1-лекция
C# тіліндегі
көп өлшемді
жиымдар
Сұрақтар
1. Екі өлшемді жиымдар туралы 3
2. Екі өлшемді жиым элементтерін енгізу 7
3. Квадрат матрицаны өңдеу 14
4. Үш өлшемді және көп өлшемді жиымдар 22
5. Көп өлшемді жиымды инициалдау 24
6. Сатылы жиымдар 26
7. Жиымдарға сілтемелерді меншіктеу 32
8. Үш өлшемді жиымға Length қасиетін қолдану 35
9. Length қасиеті сатылы жиымдарда 38
10. Тікелей типтелмеген жиымдар 42
1. Екі өлшемді жиымдар туралы
Екі өлшемді жиым кесте түрінде болады. Мұнда кез келген элемент екі индекспен – жол нөмірімен (i) және бағана нөмірімен (j) көрсетіледі. Бүтін (int типіндегі) сандардан тұратын екі өлшемді жиымды (3x4) жариялау былай көрсетіледі.
int[,] ar = new int[3, 4];
мұның өлшемдері, яғни индекстері бір-бірінен үтірмен бөлініп тұр. Жариялаудың бас жағындағы синтаксистік белгілеу [,] де, екі өлшемді жиымға сілтеу айнымалысы
құрылатынын білдіреді.
аr жиымы 12 элементтен тұрады. Оларға бастапқы мәнді бірден сандармен бере отырып та жариялай аламыз:
int[,] ar = new int[3,4]{ {2,3,1,5},
{3,4,5,7},
{6,7,8,9} }; немесе
int[,] ar = new int[3,4]{2,3,1,5,3,4,5,7,6,7,8,9};
1-мысал. Төменде екі өлшемді sqrs жиымы алдын ала 1-ден 10-ға дейінгі сандармен және солардың квадраттарымен инициалданады.
using System;
class Squares {
static void Main() {
int[,] sqrs = { { 1, 1 },
{ 2, 4 },
{ 3, 9 },
{ 4, 16 },
{ 5, 25 },
{ 6, 36 },
{ 7, 49 },
{ 8, 64 },
{ 9, 81 },
{ 10, 100 }
};
int i, j;
Достарыңызбен бөлісу: |