X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына құрылған мемлекет: Чех мемлекеті



Дата27.06.2020
өлшемі105,58 Kb.
#74612
Байланысты:
ДЖТбаза.docx


X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына құрылған мемлекет:Чех мемлекеті

2. Еуропада кең тараған славян тайпаларының бөлінуі:үш топқа

3. Орыс жерінде Киев Русі атты мемлекеттің құрылу кезеңі:X ғасыр

4. Киев Русінде христиан дінін қабылдау жылы:988 жыл

5. Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалаған кінәз:Ярослав Мудрый

6. Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға:«Ұзақ парламенттің» шақырылуы

7. Секуляризация дегеніміз................Рухани және әлеуметтік өмірдің дін ықпалынан босауы

8. ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің отаны:Англия

9. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:Абсолютизм және феодалдық тәртіптер жойылды

10. ХҮІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай:Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер

11. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай:Ұлы Географиялық ашулар

12. Англияда ХҮІ ғ. басталған қауымдық алқаптарды қоршаудың әлеуметтік-экономикалық салдары:Жерден айырылған шаруалар қалаларға шоғырланды

13. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен және құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар:Пуритандар

14. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы:Парламенттік монархия

15. 1639 ж. Ағылшын королі І Карлдың парламентті шақыру себебі:Шотландиямен соғыстың басталуы

16. 1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар:Жердің қоғамдастырылуын

17. 1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция – «Басқару жоспарының» мәні:Кромвель лорд-протектор болып тағайындалды

18. 1688 ж. Англияда орнаған мемлекеттік басқару жүйесі:B) Парламентті монархия

19. ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні:Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану

20. Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы:Франсуа Мари Аруэ

21. Атеистер – ..............E) Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар

22. Барлығы бірдей тең және ортақ мүлікке иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам деп есептейтін француз ойшылы:C) Жан Мелье

23. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні:Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады

24. ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қоғамды қайта құруды насихаттағандар:Ағартушылар

25. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені:Виргиния

26. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар:1775-1783 ж.

27. Отары бар мемлекет:Метрополия

28. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі:«Тәуелсіздік декларациясы»

29. 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат:

Бенжамин Франклин

30. АҚШ-тың тұңғыш президенті:Д.Вашингтон

31. 1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі:Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды

32. 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі:Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы

33. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл:1787 ж.

34. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі:Бас штаттар

35. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:E) Бастилияның алынуы

36. 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі:Абсолюттік монархияның құлауы

37. Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика:Франция

38. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:Француз революциясын тұншықтыру үшін

39. 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға:Францияның республика болып жариялануы

40. 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер:Якобиншілдер

41. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:Абсолюттік монархия жойылды

42. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды

43. Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл:1703 ж.

44. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:Ништад келісімі

45. Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы:І Петр

46. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:Кунсткамера

47. І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты:Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу

48. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет:Швеция

49. Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы:«Сарайлар төңкерісі дәуірі»

50. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:Е.Пугачев

51. 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы:2 Екатерина

52. 1700-1721 жылдары болған соғыс:Солтүстік соғыс

53. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:Дели сұлтандығы

54. ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы:Бабыр

55. Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер:Вакф

56. ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер:Англия мен Франция

57. ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:Осман империясы

58. ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай:Сипахилік жүйенің ыдырауы

59. 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған:Патрон Халил

60. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді

61. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты:Оқшаулану саясаты

62. 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:Ли Цзычэн

63. 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты:Қытайға келуіне тыйым салды

64. Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл:1635 ж.

65. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы:Батыр қонтайшы

66. ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар:Сегундар

67. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет:Жапония

68. ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай:Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы

69. ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет:Сефевидтер әулеті

70. ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер:Дивани

71. 1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі:Алжир

72. 1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет:Франция

73. ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ......Нәдір

74. ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі:Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі

75. Иранның Каджар әулеті тұсындағы астанасы:Тегеран

76. Каджар әулеті тұсындағы Иран жерінің әкімшілік аймақтары:Вилаеттер

77. ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер:Хассэ

78. Мәдениет пен мемлекеттіліктің өзіндік дәстүрлерін бұрын жасаған елдер:Шығыс елдері

79. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері:Факториялар

80. ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет:Голландия

81. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда «мемлекет ішіндегі мемлекет» атанған ерекше құрылым:Ост-Үнді компаниясы

82. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Қытай, Жапония елдерінің шетелдік отаршылдарға елді тонатпау үшін ұстанған саясаты:«Жабық есік»

83. Қытай рыногын жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының» бастамашысы болған мемлекет:Англия

84. ХVІІІ-ХІХ ғ. Шығыс елдерінің экономикалық саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі:Еуропалық отаршылдардың тонаушылық саясаты

85. Метрополия дегеніміз.....Отар иемденген мемлекет

86. Экспансия саясатының мәні:Мемлекеттің өзінің ықпалын басқа елдерге түрлі әдістермен тарату саясаты

87. Дүние жүзінде отаршылдық жүйенің негізін қалағандар:Сауда компаниялары

88. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар:Луддашылдар

89. 1819 ж. Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің әлеуметтік заң шығару саласында жасаған маңызды қадамы:9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салынды

90. 1764 ж. «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер:Дж. Харгривс

91. 1765ж. Бу машинасын ойлап тапқан:Джеймс Уатт

92. Өнеркәсіп төңкерісінің мәні:Өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өтуі

93. «Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет:Англия

94. ХІХғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы:Чартизм

95. ХІХ ғ. Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия:Консерваторлар

96. ХІХ ғ. соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі:Шетелдерде ағылшын тауарларына жоғары салықтардың салынуы

97. 1804 ж. Рим папасы салтанатты түрде тәж кигізген император:І Наполен

98. 1799 ж. 9 қарашадағы Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі:Консулдық жүйе орнады

99. І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы:Өнеркәсіпке мемлекеттік жәрдем ақша мен сыйлық беріп отырды

100. Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы:Құрлықты қоршауды жариялады

101. 1813 ж. 16-19 қазанда Лейпциг түбінде жарты млн. астам жауынгер қатысқан шайқас:«Халықтар майданы»

102. 1815 ж. Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі: Наполеон жеңіліс тауып, Әулие Елена аралына жер аударылды

103. Францияда екінші республика жарияланған жыл:1848 ж. 25 ақпан

104. Наполеон Бонапарттың келуімен Францияда орныққан әкімшілік жүйе:Монархиялық жүйе

105. Франция-Пруссия соғысы басталған жыл:1870 ж.

106. Францияда 1814 ж. тақ басына келген династия:Бурбондар

107. 1870 ж. 19 шілдеде...........Франция-Пруссия соғысы басталды

108. 1871 ж. Франция республикасының «герцогтер республикасы» деп аталу себебі:Ұлттық жиналыс мүшелерінің көпшілігі монархияшылдар

109. 1871 ж. 21-28 мамыр аралығындағы күндердің «қанды апта» оқиғасы деп аталу себебі:Париж Коммунарлары мен Версаль әскерлерінің арасындағы қырғын соғыстың болуы

110. 1848-1849 жылғы Германия революциясының қорытындысы:Революция жеңіліспен аяқталды

111. 1848-1849 жылғы Италия революциясының нәтижесі:Революция жеңіліспен аяқталды

112. ХІХ ғ. ортасында Италияда біртұтас ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты жоспар ұсынған граф:Камилло Бенсо Кавур

113. Біріккен Герман империясының бірінші канцлері:

Отто фон Бисмарк

114. ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің экономикалық дамуының басты ерекшелігі:

Капиталистік қатынастың күшеюі

115. 1861 ж. Ресейде қабылданған реформаның мәні:

Басыбайлы құқықты жойды

116. 1880 ж. Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі:

Г.В.Плеханов

117. Ресейдегі бірінші орыс революциясы жүзеге асқан жылдар:

1905-1907 ж.

118. 1860 ж. теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде бірінші орынға жеткен мемлекет:

АҚШ

119. 1861 ж. АҚШ аумағындағы штаттың саны:



40

120. АҚШ-та қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз бетімен басып алу тәсілі:

Контрабанда

121. ХІХ ғ. І ж. АҚШ азаматтарының «жоғары» өрлеуіне мүмкіндік жасаған жағдай:

Еуропадан иммигранттардың үздіксіз ағылып келуі

122. ХІХ ғ. ІІ ж. АҚШ -тың теміржол және болат құю зауытының қожасы :

Э.Карнеги

123. ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ-тың оңтүстік аймағында үстемдік еткен шаруашылықтың түрі:

Плантациялық шаруашылық

124. 1793 ж. АҚШ-та мақта тазалайтын машина ойлап тапқан …….

Эли Уитни

125. ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ экономикасының «королі» ретінде, шетке шығарылған басты тауар:

Мақта

126. Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иеліктері:



Латифундия

127. ХІХғ. І жартысында АҚШ өнеркәсібінің дамуына кедергі болған жағдай:

Плантациялық құлдық шаруашылықтың үстемдігі

128. 1803 ж. АҚШ-тың Франциядан сатып алған жері:

Луизиана

129. ХІХғ. басында АҚШ-тың Испаниядан тартып алған жері:

Флорида

130. АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алған жылы:

1867 ж.

131. Томас Джефферсон мен оны жақтаушыларының есептеуінше АҚШ-тың гүлденуіне негіз болатын экономикалық саясат:

Ауыл шаруашылығын барынша қолдау

132. ХІХ ғ. ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіскен мәселе:

Құлдық жүйенің сақталуы

133. АҚШ Президенттерінің ұзақ жылдар бойы құлдықты жоя алмау себептері:

Оңтүстік штаттардың одақтан шығамыз деп талап қоюларынан

134. ХІХ ғ. басында «Америкалық отарлар қоғамының» ұсынған идеясы:

Қара түстілерді Африкаға қайтару

135. АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандар:

Аболиционистер

136. Олигарх...........

Аз ғана топ ақсүйектердің, финанс алпауыттарының саяси және экономикалық үстемдігі

137. АҚШ-та азамат соғысы болған жылдар:

1861-1865 ж.

138. 1860 ж. АҚШ-та президенттік сайлауда бір-біріне қарсы тұрған партиялар:

Демократтар мен республикашылдар

139. 1860 ж. АҚШ президенті болып сайланған және құл иеленушілікті жоюды жақтаушы:

Авраам Линкольн

140. АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс:

Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы Азамат соғысы

141. 1861-1865 ж. АҚШ-тағы азамат соғысының басты тарихи маңызы:

Құлдық жойылды

142. Конкистадорлар..........

испан-португал басқыншылары

143. Латын Америкасы елдерінде құлдық жойылған ең алғашқы ел:

Гаити

144. ХVІІІ- ХІХ ғ. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістердің басты мақсаты:



Тәуелсіздік алу

145. 1810 ж. Мексика ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы:

Мигель Идальго

146. 1826 ж. бастап бұл ел Аргентина деп аталады:

Біріккен Ла-Плата провинциялары

147. 1791 ж. Гаити аралындағы құлдар көтерілісінің басшысы:

Франсуа Доменик Туссен

148. 1825 ж. құрылған бұл мемлекет өзінің азат етушісінің құрметімен аталады, ол – ........

Боливия

149. ХІХ ғ. жаңа тәуелсіз Латын Америкасы мемлекеттерінде күшті экономикалық және саяси ұстанымын орнатуға мүмкіндік алған мемлекет:

АҚШ

150. 1823 ж. «Монро доктринасының» мәні:



АҚШ-тың америка ісіне державалардың араспауын талап еткен мәлімдемесі

151. Императорын Көк тәңірінің ұлы деп есептеген мемлекет:

Қытай

152. ХVІІІ-ХІХ ғ. Қытайдың дүние жүзі елдерінен дамуы жағынан артта қалу себебі:



Ешқандай елмен дипломатиялық не сауда байланысын жасамауынан

153. Бірінші апиын соғысы болған жылдар:

1840-1842 ж.

154. 1840-1842 ж. Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі:

Пекиннің ағылшындардың Қытайға апиын сатуына тыйым салуы

155. 1842 ж. Нанкин келісімшартында қабылданған шешім:

Қытай ағылшындар үшін бес порт ашуға және контрибуция төлеуге мәжбүр болды

156. 1850-1864 ж. аралығында Қытайдың экономикалық күйзелісі мен апиын қозғалысының зардаптарынан туған шаруалар соғысы:

Тайпиндер көтерілісі

157. Қытайда екінші апиын соғысы болған жылдар:

1856-1860 ж.

158. Англия мен Франция Пекинде өздерінің елшіліктерін ұстауға және өз азаматтарының Қытайда емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берген келісім:

Тяньцзинь келісімі

159. 1858 ж. Айгунь келісімі бойынша Ресей меншігі деп танылған аймақ:

Амур өзенінің сол жақ жағалауы

160. 1850-1864 ж. тайпиндер құрған мемлекеттің идеологиясы:

Ежелгі қытай дәстүрлерін сақтау, көне ережелерді құрметтеу

161. 1894-1895 ж. жапон-қытай соғысында күйреген Қытай саясаты:

«Өзін-өзі күшейту»

162. ХІХ ғ. Қытайды ауыр жағдайдан шығарудың жолын іздеген революциялық-демократиялық қозғалыстың көсемі:

Сунь Ятсен

163. 1894 ж. құрылған «Қытайды қайта өркендету қоғамының» басты мақсаты:

Қытай Республикасын құру

164. ХХ ғ. Қытайдағы «ашық есік» саясатының мәні:

Қытай рыногы үшін күресте барлық державаларға тең құқық

165. ХХ ғ. басында Қытай капитализмінің дамуына кедергі болған басты жағдай:

Шетелдіктердің отарлау саясаты

166. Сунь Ятсен тұжырымдаған үш принциптің бірі:

Монархиялық биліктен бас тарту

167. Қытайда Синьхай революциясы болған жылдар:

1911-1913 ж.

168. Қытай Республикасының тұңғыш президенті:

Сунь Ятсен

169. Қытайда маньчжур үстемдігі құлаған жыл:

1912 ж.

170. ХІХ ғ. «жабық есік» саясатын ұстанған, жері ірілі-ұсақты аралдардан тұратын мемлекет:

Жапония

171. ХVІ ғ. Жапонияға алғаш келген еуропалықтар:

Португалдар

172. ХVІІғ. Жапонияда шетелдіктердің кіруіне, жапондықтардың шығуына тыйым салған саясаты:

«Жабық есік»

173. 1867-1868 ж. Мэйдзи төңкерісінің мәні:

Императорлық билікті қайта қалпына келтіру

174. ХІХ ғ. Жапония императоры өз мемлекетінің дәстүрлеріне сәйкес келетін мемлекеттік құрылысты таңдау үшін қабылдаған шешімі:

Батыс елдерінің тәжірибесін үйрену үшін шетелге арнаулы делегация жіберді

175. Мэйдзи үкіметінің Жапония капитализмін дамыту үшін жүзеге асыра бастаған саясаты:

Жаңа шикізат көзін табу үшін басқыншылық саясатты жүзеге асырды

176. 1876 ж. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны болған мемлекет:

Корея

177. Жапонияда ұлттық қозғалыстың болмау себебі:



Бір ғана ұлттан тұрғандықтан

178. 1889 ж. құрылған жас түріктер партиясы:

«Бірлік және прогресс»

179. 1857-1859 ж. Үндістандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болған оқиға:

Сипай әскерлерінің қару-жарақтарына қажетті оқ-дәріге байланысты болуы

180. 1857-1859 ж. сипайлар көтерілісінен кейінгі Англияның Үндістанда енгізген саяси өзгерістері:

Әкімшілік билік вице-корольге берілді

181. ХІХ ғ. І жартысында Үндістанды өзінің тауарларын өткізу рыногына және шикізат көзіне айналдырған мемлекет:

Англия

182. Үндістанда алғашқы тоқыма фабрикасы пайда болды................



1854 ж. Калькуттада

183. 1885 ж. Үндістанда құрылған жалпы-үнділік саяси партия:

Үнді Ұлттық Конгресі

184. ХІХ ғ. Үндістан радикалдарының ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестіктен сақтап қалу үшін жасаған мәлімдемесі:

Ағылшын тауарларына бойкот жариялау

185. 1885 ж. құрылған Үнді Ұлттық Конгресінің радикалдық қанатының көсемі:

Б.Тилак

186. ХХ ғ. басында Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың аса белсенді ошағы болған аймақ:

Бенгалия

187. 1905 ж. Үндістандағы отаршыл өкіметтің Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты:

Үнділер мен мұсылмандар арасында діни алауыздықты тудыру

188. ХХ ғ. басындағы Үндістан халқын ағылшын отаршылдарына қарсы күреске шақырған үндеу:

«Өз тауарларымыз»

189. 1888 ж. билікке келген, өзін «мұсылмандардың қорғаушысымын» деп мәлімдеген германдық император:

ІІ Вильгельм

190. ХІХ ғ. Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі:

Немістердің Берлин-Стамбул-Бағдат теміржолын салуы

191. 1889 ж. Стамбулда құрылған «Бірлік және прогресс» партиясының алға қойған мақсаты:

Конституциялық мемлекет құру

192. «Жас түріктер» революциясы басталған жыл:

1908 ж.

193. 1826 ж. янычар әскерлерінің көтеріліске шығу себебі:

Янычар әскерінің таратылуы

194. 1828-1829 ж. орыс-түрік соғысынан кейін өзін-өзі басқару құқығына ие болған князьдіктер:

Грекия, Сербия, Дунай

195. 1839 ж. Түркия тарихында басталған жаңа реформалық кезең:

Танзимат

196. Ресей патшасы І Николайдың түрік сұлтанына жолдаған ультиматумындағы талабы:

Осман империясы құрамындағы барлық православиелік халықтарға орыстардың ықпалын мойындауы

197. ХІХ ғ. Осман империясының сұлтаны ІІ Махмұдтың мемлекетті басқару ісіне енгізген өзгерістері:

Еуропалық үлгідегі министрліктер құрылды

198. 1856 ж. Осман империясының экономикасына шетелдік қаржының көптеп келуіне кең жол ашқан саясат:

Шетелдіктерге жеке меншік және қозғалмайтын мүлік алуға рұқсат беру

199. ХVІІІ-ХІХ ғ. Осман империясының иеліктерін жаулап алуға ұмтылған батыс еуропалық мемлекеттердің саясаты:

«Шығыс мәселесі»

200. 1865 ж. Стамбулда құрылған құпия ұйым:

«Жаңа османдар»

201. 1908 ж. «Жас түріктер» революциясынан кейінгі Осман империясында жүзеге асқан саяси өзгерістер:

Конституциялық монархия орнады

202. ХХ ғ. Осман империясы арқа сүйеген Батыс державасы:

Германия

203. 1796 ж. Тегеранға француз елшілерінің келу себебі:

Иран шахын Ресей мен Англияға қарсы айдап салу үшін

204. 1813ж. Гулистан келісіміне қол қойған мемлекеттер:

Ресей мен Иран

205. 1828 ж. Туркманчай бітімінде Ресей пайдасына қабылданған шешім:

Каспий теңізінде әскери флот ұстау құқы түпкілікті бекітілді

206. 1848-1852 ж. Иранда хандар мен шах өкіметінің билігіне наразылық білдірген халық көтерілісі:

Бабшылдар көтерілісі

207. ХІХ ғ. Иранды экономикалық жағынан тәуелді елге айналдыру бәсекелестігіне түскен елдер:

Англия мен Ресей

208. 1872 ж. Иранда 70 жыл мерзімге мұнай мен табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алған ағылшын капиталисі:Ю. Рейтер

209. Еуропада тұңғыш телескоп жасаған ғалым:Галилео Галилей

210. Дүниежүзілік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым:Исаак Ньютон

211. Еуропада есептеуіш машинаны ойлап тапқан ғалым:

Готфрид Вильгельм Лейбниц

212. Шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашқан ұлы композитор:

И.С.Бах


213. Барлық білім тәжірибеден жинақталады деген пікірді ұстанған ағылшын философы:

Джон Локк

214. 1875 ж. Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған мемлекет:Англия

215. 1897 ж. соңында герман империалистері өзінің ықпал ету аймағына айналдырған Қытай провинциясы:Шаньдун

216. Франция мен Пруссия соғысында Франция айырылып қалған аймақтар:Эльзас пен Лотарингия

217. 1895 ж. Масквеллдің электромагниттік толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін Х-сәулелерін ашқан герман физигі:В.К.Рентген

218. «Париж ана құдайы ғибадатханасы» мен «Күлегеш адам» атты әйгілі романдардың авторы:В.Гюго

219. Ірі неміс ақын-жазушысы Иоганн Вольфганг Гетенің өлеңмен жазған трагедиясы:«Фауст»

220. Оның шығармасы би, славян ұлттық әуендері негізіне құрылған, оны «мазурка королі» деп атаған:Ф.Шопен

221. Ежелгі заманда Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш мекендеген халықтар.Шумерлер, аккадтар.

222. Ежелгі Қосөзендегі патесилер – ол:Шағын қала-мемлекеттер.

223. Б.з.д. XXIV ғасырда Қосөзенде құрылған ірі мемлекеттің орталығы болған қала.Аккад.

224. Вавилон патшалығын құрған билеуші:Хаммурапи.

225. Ежелгі Вавилон патшалығындағы аса маңызды құжат:Хаммурапи заңдар жинағы.

226. Әлемдегі ең ежелгі жазу жүйесі қалыптасты:Қосөзенде.

227. Ежелгі Қосөзенде алғашқы жазуды қалыптастырғандар:Шумерліктер.

228. Ежелгі Вавилондағы «әлемнің жеті кереметінің» бірі:Аспалы бақ.

229. Ежелгі Вавилон қаласының қамқоршы құдайы:Мардук.

230. Ежелгі вавилондықтардың түсінігінде Таммуз – ол:Су құдайы.

231. Ежелгі Египеттің халық тығыз қоныстанған елге айналған уақыты:

Б.з.д. IV мыңжылдық.

232. Ежелгі Египеттің орналасқан жері:Солтүстік-Шығыс Африка.

233. Б.з.д. IV мыңжылдықта Египет жерінде мемлекеттердің пайда болуына әсер еткен фактор:Құл иеленушілік құрылыстың қалыптасуы.

234. Ежелгі Египет билеушісінің титулы:Патша.

235. Ежелгі Египет мемлекетінің алғашқы астанасы:Мемфис.

236. Ежелгі Египет жазуында қолданылған иероглифтер саны:750-ге жуық.

237. Ежелгі египеттіктер бір жылды :365 күнге бөлді.

238. Ежелгі Египеттегі Фивы қаласының бас храмында еңбек еткен құлдар саны:

80 мың.

239. Астрономиялық білім негізінде календарь пайда болған ел:Египет.

240. Ежелгі Египетте құдайға баланғандар:Перғауын.

241. Ежелгі дәуірде бір жылды 12 айға, 365 күнге бөле білген халық:

Египеттіктер.

242. Ежелгі египеттіктер құдай ретінде елестеткен бейне:Жануар басты адам.

243. Ежелгі египеттіктердің жазуы – таңба суреттің атауы:Иероглиф.

244. Ежелгі египеттіктерде Амон – Ра:Күн құдайы.

245. Қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ежелгі мемлекет:Ассирия.

246. Б.з.д.ІХ ғасырда құрылған, Армения жерінде орналасқан ежелгі мемлекет:Урарту.

247. Урарту мемлекетінің астанасы болған Тушпа қаласы орналасқан жер:Ван көлінің жағасы.

248. Урарту патшалығының мықты мемлекетке айналған уақыт:Б.з.д. VIII ғасыр.

249. Урарту мемлекетінің астанасы.Тушпа.

250. Б.з.б. VIII ғ. қуаты арта түскен мемлекет:Ассирия.

251. Ассириялықтардың отаршылдық саясатындағы ерекшеліктердің бірі:

Бағынышты халықты ата-қонысынан айыру.

252. Ашшурбанипал кітапханасын ұйымдастырды:Ассирилықтар.

253. Қазіргі Түркия жерінде өмір сүрген Оңтүстік-батыс Азияның ежелгі мемлекеті:Хетт патшалығы.

254. Хетт патшалығын талқандаған мемлекет:Ассирия.

255. Оңтүстік-Батыс Азия жеріндегі ежелгі кеме жасаушылар мен теңізде жүзушілер:Финикиялықтар.

256. Финикиялықтар мәдениетінің ірі жетістігі:Альфавиттің пайда болуы.

257. Финикиялықтардың көктем құдайы:Ваал.

258. Парсы патшасы Кирдің жорығын тойтарған Орта Азиядағы тайпа:Сақ.

259. І Дарий патша парсы мемлекетін:20 аймаққа бөлді.

260. Парсы мемлекетіндегі І Дарий шығарған таза алтын теңге:Дарик.

261. «Авеста» шығармасында уағыздалатын діни ілім:Заратуштралық.

262. Заратуштра дініндегі қайырымдылық құдайы:Ахура Мазда.

263. Заратуштра дінінде өлген адамның денесін:Жабайы құстарға тастады.

264. І Дарий кезінде парсылар сыйына бастаған құдай: Ахурамазда.

265. Ежелгі Бактрия жерінің көптеген елдерге танылуына себеп болған бағалы тас:Лазурит.

266. Бактрия мемлекетінің астанасы:Бактр.

267. Азияның орталық бөлігінде қалыптасқан, ежелгі дүниедегі көшпелілер құрған ірі мемлекеттің бірі:Кушан мемлекеті.

268. Парфия патшалығын құрған Адам:Арсак.

269. Б.з.д. 53 жылы Қосөзен атырабында римдіктерді талқандағандар:Парфиялықтар.

270. Б.з.д. І мыңжылдықтың соңында Үндістан жеріне солтүстіктен келіп қоныстанған көшпелі тайпа:Арийлер.

271. Бір орталыққа бағынған Үнді мемлекетін құруды жүзеге асырған патша:Ашок.

272. Ежелгі Үндістандағы брахмандар – ол: Абыздар.

273. Ежелгі Үндістанның «Рамаяна» дастанында суреттелген, үнділіктер табынатын қасиетті маймыл.Хануман.

274. Ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, басқару жүйесі, әлеуметтік жағдайы, әдет-ғұрыптары жайында мәлімет беретін тарихи шығарма.«Ману заңдары».

275. Будда дінінің негізін қалаушы.Сиддхардћа.

276. Буддизм дініндегі нирвана – ол:Рахат өмір.

277. Ұлы Қытай қорғанын салдырған патша.Цинь Ши Хуанди.

278. «Сары орамалдылар» көтерілісі созылды:20 жылға.

279. Қытайлар өндіру тәсілін біраз уақытқа дейін құпия сақтаған тауар.Жібек.

280. Қытайда қағазға жазу қалыптасты:Б.з.д. ІІ ғасырда.

281. Әлемде компасты алғаш ойлап тапқандар.Қытайлар.

282. Ежелгі Грекиядағы полистер – ол:Қала-мемлекеттер.

283. Афины мемлекетінің құрамына кірген қалалар саны.12.

284. Ежелгі Грекиядағы демостар – ол:Қарапайым халық.

285. Архонт Солонның заңдары негізінде Ежелгі Афиныда пайда болды:Демократия.

286. Ежелгі Афиныдағы жоғары өкімет билігі:Халық жиналысы.

287. Афины қала мемлекетінің Эллададағы бай және қуатты мемлекетке айналған уақыт:Б.з.д.V ғасырдың ортасы.

288. Б.з.д. V ғасырдың ортасында өмір сүрген, Афины демосының көсемі, Афины мемлекетінің өрлеуіне ықпал еткен қайраткер.Перикл.

289. Б.з.д. IV ғасырда Грекияға қауіп төндірген Балкан түбегіндегі ел.Македония.

290. Афинылықтардың Македонияға қарсы тәуелсіздік жолындағы күресін басқарған қайраткер.Демосфен.

291. Македония мен гректердың арасында ең ірі Херонея соғысы өткен жыл. Б.з.д. 338 жыл.

292. Ежелгі Грекиядағы Дионис құдайдың құрметіне жасалған мереке.

Егіншілер мерекесі.

293. Олимпия ойындары кезінде бүкіл Грекияда тыйым салынды:Соғысқа.

294. Ежелгі Грекияда тұңғыш Олимпия ойындары өткен жыл.Б.з.д 776 жыл.

295. Ежелгі грек жазушысы Эсхилдің ірі трагедиялық шығармаларының бірі көрсет.«Бұғауланған Прометей».

296. Ежелгі гректердің наным-сеніміндегі өздері табынған құдайлардың саны.40-ға жуық.

297. Ежелгі гректердің нанымындағы ағайынды үш құдай.Зевс, Посейдон, Аид.

298. Ежелгі гректер нанымындағы сұлулық пен махаббат құдайы.Афродита.

299. Ежелгі Грекияда сәулет өнерінің барынша қарқынды дамыған уақыты.

Б.з.д. V ғасыр.

300. Грекиядағы әлемнің жеті кереметінің бірі, мүсінші Фидийдің туындысы: Зевс мүсіні.

①.Ежелгі Египеттегі нағыз данышпан деп кімдерді есептеді? •/Оқып жаза білетіндерді/

②.Ежелгі Египеттіктердің діни сенімінде өлгендерді Осирис құдайдың әділ сотына апарушы: •/Анубус/

③.Ежелгі Египеттің батысында мекендеген тайпалар: •/Ливиялық тайпалар/

④.Ежелгі египеттіктердің миллион санын көрсетуде қолданған әдістері: •екі қолын жоғары көтеріп таңқалған/

⑤.Ежелгі Египетке қатысы бар ұғым(-дар): •/папирус,перғауын,иероглиф/

⑥.Ежелгі Египеттегі Күн құдайы: •/Амон- Ра/

⑦.Ежелгі Египеттіктердің діни-нанымы бойынша Ніл өзенінің құдайы: •/Хапи/

⑧.Ежелгі Египеттің қай билеушісінің билігімен Финикиялықтар 3 жыл жүріп Африка құрлығын айналып шықты?

•/Нехон/

⑨.Ежелгі египеттіктердің папирусқа жазған сурет жазуы... •/Иероглифтар/

⑩.Ежелгі египеттіктердің жақсы көретін түсі: •/Жасыл, қара/

⑪.Ежелгі Египеттегі өлім құдайы:

•/Осирис/

⑫.Ежелгі Египеттіктердің ең басты, құдіретті, ең көркем құдайымыз деп нені есептеді? •/Күнді/

⑬.Ежелгі Египеттің негізгі байлығы:

•/Тас/

⑭.Ежелгі египеттіктердің таңба жазуының атауы: •/Иероглиф/

⑮.Ежелгі Египетте арнайы жасалған құдық атауы: •/Шадуф/

⑯.Ежелгі Египеттегі тасқа қашалып жазылған ежелгі жылнама неше жыл жүргізілді? •/600-700 жыл/

⑰.Ежелгі Египеттіктердің негізгі кәсібін атаңыз: •/Егіншілік/

⑱.Ежелгі Египеттің орналасқан жері:

•/Солтүстік-Шығыс Африка/

⑲.Күнге негізделген күнтізбе алғаш.... жасалыпты: •Ежелгі Египетте/

⑳.Ежелгі Египет перғауын(-ы,-дары):

•/Рамзес, Аменхотеп, Тутмос/

㉑.Ежелгі Египеттегі Фивы қаласының бас храмында еңбек еткен құлдар саны: •/80 мың/

㉒.Ежелгі Египеттіктердің соғыс арбаларындағы жауынгерлерінде болған қару-жарақ: •/Найза, садақ, дротиктер/

㉓.Ежелгі Египеттің халық тығыз қоныстанған елге айналған уақыты:

•/Б.з.д. IV мыңжылдық/

㉔.Ежелгі Египеттің еңбекшілер тобына кіретін әлеуметтік топ(-тар): •/қолөнершілер,құлдар,тау-кен жұмысшылары/

㉕.Ежелгі Египеттегі төменгі әлеуметтік таптың жіктелу көріністері: •/қайыршылық күй кешу,кедейшілікте өмір сүру, соғыстан мүгедек болып оралу/

㉖.Ежелгі Египеттегі шөлдер мен құм суырған дауылдың құдайы: •/Сет/

㉗.Ежелгі Египеттіктердің тұла бойына жұлдыздар шашылған өте үлкен, қаракөк түсті сиыр бейнесінде елестеткен аспан құдайы: •/Нут/

㉘.Ежелгі египеттіктер адамның сырқатын анықтай білді: •/Тамырдың соғуын тыңдау арқылы/

㉙.Ежелгі Египетте жоғары дәрежеде дамыған қөлөнер түрі: •/Тас өңдеу/

㉚.Ежелгі Египетте қолөнершілер шеберханаларда көбінесе: •/әскерге қажетті қару-жарақтар әзірлеген/

㉛.Ежелгі Египеттегі шындық құдайы:

•/Маат/

㉜.Ежелгі Египеттіктердің түсінігінше адамдарға оқуды, жазуды үйреткен құдай: •/Тот/

㉝.Ежелгі египеттіктер бір жылды:

•/365 күнге бөлді/

㉞.Ежелгі Египетте перғауын шонжарлардың жағдайын жақсарту мақсатында оларға берді: •/Құнарлы жерден мекен/

㉟.Ежелгі Египетте кең тараған ғылыми білімдердің бірі: •/медицина/

㊱.Ежелгі Египеттен археологтар айрықша тәртіппен жерленген жануарлардың зираттарынан.......тапты: •/Мысық, қолтырауын және бұқаларды/

㊲.Ежелгі Египеттің (Мысырдың) бірінші перғауыны: •/Мина/

㊳.Ежелгі египеттіктер құдай ретінде елестеткен бейне: •/Жануардың басы бар адам/

㊴.Ежелгі Египеттің Сирияға жорық жасаған билеушісі(-лері): •III Тутмос, II Рамзес

㊵.Ежелгі Египетте математикалық білімдердің болғандығының дәлелі(-дері): •«Математикалық папирустар», «сандарды папирусқа жазған»

㊶.Ежелгі Египеттте жазу үшін қолданылған материал? •/Папирус/

㊷.Ежелгі Египеттің алғашқы астанасы кай қала болды? •/Мемфис/

㊸.Ежелгі египеттіктердің діни түсінігі бойынша Осирис құдайдың атқарған қызметі: •/Өлгендердің жанын соттаған/

㊹.Ежелгі Египеттегі математиканың ірі табыстарының бірі: •/ондықтар бойынша санау/

㊺.Ежелгі Египет мектебі даярлаған маман(-дар): •/хатшылар,абыздар/

㊻.Ежелгі Египеттіктер құдай ретінде елестеткен бейне: •/Жануар басты адам/

㊼.Ежелгі Египеттің бас құдайы: •/Амон-ра/

㊽.Ежелгі египеттіктердің жазуы- таңба суреттің атауы: •/Иероглиф

㊾.Ежелгі Египеттегі әдеби шығарма(-лар): •«Осирис пен Исида туралы миф», «Синухет әңгімесі», «Астық тасушының әні»

㊿.Ежелгі Египеттіктер мен вавилондықтарға қарағанда финикиялықтардың тұрмыс-тіршілігінің мүлде өзгеше болу себебі: •/Табиғи-географиялық жағдайының өзгешелігі/

76. 1219 жылы Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанған:

А) Үгедей

В) Төле

С) Шағатай

D) Жошы

Е) Жебе

Жауабы: D

77. 1923-1930 жж. Испаниядағы кезең атауы:

A) Викториандық

B) Империялық

C) Демократиялық

D) Диктаторлық

E) Социалистік

F) Республикалық

G) Коммунистік

H) Католиктік

Жауабы: D

78. Шығыс Африкада Олдувэй шатқалында табылған ең алғашқы адам:

A) Саналы адам

B) Үңгір адамы

C) Қытай адамы

D) Епті адам

E) Тік жүретін адам

Жауабы: D

79. Сарматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығының дәлелі:

A) Жазба деректер

B) Ертегілер

C) Халық аңыздары

D) Археологиялық ескерткіштер

E) Тастағы таңбалар

Жауабы: D

80. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі аталды:

A) Съезд

B) Мәжіліс

C) Кеңес

D) Жиналыс

E) Құрылтай

Жауабы: Е

81. Ноғай Ордасының орталығы:

A) Отырар

B) Сауран

C) Сарайшық

D) Түркістан

E) Сығанақ

Жауабы: С

82. Қалан cалығының мағынасы:

A) жер көлеміне байланысты егіншілерге салынады

B) мұқтаж адамдар үшін мешітке беретін салық

C) балықшыларға салынады

D) еңбекке жарамды адамдар табысынан алынады

E) еңбек құралын пайдаланғаны үшін алынатын салық

Жауабы: А

83. ХІV ғ. басында Францияда құрылған өкілетті биліктің ресми атауы:

A) Парламент

B) Бас Штаттар

C) Сенат

D) Конгресс

E) Кортес

Жауабы: В

84. XV ғ. Еуропада құрылған белгілі университет

A) Мадрид

B) Гарвард

C) Оксфорд

D) Принстон

E) Ватикан

Жауабы: С

85. 1882 ж. Үштік одақ шартына қол қойған елдердің бірі

A) Голландия

B) Испания

C) Австро-Венгрия

D) Франция

E) Португалия

Жауабы: С

86. Физиктердің арасынан тұңғыш рет Нобель сыйлығын иеленген В.К.Рентгеннің ашқан жаңалығы:

A) электромагниттік толқындар

B) тартылыс заңы

C) стерилизация

D) Х-сәулелері

E) электромагнитік индукция

Жауабы: D

87. Англиядағы «Мемлекет ішіндегі мемлекет» сияқты ерекше құрылымға ие болған компания:

A) Кеден одағы

B) Вест-Үнді

C) Ганза одағы

D) Неміс сауда одағы

E) Ост-Үнді

Жауабы: Е

88. 1920 ж. РКФСР үкіметі дербестігін мойындаған ел

A) Латвия

B) Албания

C) Монғолия

D) Чехия

E) Болгария

Жауабы: А

89. ...1675 жылы Оңтүстiк Қазақстан да, Қаратау бойында ауқатты отбасында дүниеге келедi. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердiке деген батырдың қолында өседi. Ақындық талантын тым ерте, 10–11 жасында танытқан. Ол 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатынасады.

...Жыраудың жартылай құлаған күмбезi қазiр Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Абай ауданы өңiрiндегi Жүрек Жота деген төбенiң басында тұр.

Мәтінде сипатталған жырауды анықтаңыз:

A) Шалкиіз

B) Ақтамбердi

C) Доспамбет

D) Жиембет

E) Марғасқа

Жауабы: В

90. ...Біздің мемлекетіміз бен халқымыздың көптеген ашық және жасырын жаулары коммунистік қозғалысқа арсыздықпен қосылып алды. Соғыста жеңіліс тапқан олар, біздің мемлекетімізден соғыстан кейін кек алуды аңсап, біздің мемлекетімізде бүліктер ұйымдастырып, оларға іштей және сырттай көмек көрсетуде. Біреулері соғыста байығанына қарамастан, коммунистік партияға енуде; екінші біреулері өтірік пен жалаларды жариялап, халық арасында наразылық тудырушы газеттерді қаржыландыруда; үшіншілері шетелдермен байланыс жасап, шетелдік ақшаға қару-жарақтар сатып алуда; төртіншілері әртүрлі жолдармен елдегі жұмыстарға кедергі жасап, барлық қызметкерлер мен олардың қызметін дәлелсіз қаралауда. Барлығының мақсаты-елде бүлік шығару, мемлекетке немқұрайдылық пен өшпенділік туғызу...

Мәтін бойынша Кеңес еліндегі сипатталып тұрған кезеңді анықтаңыз:

A) Бірінші революциядан кейінгі

B) Индустрияландырудың барысы

C) Ұлы Отан соғысының барысы

D) Азамат соғысынан кейінгі

E) Ұжымдастырудың басталуы

Жауабы: А

91. Моңғолия 1 қараша, 1921 жыл.

1.Монғол мемлекетінің ханы-Чжебцзун-Дамба-хутухта-қасиетті сары діннің басшысы-мемлекеттік жұмыстарға араласпайды, ал діни мәселелерде шексіз құқықтарға ие.

2. Чжебцзун-Дамба-хутухта конституциялық монархия түріндегі басқару жүйесі бар Монғол халық мемлекетінің ханы бола тұра, барлық мемлекеттік істерді халық үкіметінің төрағасы арқылы жүргізеді.

3.Үкімет бастамасы бойынша Монғол халық мемлекетінің негізін жақсарту мен нығайтуға бағытталған және халық игілігіне арналған заң актілері Боғды ханға баяндалғаннан соң ғана іске асырылады,Боғдыхан ондай заңдарды қабылдаусыз тастай алмайды. Басқа сипаттағы ұсынылған заң актілерін Боғды хан өзіне баяндалған кезде екінші рет талқылау үшін қайтарып бере алады, алайда тек бір-ақ рет.

4.Мемлекеттік төңкеріс немесе басқа да іштей тәртіпсіздіктер басталса, үкімет Боғды ханға баяндамай-ақ, маңызды шаралар қолданып, заң шығара алады.

Халықтық-революциялық үкімет пен Боғдыхан келісімге қол қоя отырып,оны мүлтіксіз сақтауға серт береді.

Мәтінде берілген құжат бойынша монғол тарихының кезеңін анықтаңыз:

A) Азамат соғысы

B) Республикалық басқаруға өту

C) Демократиялық жаңару

D) Монархия дәуірі

E) Отаршылдық кезеңі

Жауабы: B

92. 1946 ж. «Біржан-Сара» операсын қойған сазгер(-лер):

A) Е. Брусиловский

B) Е. Рахмадиев

C) Ғ. Жұбанова

D) Қ. Қожамияров

E) В. Великанов

F) Қ. Мусин

G) Ш. Қажығалиев

H) М. Төлебаев

Жауабы: Н

93. Ауыл шаруашылығында И.Худенко енгізуге тырысқан басқарудың жаңа түрі(-лері):

A) совхоздарды құру

B) еркін еңбек етуге жағдай туғызу

C) фермерлік шаруашылықты құру

D) қағазбастылыққа шектеу қою

E) колхоздарды ірілендіру

F) жер иелігінен айыру

G) жоспарлық көрсеткіштерді көбейту

H) кәсіпорындарды интенсивтендіру

Жауабы: В, С, D

94. Б.з.б. 221 жылы ұлы билеуші – хуанди атағын алған қытайлық патша(-лар):

A) Ван Ман

B) Чжан Цзяо

C) Ин Чжен

D) Сыма Сянжу

E) У Ди

F) Фан Чун

G) Шан Ян

H) Бань Чао

Жауабы: С

95. Ресейдің діни дербестігін нығайтып, патриархтың ролін арттырған орыс патшасы (-лары):

A) I Петр

B) I Александр

C) Борис Годунов

D) Иван Грозный

E) I Николай

F) II Петр

G) Елизавета

H) Анна Иоанновна

Жауабы: С

96. ІІІ Тутмос перғауын жаулап алған аймақ(-тар):

A) Парсы елі

B) Аккад

C) Үндістан

D) Хетт патшалығы

E) Нубия

F) Финикия

G) Сирия

H) Македония

Жауабы: E, G

97. XIX ғ. ортасында «шығыс мәселесі» төнірегінде «Осман мұрасын» бөлісу үшін саяси бақталастықты жандандырған ел(-дер):

A) Италия

B) Германия

C) Португалия

D) Франция

E) Ресей

F) Испания

G) Жапония

H) Англия

Жауабы: D, H

98. Араб елдерінің Лигасы құрылған жыл:

A) 1950 ж.

B) 1988 ж.

C) 1961 ж.

D) 1953 ж.

E) 1966 ж.

F) 1980 ж.

G) 1945 ж.

H) 1973 ж.

Жауабы: G

99. АҚШ-Египет-Израиль елдері Кэмп –Дэвид келісіміне қол қойған жыл(-дар)

A) 1953 ж.

B) 1980 ж.

C) 1967 ж.

D) 1995 ж.

E) 1977 ж.

F) 1980 ж.

G) 1958 ж.

H) 1979 ж.

Жауабы: Е, Н

100. 1921 жылы құлдықты жою туралы заң жариялаған ел (-дер):

A) Сирия

B) Непал

C) Үндістан

D) Түркия

E) Ауғанстан

F) Қытай

G) Гаити

H) Иран

Жауабы: Е

61. « ...Кiмде-кiм қасақана империяның немесе жекелеген герман жерiнiң игiлiгiне немесе империя жеке жерлер үкiметiнiң, үкiмет партияларының не жеке бiрлестiктердiң беделiне зор нұқсан келтiретiн, шындыққа сай келмейтiн, не шындықты бұрмалайтын пiкiрлердi айтқаны не таратқаны үшін, егер осы қылмысы үшiн одан да ауыр жаза тиiстi болмаса, онда ол екi жылға дейiн қамау жазасына кесiледi. Егер пiкiр көпшiлiк алдында айтылып не таратылса, онда үш айға дейiн қамауға алынады»

Мәтінде көсетілген заң баптарының сипатын анықтаңыз:

A) Мәдени құқық туралы

B) Сөз еркіндігі туралы

C) Әскери құқық туралы

D) Экономикалық құқық

E) Сайлау құқығы туралы

Жауабы: В

62. Ұлттық қайта жаңару үкiметiн қастандықтардан қорғау туралы заң

21 наурыз, 1933 жыл.

...Кiмде-кiм қасақана империяның немесе жекелеген ...жерiнiң игiлiгiне немесе империя жеке жерлер үкiметiнiң, үкiмет партияларының не жеке бiрлестiктердiң беделiне зор нұқсан келтiретiн, шындыққа сай келмейтiн, не шындықты бұрмалайтын пiкiрлердi айтқаны не таратқаны үшін одан да ауыр жаза тиiстi болмаса, онда ол екi жылға дейiн қамау жазасына кесiледi. Егер пiкiр көпшiлiк алдында айтылып немесе таратылса, онда үш айға дейiн қамауға алынады.

Егер қылмысты әрекет империяға зор зиян келтiрсе, онда айыпкер каторгаға айдалу жазасына кесiледi.

Мәтін бойынша осы заң қабылдаған мемлекетті анықтаңыз:

A) Германия

B) Англия

C) Польша

D) Испания

E) Франция

Жауабы: А

63. «4-бап. Келiсушi жақтар, егер қайсысының болмасын пiкiрi бойынша бiреуiнiң аумақтық тұтастығына, саяси тәуелсiздiгiне қатер төндi деп есептеген жағдайда, өзара ақылдасып, пiкiр алысады. 5-бап. Келiсушi жақтар Еуропа мен Солтүстiк Америкада өздерiнiң бiреуiне не бiрнешеуiне бағытталған қарсы шабуыл олардың барлығына жасалған шабуыл деп есептеуге келiстi. Мұндай жағдайда олардың әрқайсысы Атлант мұхитының солтүстiгіндегi аймақтың қауiпсiздiгiн қалпына келтiру және сақтау үшiн шабуылға ұшыраған жаққа немесе жақтарға тез арада, жеке және басқа жақтармен келiсе отырып, соғыс күштерiн қоса басқа барлық қажет деп есептелетiн к"мектi көрсетедi»...

Мәтінде сипатталған ұйымның құрылған жылын анықтаңыз:

A) 1955 ж.

B) 1949 ж.

C) 1945 ж.

D) 1991 ж.

E) 1986 ж.

Жауабы: В

(Мәтін 1949 жылғы 4 сәуір күні Брюссельде қол қойылған НАТО-ны құру туралы көпжақты келiсiмнен (Солтүстiк Атлант пактiсi) алынды. 1949 ж. Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО) құрылды, ол алғашында өз мақсаты – Батыс елдерін Германияның қайта өрлеуінен қорғау деп жариялады).

64. Бүгiнгi таңда халық-азаттық соғысы, негiзiнен, жеңiске жеттi, елiмiздiң халқының басым көпшiлiгi азат етiлдi. Осының негiзiнде Қытайдың халықтық саяси консультативтiк конференциясы шақырылған болатын. Оның жұмысына барлық демократиялық партиялар мен топтардың, Халық-азаттық армиясының, әр түрлi аудандардың, ұлттық топтардың, шетелдерде тұратын қытайлықтардың және бүкiл елiмiздегi патриоттық демократиялық элементтердiң делегаттары қатысты. Бүкiл ел халқының еркiн бiлдiре отырып, Қытайдың халықтық саяси консультативтiк конференциясы Қытай Халық Республикасының Орталық Халық үкiметiнiң негiзгi заңын бекiттi. Қытай Халық Республикасын жариялады, Пекин Қытай Халық Республикасының астанасы болады деп шешiм қабылдады.

Мәтін бойынша Қытай Халық Республикасы құрылған уақытты анықтаңыз:

A) 1950 ж.

B) 1949 ж.

C) 1947 ж.

D) 1951 ж.

E) 1948 ж.

Жауабы: В

(1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы (ҚХР) жарияланды. КСРО үкіметі оны бірінші болып мойындады. Чан Кайши бастаған гоминьдан армиясының қалдықтары Тайвань аралына бекінді).

65. Қытай кеңестері туралы

Сан жағынан басым және жақсы қаруланған қарсыласымен азамат соғысы жағдайында Қытай Кеңестерінің қызметі қарулы күрестің басты мақсатына бағындырылды...

Қытай Кеңестерінің құжаттары ел аумағының бір бөлігінде Кеңестердің заң актілерінің көпшілігі алайда азамат соғысы жағдайында жүзеге асырылмағанына қарамастан, халық бұқарасының мақсаттарын көздейтін әлеуметтік өзгерістер болғандығын көрсетеді. Олар толығымен тек Орталық кеңес ауданының көлемінде толығырақ жүзеге асырылды. Көптеген ұсақ кеңес аймақтарының әлсіздігі, бір-бірінен бөлектігі, тұрақсыздығы мен олардың Орталық кеңес аудандарымен байланысы нашарлығы, кеңес қозғалысын жаншып тастау қаупі күн сайын төніп тұрған жағдайда бірыңғай заңды іске асыруға және оны жергілікті жағдайларға сай реттеп отыруға мүмкіндік бермеді...

Қытай революциясының кеңестік дәуірінде Қытай компартиясы өзінің қарулы күштерін-Қызыл Армияны құрды, ол коммунистік партияның басшылығымен шаруаларды елдегі революциялық қозғалысты дамытудың маңызды құралы есебінде топтастырды. Қызыл Армия бейбіт халықтың арасындағы ағарту және кеңес партия кадрларын дайындау, жергілікті жерлердегі өкімет органдарын, кеңестерді қайта құру, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге көмек, әлеуметтік-экономикалық шараларды жүргізуді ұйымдастыру, саяси және әкімшілік жұмыстарын өз мойнына алды... Кеңес қозғалысы өнеркәсібі дамымаған, жұмысшы табы жоқ, артта қалған ауылдық жерлерде өрістеді. Сондықтан да революцияның басты қозғаушы күші шаруалар, анығырақ айтқанда, олардың кедей топтары болды. Батырақтар, кулактар, майда қолөнершідер, кедей-шаруалар Қызыл Армияның, жергілікті революциялық өкімет органдарының негізін құрды. Коммунистік партия бізде негізінен алғанда сипаты жағынан шаруалық партия болды.

Қытай революциясының негізгі тірегі шаруалар болуының себебі:

A) Қытай аграрлы ел

B) Әлеуметтік қайшылықтар болмады

C) Жұмысшылар белсенділік көрсетпеді

D) Саяси партиялар болмады

E) Қытай индустриалды ел

Жауабы: А

66. Қытай революциясының саяси бағдарламасы

Қытай революциясының қазiргi кезеңдегi басты ұрандары:

1. Империализм үстемдiгiн құлату.

2. Шетел капиталының қарамағындағы банктер мен кәсiпорындарды тәркiлеу.

3. Қытайды бiрiктiрiп, халықтардың ;зiн-;зi басқару құқығын мойындау.

4. Гоминьдан соғысқұмарларының билiгiн құлату.

5. Жұмысшылар, шаруалар және солдат ;кiлдерi жиналыстарының (кеңестерiнiң) билiгiн орнату.

6. 8 сағ-тық жұмыс күнiн бекiту, жалақыны к;бейту, жұмыссыздарға к;мектесу, қамсыздандыру, т. б.

7. Барлық помещик жерлерiн тәркiлеу және оларды шаруаларға б;лiп беру.

8. Жауынгерлердiң жағдайын жақсарту, оларға жер және жұмыс беру.

9. Соғысқұмарлар енгiзген барлық жергiлiктi алым-салықтарды жойып, бiрыңғай үдемелi салықты енгiзу.

Құжатта сипатталған бағдарлама қабылданған қаланы анықтаңыз:

A) Лондон

B) Вашингтон

C) Шанхай

D) Пекин

E) Мәскеу

Жауабы: Е

(1927 жылы наурыз айында Чан Кайшидің жақтастары Шанхайда, Нанкинде, шілдеде Ухань қаласында төңкеріс жасап, коммунистерді қудалай бастады. Біртұтас антиимпериалистік майдан ыдырады. Осыдан кейін коммунистік партия қарулы күрес жолына көшуге мәжбүр болды. Коминтерннің көмегімен Мәскеуде өткен Қытай компартиясының VI съезінде өзгерген жағдайдағы күрестің жаңа тактикасы бекітілді).

65. «2. Мемлекет басшысы мемлекет өкiлi және Сеймнiң азаматтық, әскери шешiмдерiн жоғары орындаушы болып табылады.

3. Мемлекет басшысы Сейммен келiсiм негiзiнде толық құрамда үкiмет құрады.

4. Мемлекет басшысы мен үкiмет өз қызметтерi үшiн Сейм алдында жауапты».

Мәтінде сипатталған 1919 жылы қабылданған заң баптары қай мемлекетте қабылданған:

A) Испания

B) Германия

C) Ұлыбритания

D) Польша

E) Италия

Жауабы: D

67. «I. Сейм Юзеф Пилсудскийдiң Сейм алдында мемлекеттiң басшысы мiндеттерiн тапсыратындығы туралы мәлiмдемесiн қабылдайды және оған Отанға қызмет ету жөнiндегi мiндеттерiн орындағаны үшiн алғыс айтады.

II. Поляк мемлекетiндегi жоғарғы билiктi ұйымдастыру ережелерiн түпкiлiктi анықтайтын конституцияның мәтiнi заң жүзiнде қабылданғанша, Сейм Юзеф Пилсудскийге қызметiн төменгi принциптерге сәйкес атқара берудi тапсырады. ...

2. Мемлекет басшысы мемлекет өкiлi және Сеймнiң азаматтық, әскери шешiмдерiн жоғары орындаушы болып табылады.

3. Мемлекет басшысы Сейммен келiсiм негiзiнде толық құрамда үкiмет құрады.

4. Мемлекет басшысы мен үкiмет өз қызметтерi үшiн Сейм алдында жауапты.

Мәтінде сипатталған баптар негізінде сол уақыттағы польша мемлекетінің басқару нысанын көрсетіңіз:

A) Парламенттік

B) Монархиялық

C) Теократиялық

D) Президенттік

E) Диктаторлық

Жауабы: А

(Сейм дегеніміз -Польша Республикасының мемлекеттік билігінің жоғарғы органы, кейбір елдердегі сословиелік-өкілетті мекеме

Бұл 1919 жылдың 20 ақпанындағы “Кiшi конституциядан” алынған мәтіннен Сеймнiң Ю. Пилсудскийге мемлекет басшысының мiндеттерiн атқаруды жалғастыра берудi тапсыру туралы шешiмiнен Польшадағы басқару нысанының парламенттік екені көрсетіледі).

68. Құжаттарға сүйене отырып,Орталық комиссия дауыс беруге жергілікті комиссияларда тіркелген 494960 кісі қатысуға тиісті деп тапты...Көрсетілген саннан себепті жағдайға байланысты(жолаушылап кетулеріне,қатты науқастануына байланысты)7551 адам дауыс беруге қатыспады.Сайлауға 467409 сайлаушы немесе плебисцитке қатысуға құқылы МХР азаматтарының 98,4 %-ы,оның ішінде дауыс беруге арналған 7-пунктте шетелдерде жүрген 395 азамат қатысты.МХР тәуелсіздігін жақтап 467409 кісі,яғни плебисцитке қатысқан азаматтар түгелдей-100 % дауыс берді. Бірде-бір адам «қарсы» дауыс берген жоқ.

Мәтінде берілген құжаттан байқағандарыңыз:

A) Сайлауға араттар ғана қатысты

B) Сайлаушылардың белсенділігі

C) Ер адамдардың ғана қатысуы

D) Шетелдіктердің қатысуы

E) Сайлауға жұмысшылар қатысты

Жауабы: В

69. Мао Цзэдун Қазан төңкерiсi туралы

«Бұл қозғалыс дүниеж үзiлiк революцияның, орыс революциясының, Лениннiң үндеулерiне жауап ретiнде дүниеге келдi. Ол дүниежүзiлiк пролетарлық революцияның бiр бөлiгi болды. “4 мамыр қозғалысы” кезiнде Қытай коммунистiк партиясының құрылмағанына қарамастан, сол кездiң өзiнде-ақ зиялы қауымның көптеген өкiлдерi орыс революциясына ынтымақтас болып, коммунистiк идеялармен таныса бастаған едi. Қозғалыс Қытайдың коммунистiк партиясын идеологиялық жағынан да, кадрлар жағынан да дайындады».

Мәтінде сипатталған оқиғаның уақытын табыңыз:

A) 1920 жылы

B) 1921 жылы

C) 1917 жылы

D) 1918 жылы

E) 1919 жылы

Жауабы: Е

70. (1) Жыл сайын төленетiн жалақы:

а) осы актiнiң бiрiншi тiзiмiнiң бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген Тәж министрлерiнiң әрқайсысына, оның дәрежесiн ескере отырып, бес мың фунт стерлинг;

б) Қаржы министрлiгiнiң бас хатшысына және мемлекеттiк министрлерге — қазынаның бiрiншi лорды ретiнде осындай сомадағы жылдық жалақы, бiрақ қандай да бiр жағдайда бес мың фунт стерлингтен жоғары болмайтындай;

в) қауымдар палатасындағы көпшiлiк партияларда партиялық “қамшыға” (парламенттiк партиялық ұйымдастырушыға) — жылына екi мың фунт стерлинг.

Мәтінде сипатталған министрлер туралы актінің осы елде қабылданғанын анықтаңыз:

A) Италия

B) Франция

C) Германия

D) Ұлыбритания

E) АҚШ

Жауабы: D

(Үзiндi 1937 жылы қабылданған Тәж министрлерi туралы акттен алынды.)

1. Ежелгі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың орындалуын қадағалаушылар: /Абыз/

2. Ежелгі үйсіндер коныстанған аумақ: / Жетісу /

3. Оғыз мемлекетінің негізгі орталығы: / Янгикент /

4. XIII-XV ғғ. ауызша поэзияның өкілдері / Асан Қайғы, Сыпыра, Кенбұғa /

5. «Жеті жарғы» әдет құқықтық нормаларын біріктірген хан: / Тәуке/

6. Орта ғасырлардағы Жетісу жеріндегі қалалар: / Талғар, Баласағұн, Алмалық /

7. XIX ғ. жүргізілген әкімшілік реформалардың негізгі қорытындысы:

/ Отарлық езгі күшейді, қазақ жері Ресейдің мемлекетік меншігі деп жарияланды /

8. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясындағы бөлім саны: / 4 бөлім, 21 тарау /

9. «Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы үрімнің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 канат), ақ үй (6 қанат, ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үзік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын турлері бар. Сол сияқты бірге көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретінде бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жайпа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. Жаңа үй болған жас шаңырақты отау дейді. Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді. 1. Tөp - мұнда жүк жиналады, қонақ отырады. Бұл - киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерге отырмайды. 2. Сол жақ (кіргенде оң жақ) - үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды. 3. Оң жақ (кіргенде сол жақ) - онда балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер - тұрман, киім-кешек ілінеді. 4. От орны - қасиетті орын болып саналады.

Мәтін мазмұны бойынша қате корытындыны анықтаныз: / жаңа түскен келіндер төр жаққа отырады/

10. « ... Әбілқайыр хан, ақсақалдарға және бүкіл қайсақ әскерлеріне деген біздің императорлық қайырымдылығымыздың белгісі ретінде, біздің бұйрығымызды саған, Әбілқайыр хан, ақсақалдар мен қайсақ әскерлеріне жариялау үшін біздің мемлекеттік кеңсенің сенімді адамы, шығыс тілдерінің тілмашы Мәмет Тевкелевті жіберіп отырмыз. Тевкелевтің біздің императорлық ұлы мәртебеміздің, ... шығарып салуды бұйырамыз ...

Бұл құжат сапалы кітап қағазына жазылды. Мемлекеттік орташа мөрмен хатталады. Осы құжатты кеңсе үйінде ұлы мәртебелі қырғыз-қайсақ елшілеріне берді.»

Жазылған құжаттың түрін анықтаңыз: / Грамота /

11. Хуанхэ және Янцзы атты үлкен өзендері бар мемлекет: / Қытай /

12. XIII ғ. II жартысында Қытайды басып алған: / Моңғолдар /

13. «Илиада» және «Одиссея» поэмаларының авторы: /Гомер /

Біздің топқа тіркелуді ұмытпа;https://vk.com/uto_test

14. 1848-1849 жж. революция болған ел / Италия/

15. XVII ғасырда ағартушылық идеялар алғаш пайда болған Еуропа елі:

/ Англия./

16. 1970-1980 жылдары КСРО мемлекеті әскери кеңесшілерін, азамат соғысына араласып, жіберген мемлекет: / Ангола /

17. Германия Федеративтік Республикасы құрылды: /1949жылы/

18. «1.Империя президентінің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіріледі. Сол себепті осы уақытқа дейін белгіленген империя президентінің заң күші көсеміміз (фюрер) әрі рейхсканцлер Адольф Гитлердің қолына көшеді. Ол өз орынбасарын тағайындайды.

2. Бұл заң империя президенті фон Гиденбургтің кайтыс болған күнінен бастап өз күшіне енеді».

Германияда президенттің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіру туралы заң қабылдаған уақытты анықтаңыз: /1934жыл 1 тамыз /

19. (1919 жылдың 20 ақпанындағы «Кіші конституция»)

1. Сейм Юзеф Пилсудскийдің Сейм алдында мемлекеттің басшысы міндеттерін тапсыратындығы туралы мәлімдемесін қабылдайды және оған Отанға кызмет ету жөніндегі міндеттерін орындағаны үшін алғыс айтады.

II... мемлекетіндегі жоғарғы билікті ұйымдастыру ережелерін түпкілікті анықтайтын конституцияның мәтіні заң жүзінде қабылданғанша, Сейм Юзеф Пилсудскийдің кызметін төменгі принциптерге сәйкес атқара беруді тапсырады.

...2. Мемлекет басшысы Сеймнің азаматтық, әскери шешімдерін жоғары орындаушы болып табылады.

3. Мемлекет басшысы Сейммен келісім негізінде толық құрамда үкімет құрады.

4. Мемлекет басшысы мен үкімет өз қызметтері үшін Сейм алдында жауапты.

Мәтін бойынша осы заңды қабылдаған мемлекетті анықтаңыз: / Польша/

20. «...2. Мемлекет басшысы мемлекет өкілі және Сеймнің азаматтық, әскери шешімдерін жоғары орындаушы болып табылады.

3. Мемлекет басшысы Сейммен келісім негізінде толық кұрамда үкімет құрады.

4. Мемлекет басшысы мен үкімет өзі қызметтері үшін Сейм алдында жауапты.»

Мәтінде сипатталған 1919 жылы қабылдаған заң баптары кай мемлекетте қабылданған? / Польша /

21. Сақ тайпалары туралы деректер кездесетін ел(-дер): / Грек /, / Рим / , / Парсы /

22. Тараз маңындағы Атлах шайқасына қатысқан ел(-дер): / Қытай / , / Араб/

23. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр бойы қазақтарының азаттық күресі қарсы бағытталды:

/ Қоқан хандығына / , / Хиуа хандығына / , / Ресейге /

24. 1946 ж. «Біржан-Сара» операсын қойған сазгер(-лер): / М. Төлебаев /

25. XX ғ. 50-жж. Теміртау оқиғасының себебі(-тері):

/ Тұрғын үй, ауызсу және азық-түлік мәселесінің туындады/

26. Ежелгі Египет перғауыны (-дары): / Рамзес/ , / Тутмос / , / Аменхотеп /

27. 1137, 1265, 1302 жылдары Еуропада сословиелік-өкілдік билік түрі қалыптасқан ел (- дер): / Франция / , / Англия /, / Кастилия /

28. 1721 жылғы Ништадт келісімі нәтижесінде Ресей қол жеткізді:

/ әскери державаға айналды / , / Балтық жағалауына шықты/

29. 1882 жылы Үштік Одақ әскери бірлестігіне ұйымдасқан мемлекет(-тер): / Германия/ , / Италия /

30. 1924-1932 жж. Жапония елін басқарған партия(-лар):

/Курабу партиясы/ , / Каккусин партиясы/ , /Сэйюкай партиясы/

431. ІV ғ. соңында Батыс Рим империясына шабуылдарын күшейткен герман тайпа(-сы,-лары):

A) аварлар

B) остготтар

C) славяндар

D) франктер

E) ағылшын-сакстер

F) дактар

G) викингтер

H) аландар

Жауабы: В, D, E

(395 жылы Рим империясының Батыс және Шығыс империя болып екiге бөлiнгенiн бiлесiңдер. Қатты күйзелiске ұшыраған Батыс империяға герман тайпалары – вандалдар, вестготтар (батыс готтар), остготтар (шығыс готтар), ағылшын-сакстер, франктер және тағы басқалар шабуылдарын күшейттi.)

432. ІІІ Тутмос перғауын жаулап алған аймақ(-тар):

A) Парсы елі

B) Аккад

C) Үндістан

D) Хетт патшалығы

E) Нубия

F) Финикия

G) Сирия

H) Македония

Жауабы: E, G

433. Ежелгі Египет перғауын(-ы, -дары):

A) Аменхотеп

B) Евтидем

C) Хаммурапи

D) Рамзес

E) Кир

F) Тутмос

G) Астиаг

H) Дарий

Жауабы:А, D, F

434. Ежелгі Афиныда демократияның негізін калаған:

А) Архонт Солонның заңдары

В) Афиныдағы ақсақалдар кеңесі

С) Клисфеннің халық соты

Д) Олигархтар заңы

Е) Бірінші стратег Периклдің заңдары

Жауабы: А

435. Ассирия жеріндегі ежелгі қала мемлекет:

A) Ниппур

B) Кносс

C) Лагаш

D) Ур

E) Афины

F) Урук

G) Спарта

H) Ашшур

Жауабы: Н

436. Б.з.б. IX ғасырда Ван көлінің жағасында құрылған мемлекет:

A) Урарту

B) Бактрия

C) Ассирия

D) Вавилон

E) Кушан

Жауабы: А

437. Египет мемлекетінің алғашқы астанасы:

A) Ашшур

B) Фивы

C) Тушпа

D) Вавилон

E) Мемфис

Жауабы: Е

Мемфис

438. Ежелгі Үндістан заңдары

A) «Ману заңдары»

B) «Солон заңдары»

C) «Салий ақиқаты»

D) «Қаһарлы сот кітабы»

E) «Хаммурапи заңдары»

Жауабы: А

439. Иероглифтік жазу пайда болған мемлекет:

A) Спарта

B) Үндістан

C) Қытай

D) Ассирия

E) Парсы

Жауабы: С

440. Жерге түскен көлеңкелеріне қарап, Египет пирамидаларының биіктігін өлшей білді:

A) Платон

B) Аристотель

C) Пифагор

D) Демокрит

E) Фалес

Жауабы: Е

441. Парсы патшасы Кир жаулап алған елдер

А) Македония

В) Үндистан

С) Кушан

D) Мидия

Е) Палестина

F) Спарта

G) Аккад

H) Финикия

Жауабы: D, Е, H

442. Урарту мемлекетінің астанасы

A) Ашшур

B) Мемфис

C) Тушпа

D) Фивы

E) Вавилон

Жауабы: С

443. Грекияда темірді өңдей бастаған ғасыр:

A) Б.з.б.ХІІІ ғасырда

B) Б.з.б.ХІV ғасырда

C) Б.з.б.IХ ғасырда

D) Б.з.б.ХI ғасырда

E) Б.з.б.Х ғасырда

Жауабы: D

444. Ежелгі Египетке қатысы бар ұғым(-дар):

A) патеси

B) иероглиф

C) папирус

D) Энкиду

E) шеум

F) перғауын

G) Гильгамеш

H) Вавилон

Жауабы: В, С, F

445. Гомердің поэмаларының бірі

A) «Бұғауланған Прометей»

B) «Троя жорықтары»

C) «Антигон»

D) «Бұлт»

E) «Иллиада»

Жауабы: Е

446. Ежелгі Грекияда биік жерге салынған храмдардың бірі

A) Ашшурбанипал

B) Зевс

C) Парфенон

D) Прометей

E) Пантеон

Жауабы: С

447. Ежелгі Үндістанда адамдарды төрт кастаға бөлген құдайдың аты:

А) Ашок

B) Брахма

C) Рамаяна

D) Равана

E) Будда

Жауабы: В

448. Парфия патша (-сы, -лары):

A) Тиридат

B) Телепин

C) Арсак

D) Рамзес

E) І Митридат

F) Дарий

G) Қанышке

H) Спитамен

Жауабы: А, С, Е

449. Қытайда қағаз пайда болған мерзім:

A) Б.з.б. І ғасырда

B) Б.з.б. ІV ғасырда

C) Б.з.б. V ғасырда

D) Б.з.б. ІІ ғасырда

E) Б.з.б. ІІІ ғасырда

Жауабы: D

450. Ежелгі Грекияда демостар – ол ...

A) Әскерлер

B) Шонжарлар

C) Қарапайым халық

D) Ақсүйектер

E) Ақсақалдар

Жауабы : С

451. Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш мекендеген халықтар:

А) Ассириялықтар мен парсылар

B) Шумер және аккадтықтар

C) Хананейліктер мен филистимдіктер

D) Израил мен иудейліктер

E) Филистимдіктер мен еврейлер

Жауабы: В

452. Ежелгі парсы мемлекетінің билеушісі:

А) Дарий І

B) Хаммурапи

C) Ашшурбанипал

D) Тутанхамон

E) Астиаг

Жауабы: А

453. Хетт патшалығында биліктің мұрагерлікпен берілуін енгізген патша:

A) Ашшурбанипал

B) Телепин

C) Нарамсин

D) Шульги

E) Навуходоносор

Жауабы: В

454. Ежелгі грек демостарының алдында архонт Солонның сіңірген еңбегі:

А) Театр және цирк өнерін дамытты

B) Ғылым мен сауданың дамуына үлес қосты

C) Жаңа жерлерді басқаруға құқық берді

D) Жерге жеке меншік орнады

E) Ру ақсүйектерінің билігін жойды

Жауабы: Е.

455. Б.з. ІІІғ Араб түбегінде өмір сүрген патшалық:

A) Парсы

B) Аббас

C) Бағдат

D) Лахмид

E) Кордова

Жауабы: D

456. Рим империясы бөлінген соң Шығыс империяға қараған жер(-лер):

A) Балкан түбегі

B) Египет

C) Апенин түбегі

D) Италия

E) Африкадағы батыс аймақтар

F) Еуропадағы батыс аймақтар

G) Азиядағы иеліктер

H) Сицилия

Жауабы: А, В, G

(395 жылы Рим империясы Батыс және Шығыс империялары болып екіге бөлінді. Батыс империяның қол астында Италия және Еуропа мен Африкадағы батыс аймақтар қалды, ал Шығыс империясының құрамына Балқан түбегі, Египет және Азиядағы Рим иеліктері қарады.)

457. Шумерліктер Қосөзенге келіп қоныстанды:

A) Шығыс жағынан

B) Солтүстік жағынан

C) Оңтүстік-батыс өлкелерден

D) Оңтүстік жағынан

E) Батыс жағынан

Жауабы: А

458. Ежелгі гректер сиынған құдайлар саны:

A) 30-ға жуық

B) 10-ға жуық

C) 40-қа жуық

D) 50-ге жуық

E) 20-ға жуық

Жауабы: С

459. Хаммурапи заңдары дүниеге келген мемлекет:

А) Хетт патшалығы

В) Ассирия

С) Вавилон

D) Аккад

Е) Урарту

Жауабы: С

460. Ежелгі Үндістанның әдеби дастан (-ы, -дары):

А) «Синухет әңгімесі»

В) «Гильгамеш туралы дастан»

С) «Махабхарата»

D) «Астық тасушының әні»

E) «Аттила»

F) «Рамаяна»

G) «Одиссея»

H) «Энеида»

Жауабы: С, F

221. «Нормандия герцогі Вильгельм...Александр папаға елшілер жіберіп, жаулап алу жоспарын бекітуін өтінді... Вильгельм барондарды жинап алып... олардың әрқайсысынан...жорық туралы пікірін сұрады. Олардың бәрі жан-тәнімен қимылдауға міндеттеніп, герцогке үйіп-төгіп уәде берді... Белгіленген уақытта олар келіп жетті... Бәрі кемеге отырып, желдің көмегімен Гастингстің жағасына тез-ақ жетіп келді...».

Мәтінде сипатталған мемлекетті анықтаңыз:

A) Франция

B) Австрия

C) Испания

D) Швеция

E) Англия

Жауабы: Е

(Англия корольдiгiнiң осындай әлсiздiгiн пайдаланып, 1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогi Вильгельм басып кiрдi. Гастингс маңындағы шайқаста ол ағылшындар королi Гарольдтi жеңдi. Вильгельм Лондонға басып кiрдi. Сөйтiп өзiн Англия королi деп жариялады. Ол «Жаулап алушы» деген атаққа ие болды).

222. «Эдуардтың өлімінен кейін Англиядағы король тұқымының тамыры кесілді... Гарольд ... таққа отырып, тәжді шіркеудің рұқсатынсыз киді. Нормандия герцогі Вильгельм...Александр папаға елшілер жіберіп, жаулап алу жоспарын бекітуін өтінді... Вильгельм барондарды жинап алып... олардың әрқайсысынан...жорық туралы пікірін сұрады. Олардың бәрі жан-тәнімен қимылдауға міндеттеніп, герцогке үйіп-төгіп уәде берді... Белгіленген уақытта олар келіп жетті... Бәрі кемеге отырып, желдің көмегімен Гастингстің жағасына тез-ақ жетіп келді...Вилгельмнің келуі туралы ести салысымен Гарольд ... дереу Гастингске аттанды».

Мәтінде сипатталған оқиғаның болған мерзімін анықтаңыз:

A) ХІІ ғасыр

B) ХІ ғасыр

C) ХІІІ ғасыр

D) ІХ ғасыр

E) Х ғасыр

Жауабы: В

(1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогi Вильгельм басып кiрдi. Гастингс маңындағы шайқаста ол ағылшындар королi Гарольдтi жеңдi. Вильгельм Лондонға басып кiрдi. Сөйтiп өзiн Англия королi деп жариялады. Ол «Жаулап алушы» деген атаққа ие болды.)

223. «...Мақта-мата тоқыма өнеркәсiбiнiң барлық кәсiпкерлерi өздерiнде жалданып жұмыс iстеушiлерге, шәкiрттерге олардың алты апталық үйренушi мерзiмiнде, мақта тазалаумен айналысатын және маусымдық жұмысшылардан басқаларына 40 сағат жұмыс күнi үшiн оңтүстiк белдеуде аптасына кем дегенде 12 доллар, солтүстiк белдеуде кем дегенде 13 доллар жалақы төлеуге мiндеттi.

...Мақта-мата тоқыма өндiрiсiнiң кәсiпкерлерi ж өндеу жұмысшылары, механиктер, электриктер, өрт сөндiрушiлер, қызметкерлерден... басқа жалданып жұмыс iстеушiлердiң барлығының жұмыс күндерiн аптасына 40 сағтан аспайтындай етiп жоспарлауға мiндеттi».

Мәтінде келтірілген үзіндіден АҚШ-тағы 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарысқа қарсы қабылданған шараларды анықтаңыз:

A) мемлекеттік бюджетті сақтап қалу барысында салық саясатын қатаң қолғалау

B) жергілікті шикізат базасын жасау арқылы әскери өндіріс қажеттілігін қамтамасыз ету

C) еңбек армияларын құрып, өндіріс пен азық-түлік тауарларын жалақы түрінде тепе-тең бөлу

D) мемлекеттің өнім өндіру үрдісіне тікелей араласуымен бәсекелестікті дамыту

E) сырттан тартылған инвестицияларды тікелей өнеркәсіпке жұмсау

Жауабы: D

224. Бұл конференция өз жұмысын Кеңес Қарулы Күштерi фашистiк Германияны да, оның одақтастарын да өздерi-ақ талқандай алатыны айқын болған кезде бастады. Алайда негiзгi мәселелердiң бiрi Еуропа құрлығындағы халықтарды азат ету және жауды талқандауды жеңiлдететiн, Еуропада екiншi майдан ашу мерзiмi туралы мәселе болды. Үш Ұлы державалар үкiметтерi басшыларының алғашқы кездесуi соғыс және соғыстан кейiнгi жылдары бiрлесiп әрекет ету, сондай-ақ 1944 жылы мамырда екiншi майдан ашу туралы келiсiмдерге қол жеткiзумен аяқталды... ...Герман армияларын құрлықта, сүңгуiр қайықтарын теңiзде құртуға және олардың әскери зауыттарын әуеден қиратуға бiзге дүниежүзiнде ешқандай күш кедергi келтiре алмайды. Бiздiң шабуылымыз аяусыз және толастамайды. Бiз мұнда үмiтпен және барлығына бел байлап келдiк. Бiз мұнан шын мәнiсiндегi рухы мен мақсаты бiр достар есебiнде қайтамыз.

Мәтінде көрсетілген конференцияны анықтаңыз:

A) Берлин конференциясы

B) Тегеран конференциясы

C) Сан-Франциско конференциясы

D) Потсдам конференциясы

E) Бандунг конференциясы

Жауабы: В

225. «Варна немесе каста туралы»

1.31. Әлемнің гүлденуі үшін Брахма өзінің аузынан, қолынан, жамбасынан және табанынан брахманды, кшатрийді, вайшийді ж»не шудраны жаратты.

1.87. Бұл әлемді сақтау үшін ол, Брахма аузынан, қолынан, жамбасынан және табанынан жаратылғандар үшін ерекше кәсіптер белгіледі.

Х.96. Кімде-кім төмен болып туғанына қарамастан, қомағайлықпен жоғарыдағылардың кәсібімен күн көретін болса, патша оны мүлкінен айырып, дереу елден қусын.

Х.79. Өмір сүру үшін ...семсер мен садақ асынып жүру, ... саудамен, мал бағумен, егіншілікпен айналысу жазылған. Олардың міндеті – сыйлық беру, оқу, құрбандық шалу.

Мәтіннен кшатрийдің міндетін анықтаңыз:

A) Семсер мен садақ асынып жүру

B) Мал бағумен, егіншілікпен айналысу

C) Дінді уағыздаумен

D) Сыйлық беру, оқу, құрбандық шалу.

E) Саудамен, мал бағумен

Жауабы: А

226. Елшінің саяхаты

«У Дидің билігі тұсында Чжан Цзянь императорлық күзетте қызмет етті. Бұл кезде тұтқындағы ғұндар өздерінің юэчжи тайпасының билеушісін өлтіріп, бас сүйегінен сусын ішетін ыдыс жасағандары туралы айтты. Қашқан юэчжилер ғұндардан кек алмақ болды. Бірақ оларды қолдайтын одақтасы болмады. Бұл кезде Хань әулетінің билеушілері ғұндарды талқандамақ болды. Жағдайды естіген ол: «Менің юэчжилермен байланыс орнатқым келеді. Бірақ оларға жол ғұндар арқылы өтеді»,-деді. Елші болып барғысы келетіндерді іздеді. Чжан Цзянь күзет офицері ретінде юэчжи тайпасына Таньи руынан шыққан Ганьфу есімді құлмен бірге баруға тілек білдірді. Олар Шаньси провинциясынан шығып, тұп-тура ғұндарға тап болады. Ғұндар оларды тұтқындап өз көсемдеріне жеткізді...».

Мәтінде сипатталған юэчжи тайпасы ғұндардың қай аймағында өмір сүргенін анықтаңыз:

A) Солтүстігінде

B) Оңтүстігінде

C) Оңтүстік-батысында

D) Батысында

E) Шығысында

Жауабы: А

227. ...Біздің мемлекетіміз бен халқымыздың көптеген ашық және жасырын жаулары коммунистік қозғалысқа арсыздықпен қосылып алды. Соғыста жеңіліс тапқан олар, біздің мемлекетімізден соғыстан кейін кек алуды аңсап, біздің мемлекетімізде бүліктер ұйымдастырып, оларға іштей және сырттай көмек көрсетуде. Біреулері соғыста байығанына қарамастан, коммунистік партияға енуде; екінші біреулері өтірік пен жалаларды жариялап, халық арасында наразылық тудырушы газеттерді қаржыландыруда; үшіншілері шетелдермен байланыс жасап, шетелдік ақшаға қару-жарақтар сатып алуда; төртіншілері әртүрлі жолдармен елдегі жұмыстарға кедергі жасап, барлық қызметкерлер мен олардың қызметін дәлелсіз қаралауда. Барлығының мақсаты-елде бүлік шығару, мемлекетке немқұрайдылық пен өшпенділік туғызу...

Мәтін бойынша Кеңес еліндегі сипатталып тұрған кезеңді анықтаңыз:

A) Бірінші революциядан кейінгі

B) Индустрияландырудың барысы

C) Ұлы Отан соғысының барысы

D) Азамат соғысынан кейінгі

E) Ұжымдастырудың басталуы

Жауабы: D

228. «Палестина 1516 жылдан бұл империяның құрамында болып, 1918 жылы Палестина Англияның бақылауына көштi. 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестинаны екi мемлекетке бөлу жөнiнде қарар қабылдады. Аумағының 44%-ы (11,1 мың шаршы шақырым) арабтарға, 56% (14,1 мың шаршы шақырым) - Израиль мемлекетiне берiлуге тиiс болды».

Мәтінде сипатталған Палестинаның 1516 жылдан құрамында болған империяны табыңыз:

A) Әмір Темір

B) Ұлы Моғолдар

C) Византия

D) Осман

E) Цин

Жауабы: D

229. Бұл соғыстың бiзге ерiксiз әкеп таңылғаны жұрттың бәрiне мәлiм. 1918 жылдың басында бiз бұрынғы соғысты бiтiрген едiк, ал жаңа соғысты бастаған жоқпыз, сонда миллиондаған ақшасын оңды-солды шашқан Антантаның көмегi арқасында ғана ақ гвардияшылардың батыста, оңтүстiкте, шығыста бiзге қарсы аттанғанын жұрттың бәрi бiледi...

Мәтіндегі азамат соғысының шығу себептері туралы айтқан тарихи тұлғаны анықтаңыз:

A) В.Ленин

B) П.Милюков

C) А.Керенский

D) И.Сталин

E) М.Калинин

Жауабы: А

(Мәтін Ленин В.И. Успехи и трудности Советской власти.//Полн. собр. соч. Т. 38. С. 51. алынды)

230. «1917 жылы 27 ақпанда Петроград Кеңесiнiң құрылуымен бiр мезгiлде Мемлекеттiк Думаның Уақытша комитетi құрылды. Оның құрамына буржуазия өкiлдерiмен қатар эсер Керенский кiрдi. Мемлекеттiк Думаның Уақытша комитетi революцияны құлатуға әрекеттенгенiмен, оған күштерi жетпедi. Революцияның жеңiп, ал Петроград Кеңесiнiң көшбасшылары оның жағында екенiне көздерi жеткен буржуазия мемлекеттiк билiкке дәмелерiн ашықтан-ашық мәлiмдедi. Мемлекеттiк Думаның Уақытша комитетiнiң мүшелерi эсерлермен - Петроград Кеңесiнiң меньшевиктiк жетекшiлерiмен буржуазиялық Уақытша үкiмет құру туралы келiссөздер бастады. Мүндай келісім болды. 1917 жылы 2 наурызда буржуазиялық Уақытша үкiметтiң құрамы жөнiнде жарияланды. Сонымен, Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының ерекшелiктерiнiң бiрi болып табылатын ... пайда болды».

Мәтін бойынша Ақпан төңкерісінен кейін орнаған үкіметті анықтаңыз:

A) Қос үкімет

B) Монархия

C) Парламенттік Республика

D) Жоғарғы Кеңес

E) Республика

Жауабы: А

1. Грек мүсін өнері еркеше дамыған мерзімі:

A) Б.з.б. ІV ғ.

B) Б.з.б. ІІІ ғ.

C) Б.з.б. V ғ.

D) Б.з.б. VІІ ғ.

E) Б.з.б. VІ ғ.

Жауабы: С

2. Б.з.б.IV ғасырда Грекияға қауіп төндірді:

A) Словения

B) Болгария

C) Хорватия

D) Македония

E) Сербия

Жауабы: D

3. ХІV ғ. басында Францияда құрылған өкілетті биліктің ресми атауы:

A) Парламент

B) Бас Штаттар

C) Сенат

D) Конгресс

E) Кортес

Жауабы: В

Бас штаттар – феодалдық Франция мен Нидерландыдағы сословиелiк өкiлдiктiң жоғарғы органы. Қалалардың өсуiне, әлеуметтiк қайшылықтардың шиеленiсуiне және таптық күрестiң күшеюiне байланысты пайда болды. Францияда 1302 жылы Жүз жылдық соғыс қарсаңында шақырылды.

4. XV ғ. Еуропада құрылған белгілі университет

A) Мадрид

B) Гарвард

C) Оксфорд

D) Принстон

E) Ватикан

Жауабы: С

Еуропада ХV ғасырда 65 университет болды. Бұлардың iшiнде Париж, Болонье (Италия), ОКСФОРД (Англия), Прага, Краков (Польша) университеттерi жұртқа белгiлi едi.

5. Урарту патшалығына қатысты есімдер мен атаулар:

A) Ван көлі

B) Тешуб

C) Армения жері

D) Ашур

E) Телепин

F) Тушпа

G) Пирамида

H) Анатолия

Жауабы: А, С, F

6. Шонжар-афинылықтар бүкіл Аттика жерін жаулап алған уақыты:

A) Б.з.б. ІV ғасырда

B) Б.з.б. VІ ғасырда

C) Б.з.б. V ғасырда

D) Б.з.б. VІІ ғасырда

E) Б.з.б. VІІІ ғасырда

Жауабы: Е

7. Ежелгі Грекиядағы төменгі еркін халық деп атаған:

A) полис

B) демос

C) агора

D) патриции

E) пантеон

F) дорий

G) илот

H) консул

Жауабы: В

8. Ежелгі Римде өткізілген басты ойын-сауықтардың бірі:

A) садақ ату

B) бұқалар жарысы

C) жаяу жарыс

D) суға жүзу

E) гладиаторлар сайысы

Жауабы: Е

9. Ежелгі Римдегі ру бірлестіктерінің жиналысы:

A) Трибалар

B) Сенат

C) Құрылтай

D) Курия

E) Центуриат

Жауабы: D

10. Франктер кезеңінде латынша «үйдің үлкені», «басшысы» деген мағына білдіретін сөз(-дер):

A) монах

B) феод

C) рыцарь

D) дворян

E) герцог

F) граф

G) абат

H) майордом

Жауабы: H

Майордом (латынның «үлкен үй» деген сөзiнен шыққан) – Франк мемлекетiндегi V ғасырдың аяғы – VIII ғасырдың ортасындағы сарай меңгерушiсi, ең жоғарғы мемлекет басшысы.

11. Иранда сефевид билігі тұсындағы жер иеліктері:

A) «аллод»

B) «дивани»

C) «інжу»

D) «сойырғал»

E) «заминдар»

F) «шахтық»

G) «арбаби»

H) «сипахи»

Жауабы: В, D, G

(XVII ғасырда Иранда феодалдық қатынастар дамып, жерге, суға феодалдық меншiк орнады. Мемлекеттiк меншiктегi жер “ДИВАНИ” деп аталатын. Оған елдегi жердiң басым мөлшерi кiрдi. Отбасының меншiгiндегi жер “хассэ” деп аталды. Iрi феодалдардың қолында олар қызмет еткен кезеңде уақытша пайдаланылатын жекеменшiк жерлер болды. Олар тойыл деп, мұрагерлiкпен мәңгi пайдалануға берiлетiн жерлер СОЙЫРҒАЛ деп аталады. Дiни орындар мен дiни адамдарға меншiкке берiлетiн “уакф”, “мульк”, “АРБАБИ” деп аталатын көлемi үнемi өсiп отыратын iрi жер иелiктерi болды).

12. «Нормандия герцогі Вильгельм...Александр папаға елшілер жіберіп, жаулап алу жоспарын бекітуін өтінді... Вильгельм барондарды жинап алып... олардың әрқайсысынан...жорық туралы пікірін сұрады. Олардың бәрі жан-тәнімен қимылдауға міндеттеніп, герцогке үйіп-төгіп уәде берді... Белгіленген уақытта олар келіп жетті... Бәрі кемеге отырып, желдің көмегімен Гастингстің жағасына тез-ақ жетіп келді...».

Мәтінде сипатталған мемлекетті анықтаңыз:

A) Франция

B) Австрия

C) Испания

D) Швеция

E) Англия

Жауабы: Е

(Англия корольдiгiнiң осындай әлсiздiгiн пайдаланып, 1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогi Вильгельм басып кiрдi. Гастингс маңындағы шайқаста ол ағылшындар королi Гарольдтi жеңдi. Вильгельм Лондонға басып кiрдi. Сөйтiп өзiн Англия королi деп жариялады. Ол «Жаулап алушы» деген атаққа ие болды).

13. Стамбулдағы 1730 ж. көтерілістің негізгі себебі

A) жастарды әскерге шақыруы

B) жер салығының көбеюі

C) әскери салықтың енгізілуі

D) нан бағасының көтерілуі

E) қаладағы ашаршылық

Жауабы: С

(1730 жылдың басында үкiметтiң бұйрығымен өте жоғары әскери салық енгiзiлiп, бұл қала халқының шектен тыс наразылығын тудырды. Осы жылы күзде Стамбұлда Патрон Халил бастаған қала кедейлерiнiң көтерiлiсi басталды).

14. ХІХ ғ. әлемге микробиология деп аталатын жаңа ғылымды сыйлаған ғалым:

A) Луи Пастер

B) Роберт Майер

C) Джон Дальтон

D) Конрад Рентген

E) Майкл Фарадей

Жауабы: А

(Луи Пастер (1822—1895) әлемге микробиология деп аталатын жаңа ғылымды сыйлады).

15. Ф.Энгельс «Заманауи химияның атасы» деп атаған ағылшын ғалымы:

A) Джон Дальтон

B) Луи Пастер

C) Роберт Майер

D) Майкл Фарадей

E) Конрад Рентген

Жауабы: А

(Ағылшын Джон Дальтон зат құрылысының атомдық теориясын негiздедi. Ол химияға атомдық салмақ туралы түсiнiк енгiздi және бiрiншi болып химиялық формулалар қолдана бастады. Ф.Энгельс Дальтонды заманауи химияның атасы деп атады).

16. Физиктердің арасынан тұңғыш рет Нобель сыйлығын иеленген В.К.Рентгеннің ашқан жаңалығы:

A) электромагниттік толқындар

B) тартылыс заңы

C) стерилизация

D) Х-сәулелері

E) электромагнитік индукция

Жауабы: D

(1895 жылдың соңында Германия физигi Вильгельм Конрад Рентген (1845—1923) Масквеллдiң электромагниттiк толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрiнбейтiн, өздерi Х сәулелерi деп атаған сәулелердi ашты. Бұл ұлы жаңалық бiрден медицина тәжiрибесiне енгiзiлiп, оның негiзiнде жасалған рентген аппараты көпшiлiктiң қызығушылығын тудырды. Ендi дәрiгерлер аурулардың iшкi зақымдарын, сынған сүйектерiн көрiп, бақылауға мүмкiндiк алды. Физиктердiң арасында тұңғыш рет Рентгенге Нобель сыйлығы берiлдi).

17. Әлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым:

A) Джон Локк

B) Исаак Ньютон

C) Фрэнсис Бэкон

D) Иоаганн Кеплер

E) Рене Декарт

Жауабы: В

(Ғылымдар тарихындағы бүтiн бiр кезеңдi ағылшын ғалымы Исаак Ньютон (1643 — 1727) еңбектерi құрайды. Өзiне дейiнгiлердiң жетiстiктерiне сүйене отырып, ол әлемнiң жаңа келбетiнiң пайда болуын, математика мен механиканы қоса отырып негiздедi. Өзiнiң ең басты “Табиғат философиясының математикалық принциптерi” (1687) деген еңбегiнде ғалым әлемдiк тартылыс заңын тұжырымдады).

18. Майкл Фарадейді 1831 жылы ашқан жаңалығына байланысты заманастары атады:

A) «Ұлы ойшыл»

B) «Ұлы ағартушы»

C) «Найзағай әміршісі»

D) «Мазурка королі»

E) «Ғұлама замандас»

Жауабы: С

(1831 жылы Майкл Фарадей электромагниттiк индукция құбылысын ашты. Бұл жаңалық электрқозғалтқышты жасауға жол ашты. Фарадейдi замандастары “найзағай әмiршiсi” деп атаған. Ғалым корольдық қоғамның, көптеген академиялардың мүшесi, соның iшiнде Петербург академиясы оны өз мүшесi етiп сайлаған).

19. 1882 ж. Үштік одақ шартына қол қойған елдердің бірі

A) Голландия

B) Испания

C) Австро-Венгрия

D) Франция

E) Португалия

Жауабы: С

(ХХ ғасыр басындағы еуропада басты екі әскери-саяси одақ құрылды. Біріншісі, Үштік одақ, Франция-Пруссия соғысынан кейін қалыптасты. Канцлер Бисмаркті Германияның Еуропа орталығындағы жағдайы мазалап, «одақтар сұмдығы» тынышын алды. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында герман билеуші топтары өз одағын құрмақшы болып, мүдделестер іздеді. Ең қолайлысы көршілес Австрия-Венгриямен байланыс орнатып, Франциямен арасында кикілжіңі бар Италияны өз жағына тарту болды. Осылай, біртіндеп, 1882 жылы Германия, Италия және Австро-Венгрияның Үштік одағы құрылды, ол 1892 жылы жаңарып, 1915 жылы Италия одан шыққанға дейін өмір сүрді.

Үштік одақтың құрылғанын Франция өзіне төнген қауіп деп түсініп, оған қарсы тұратын күш іздеді. Ондай одақтас ең алдымен Ресей болуы мүмкін еді. Оны іске асыру үшін Франция мен Ресей арасындағы Таяу және Қиыр Шығыстағы қайшылықтарды реттеу қажет болды. Франция мен Ресей француз-орыс одағын құрып, әскери-саяси конвенция (1891-1893) жасасты. 1907 ж. ағылшын-орыс келісімі Англия, Франция және Ресей құрамындағы Антантаның құрылуын тәмамдады. Үштік одақтың Антантаға қарсы тұруы көп ұзамай Бірінші дүниежүзілік соғысқа алып келді).

20. Англиядағы «Мемлекет ішіндегі мемлекет» сияқты ерекше құрылымға ие болған компания:

A) Кеден одағы

B) Вест-Үнді

C) Ганза одағы

D) Неміс сауда одағы

E) Ост-Үнді

Жауабы: Е

(ХVI ғасыр бойында Англияда бiрнеше iрi сауда компаниялары пайда болған едi, олар дүниенiң әр түкпiрiмен сауда байланыстарын жүргiзiп отырды. ХVII ғасырдың басында солардың iшiндегi ең мықтысы, атақты Ост-Үндi компаниясы болды. Бұл компания, негiзiнен, Үндi мұхиты арқылы сауда жүргiзетiн едi. ОСТ-ҮНДI компаниясы Англиядағы “мемлекет iшiндегi мемлекет” сияқты ерекше құрылым болды).

21. 1784 жылы алғашқы орыс елдi мекендерi пайда болды:

A) Аляскада

B) Мариан аралында

C) Маврикийде

D) Канар аралында

E) Того елінде

Жауабы: А

22. XVII-XVIII ғасырларда Ресей аумағын екі есе дерлік ұлғайтқан жағдай:

A) Қара теңізді қосып алуы

B) Кавказды қосып алуы

C) Сібірді отарлауы

D) Орта Азияны жаулап алуы

E) Балтық жағалауын жаулап алуы

Жауабы: С

(XVII-XVIII ғасырлар бойы ресейлiк әскери қызметтегi адамдар, казактар және шаруалар бiртiндеп Сiбiрдi игердi, ал 1784 жылы алғашқы орыс елдi мекендерi АЛЯСКАДА да пайда болды. Амурда Ресей басқыншылары Қытаймен қақтығысқа түстi. XVII ғасырдың соңында онда орыс-қытай шекарасы орнатылды. Сiбiрдi отарлау Ресейдiң аумағын екi есе дерлiк ұлғайтты).

23. Қытайда аграрлық реформаның іске асырылған жылдары

A) 1976-1978 жж.

B) 1958-1976 жж.

C) 1960-1965 жж.

D) 1949-1952 жж.

E) 1950-1959 жж.

Жауабы: D

(ҚХР 1949-1952 жылдары аграрлық реформа ойдағыдай іске асырылды. Нәтижесінде 300 млн шаруа 47 млн га жерге ие болды. Помещиктік жер иелену жойылды. Қытайдың ірі буржуазиясы мен шетел капиталистерінің кәсіпорындарын мемлекет меншігіне алу мемлекеттік меншікті кеңейтіп, нығайтты. Бұл реформалар социалистік құрылыстың алғышарттары болды).

24. 1.Империя президентінің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіріледі. Сол себепті осы уақытқа дейін белгіленген империя президентінің заң күші көсеміміз (фюрер) әрі рейхсканцлер Адольф Гитлердің қолына көшеді. Ол өз орынбасарын тағайындайды.

2. Бұл заң империя президенті фон Гиденбургтің қайтыс болған күнінен бастап өз күшіне енеді.

Германияда президенттің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіру туралы заң қабылданған уақытты анықтаңыз:

A) 1936 жыл 15 маусым

B) 1929 жыл 30 тамыз

C) 1934 жыл 1 тамыз

D) 1932 жыл 10 шілде

E) 1930 жыл 4 қазан

Жауабы: С

(Президенттің, канцлердің және жетекші партия басшысының міндетін бір қолға біріктіру шешімі 1934 жылғы тамызда президент Гинденбургтің өлімінен соң іске асты. Гитлер шексіз диктаторлық билік иесі, өмірлік фюрер және рейхсканцлер атанды).

25. Моңғолия 1 қараша, 1921 жыл.

1.Монғол мемлекетінің ханы-Чжебцзун-Дамба-хутухта-қасиетті сары діннің басшысы-мемлекеттік жұмыстарға араласпайды, ал діни мәселелерде шексіз құқықтарға ие.

2. Чжебцзун-Дамба-хутухта конституциялық монархия түріндегі басқару жүйесі бар Монғол халық мемлекетінің ханы бола тұра, барлық мемлекеттік істерді халық үкіметінің төрағасы арқылы жүргізеді.

3.Үкімет бастамасы бойынша Монғол халық мемлекетінің негізін жақсарту мен нығайтуға бағытталған және халық игілігіне арналған заң актілері Боғды ханға баяндалғаннан соң ғана іске асырылады,Боғдыхан ондай заңдарды қабылдаусыз тастай алмайды. Басқа сипаттағы ұсынылған заң актілерін Боғды хан өзіне баяндалған кезде екінші рет талқылау үшін қайтарып бере алады, алайда тек бір-ақ рет.

4.Мемлекеттік төңкеріс немесе басқа да іштей тәртіпсіздіктер басталса, үкімет Боғды ханға баяндамай-ақ, маңызды шаралар қолданып, заң шығара алады.

Халықтық-революциялық үкімет пен Боғдыхан келісімге қол қоя отырып,оны мүлтіксіз сақтауға серт береді.

Мәтінде берілген құжат бойынша монғол тарихының кезеңін анықтаңыз:

A) Азамат соғысы

B) Республикалық басқаруға өту

C) Демократиялық жаңару

D) Монархия дәуірі

E) Отаршылдық кезеңі

Жауабы: B

(КСРО-ның көмегімен құрылған Халық үкіметі боғдыхан билігін қалдырып, діни мәселелермен ғана шұғылдануға көндірді. Сөйтіп, 1921-1924 жылдарда Моңғолия шектеулі монархия түріндегі мемлекеттер қатарында болды).

26. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мен Монғол Халық Республикасының үкіметтері осы хаттамаға қол қойды

1-бап. КСРО немесе Монғол Халық Республикасының аумағына үшінші бір мемлекеттің тарапынан шабуыл жасау қаупі төнсе, КСРО мен МХР үкіметтері қалыптасқан жағдайды тез арада бірігіп талқылауға және өз аумағын қауіпсіздендіруге қажетті шаралардың барлығын қолдануға міндеттенеді.

2-бап. КСРО және МХР үкіметтері келісуші жақтардың біреуіне әскери шабуыл жасалған жағдайда бір-біріне кез келген,соның ішінде әскери көмек көрсетуге міндеттенеді.

Мәтінде көрсетілген келісімге байланысты жағдайды көрсетіңіз:

A) Гоминдан тарапынан қауіп

B) Қытай тарапынан қауіп

C) Ішкі талас-тартыстың күшеюі

D) Германия тарапынан қауіп

E) Жапония тарапынан қауіп

Жауабы: Е

(Кеңестік Ресей дипломатиялық қатынасты орнатқан елдің алғашқыларының бірі Моңғолия болды. 1931 жылы ЖАПОНИЯНЫҢ Маньчжурияны жаулап алуы, оның кеңесманьчжур және моңғол-маньчжур шекараларындағы арандатушылық әрекеттеріне қарсы кеңес-моңғол келісімдері жасалды. 1934 жылы Кеңес үкіметімен өзара көмек жөнінде келісім жасалды. 1940 жылы наурызда Моңғолия халықтық-революциялық партиясының Х съезінде жаңа конституцияның жобасы мақұлданды).

27. Ұлттар Лигасы Кеңесінің тұрақты мүшелігін иемденген ел (-дер)

A) Ирландия

B) Румыния

C) Австрия

D) Кеңестік Ресей

E) Италия

F) Жапония

G) Дания

H) Испания

Жауабы: E, F

(Ұлттар Лигасы Кеңесінің тұрақты мүшелері қатарында 5 мемлекет — АҚШ, ҰЛЫБРИТАНИЯ, ФРАНЦИЯ, ИТАЛИЯ және ЖАПОНИЯ болды).

28. 1923-1930 жж. Испаниядағы кезең атауы:

A) Викториандық

B) Империялық

C) Демократиялық

D) Диктаторлық

E) Социалистік

F) Республикалық

G) Коммунистік

H) Католиктік

Жауабы: D

(Промо де Ривераның диктаторлығы)

29. 1920 ж. РКФСР үкіметі дербестігін мойындаған ел

A) Латвия

B) Албания

C) Монғолия

D) Чехия

E) Болгария

Жауабы: А

(1918 жылы Брест бiтiмшарты бойынша Кеңестiк Ресей Латвия мен Эстонияның тәуелсiздiгiн мойындады. Латвияда К. Ульманистiң, Эстонияда К. Пятстiң үкiметтерi құрылды. 1920 жылы РКФСР жаңа республикаларды мойындады. Қызыл Армияның б;лiмшелерi бұл елдерден шығарылды. Аталған елдерде құрылтай жиналысына сайлау ;ткiзiлiп, ұлттық Конституция қабылданды).

30. Қытай кеңестері туралы

Сан жағынан басым және жақсы қаруланған қарсыласымен азамат соғысы жағдайында Қытай Кеңестерінің қызметі қарулы күрестің басты мақсатына бағындырылды...

Қытай Кеңестерінің құжаттары ел аумағының бір бөлігінде Кеңестердің заң актілерінің көпшілігі алайда азамат соғысы жағдайында жүзеге асырылмағанына қарамастан, халық бұқарасының мақсаттарын көздейтін әлеуметтік өзгерістер болғандығын көрсетеді. Олар толығымен тек Орталық кеңес ауданының көлемінде толығырақ жүзеге асырылды. Көптеген ұсақ кеңес аймақтарының әлсіздігі, бір-бірінен бөлектігі, тұрақсыздығы мен олардың Орталық кеңес аудандарымен байланысы нашарлығы, кеңес қозғалысын жаншып тастау қаупі күн сайын төніп тұрған жағдайда бірыңғай заңды іске асыруға және оны жергілікті жағдайларға сай реттеп отыруға мүмкіндік бермеді...

Қытай революциясының кеңестік дәуірінде Қытай компартиясы өзінің қарулы күштерін-Қызыл Армияны құрды, ол коммунистік партияның басшылығымен шаруаларды елдегі революциялық қозғалысты дамытудың маңызды құралы есебінде топтастырды. Қызыл Армия бейбіт халықтың арасындағы ағарту және кеңес партия кадрларын дайындау, жергілікті жерлердегі өкімет органдарын, кеңестерді қайта құру, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге көмек, әлеуметтік-экономикалық шараларды жүргізуді ұйымдастыру, саяси және әкімшілік жұмыстарын өз мойнына алды... Кеңес қозғалысы өнеркәсібі дамымаған, жұмысшы табы жоқ, артта қалған ауылдық жерлерде өрістеді. Сондықтан да революцияның басты қозғаушы күші шаруалар, анығырақ айтқанда, олардың кедей топтары болды. Батырақтар, кулактар, майда қолөнершідер, кедей-шаруалар Қызыл Армияның, жергілікті революциялық өкімет органдарының негізін құрды. Коммунистік партия бізде негізінен алғанда сипаты жағынан шаруалық партия болды.

Қытай революциясының негізгі тірегі шаруалар болуының себебі:

A) Қытай аграрлы ел

B) Әлеуметтік қайшылықтар болмады

C) Жұмысшылар белсенділік көрсетпеді

D) Саяси партиялар болмады

E) Қытай индустриалды ел

Жауабы: А

171. Отырар келбетi (ХVI–ХVII ғ.)

Отырарды кең ауқымды қазу жұмысы 1971 жылы басталды. Қазу барысында iрi археологиялық объектiнi iрi горизонтальдық алаңдар арқылы зерттеу әдiсi қолданылып келедi...

... ХVI–ХVIII ғасырлардағы Отырар – дамыған қала. Онда iшкi және сыртқы рыноктарды да тауармен қамтамасыз етуi мүмкiн қышшылар кварталы, жолаушы-жүргiншiлердi дәмнен тарықтырмайтын нан пiсiрушiлер мен әр түрлi шеберханалар жұмыс iстейдi. Қолдағы осы мәлiметтер орта ғасырдың аяқ тұсындағы қала өмiрiн едәуiр толық сипаттайды.

Мәтіндегі Отырар қаласы туралы зеттеу жұмысының авторы:

A) А.Черкасов

B) А. Бернштам

C) К.Байпақов

D) А.Кларе

E) К.Ақышев

Жауабы: Е

Отырарда археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедиция ұйымдастырылғаннан кейін басталды.

172. Мәтінді оқып шығып, тапсырмаға жауап беріңіз:

Тараздың ең өркендеп өскен кезеңi ___________әулетi билiк жүргiзген Х–ХII ғасырлармен тұстас. Бұл кезде қала қайтадан салынып, өзiнiң зәулiм үйлерiмен, қыш төселген көшелерiмен, керуен сарайымен, теңге соққан ұстаханасымен, сауда-саттығымен, қолөнерiмен әлемге әйгiлi болған. Қала iшiнде су құбыры жүргiзiледi, моншалар салынады. Сәулет өнерiнiң тамаша туындылары бой түзейдi. Бұлардың iшiндегi аса көрнектiлерi – ежелгi Тараз рабадына (қолөнершiлер тұрағы) орналасқан Қарахан, қала сыртындағы Бабаджа-қатын, қазақ ұлттық сәулет өнерiнiң тамаша үлгiсi болып табылатын Айшабибi күмбездерi. 1938 жылы археолог-ғалым А. Н. Бернштам ашқан сарай моншасы – Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындарының бiрi.

Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жiбек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992, 63–65-б. және 156–159-б.

Деректе суреттелген қалада билік жүргізген әулет:

A) Қарахан

B) Аштархани

C) Ғазнауи

D) Шайбани

E) Сефевид

Жауабы: А

173. Мәтінді оқып шығып, тапсырмаға жауап беріңіз:

Бұл қаланың ең өркендеп өскен кезеңi Қарахан әулетi билiк жүргiзген Х–ХII ғасырлармен тұстас. Бұл кезде қала қайтадан салынып, өзiнiң зәулiм үйлерiмен, қыш төселген көшелерiмен, керуен сарайымен, теңге соққан ұстаханасымен, сауда-саттығымен әлемге әйгiлi болған. Қала iшiнде су құбыры жүргiзiледi, моншалар салынады. Бұлардың iшiндегi аса көрнектiлерi – ежелгi _____________ рабадына (қолөнершiлер тұрағы) орналасқан Қарахан, қала сыртындағы Бабаджа-қатын, қазақ ұлттық сәулет өнерiнiң тамаша үлгiсi болып табылатын Айша-бибi күмбездерi. 1938 жылы археолог-ғалым А. Н. Бернштам ашқан сарай моншасы – Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындарының бiрi.

Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жiбек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992, 156–159-б.

Деректе суреттелген қала:

A) Талхиз

B) Суяб

C) Талғар

D) Баласағұн

E) Тараз

Жауабы: Е

174. Мәтінді оқып шығып тапсырмаға жауап беріңіз.

«568 жылдан бастап бұл қала аты парсы, түркi, араб тiлдес авторлардың бiрнеше ұрпақтары шығармаларында кездеседi. Көне түркi тарихшысы Нершахи өзiнiң «Бұхар тарихы» деген кiтабында 580 жылғы оқиғалар жайлы айта келiп, Таласты ____________ деп қате жазады да, қала осы атпен белгiлi бола бастайды. VIII–Х ғасырлардағы Шығыс авторлары __________ базарларында бүкiл дүние жүзiнiң бұйымдары сатылатын, тек қана түркi (қыпшақ) сөзiн ғана емес, сонымен қатар араб, парсы, үндi тағы да басқа тiлдердi естуге болатын «саудагерлер қаласы» деп атаған».

Деректе суреттелген қала:

A) Баласағұн

B) Түркістан

C) Суяб

D) Талхиз

E) Тараз

Жауабы: Е

175. Жиембет жырау Бiртоғашұлы ХVI ғасырдың соңғы ширегi, ХVII ғасырдың алғашқы жартысында өмiр сүредi. Алшын руын ежелден билеген iрi феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет Кiшi жүздегi ел басқарушы биi, әскербасы батыры қызметiн атқарады, ерлiгiмен, iскерлiгiмен танылады. Жиембет 1620 жылы ойраттармен арада шыққан соғыста қазақтардың жауды ойсырата жеңуiне мұрындық болады.

1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан бөлiнiп, өз алдына тәуелсiз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның көтерiлiсiн басу кезiнде де Жиембет елеулi рөл атқарады. Алайда ол көп ұзамай-ақ орталық үкiметке сөз жүзiнде ғана бағынып, Кiшi жүзде дербес билiк құра бастаған Жиембеттiң өзi де ханның қаһарына шалынады.. Жырау ойраттармен шекара шығыс бетке айдалады. Бiр деректерге қарағанда, Жиембет сол айдауда өледi, ендi бiр деректердiң айтуынша, жырау 1643 жылы туған жерiне қайтып оралады.

Бес ғасыр жырлайды. А., 1984, 58–59-б.

Мәтіндегі деректен Жиембет жыраудың қай ханға қызмет еткенін анықта:

A) Тәуекел хан

B) Хақназар хан

C) Есім хан

D) Қасым хан

E) Тәуке хан

Жауабы: С

176. ...жыраудың өмiрi мен өнернамасы туралы нақты деректер сақталмаған. Бiз тек оның Есiм ханның жорық жырауы болғанын, 1627 жылы Тұрсын ханның бүлiгiн басуға қатысқанын ғана бiлемiз. Алайда бiздiң заманымызға жеткен санаулы жолдары оның қазақ поэзиясындағы көне дәстүрдi жалғастырушы, от тiлдi, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетедi. Есiм ханның өмiрi мен ерлiк iстерi суреттелетiн жетi мың жолдық «Еңсегей бойлы Ер Есiм» атты тарихи жырды алғаш жырлаушы деп шамаланады.

Бес ғасыр жырлайды. А., 1984, 63–64-б.

Мәтінде айтылған жырауды анықтаңыз:

A) Шалкиіз

B) Ақтамбердi

C) Доспамбет

D) Жиембет

E) Марғасқа

Жауабы: Е

177. ....1675 жылы Оңтүстiк Қазақстан да, Қаратау бойында ауқатты отбасында дүниеге келедi. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердiке деген батырдың қолында өседi. Ақындық талантын тым ерте, 10–11 жасында танытқан. Ол 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатынасады.

...Жыраудың жартылай құлаған күмбезi қазiр Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Абай ауданы өңiрiндегi Жүрек Жота деген төбенiң басында тұр.

Мәтінде сипатталған жырауды анықтаңыз:

A) Шалкиіз

B) Ақтамбердi

C) Доспамбет

D) Жиембет

E) Марғасқа

Жауабы: В

178. Мәтінді оқып шығып тапсырмаға жауап беріңіз.

«Қазақ Тәуекел хан Әбдi-Момын ханның өлтiрiлiп, Пiр-Мұхаммед ханның билiк құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшiн жолға шықты. Ол әуелi Ташкенттi қаратты, ал сонан соң Самарқанды басып алды және осы қалаға қарай бет бұрды. Пiр-Мұхаммед хан ашық шайқаста қарсыласу мүмкiн деп таппай, сондықтан қамалға бекiндi. Шамамен жиырма күн бойы Тәуекел хан мен оның қазақтары осы қаланың маңайын тонады, күн шығып, батқанға дейiнгi уақыт аралығында екi жақтың арасында үнемi қақтығыстар болып тұрды. Ақыр аяғында қазақтар жеңiлiс тапты. Тәуекел хан Самарқанға шегiндi. Бауыры Әшiм ханмен одақтасып, ол Пiр-Мұхаммед ханға қарсы ұрысып, шайқасуға әзiрлендi. Хан оларды тағы да шайқаспақ ниетпен қарсы алды. Осы кезде оған Пiр-Мұхаммед ханның iнiсi Баки-Мұхаммед сұлтан келiп қосылды. Хан оның келуiн жақсылықтың нышаны деп жорыды және оған құрмет көрсеттi. Екi жақ әскерлерiнiң арасында бiр айдай уақыт ұрыс-қақтығыс болып тұрды. Бiр жолы Тәуекел хан түн жамылып шабуыл жасады. Кескiлескен шайқас болды. Тәуекел ауыр жараланды. (Ол) еш нәрсеге қол жеткiзе алмағандықтан, ат тiзгiнiн Ташкент жаққа бұрды. Сол жарақаттан Тәуекел хан о дүниеге асығыс аттанып кеттi...»

ХV–ХVIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы жөнiндегi материалдар. А., 1969, 394–395, 556-б. (Орыс тiлiнде). «Тарих-и-Қыпшақ» еңбегінен

Суреттелген оқиғада Тәуекел хан шабуыл жасаған қала:

A) Әндіжан

B) Үргеніш

C) Бұхара

D) Хиуа

E) Нарын

Жауабы: С

179. Мәтінді оқып шығып тапсырмаға жауап беріңіз.

Қазақ ____________ хан Әбдi-Момын ханның өлтiрiлiп, Пiр-Мұхаммед ханның билiк құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшiн жолға шықты. Ол әуелi Ташкенттi қаратты, ал сонан соң Самарқанды басып алды және Бұхараға қарай бет бұрды. Пiр-Мұхаммед хан ашық шайқаста қарсыласу мүмкiн деп таппай, сондықтан қамалға бекiндi. Шамамен жиырма күн бойы _____________ хан мен оның қазақтары Бұхараның маңайын тонады, күн шығып, батқанға дейiнгi уақыт аралығында екi жақтың арасында үнемi қақтығыстар болып тұрды. Ақыр аяғында қазақтар жеңiлiс тапты. _____________ хан Самарқанға шегiндi. Бауыры Әшiм ханмен одақтасып, ол Пiр-Мұхаммед ханға қарсы ұрысып, шайқасуға әзiрлендi. Хан оларды тағы да шайқаспақ ниетпен қарсы алды. Осы кезде оған Пiр-Мұхаммед ханның iнiсi Баки-Мұхаммед сұлтан келiп қосылды. Хан оның келуiн жақсылықтың нышаны деп жорыды және оған құрмет көрсеттi. Екi жақ әскерлерiнiң арасында бiр айдай уақыт ұрыс-қақтығыс болып тұрды. Бiр жолы _______________ хан түн жамылып шабуыл жасады. Кескiлескен шайқас болды. Тәуекел ауыр жаралан ды. Ол еш нәрсеге қол жеткiзе алмағандықтан, ат тiзгiнiн Ташкент жаққа бұрды. Сол жарақаттан _______________ хан о дүниеге асығыс аттанып кеттi...

ХV–ХVIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы жөнiндегi материалдар. А., 1969, 394–395, 556-б. (Орыс тiлiнде). «Тарих-и-Қыпшақ» еңбегінен

Деректе суреттелген қазақ ханы:

A) Тәуекел

B) Абылай

C) Жәңгір

D) Хақназар

E) Тәуке

Жауабы: А

180. Мәтінді оқып шығып тапсырмаға жауап беріңіз.

Жырау Елтерiс, Бiлге қағандардың ақылгөй дем берушiсi болған. Талай жорықтарға бiрге қатынасып, жауды талқандаған қолбасшы батыр атанған. Жазған еңбегiне қарағанда, ол – Бұқар сияқты әйгiлi жыраулардың бiрi. Өзi өмiр сүрген кездегi әлсiреп бара жатқан түркi мемлекетiнiң жағдайын ойлап, оның жандануына көп еңбек сiңiрген. Мәселен: «Түнде ұйықтамадым, Күндiз отырмадым, Қызыл қанымды ағыздым, Қара терiмдi төктiм», – деген шумақтан оның елi үшiн қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша күрескенiн көремiз. Жырау өзiнiң шығармасында «Жұқаны таптау оңай, Жiңiшкенi үзу оңай» деп елдi бiрлiкке шақырады. Егер ел бiрiгетiн болса, оны таптау оңай емес екендiгiн жырлайды. Жырау шығармашылығы қазақ жыраулық өнерiнiң бастауы деп айтуға толық негiз бар.

Айдаров Ғ. Орхон ескерткiштерi. А., 1990, 35-б.

Мәтінде айтылған жырауды анықтаңыз:

A) Жиембет

B) Тоныкөк

C) Үмбетей

D) Ақтамберді

E) Шалкиіз

Жауабы: В

21. Б.з.б. 221 жылы ұлы билеуші – хуанди атағын алған қытайлық

патша(-лар):

A) Ван Ман

B) Чжан Цзяо

C) Ин Чжен

D) Сыма Сянжу

E) У Ди

F) Фан Чун

G) Шан Ян

H) Бань Чао

Жауабы: С

(Бүкіл патшалықты өзіне бағындырып алған Ин Чжен б.з.б. 221 жылы Хуанди атағын алып, бірінші ұлы билеуші болды).

22. Ресейдің діни дербестігін нығайтып, патриархтың ролін арттырған орыс патшасы (-лары):

A) I Петр

B) I Александр

C) Борис Годунов

D) Иван Грозный

E) I Николай

F) II Петр

G) Елизавета

H) Анна Иоанновна

Жауабы: С

(Б. Годунов 1598 жылы таққа отырды. Ресейдiң дiни дербестiгiн нығайту, рухани жағынан күшейту үшiн Ресей қоғамында патриархтың рөлiн арттырады. Сыртқы саясатта, 1590–1593 жылдарда шведтермен соғыстың барысында – Балтық теңiзiндегi Иван-Город, Ям, Копорье және т. б. бекiнiстердi қайтарады).

23. XIX ғ. ортасында «шығыс мәселесі» төнірегінде «Осман мұрасын» бөлісу үшін саяси бақталастықты жандандырған ел(-дер):

A) Италия

B) Германия

C) Португалия

D) Франция

E) Ресей

F) Испания

G) Жапония

H) Англия

Жауабы: D, E, H

(1768—1774 жылдардағы орыс-түрiк соғысы Осман империясының сыртқы саясатта беделiнiң түскендiгiн көрсеттi. Түрiктердi осы соғысқа итермелеген Франция оған ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Нәтижесiнде Осман империясы Еуропадағы иелiктерiнен толық айырылды. Батыс елдерi түрiктердi Еуропа аумағынан толық қуып шығып, “осман мұрасын” бөлiсу мәселесiн күн тәртiбiне қоя бастады. Бiрақ Ресейдiң Балқан мен Жерорта теңiзiнде күшейiп кетуiнен қауiптенген Англия мен Франция II Екатеринаның саясатына қарсы шығып, Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды. Осыдан келiп империядан бөлiнген аумақтардың тағдыры еуропалықтардың қолына көштi. Осман империясынан бөлiнген аумақтар үшiн бәсекелестiк күрес “шығыс мәселесi” деген саясатты дүниеге әкелдi).

24. ХХ ғасырдың басында араб елдерінде тәуелсіздік алуды мақсат тұтып құрылған топ(-тар):

A) «Жаңа османдар»

B) «Халықшылдар»

C) «Жас түріктер»

D) «Мұсылмандар лигасы»

E) «Жас Арабия»

F) «Байрақ»

G) «Отан»

H) «Республикалық реформалар партиясы»

Жауабы: Е, G, H

(Мысырдың жас зиялылары мен офицерлерi қолдап “Отан” ұйымын құрып, “Мысыр — мысырлықтарға” деген ұран тастады. ХХ ғасырдың басында Түркияда жас түрiктер революциясы басталды. Сирияда, Ливанда, Тунисте, Палестинада, Иракта автономия алу және бiрiккен тәуелсiз араб мемлекетiн құру жоспарларын ұсынған топтар пайда болды (“Араб-осман қоғамы”, “Жас Арабия”, “Республикалық реформалар партиялары”).

25. Араб елдерінің Лигасы құрылған жыл:

A) 1950 ж.

B) 1988 ж.

C) 1961 ж.

D) 1953 ж.

E) 1966 ж.

F) 1980 ж.

G) 1945 ж.

H) 1973 ж.

Жауабы: G

(Египет Германияға қарсы соғыс жариялауға 1945 жылғы ақпанда ғана келісті. Сөйтіп, БҰҰ құруға қатысты. 1945 жылы мамыр айында француз отаршылары алжир халқының ұлт-азаттық қозғалысын әскери күштерді пайдаланып басып тастады. Соғыс аяқталар кезде араб елдері бірігу мәселесін қайта көтеріп, Араб елдерінің Лигасын құрды).

26. АҚШ-Египет-Израиль елдері Кэмп –Дэвид келісіміне қол қойған

жыл (-дар)

A) 1953 ж.

B) 1980 ж.

C) 1967 ж.

D) 1995 ж.

E) 1977 ж.

F) 1980 ж.

G) 1958 ж.

H) 1979 ж.

Жауабы: Е, Н

(1977-1979 жылдары Египет - Израиль - АҚШ Кэмп-Дэвид келісіміне қол қойып, жауласқан екі ел татуласты. Оны КСРО мен араб елдері мойындамады).

27. 1921 жылы құлдықты жою туралы заң жариялаған ел (-дер):

A) Сирия

B) Непал

C) Үндістан

D) Түркия

E) Ауғанстан

F) Қытай

G) Гаити

H) Иран

Жауабы: Е

(1919 жылы 21 ақпанда үкімет басына “Жас ауғандықтар” ұйымының өкілі - жас әмір Аманулла хан келіп, Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. 27 ақпанда Кеңес үкіметі Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады. 1921 жылы құлдықты жою туралы заң жарияланды. 1923 жылы Жаңа Конституция қабылданып, осы Ата заң негізінде буржуазиялық мазмұндағы жаңалықтар іске асырыла бастады).

28. 1236 жылы Батыс едеріне жорықты бастаған мемлекет билеушісі:

A) Шайбани

B) Бату

C) Шыңғыс хан

D) Орда-Ежен

E) Жошы

Жауабы: В

29. Иранда ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап билік құрған әулет:

A) Цинь

B) Пехлеви

C) Каджар

D) Сулеймен

E) Сефевид

Жауабы: Е

(XVIII ғасырдың соңында ғана Иранда Каджар әулетiнiң билiгi орнады. 1796 жылы Иран шахы болып Аға Мұхамед хан тағайындалды. Ирандағы Каджар әулетiнiң астанасы Тегеран қаласы болды).

30. ХІХ ғасырдың ортасында Жапонияны күштеп ашқан:

A) америкалықтар

B) орыстар

C) испандықтар

D) голландықтар

E) немістер

Жауабы: А

(1854 жылы наурыздың 13-iнде Канагава деген жерде бiрiншi жапон-американ келiсiмшартына қол қойылды. Келiсiмшарт бойынша Жапония Америка кемелерi үшiн Симода және Хакодатэ порттарын ашуға мәжбүр болды. Осылайша 215 жылға созылған Жапониядағы “жабық есiк” саясаты күйредi).

31. 1924 жылы республика болып жарияланған Азиядағы мемлекет:

A) Камбоджа

B) Монғолия

C) Вьетнам

D) Тибет

E) Қытай

Жауабы: В

(1921 жылы Ресейдің тікелей қатысуымен өткен төңкерісті Моңғолияда Халық революциясы деп жариялады. 1924 жылы ақырғы боғдыхан дүниеден қайтты. Осы жылдың қараша айында конституция қабылданып, Моңғол Халық Республикасы құрылғаны жарияланды).

32. О.Кромвельдің өмірлік лорд-протекторы болып тағайындалған ел(-і, -дері):

A) Шотландия

B) Нидерланды

C) Ирландия

D) Италия

E) Англия

F) Германия

G) Франция

H) Испания

Жауабы: А, С,Е

(1653 жылдың желтоқсанында Англияда жаңа конституция — “Басқару құралы” қабылданды. Кромвель АНГЛИЯНЫҢ, ИРЛАНДИЯНЫҢ, ШОТЛАНДИЯНЫҢ өмiрлiк лорд-протекторы болып тағайындалды. Шын мәнiнде, протекторат жүйесi Кромвельдiң әскери диктатурасы едi).

33. 1878 жылы қабылданған Берлин трактаты негізінде тәуелсіздігі бекітілген елдер:

A) Болгария

B) Украина

C) Румыния

D) Хорватия

E) Венгрия

F) Сербия

G) Герцоговина

H) Польша

Жауабы: С, F

(1878 жылы 13 маусымда шақырылған Берлин конгресi жұмысы нәтижесiнде Берлин трактатына қол қойылды. Ол бойынша Карс, Ардаган, Батуми Ресейге өтiп, Баязет Түркияда қалды. Ресейге Оңтүстiк Бессарабия қайтарылып, Добруджа Румынияға өттi. Сондай-ақ ЧЕРНОГОРИЯ, СЕРБИЯ ЖӘНЕ РУМЫНИЯ ТӘУЕЛСIЗДIГI БЕКIТIЛДI.Берлин трактаты бойынша Болгарияның аумағы бiрден қысқартылды.).

34. 1987 жылы қарашада орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарт жасасқан мемлекет басшысы (-лары):

A) М.Горбачев

B) Р.Рейган

C) Р.Никсон

D) Л.Брежнев

E) Н.Хрущев

F) К.Черненко

G) Дж.Кеннеди

H) Г.Трумэн

Жауабы: А, В

(1987 жылы М. С. Горбачевтың АҚШ-қа келуіне орай Вашингтонда екі ел арасында орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшартқа қол қойылды. 1988 жылғы президент сайлауында тағы да республикашылдар жеңіске жетті. Рейган саясатын Дж. Буш жалғастырды, ол Рейганның бұрынғы әкімшілігінде вицепрезидент қызметінде болатын).

35. 1931 жылы Ұлыбританияда «ұлттық» коалициялық үкімет құрған тұлға (-лар):

A) А.Иден

B) Г.Макмиллан

C) С.Болдуин

D) Э.Хит

E) Р.Макдональд

F) У.Черчиль

G) Т.Блэр

H) К.Этли

Жауабы: Е

(Үкімет басына екінші рет келген Р. Макдональд 1931 жылы тамызда “ұлттық” коалициялық үкімет құрды. Оның құрамына 5 лейборист министрмен бірге, консерваторлар мен либералдар кірді).

36. Мәскеу қаласын салдырған кінәз:

A) Иван Грозный

B) Иван Калита

C) Юрий Долгорукий

D) Владимир Мономах

E) Ярослав Мудрый

Жауабы: С

(Ресейдiң астанасы Мәскеу қаласын 1147 жылы кiнәз Юрий Долгорукий салдырды. Ол Владимир Мономахтың (1109–1125) ұрпағы едi).

37. 1526 жылы Дели сұлтандығын жаулап алды:

A) Құбылай

B) Бабыр

C) Хулагу

D) Бейбарыс

E) Хорехм шах Мұхаммед

Жауабы: В

(1526 жылы Әмiр Темiрдiң ш¬бересi Бабыр Ауғанстан арқылы Yндiстанға шабуыл жасап, Дели қаласын ¬зiне бағындырады. Дели қаласын жаулап алғаннан кейiн Бабыр шах (император) деген атақ алады. Солтүстiк Yндiстан жерiнен 100 мың әскер жинап, Бихар және Бенгал жерiн бағындырып, Ұлы Моғол империясын құрады).

38. 1897 жылы герман империалистері өздерінің ықпал ету аймағына айналдырған Қытай провинциясы:

A) Циндао

B) Ганьси

C) Гуандунь

D) Гуанчжоу

E) Шаньдун

Жауабы: Е

39. 1898 жылғы келiсiм бойынша Қытайдың Ресейге жалға берген иеліктері:

A) Ляодун

B) Порт-Артур

C) Сары теңіз жағалауындағы жерлер

D) Цзяочжоу бухтасы

E) Шаньдун

F) Гуанжоувань бухтасы

G) Шығыс темір жол торабы

H) Циндао порты

Жауабы: А, В

(1897 жылдың соңында герман империалистерi Қытайдың Циндао порты мен Цзяочжоу бухтасын басып алды және Шаньдун провинциясын "зiнiң ықпал ету аймағына айналдырды. Франция Қытайдың Гуанжоувань бухтасына өзiнiң ықпал жүргiзуiн қамтамасыз еттi және көршiлес Үндiқытайға темiржол құрылысын сала бастады. 1898 жылдың басындағы орыс-қытай келiсiмi бойынша Қытай Ресейге Порт-Артур мен Ляодун түбегiн жалға бердi).

40. «Қосөзен» деп қатарласа аққан өзендер:

А) Хуанхэ, Янцзы

В) Евфрат, Тигр

С) Үнді, Ганга

D ) По, Тибр

Е) Урмия, Ван

Жауабы: В

521. «______________- ұлы қиялшыл және ғалым, реактивтiк қозғалтқыш теориясын ойлап тапты және ғарышқа ұшу мүмкiндiгiнiң негiзiн қалады. Ол кеңес ғылымын тамаша табыстарға жеткiздi, соның арқасында Кеңес Одағының алғашқы ғарышқа ұшулары жүзеге асырылды. ...Егер планетааралық кеме секундына 8 шақырымнан кем емес жылдамдықпен қозғалатын болса, ол атмосфераның шетiне шығады да, Ай сияқты Жердiң серiгiне айналады, себебi мұндай жылдамдық кезiнде ортадан тепкiш күш жердiң тарту күшiне теңеледi.

Ол өзiнiң төл формуласын, ол арқылы кеме-зымыран қозғалатын теорияны жасады. Бұл iске асады! Мiндеттi түрде болады! Адамзат бiр орында тұрақтап қалмайды, ол әрдайым алға ұмтылады, сондықтан ерте ме, кеш пе оның формуласына келедi. Зымыран, тек қана зымыран адамды жердiң тарту шебiнен алып шығады».

Мәтінде бос орынға сәйкес келетін тарихи тұлғаны анықтаңыз:

A) К. Циолковский

B) А.Чижевский

C) Н.Бор

D) В.Вернадский

E) Н.Плани

Жауабы: А

522. «К.Э. Циолковский - ұлы қиялшыл және ғалым, реактивтiк қозғалтқыш теориясын ойлап тапты және ғарышқа ұшу мүмкiндiгiнiң негiзiн қалады. Ол кеңес ғылымын тамаша табыстарға жеткiздi, соның арқасында Кеңес Одағының алғашқы ғарышқа ұшулары жүзеге асырылды.

...Егер планетааралық кеме секундына 8 шақырымнан кем емес жылдамдықпен қозғалатын болса, ол атмосфераның шетiне шығады да, Ай сияқты Жердiң серiгiне айналады, себебi мұндай жылдамдық кезiнде ортадан тепкiш күш жердiң тарту күшiне теңеледi.

Ол өзiнiң төл формуласын, ол арқылы кеме-зымыран қозғалатын теорияны жасады. Бұл iске асады! Мiндеттi түрде болады! Адамзат бiр орында тұрақтап қалмайды, ол әрдайым алға ұмтылады, сондықтан ерте ме, кеш пе оның формуласына келедi. Зымыран, тек қана зымыран адамды жердiң тарту шебiнен алып шығады».

Мәтінді оқып, ғылымның қай саласы туралы айтығанын анықтаңыз:

бос орынға сәйкес келетін тарихи тұлғаны анықтаңыз:

A) Астрономия

B) Биология

C) Химия

D) Математика

E) Физика

Жауабы: А

523. «1931 жылдың қыркүйегiнен 1936 жылдың маусымына дейiнгi аралықта генерал-губернаторлықтың азайтып к;рсеткен мәлiметтерiне қарағанда, корей партизандары мен ... әскерлерiнiң арасында 23 928 қарулы қақтығыстар болған. Партизандардың саны осы уақыт iшiнде 60 мыңға жеттi. Сол толық емес ... мәлiметтерiне қарағанда, көрсетiлген мерзiм iшiнде 4 321 ... әскерi мен полицейлерi өлтiрiлдi және жараланды, 18 144 солдат пен полицей тұтқынға алынды».

Мәтіндегі сипаттамадан Кореядағы үстемдігін орнатқан мемлекетті анықтағыз:

A) Ұлыбритания

B) АҚШ


C) КСРО

D) Моңғолия

E) Жапония

Жауабы: Е

524. Белгiлi жерге ие болып, осы куәлiктi алған адам Аспан әулетiнiң заңына сай жыл сайын ақшалай және заттай салықты еш тәртiп бұзбай тлеп тұруға, сондай-ақ з жер меншiгiн билiк орындарынан жасырмауға мiндеттi. Осы куәлiк тапсырылғаннан кейiн кiмде-кiм бөлiнген жердi оның иесiнен тартып алғысы келсе, жер қожайыны оны сотқа берiп, жазалауға рұқсаты бар. Осындай жағдай болмас үшiн осы куәлiктi ... жылдың ... айының ... күнi Тайпин мемлекетi, аспан әкесi, аспан князы куәлiк иесiне мәңгiлiкке сақтауға бередi.

Мәтінде сипатталған кәуліктің қандай құқық беретінін анықтаңыз:

A) Жерге ие болу

B) Еңбек ету

C) Сайлау

D) Өмір сүру

E) Салық төлеу

Жауабы: А

525. Үндіқытай.

1932 жыл.

Үндіқытай коммунистік партиясы өз күресінде төменде айтылған негізгі міндеттерді шешуге ұмтылады:

1. Үндіқытайдың толық экономикалық және саяси тәуелсіздігі, француз үстемдігін құлату, жұмысшы-шаруалық Үндіқытай жерінен барлық шетелдік жаяу, теңіз, әуе әскерлерін және полиция күштерін қуу.

2.Шет жұрттық әулеттерді құлату, Аннам сарайын, Камбоджа және Лаос корольдерін, олардың барлық мандариндері мен ақсүйектерін қоса құлату және барлық мал-мүлкін тәркілеу.

3. Жұмысшы-шаруа үкіметін құру. Кеңестер мен революциялық жұмысшы-шаруа әскерін құру. Еңбекшілерді жаппай қаруландыру және оларды әскери істерге үйрету.

4. Француз және басқа да шетелдік банктері мен өнеркәсіп орындарының, барлық плантациялардың, темір жолдар мен су жолдарының, барлық суару арналарының жұмысшы-шаруа мемлекетінің карамағына өтуі.

5. Империалистердің, католиктік миссиялардың, помещиктер мен өсімқорлардың, корольдер әулеттерінің, мандариндер мен ақсүйектердің барлық жерлері мен ормандарын, мал-мүліктерін қайтарымсыз тәркілеу...

Мәтінде көрсетілген бағдарламаны қабылдауға әсер еткен жағдай:

A) Азамат соғысының басталуы

B) Қытай коммунистерінің ықпалы

C) Қытайдағы азамат соғысы

D) КСРО-да социализмнің жеңуі

E) Үндіқытайда социализмнің жеңуі

Жауабы: D

Дұрыс жауабын көрсеткен Мукат Арыстанов мұғалімге рахмет

526. «Ол ХVІІ ғасырдың екінші ширегінде француз абсолютизмін нығайтуда басты рөл атқарды. Оның саясаттың жергілікті жерлерде жүзеге асырушылар тек қаржы мен сот істері ғана емес, басқару ісі де меніп тапсырылған, губернаторларға мардымсыз ғана билік қалдырған шінеуніктер болды. Оның шың берілген қызметкерлері, оның саясатын қатаң да үздіксіз жүргізген, олар халықтан салықты аяусыздықпен жинап отырды».

Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз:

A) Ришелье

B) Дюссен дел Эр

C) VІІ Карл

D) Ламартиш

E) ІV Филипп

Жауабы: А

(Бұл жетiстiктерде корольдiң бiрiншi министрi кардинал Ришельенiң үлесi зор болды. Ришелье Францияны 1624 жылдан 1642 жылға дейiн биледi. Ол барлық күш-жiгерiн орталық үкiмет билiгiн нығайтуға, экономиканы дамытуға, Францияның басқа елдер арасындағы беделiн арттыруға жұмсады. Ришелье феодал-ақсүйектердiң қарсылығын тойтарып, бiр орталыққа бағынған өкiмет билiгiн нығайтты).

527. Бүгін, 1918 жылдың 27 қыркүйегінде, біз құлдық бұғауын үзіп, Фердинанд пен оның сыбайластарының қатыгез режимін құлатып, оларды халық жаулары деп жариялайды және өзін осы басқару жүйесі бар азат халық деп жариялап, Еуропа халықтарын татулық пен ынтымаққа шақырады. Бүгіннен бастап Фердинанд патша, оның әулеті мен бұрынғы үкімет құлатылды. Барлық округтердің басқарушылары, округтердің бастықтары, коменданттары, үкіметтері және әскери бастықтар осы уақытша үкіметінің бұйрықтарын орындауға міндетті.

Мәтінде көрсетілген Болгариядағы солдаттар көтерілісі барысында жарияланған басқару жүйесін анықтаңыз:

A) Федерациялық

B) Социалистік

C) Корольдік

D) Республикалық

E) Монархиялық

Жауабы: D

(1918 жылдың 27 қыркүйек күні Р.Даскалов А. Стамболийскиймен бірге Радомир қаласында монархияның құлатылып, Болгар Республикасының орнауын жариялады.)

528. Мартин Лютер бюргерлік реформацияның жаршысы, кен қазушысының баласы, еркін өнер магистрі, кейін – монах-августиниандық құдайтану ілімінің докторы болған соң өз ілімін жасады.

Мартин Лютер Витенбергтегі шіркеудің есігіне өзінің индульгенцияға қарсы бағыттылған 95 тезисін іліп қойды. Кейінгі шығармаларында («Неміс ұлтының христиандық дворяндарына», «Шіркеудің вавилондық тұтқынға түсуі», «Христиандық ерік туралы трактат», «Зайырлы өкімет билігі», «Құлдық ерік туралы», т.б.) туып келе жатқан буржуазиясының мүддесіне сай католиктікке және папалыққа қарсы протестантизм негізін қалады, өз мырзаларына қарсы көтеріліске шыққан халық бұқарасынан іргесін аулақ салды. Тәуратты неміс тіліне аудара отырып, жалпы немістік әдеби тілдің негізін құрды. Оның ілімінің негізінде шіркеулік сатыны (иерархия), аруақтарға, иконға табынуды, шіркеулік байлықты жоққа шығарып, құдайға сенушілер үшін бірден-бір бедел –ізгі хабар екендігін мойындаған протестантизмнің лютерандық бағыты қалыптасты.

Мәтінде сипатталған оқиғаның уақытын анықтаңыз:

A) ХІХ ғасырда

B) ХVІ ғасырда

C) ХІV ғасырда

D) ХVІІ ғасырда

E) ХVІІІ ғасырда

Жауабы: В

529. Ол бюргерлік реформацияның жаршысы, кен қазушысының баласы, еркін өнер магистрі, кейін – монах-августиниандық құдайтану ілімінің докторы болған соң өз ілімін жасады. 1517 жылы 31 қазан күні Витенбергтегі шіркеудің есігіне өзінің индульгенцияға қарсы бағыттылған 95 тезисін іліп қойды. Кейінгі шығармаларында («Неміс ұлтының христиандық дворяндарына», «Шіркеудің вавилондық тұтқынға түсуі», «Христиандық ерік туралы трактат», «Зайырлы өкімет билігі», «Құлдық ерік туралы», т.б.) туып келе жатқан буржуазиясының мүддесіне сай католиктікке және папалыққа қарсы протестантизм негізін қалады, өз мырзаларына қарсы көтеріліске шыққан халық бұқарасынан іргесін аулақ салды. Тәуратты неміс тіліне аудара отырып, жалпы немістік әдеби тілдің негізін құрды».

Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз:

A) Ян Жижка

B) Мартин Лютер

C) Томас Мюнцер

D) Жан Кальвин

E) Ян Гус

Жауабы: В

(1517 жылы Лютер шiркеу озбырлығы мен папа индульгенциясына қарсы көзқарасын бiлдiретiн үндеуiн – «95 тезисiн» таратты. 1520 жылы Лютер папа зорлығына қарсы күрестi бүкiл немiс ұлтының iсi деп жариялады. Сөйтiп Лютер дiнбасыларының барша жұртқа үстемдiк етпекшi болған әрекетiне қарсы шықты. Ол осылайша папа шiркеуiнiң озбырлығынан құтылмақшы болған бюргерлердiң жалпы ниетiн бiлдiрдi. Лютер мемлекеттiк мекемелердiң билiгiн күшейтуге шақырды. Лютер әдiлетсiздiкке қарсы күш қолдануды жақтамады. Әдiлеттiлiкке тек үгiтнасихат, түсiндiру, көзiн жеткiзу сияқты заңды жолдармен жету керек екенiн айтты. Шыдамдылық танытуға үгiттедi.)

530. «Осы жылдың қаңтарында Мәскеуде Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, КСРО, Чехословакия өкілдерінің экономикалық кеңесі болып өтті...Кеңес АҚШ-ң, Англияның және тағы басқа Еуропа елдерінің үкіметтерін шын мәнісінде халықтық демократия елдері және КСРО сауда жасаудан бас тартуда деп есептейді, себебі бұл елдер өздерінің егемендігі мен ұлттық экономикалық мүдделеріне қайшы келетіндіктен Маршал жоспарының әміріне көнуді қажет деп таппады. Кеңес халықтық демократия елдері мен КСРО экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында шаруашылық тәжірибелерін алмасу, бір-біріне техникалық көмек көрсету, шикізат, азық-түлік, машина, құрал-жабдықтар, т.б алмасу үшін кеңеске қатысушылардың өкілдерінен тепе-тең мөлшерде өкілеттілік негізінде экономикалық мәжіліс-экономикалық өзара көмек кеңесін құруды қажет деп тапты, кеңес ашық ұйым оған оның принциптерін мойындаушы және жоғарыда аталған елдермен кең ауқымды экономикалық ынтымақтастық орнатқысы келетін Еуропаның басқа елдері кіре алатындығын мәлімдейді».

Мәтіндегі сипатталған Құжаттың негізгі мазмұнын анықтаңыз:

A) Атлантикалық саяси одақ құру

B) шаруашылық жүйені құрылымдау

C) экономикалық интеграция

D) «Маршалл жоспары»



E) мемлекетаралық пленумды өткізу

Жауабы: С

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет