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасыларының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
19) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
20) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне, ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
8. ШАК өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделу шартымен әлеуметтік келісім шартқа отырған тұлғаларға (отбасыларға) ұсынылады.
9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін әлеуметтік келісім шарт негізіндегі шартты ақшалай көмектен басқа, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
11. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған әлеуметтік келісім шарт негізіндегі шартты ақшалай көмек мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыста белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін облыста белгіленген кедейшілік деңгейімен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
12. Әлеуметтік келісім шарт негізінде ШАК алуға үміткердің жан басына шаққандағы орташа табысы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларды қоспағанда, өтініш берген айының алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
13. ШАК мөлшері отбасы құрамы өзгерген, сонымен қатар, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу кезіндегі табыстарын есепке ала отырып, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатқан жағдайларда, көрсетілген мән-жайлар орын алған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ, оны тағайындаған сәттен бұрын емес.
ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі ШАК біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты;
16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17. Үміткер ШАК алу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
18. Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі үміткерге әлеуметтік келісім шарт негізіндегі шартты ақшалай көмек көрсету шарттары туралы кеңес береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.
Әңгімелесу жүргізу кезінде:
1) үміткердің ШАК алуға құқығы;
2) отбасы мүшелеріне олардың жеке мұқтаждықтары ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес әңгімелесу парағы рәсімделеді.
19. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер осы Қағиданың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес ШАК алуға өтініш пен отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат;
4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.
Уәкілетті орган құжаттардың электрондық көшірмелері мен мәліметтердің сапасын және олардың өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқасына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
20. Өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті органның қызметкері өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салуды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган өтінішті осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талон беріледі.
21. Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және әлеуметтік келісімшарт негізінде төленетін ШАК алуға үміткердің материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.
22. Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, осы Қағидалардың 8, 9-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша тексеру актісін жасайды, осы Қағидалардың 10, 11-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оны уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.
23. Ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.
24. Уәкілетті орган:
1) құжаттарды ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне арналған ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды;
2) ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) жасасады және әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін уәкілетті органға жібереді;
3) әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін жеке жоспарды және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады;
4) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған күні осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ШАК тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және ШАК тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы (себептерін көрсете отырып) хабарлама жібереді.
25. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, ШАК-ты қоспағанда, әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерделеу жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
26. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
27. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге құзырлы уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
28. Уәкілетті орган, ШАК-ты қоспағанда, учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
29. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
30. Уәкілетті орган, ШАК-ты қоспағанда, өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
31. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес жазбаша хабардар етеді.
32. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
33. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші осы Қағиданың 15 және 19 тармақтарында көрсетілген құжаттарда толық емес және (немесе) дәйексіз мәліметтер ұсынған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
34. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығындарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау.
35. Әлеуметтік келісімшарт негізінде төленетін ШАК алуға құқығы анықтағаннан кейін өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №88 «Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын және отбасына көмектің жеке жоспарын жасау үшін шақыртады.
36. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тараптардың «Өрлеу» жобасына қатысу міндеттемелерін, сондай-ақ скринингтік тексеруден өтуге, әлеуметтік мәні бар аурулардан (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) емделуге бейімділігі, жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу бойынша міндеттемелерді қамтиды.
37. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары ауылдық кәсіпкерлікті дамытуды, сондай-ақ, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де шаралар арқылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді көздейді.
38. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
39. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты 6 айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
40. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данадан жасалады, оның біреуі өтініш берушіге беріліп, осы Қағиданың 14 қосымшасына сәйкес тіркеу журналына қол қойғызылады, екіншісі – уәкілетті органда сақталады.
41. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалу мониторингісі оны жасаған органмен жүзеге асырылады.
42. Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының барлық бағытында сүйемелдеу және жеке жоспардың орындалуын бақылау, содай-ақ оның тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
43. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;
Достарыңызбен бөлісу: |