Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей №3(91) 2020



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата22.10.2023
өлшемі334,19 Kb.
#187334
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
20-35-1-SM



ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 3(91) 2020 
69 
ҒТАХР: 20.53.33 
Г.А. Шангытбаева, Ж.А. Жамаладинова
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
SKETCHUP БАҒДАРЛАМАСЫ КӨМЕГІМЕН ОБЪЕКТІНІҢ 3D МОДЕЛІН ҚҰРУ 
Аңдатпа: Мақалада SketchUp программасының мүмкіндіктері және SketchUp ортасында 
сәулет ғимараттарының 3D модельдерін құру тәсілдері қарастырылды. Қоғамдің әр түрлі 
саласында біз үш өлшемді графикамен кездесеміз. Бұл журнал бетіндегі суреттерді форматтау 
да, видео-роликтегі жарнамалар болсын т.б. әрекеттер. Интернеттеде барлық сайттардағы 
жарнамалар үш өлшемді графикасыз болмайды. Ең көп пайдаланатын қазіргі заман компьютерлік 
ойындары үшін, киноматографияда, телевиденияда, баспа өнімдерін шығаруда. Үш өлшемді 
графика ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық объектілерді компьютерде 
үлгілеу облыстарында кең таралған. Бүгінгі таңда 3D модельдер адам қызметінің әртүрлі 
салаларында қолданылады: сәулет, медицина, кино индустриясы және т.б. Соңғы жылдары үш 
өлшемді модельдеудің ең танымал бағыттарының бірі − бұл саяжай үйлерінің, коттедждердің және 
басқа да сәулеттік құрылымдардың дизайнының 3D моделін құру. 
Түйін сөздер: графика, модель, модельдеу, үшөлшемді графика (3D графика), 3D объект, 
анимация, рендеринг, композитинг, SketchUp графикалық редакторы.
Үш өлшемді графика бүгінде біздің өмірімізге кеңінен қолданыс тапты. Бөлме 
интерьерін немесе 3D мұражайларды, жарнамалық роликті көре отырып, оларды 
дайындауда қаншама еңбек жатқанын біріміз біліп, енді біріміз біле бермейміз. 
Үш өлшемді графика немесе 3D графика дегеніміз − бұл компьютерлік графиканың 
ерекше түрі – 3D объектілердің (үшөлшемді нысандардың) суреттерін жасау үшін 
қолданылатын әдістер мен құралдар кешені.
3D кескінді екі өлшемнен ажырату қиын емес, себебі ол арнайы бағдарламалық 
өнімдердің көмегімен сахнаның 3D моделінің жазықтыққа геометриялық проекциясын құруды 
қамтиды. Алынған модель нақты шын мәнінде объект болуы мүмкін, мысалы, үй моделі, 
автокөлік, кометалар немесе мүлдем дерексіз болуы мүмкін. Мұндай үшөлшемді модельді 
құру процесі 3D модельдеу деген атау алды және ең алдымен модельделетін нысанның 
визуалды көлемді бейнесін жасауға бағытталған. 
3D графика технологиясы мен 3D басып шығару технологиялары адам қызметінің 
көптеген салаларына еніп, үлкен пайда әкелуде. 
Үш өлшемді бейнелер күн сайын бізді теледидарда, кинода, компьютермен жұмыс 
істегенде және 3D ойындарда, жарнама қалқандарынан бомбалады. 
Қазіргі заманғы 3D графика жетістіктері келесі салаларда қолданылады. 
Кинематограф және мультипликация-үш өлшемді таңбалар мен шынайы арнайы әсерлерді 
жасау.Компьютерлік ойындарды жасау-3D таңбаларды, қоршаған ортаның виртуалды 
шынайылығын, ойын үшін 3D-нысандарды жасау. 
Жарнама-3D графика мүмкіндіктері нарыққа тауарды тиімді ұсынуға мүмкіндік 
береді, үш өлшемді графиканың көмегімен кристалды-ақ көйлек иллюзиясын немесе 
шоколад жоңқасы бар тәбетті жеміс балмұздағын және т.б. жасауға болады. 
Үш өлшемді сурет жасау кезеңдері 
3D сурет 3D- объектінің суретін алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет: 

Модельдеу – жалпы сахнаның және оның объектілерінің математикалық 3D − моделін 
құру. 

Текстуралау жасалған модельдерге текстураларды салуды, материалдарды баптауды 
және модельдерге реализм беруді қамтиды. 

Жарықтандыруды орнату. 

Анимация жасау (қозғалатын объектілер). 

Рендеринг-алдын ала жасалған модель бойынша объектінің бейнесін жасау процесі. 

Композитинг немесе жинақтау-алынған суретті өңдеу. 

Модельдеу-виртуалды кеңістікті және оның ішінде объектілерді құру, әр түрлі 
Геометрияларды, материалдарды, жарық көздерін, виртуалды камераларды, қосымша 
арнайы әсерлерді жасауды қамтиды. 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 3(91)2020 
70 

3D модельдеу үшін ең көп таралған бағдарламалық өнімдер: Autodesk 3D max, Pixologic 
Zbrush, Blender. 

Текстуралау объектінің қасиеттері мен материалын бейнелеуге мүмкіндік беретін 
растрлық немесе векторлық кескіннің жасалған үш өлшемді моделінің бетіне салынуын 
білдіреді. 

Рендеринг және визуализация-құрылған сахнада жарықтандыру көздерін құру, орнату 
және баптау. 3Д графикалық редакторлар, әдетте, жарық көздерінің келесі түрлерін 
қолданады: spot light (бөлінетін сәулелер), omni light (барлық жаққа бағытталған Жарық), 
directional light (параллель сәулелер) және т.б. кейбір редакторлар көлемді жарық көзін 
(Sphere light) жасауға мүмкіндік береді. 

Анимация-қозғалатын нысандарды жасау, дәлірек айтқанда модель қозғалысының 
имитациясы. Қазіргі заманғы 3Д-редакторларда құралдар жасау үшін көптеген құралдар 
бар,үшөлшемді модельдерді құру үшін құралдар бар анимацияны жасау үшін арнайы 
бағдарламалық өнімдер де бар. 

Рендеринг-заттың үш өлшемді моделін "жазық" бейнеге түрлендіру. Рендеринг 
технологиясының бірнеше түрі бар, олардың әрқайсысы өз артықшылықтары мен 
кемшіліктері бар: сканлайн, z-буфер, сәулелерді трассалау, жаһандық жарықтандыру. 
Үш өлшемді графикамен жұмыс жасауға арналған 3D бағдарламалық пакеттерге
3ds Max, Maya, SketchUp, Newtek Lightwave, SoftImage XSI, CINEMA 4D, Blender, K-
3D, Wings 3D т.б. графикалық редакторларды жатқызуға болады. 
Солардың ішіндегі SketchUp 3D графикалық редакторын қарастырамыз. Себебі, 
SketchUp-үш өлшемді модельдерді жасау, өңдеу және таныстыру үшін қарапайым және 
ыңғайлы құрал.
SketchUp прграммасының көмегімен келесі мүмкіндіктерді жүзеге асыруға болады: 

көп бет құжаттары мен презентацияларын жасау; 

бір бетте көптеген масштабталған модельдерді орналастыру және аннотациялау; 

бір ғана сызбаны пайдалана отырып, жобаның тұсаукесерін жасау, құжаттау және жасау. 
SketchUp программасын қолдану өте қарапайым, өйткені әуесқойлар есебімен 
жасалған және "сызғыш", "қарындаш", "транспортир", "өшіргіш" сияқты бұрыннан өзімізге 
таныс құралдарды пайдаланып, үш жазықтықта жылдам және жай ғана қалаған нәтижеге қол 
жеткізуге мүмкіндік береді. 
SketchUp программасы екі өлшемді растрлық және үш өлшемді графиканың түрлі 
пішімдерін импорттау мен экспорттауды қолдайды, атап айтқанда:*.3ds, *.dwg, *.ddf; *.jpg, 
*.png, *.bmp, *.psd форматтарды қолданады. 
SketchUp программасының көмегімен сәулет ғимараттарының 3D модельдерін екі 
тәсілмен алуға болады: 
1. Қарапайым құралдардың көмегімен модель дайындау немесе негізді сығу әдісі 
деп аталады. 
2. Фотосуреттер негізінде модель жасау. Ол үшін ең алдымен дұрыс фото таңдау 
қажет. 
Үздік 3D модельдер сапалы фотосуреттер негізінде жасалады. Ең алдымен, 
ғимараттың көптеген суреттерін дайындап алу қажет. Ғимараттың әрбір бөлігін бөгде 
объектілерсіз (ағаштар, автомобильдер, адамдар және т.б.) суретке түсіріп алу қажет. Бөгде 
объектілер болса, оны Photoshop сияқты құралдардың көмегімен алып тастау керек.
Одан кейін фотосуретті SketchUp ортасында ашып, біріктіруді бастау қажет. 
SketchUp программасы нақты масштабта сызбаларды жасауға мүмкіндік береді (1:1 
масштабы). Бірақ сандық суреттер 1:1 масштабында болмағандықтан, фотосуретпен 
біріктірілген 3D моделін жасау үшін SketchUp камерасын түсіру кезінде қолданылған сандық 
камераның жағдайы мен фокустық қашықтығына сәйкес калибрлеу қажет. 
Жобаның келесі қадамы модельдеу үшін объектіні анықтау болып табылады. 
Осылайша, SketchUp бағдарламасын оқып, модельдеу үшін объектіні таңдап, модельді 
жасау кезеңіне кірісуге болады. 
Жалпы алғанда модельдерді құру процесі 3 кезеңнен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет