Викторина «Қазақстан туралы не білесің?»



Дата12.03.2018
өлшемі51,35 Kb.
#38737
түріВикторина
Викторина «Қазақстан туралы не білесің?»

5 – 7 сыныптар аралығында



Мақсаты: Оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Туған елінің тарихын терең білуге баулу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Көрнекілік құрал –жабдықтар: жазушылардың, Қазақстанның қоғам

қайраткерлері суреттері.

1.Қазақстан егемендігі туралы Декларация жарияланған жыл? 1990ж 25 қазан

2.КСРО өмір сүрген жылдары? 1922-1991жж

3.Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ КІМ?

4.Алғашқы бүкілхалықтық Президент сайлауы болған жыл? 1991 ж 1 желтоқсанда

5.Қазақ хандығы құрылған жыл? 1465-1466жж

6. «Ленинградтық өрендерім» өлеңінің авторы кім? (Ж. Жабаев

7. .«Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)

8. «Қазақстан -2050» стратегиясы қабылданған жылы? 2010ж

9. «Әсемпаз болма әрнеге,

Өнер болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан» өлеңінің авторы кім? (А. Құнанбаев)

10.Біздің қаладағы Ленин көшесі қалай өзгертілген? (Қазақстан Конституциясы)

11. .Киелі аң-құстың тісін, тырнағын тіл-көз тимеуге қарсы жасаған ырымның атауы: Бойтұмар

12. Сақ патшайымы Томиристің өмір сүрген мерзімі? б.з.б. 570-520 жж

13. Темір дәуірінің бөліну кезеңі? 2-ге

14. Қай әншіге Қазақтың «Қаһарман» атағын берді? (Р.Бағланова)

15. Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала:

Теміртау

16. Қазақтың «Бұлбұл әншісі» деп кімді айтады? (Бибігүл Төлегенқызы)

17. Қай қызға Совет Одағының батыр атағы берілді? (М. Мәметова)

18. Қазақстан қай елмен шектеспейді? (Тәджікстан)

19. Мұсылмандардың күніне бес рет оқитын не? (намаз)

20. Қазақ халқының ұлттық аспабы не? (домбыра)

Оқушылар « Болашақ » және « Патриот » болып екі топқа бөлінеді.

Викторина

І Кезең

1.ҚР тұңғыш Ата Заңы қабылданды? Жоғары кеңеспен

2 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тұрады: 98бап,9бөлімен

3. XX ғасырдың соңында ЮНЕСКО-ның шешімімен 150 жылдық мерейтойы тойланған қазақтың ұлы ақыны? А.Құнанбаев

4. Қазақстан астанасының Ақмолаға көшірілген жылы: 1997ж

5. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)

6. Конституцияға сәйкес ҚР Президентінің сайлану мерзімі?

7. 1991 жыл 16 желтоқсан-

8. Қазақстан Республикасы атауы қабылданды 1991 жылы 10 желтоқсанда

9. Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға:

ХVІІ ғасырдан бастап теңіз жолдарының ашылуы

10. Қазақстанның астанасы қай қала?



ІІ кезең

1. Қандай қаланың аты саннан, дене мүшесінен және тамақтың атынан тұрады? (Екібастұз)

2. Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды. (Бурабай курорты)

3. Астананың көне аты қалай аталған? (Қара өткел)

4. «Беташар» сөзі нені білдіреді? (Келінің бетін ашу)

5. «Сүйінші» сөзі нені білдіреді? (жағымды жаңалыққа)

6. Ол түрік отбасында дүниеге келген. Көп тілді меңгерген, Шығыс елдерін көп аралаған, 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген. 100-ден аса ғылыми кітап жазған кім? (Әл – Фараби)

7. Халық қаһарманы, жазушы,«Артымызда Москва» кітабының авторы кім? (Б. Момышұлы)

8. Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды

1992 жылдың маусымында

9. Ғалым, ағартушы, «Мұсылман даласы туралы», «Жонғария очеркі» т.б авторы кім? (Ш. Уәлиханов)

10. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс Министрі? С.Нұрмағамбетов



ІІІ кезең

1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім болды?

(Н. Назарбаев)

2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (И. Есенберлин)

3. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады?

(қараша,1993ж.)

4. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстанның парламентіндегі тұрақты жұмыс істейтін екі палата? Сенат пен Мәжіліс

5.Көктем мерекесінде болатын жаңа жылдың қазақша айы қалай

аталады?(наурыз)

6. Қазақтың педагог –ағартушы, алғашқы рет Қазақстанда қыздарға арнап

училище ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)

7. Композитор, «Бұлбұл» күйінің авторы кім? (Дәулеткерей)

8. Ахмет Иассауи кесенесін қай хан салдырған? (Әмір темір)

9. Әбілхан Қастеев кім? (суретші)

10. Жамбыл Жабаевтың өзіне пір тұтқан ұстазы кім? (Сүйінбай)

ІV кезең

Топ басшыларымен сайыс: тізбек түрінде қойылатын сұрақтарға топ басшылары 5 секунд ішінде жауап беру керек « Болащақ » тобының басшысына сұрақ

1. Қазақтарды хан дәуірінде билеген кім? (хан)

2. Қазақстандық студенттер шетелдердің оқу орындарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алған бағдарлама? «Болашақ»

3. Киіз үйдің күмбезі не? (шаңырақ)

4. Қазақша жаңа жылды қашан тойлайды? (наурыз)

5. Қазақтың ұлттық , ат жарысын қалай атайды? (бәйге)

6. «Абай жолы» роман –эпопеясының авторы кім? (М. Әуезов)

7. Атақты күйші кім? (Құрманғазы Сағырбаев)

8. «Жеті жарғы» заң жобасын жасаған кім? (Тәуке хан)

9. Шоқанның шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

10. «Сәукеле» деген не? (ұлттық бас киім)

« Патриот » тобының басшысына сұрақ

1.Қазақтардың бұрынғы баспанасы (киіз үй)

2. Ханнан кейін екінші орынды басатын кім? (би)

3. Мұсылмандардың қасиетті кітабын қалай атайды? (құран)

4. «Беташарды» қай уақытта айтады? (келін түскенде)

5. Бие сүті не? (қымыз)

6. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)

7. Еліміздің рәміздерін ата. (елтаңба, ту, әнұран)

8. Төле би қай жүздің биі? (Ұлы жүз)

9. Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ)



10. Абайдың туған жері (Шыңғыс тауының етегінде)

Қорытындылау: жеңімпаздарды аңықтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет