Лекция C# тіліндегі көп өлшемді жиымдар Сұрақтар Екі өлшемді жиымдар туралы екі өлшемді жиым элементтерін енгізу Квадрат матрицаны өңдеу 14



бет9/13
Дата24.11.2023
өлшемі328,36 Kb.
#193345
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1 лекция жиымдар

Типтелмеген айнымалылар механизмін пайдалана отырып, тікелей типтелмеген жиымдар құрылады. Типтелмеген жиымдар кейінірек LINQ тілін пайдалану кезінде кең қолданылатын болады.
Ал, көбінесе жиымдарды бұрынғыша жариялау қолданыла береді. Типтелмеген жиымдар мұнда тек С# тілі мүмкіндігін көрсету үшін ғана келтіріліп отыр.
Тікелей типтелмеген жиым var түйінді сөзі арқы-лы жарияланады, бірақ одан соң квадрат жақшалар [ ] қойылмайды. Оған қоса, типтелмеген жиым міндетті түрде инициалдануы тиіс, солардың мәндерінің типі арқылы жиым типі анықталады. Берілген барлық мәндер бір типте болуы керек.
Келесі мысал типтелмеген жиымды жариялауды көрсетеді.
var vals = new[] { 1, 2, 3, 4, 5 };
Ал, келесі мысалда екі өлшемді double типіндегі жиым құрылады.
var vals = new[,] { {1.1, 2.2}, {3.3, 4.4}, { 5.5, 6.6} };
Мұнда 2x3 өлшеміндегі типтелмеген vals жиымы құрылады.
Тікелей типтелмеген сатылы жиымдарды да жария-лауға болады. Келесі программаны қарастырайық.
// Тікелей типтелмеген сатылы жиымдарды қолдану.
using System;
class Jagged
{ static void Main()
{ var jagged = new[] { new [ ] { 1, 2, 3, 4 },
new[] { 9, 8, 7 },
new[] { 11, 12, 13, 14, 15 }
};
for(int j =0; j < jagged.Length; j++)
{ for(int i=0; i < jagged[j].Length; i++)
Console.Write(jagged[j] [i] + " ") ;
Console.WriteLine();
}
Console.ReadKey();
}
}
Мысалдағы jagged жиымының жариялануына назар салыңыздар.
var jagged = new[] {
new [ ] { 1, 2, 3, 4 },
new[] { 9, 8, 7 },
new [ ] { 11, 12, 13, 14, 15 }
};
Мұнда new [ ] операторы екі мақсатта қолданылады.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет