Лекция C# тіліндегі көп өлшемді жиымдар Сұрақтар Екі өлшемді жиымдар туралы екі өлшемді жиым элементтерін енгізу Квадрат матрицаны өңдеу 14


Мысалы, төмендегі жолда jagged жиымының коорди-наталары ( 2, 1) элементіне 10 мәні меншіктеледі



бет8/13
Дата24.11.2023
өлшемі328,36 Kb.
#193345
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1 лекция жиымдар

Мысалы, төмендегі жолда jagged жиымының коорди-наталары ( 2, 1) элементіне 10 мәні меншіктеледі.
jagged[2] [1] = 10;
Мұндағы тіктөртбұрышты және сатылы жиымдардың жазылуларындағы синтаксистік айырмашылықтарына назар салыңыздар.
Төмендегі программада екі өлшемді сатылы жиым құру мысалы көрсетілген.
// Сатылы жиымды қолдануды көрсету.
using System;
class Jagged {
static void Main() {
int[][] jagged = new int[3][];
jagged[0] = new int[4];
jagged[1] = new int[3];
jagged[2] = new int[5];
int i;
// Мәндерді 1-жиымда сақтау.
for(i=0; i < 4; i++) jagged[0] [i] = i;
// Мәндерді 2-жиымда сақтау.
for(i=0; i < 3; i++) jagged[1][i] = i;
// Мәндерді 3-жиымда сақтау.
for(i=0; i < 5; i++) jagged[2][i] = i;
// 1-жиымдағы мәндерді экранға шығару.
for(i=0; i < 4; i++) Console.Write(jagged[0] [i] + " ") ;
Console.WriteLine();
// 2-жиымдағы мәндерді экранға шығару.
for (i=0; i < 3; i++) Console.Write(jagged[1][i] + " ");
Console.WriteLine() ;
// 3-жиымдағы мәндерді экранға шығару.
for(i=0; i < 5; i++) Console.Write(jagged[2] [i] + " ") ;
Console.WriteLine() ;
}
}
Сатылы жиымдар – жиымдардың жиымы бол-ғандықтан, олар тек бір өлшемді жиымдардан тұруға тиісті емес. Келесі мысалда екі өлшемді жиымдардан тұратын жиым жасалады.
int[] [,] j agged = new int [ 3] [,];
Келесі жолда jagged [ 0 ] жиымы элементі өлшемі 4x2 болып келген жиымға сілтеме жасайды.
jagged[0] = new int [4, 2];
Ал келесі мысалда jagged [ 0 ] [1,0] жиымы элементіне i айнымалысының мәні меншіктеледі.
jagged[0][1,0] = i;
7. Тікелей типтелмеген жиымдар
C# тілінің 3.0 нұсқасынан бастап, var түйінді сөзі арқылы тікелей типтелмеген жиымдарды жариялауға болады. Мұндай айнымалылар типін инициалданған мәндерге қарап, компилятордың өзі анықтайды. Сол себепті тікелей типтелмеген айнымалылар міндетті түрде инициалдануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет