Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. [1]
Себептері
Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Көтеріліс хронологиясы
Солдан оңға қарай: Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайджумаев, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.
Алматы қаласында орналасқан 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алу монументі.
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
Тарихи маңызы
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Еңбек жолдары
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Игі істері мен жетістіктері
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.
Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғытамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Марапаттары
Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982)
8 Ленин ордені
Еңбек Қызыл Ту ордені
Медальдар
Мақалалары мен кітаптары
1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары»
1992 жылы – «О моём времени»
1994 жылы - «От Сталина до Горбачёва»
1994 жылы - «Ақиқаттан аттауға болмайды»
Д.А.Қонаев есімі берілген жерлер
Алматы қаласында ескерткіш – бюст.
Астана және Алматы қалаларында - көшелер.
Үлкен Алматы каналы.
Орал қаласында - шағын аудан.
Тараз қаласында - орталық көше және бюст.
Талдықорғанда- көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны.
Алматы қаласында - жекеменшік университет.
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында - орталық көше.
1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды.
1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды.
Шымкент қаласында - орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай.
Қызықты ақпараттар
Дінмұхамед Қонаев - КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
Отбасында 11 баланың 4-шісі.
Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.
Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.
Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.
Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
Шағын пәтерінде(қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 кв.м
Кезінде Леонид Брежнев(КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"- деп таңданады.
Ұлттық сана[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigationJump to search
Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады:
1. сезімдік, түйсіктік.
2. саналы теориялық.
1-сі ез елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімнен туса, 2-сі өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті дүниежүзілік тұрғыдан теориялық ұлттық бағыт-бағдарлама тұрғысынан қарап, аңғару арқылы болатын саналы ойдан туады. Ал, ұлттық сананың жасаушысы, қолдаушысы, қорғаушысы, сақтаушысы әрқашанда ұлттық интеллигенция, ұлттық зиялы қауым халықтың тек сезімі ғана емес, ойы, санасы оянған өкілдері, артына, қазіргісіне, алдына ой жүгіртіп, көз жіберетін,
«Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алып,
Кектеніп надан залымға,
Шиыршық атып, толғанатын» ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге тасын қалаған. Дәл осы тұрғыдан Абай сезімтал да ойшыл, білімдар да кемеңгер. Халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне күмәнданған, алайда келешегінен үміттеніп, «шиыршық атып толғанған» Абай: «Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді... Ондайым жоқ. Егер жек керсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жата беру керек еді... бұлардың бәрі де жоқ... Мен өзім тірі болсам да анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын...» деп, халқының қамын ойлап қиналады, қапаланады, халқының мінін, кемістігін көрсетіп, бетіне баса сынайды. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың. Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» деп бір жағынан қатты қиналса, екінші жағынан «Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? » деп, үміттенеді.
Ойшыл ақынның ұлттық сана жөніндегі пікірін үш тұрғыдан пайымдауға болады. 1-ден, қазақ халқының ұлттық санасының қалыптаса бастауы жөніндегі ойлары; 2-ден, Абайдың өз заманындағы ұлттық сананың ерекшеліктері, қайшылықтары, белгілері туралы ойлары; 3-ден, қазақтың ұлттық санасының қалыптасуын, дамуын Абай қазақ халқының шығуымен тікелей байланыстырады. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген еңбегінде аталған мәселелерге ерекше тоқтала келіп, адам баласының бір саласы Үндістан тарапынан келген, олар «ертерек ғылымға үйір болып, қайдан шыққандарын білгендер», екіншіден - моңғол жағынан келген; олар заманның кебін ғылымсыздықпен өткізіп, тауарларын терең білмейді... соның бірі - біздің қазақ, - деп, қазақтың сары нәсілге, оның ішінде монголоид тегіне жататынын білдіріп, қазақты өзінің тегімен таныстырады. Қазақтың ертеректе Амудария және Сырдария бойын жайлағанын, сонсоң Алатау бөктерін, Ташкент төңірегін, кейіннен «Ақтабан шұбырындыға» ұшырап, қалмақтардан қауырт жеңілген соң Сарыарқаға, Шыңғыс тауына ауыса көшкенін айта келіп, «Қазақтың қатты өсе бастағаны Құба қалмақтың жұрты бұзылған соң, осы Сарыарқаға орныққан соң ғана болса керек», - дейді.
«Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі қырық жылға созылған қиян-кескі шайқас - қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастыруда аса үлкен орын алған 1-дүн.жүз. соғыс болғанын Абай аңғарғандай. «Ақтабан шұбырынды» жөніндегі ойларында Абай халықтың сан жағынан өсуін ғана емес, сапа жағынанда, әсіресе, сана жағынан есуін де ескеріп отыр. Алғашында ойсырай жеңілгеніне, қансырай күйрегеніне қарамастан Абылай ханның, Бұхар жыраудың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің халықтың санасын оятып, төңірегіне үш жүздің халқын жинап, бүкіл қазақ «халық болып қаруланып» Отансүйгіштік, патриоттық ұлттық сананы рухани ту көтеріп, қазақ жерін азат етіп, тілін, дінін, тінін, әдет-ғұрпын, салт-сананы сақтап қалғанын Абай жақсы білген. Енді Абай кезеңіндегі ұлттық сананың қайшылықтары мен ерекшеліктеріне тоқталайық. 18 ғ-дың ортасында ұлттық сананың қалыптасу кезеңімен бірге үш жүздің басы қосылып, мемлекет болып құрылуымен қатар, осыған қарсы құбылыс Ресей империясының қазақ халқын отарлау, боданға айналдыру процесі басталды. Бұл процесс ескі жараның - рушылдық жараның аузын қайта ашты. Осы орайда орыс патшасы ІІ-Екатерина езінің отарлаушыларына берген бір нұсқауында: «1. Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларымен араз етіп, бірімен-бірі қас етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз. 2. Султандардың бірімен-бірін араз қылып, бірімен- бірін иттей таластырып, бірін-бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз», - деп, қазақтардың отарлаудың ежелгі әдісі - «бөлшекте де билей бер» деген саясатын іске асыра бастады. Абай орыс халқын, Пушкинді, Лермонтовты, Толстойды т. б. орыс халқының озық ойлы қайраткерлерін өте жақсы көрді. Алайда, Ресейде Пушкин бар еді, сонымен бірге пушка да бар еді... Абай Пушкиннің кім екенін бар ынта-жігерімен түсінгенімен, пушкаға, патша империясының қазақты орыстандыру саясатына ашық қарсы шықпаса да іштей наразы болды. Абай өмір сүрген кезеңде ұлттық санада қайшылықтар шиеленісе түсті. Соның ең негізгілері рулық сана менулт бірлігіне ұмтылу, жалқаулық пен еңбекқорлық арасындағы қайшылық, арызқойлық пен шын мәнінде әділеттілікке ұмтылу арасындағы т. б. қайшылықтар.
Абайдың рушылдық санамен күресі. Абай заманында қазақ қоғамының дамуына, өсіп-өнуіне, прогреске ұмтылуына зиянды әсерін тигізген кесепат құбылыс - рушылдық сана, алтыбақан алауыздық, береке бірліктің жоқтығы, руға, тайпаға, жүзге бөлінушілік болды. Сананың жекеден жалпыға қарай даму сатыларын:
1) Аталық сана,
2) Рулық сана,
3) Ұлттық сана,
4) Әлемдік сана деп шартты түрде бөлуге болады.
Абай өмір сүрген заманда осының бәрі де болды. Шоқан, Ыбырай, Абай алдыңғы қатарлы елдердің кемеңгерлеріндей әлемдік сананың деңгейіне көтерілгенмен, қалың бұқара халық рулық сананың шеңберінен шыға алмады. Бұның 2 түрлі себебі болды. 1. Молшылықта өмір кешкен көшпелі тіршілік. Ру-ру болып малымен бірге көшіп жүрген үлкенді-кішілі рудың, тіпті тайпаның өз көктеуі, жайлауы, күзеуі, қыстауы болды. Ру - бір жағынан әр адамның қазіргі тілмен айтқанда азаматтық паспорты болса, екінші жағынан ру - әр адамның қиын-қыстау кезеңде т. б. кезеңдерде табан тірер тірегі болды. Осыдан келіп жеке адамдар, әсіресе, ру басшылары елдік, бүкілхалықтық мақсат мүдделерден гөрі рулық, тайпалық мақсаттар мен мүдделерді алға шығарды, жер үшін, жесір үшін өзара жауласу, барымталасу күшейе түсті. Міне, сондықтан да Абай рушылдық сананы өзінің «Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тіл, Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер өзің біл», - деп, өзінің ұстарадай өткір тілімен аямай сынады. Өзі туып өскен қоғамның қандас жалғасы бола тұра, өз ортасынан рухының биіктігімен озып шығып
«Менсінбеуші ем наданды,
Ақылсыз деп қорытуын,
Түзетпек едім заманды,
Өзімді өзім тым-ақ зор тұтып» деп ашына жазған.
Абай кемеңгерлігінің өзіне дейінгі, өз кезіндегі, өзінен кейінгі зиялылардан ерекшелігі сол - Абай халық санасын өзгертуді өз аулынан, өзінің туып өскен ортасы, тайпасы, руы - Тобықтыны сынаудан бастайды. «Ел бұзығы тобықты, Көп пысыққа молықты, Малдының малын көре алмай, Борышын түгел бере алмай, Көрінгенге обықты» деп, сол кездегі тобықты ішіндегі пысықтарды түйреп өтсе, «Арғын, найман жиылса, Таңырқаған сөзіме, Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне» деп, өз аулында, өз руында өзін түсінбейтін, тек болыс болуды арман ететін, күштілері сөз айтса, шыбындап бас изейтін, жағымпаз, санасыз, ел қамын ойламайтын тоғышарлардан жиренеді.
Рушылдық сананың есуінің негізгі себебі - Ресей империясының қазақ даласын толық отарлауға бағытталған 1822-68 ж. шыққан аға султандар мен болыстарды сайлау, уездік соттарды тағайындау жөніндегі ережелер мен заңдар болды. Осындай заңдар мен ережелердің ішіндегі ең зияндысы, халықтың санасын аздырушы - болыс сайлау мен сот сайлауы. Болыс сайлауы - рушылдықты жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай өсіріп, отқа құйған майдай маздатса, сот сайлауы - қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген «арызқойлық»деген жаңа індетті тудырды. Сайлау заңдарына наразы Абай «Орыс айтты өзіңе ерік берем деп, Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп. Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ, Ұлық жүр бұл ісіңді жек көрем деп». Әр ру болыстыққа өз адамын сайлағанды қалайды... Үш жылға болыс сайланады, үшінші жылы сайлау жақындап қалып, тағы да болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Осыдан келіп ел іші жік-жікке, ру-руға бөлініп, өзара топтасып партия құрысады, ұйымдасады. Шығу тегі жақын екі ру, екі тайпа бір-бірімен бірде жауласып, бірде жарасып, бірде жақындасып, бірде қас, бірде дос болып күн кешеді. Патша өкіметіне керегі де осы. «Болды да партия, Ел іші жарылды, Әуре мінмен тия, Дауың мен шарыңды» деп налыған кездері аз болмаған. Рушылдыққа, жікке бөлінушілікке Абай ұлттық береке-бірлік идеясын қарсы қояды. Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды-тірлік»дейді, бірақ, «бірлік»дегеннің не екенін қате түсінеді. Олардың ойынша «бірлік» - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. «Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян?». Бұл бірлік емес, біреуге біреу тегіннен-тегін міндетсігендік, жатыпішерлік. Шын мәніндегі бірлік - ақылға бірлік, ел қамын, ұлт қамын ойлаудағы санадағы бірлік, халықтың келешегі үшін күрестегі бірлік екенін кесіп айтады. Тек бірлік болса ғана қазақ ел бола алады, бостандыққа, тәуелсіздікке жете алады, оның керісінше, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»деген мақалмен түйіндейді. Абай нысанаға алған моральдық кемістіктің ең бір көбірек еріс алғаны - жалқаулық пен еңбекқорлық арасындағы қайшылық. Қазақтың... жалқау болатындығының себебі не? - деп сұрақ қояды да, өзі жауап береді: «Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді, әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады», - дейді. Жалқаулыққа, еріншектікке Абай еңбек қорлық идеясын қарсы қояды, өз ұлтының келешегін барлық халық болып жұмылып істеген баянды еңбектен күтеді. «Әуелі енер ізделік қолдан келсе, ең болмаса еңбекпен мал табалық», «Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің будан езге бәрі жалған». Әркім өз еңбегімен күн көріп, еңбегінің жемісін жеп, оны мақтан етуі керек. «Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық» деп ой түйеді. Сол кездегі аса шиеленісіп тұрған мәселенің бірі - ұлттық сананың әділеттілікке ұмтылуы мен арызқойлықтың көбеюі арасындағы қайшылық болды. Халық санасына тереңдеп сіңе бастаған арызқойлық кесапаттың ел арасын бұлдіруден басқа берері жоқ екенін жанымен түсінген ақын:
«Қазақтың қайсысының бар санасы?
Қылт етерде дап-дайын бір жаласы.
Пысықтықтың белгісі - арыз беру,
Жоқ тұрса бес бересі, апты аласы» -
немесе:
«Барып келсе, Ертістің суын татып,
Беріп келсе, бір арыз бұтып-шатып», -
деп, арызқой жылпостарды аямай сынға алады. «Елді алып, Еділді алып өсіреді, ісіп-кебіп, қабарып келе жатып». Осы бір арызқойлық кесапатты Абай өзінің Қырық екінші сөзінде «Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абырой да мақтан емес. Арыз бере білу - мақтан... Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, қаракеті де - осы» деп жазады. Ресейге бағынғанға дейін қазақта арыз жазушы да, арызды қабылдап алушы да болмаған. Ол кездегі ел ішіндегі дау-шарлар қазақтың өзіне тән ағайыншылық, адамгершілік жолымен шешіліп отырған. Бұл жөнінде Абай Отыз тоғызыншы сөзінде біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Ол ел басы, топ басылары қалай десе, халық соған көніп, ағайындарының жақсылығын асырып, жамандығын жасырып, бәрінде бауырындай көріп, қамын жеген. Екіншісі - намысқор келеді екен. Аты аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен... «Ағайынның азары болса да, безері болмайды» деп, бір-бірімен келіседі, бірлеседі, берекелеседі екен», - дейді. Мұндай жағдайдың пайда болуының негізгі себебі - патшалық Ресейдің қазақ даласын қалай басқару туралы 1822, 1824, 1838, 1854, 1855, 1867- 68 жылдары шыққан заңдары мен ережелері және соларды іске асырудың зұлымдық тәсілдері еді. Бұл заңдар қыр қазақтарының санасында орыс мемлекетінде әділеттілік бар, заңдылық бар деген жалған үміт, жалған сенім тудырды. Үстірт қарағанда бұл заңдар сыпайы ғана «ереже», («положение») деп аталды. Шын мәнісінде қыр қазағын Ресей империясының «әділ» заңына сендірудің зымиян әрекеті еді. Барлық ақиқат, әділеттілік, шындық ақ патшаның заңдарында деген жалған пікірге сенген аңқау, ақ көңіл қазақ құрсаулы қақпанға қалай түскенін байқамай да қалды. Міне, осыдан келіп арызқойлар, жалақорлар көбейді. Сол қақпанға түскен, жалған ойға иланған, бала мінезді қыр қазағы бірінің үстінен бірі арызданып, әділеттілікті уезд бастықтарынан, ояздан, ген.-губернаторлардан іздеп, Омбыға, Орынборға, Ташкентке шын-өтірігі аралас арыз жаудыратын болды. Абайдың сөзімен айтқанда: «Құтырды көпті қойып азғанасы, Арызшы орыс - олардың олжаласы. Бірде оны жарылқап, бірде мұны, Қуды унатты-ау, Семейдің бұл қаласы». Әділеттілікті іздестіруден туған бұл пиғыл бара- бара әдетке айнала бастады. «Арызшылар көбейді, болыстыңк... шөмейді, қайтсын байғұс демейді», - деп, уытты сөзімен түйреп өтеді. Ертеден келе жатқан «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы Майқы би», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген әдеттегі сананың қағидалары ұмытылып, орыс империясының заңдарын, ережелерін жергілікті пысықтар, белсенділермен бірге орыстың әкімдері (ояздар, майырлар, жандаралдар) өздерінің бас пайдасына икемдеді. Осы жағдайды жақсы түсінген Абай: «Орыс айтты өзіңе ерік берем деп, кімді сүйсең соны бек көрем деп, бұзылмаса бұған жұрт түзелген жоқ, ұлықтар жүр бұл ісіңді кек керем деп», - деп, орыстың заңдарымен таза ауамен дем алып, тұнық сумен шөл қандырып өскен дала халқының санасының уланып бара жатқанына қынжылады. Бұрын хаттан басқа ешкімге ештеме жазып көрмеген қазақтың арызқойлыққа үйрене бастағанына, «қазақтың қайсысының бар санасы», - деп ызаланады. Рушылдық, жалқаулық, арызқойлық, өтірік-өсек, мақтаншақтық, бақастық, надандық, залымдықты т. б. адамгершілікке, халықтың санасына жат, жағымсыз қылықтарды талдай келіп: «Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, сұрамсақтар нәсібін тыя алмай жүр. Сәлем борыш, сөз қулық болғаннан соң, Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?» деп, «ашуланса ызалана алмай, күлсе қуана алмай» қасіреттенуі, қиналуы өз халқының тағдырына, салт-санасына әлем биігінен, өте жоғары моральдық сана тұрғысынан қарағандықтан туған күйзеліс. Абай өз елінің санасындағы қайшылықтарды ашып көрсету, кемістіктерін сынаумен бірге, оның жақсы жақтарын да сезе, түсіне білген. Халқының бала мінезділігіне, ақ көңілділігіне, қонақжайлылығына, ел, жер қорғаудағы ерлігіне қуанған, сүйсінген. Бұрынғылардың адалдығына, ақкөңілдігіне, аңқаулығына күлме, олардан үйрен деген ойды айта келіп: «Бала мінез ойыншы бұрынғылар. Аңқау екен, мазақтап соны сынар. Артқа қарап, ақпейіл шалға күліп, Абұйырсыз, атақсыз көрге құлар», - дейді. Абай қазақтың қиындық кезде (кісі өлімі, апатқа ұшырау т. б.) біріне-бірі тірек, тиянақ, көмекші болып, бауырласып, бірлесіп қайғыны азайтып, ауыртпалықты көтеріп кететін мінезіне, әдетіне, ағайыншылдығына іштей қатты ризашылық білдіріп: «Дүниелік көңіл тоқ, Ағайынға бауырмап. Тәкаппар жалға нанда жоқ, Айнымас жүрек, күлкің - бал», - деп қуанса, «Аты аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салады екен» деп халқының қазақ даласындағы кең мінезіне мейірленеді. Гуманист ақын халықтың мейірбандық, қайырымдылық ниетін, іс-әрекетін де жоғары бағалайды. Әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне нендей жақсылық, игілік ойласа, өзгеге де сондай жақсылық ойлау - адамгершіліктің ісі, - дейді. Қазақ халқының қанына сіңген көрінісі - қонақжайлылық. Алыс болсын иә жақын болсын, танысын, танымасын.бай болсын иә кедей болсын басқа жақтан үйге келген адамды, мейманды барымен қарсы алу, жақсы асын беру, жайлы төсекке жатқызу - қазақ халқының ежелден қанына сіңген салт-дәстүрлерінің бірі. Қазақтың осындай мейірбандығын, қонақжайлылығын 19 ғ-да қазақ даласына әртүрлі себептермен келген орыс, поляк халқының ойлы адамдары ізгі ниетпен, ілтипатпен ерекше атап өткен. Орыстың әйгілі тіл маманы В. И. Даль: «Қазақ жеріне өттің екен, әмияныңды қалтаңа салып қой. Жылтыратып тиын санап отырғаның бұл елдің әдет-ғұрпына ерсі», - дейді.
«Жер шарының белдеуін жағалай қазақтарды жайғастырса, жер жүзін бір тиынсыз айналып шығуға болады», - дейді қазақ жеріне жер аударылып келген поляк революционері А. Янушкевич. Қазақтың ақ көңілділігін, қонақ жайлылығын, соғыс өнеріне бейімділігін көзімен көрген, 20 ғ-дың басында Түркістанда болған пиғылы таза орыс генералы А. Суздальцев: «Қазақтар - сунит мұсылмандары. Әйелдері біршама еркін жүреді. Беттері ашық, ежет, өткір. Тілдері түрік, мінез-құлқы жағынан ең ұнамды халық. Кек сақтамайды, көп сөйлемейді, қонақжай. Сарттар сияқты жалтақтап, жарамсақтану оларға жат - ақкөңіл, сенгіш. Соғыс өнеріне аса бейім. Әрі ержүрек, жылқыны жақсы кереді және ең мықты шабандоздар», - деген («Қазақ әдебиеті», 6. 7. 1993). ы шығармаларында жиі кездесетін «қазақ» - «қазағым», «ел»-«елім», «жұрт»-«жұртым», «халық» -«халқым» деген ұғымдарды Абай әр түрлі контекстке, сез пайдалануға орай «ұлт», «ұлтым» деген мағынада қолданады. Мысалы, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»деген туындысын да бүтін қазақ ұлтын «бірлікке, берекеге, шын пейіл» бірлестікке шақырады. Жиырма бесінші сөзінде қазақтың қамын ойлаған Абай «қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек», - дейді. Әкесі Құнанбай туралы «Мұқым қазақ баласы. Тегіс ақыл сұрапты, Тобықтыны ел қылып, Басын жиып қурапты» дей келіп Абай бүтін қазақтың басын қосып, жаманын жасырып, жақсысын асырып, халқын алдыңғы қатардағы елдердің қатарына қосуды арман етеді. Қазақ халқын дүн.жүз. өркениетті елдер қатарына қосу үшін не керек? - деген сауалға жауап ретінде Жиырма төртінші сөзінде «Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллионнан аса қазақ бар». Қырық бірінші сөзінде «қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: әуелі - зор өкімет керек. Ол өкімет халықты білімге, ғылымға, өнерге, еңбекке жұмылдыруы қажет. Екінші - өкімет басындағы адам аса бай болу керек, ол өз байлығын, ел байлығын жас ұрпақты әділ де адал жолға салуға, мәнді іс атқаруға жүмсауы керек», - деп, келешекке бағыт сілтейді.
Ұлттық сананың ең негізгі белгісі - әр ұлттың өзін-өзі танып білуі, өзін өзге ұлттардан айыра білуі, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді іске асыру үшін күресу, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді бүкіл адамзаттың мақсаттары мен мүдделеріне ұштастыра білу. Өз ұлтының жетімсіздер, мешеулеу жағымен күресе отырып, ілгері дамыған ұлттардың жақсы, жағымды жақтарынан үйрену, дүн.жүз. гуманистік санаға жету. Қазақ ұлтының келешегін ойлаған Абай өзінің өмірлік мақсатын халықтың болашағымен байланыстырып, ұштастырып: «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ. Наданның көзін қойып, көңін ашпақ. Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ», -дейді. Халқының қамын ойлаған Абай: «Мазлымға жан ашып, ішің күйсін, қарекет қыл, пайдасы көпке тисін. Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін», - дейді. тұра, сананы байлық сана, кедейлік санаға бөлмейді, өйткені, бай мен кедейдің саналысы да, санасызы да, адамгершілігі бары да, жоғы да бар екенін жақсы біледі. Байды да, кедейді де еңбек етуге шақырады. Таптық көзқарасты дәріптемей «Қайран елі қазағының» қамын ойлайды. Абайдың дүниеге көзқарасындағы ұстаған негізгі принципі - «Адам бол». Ойшыл ақынның аңғаруынша көптеген адамдарда «адам» деген ат бар, бірақ, «Адам» деген зат жоқ. Сондықтан да Абай «Адам бол - бай тап, Адам бол мал тап, Қуансаң қуан сол кезде», «Бес нәрседен (өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, текке мал шашпақтық) қашық бол, Бес нәрсеге (талап, еңбек, ойшылдық, қанағат, рахым) асық бол, Адам болам десеңіз» деп, өз елін, келешек ұрпағын жалпы гуманистік рухқа, бірлікке шақырып, «Біріңді, қазақ, біріңді дос, көрмесең, істің бәрі бос», - дейді.[1]
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigationJump to search
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1937 – 91) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасындағы (Қазақ КСР-і) мемлекеттік биліктің бір палаталы ең жоғары органы.
Қазақстан КСРО құрамындағы одақтас республика болып құрылғанға дейінгі алғашқы кезеңде (1920 ж. қазан – 1936 ж. желтоқсан) республикада мемлекеттік биліктің заң шығарушы, өкім жүргізуші және бақылаушы органы міндетін Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының (Қазақ АКСР-і) Орталық Атқару Комитеті (ОАК) (1925 ж. cәуір айына дейін Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-і) атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес республиканың қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болды, әрі оған республика аумағында жоғары заң шығарушы орган ретінде заң шығарудың бүкіл өкілдік билігі жүктелді. Оның құзырына Қазақ КСР Конституциясын, шаруашылық құрылыстағы, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірдегі алуан түрлі мәселелер бойынша заң қабылдау және өзгерту, сондай-ақ құқықтық-нормативтік сипаты бар заңи құжаттарды, үкімет құрамына және Конституцияға өзгерістер енгізетін барлық жарлықтарды ресми түрде бекіту өкілеттігі берілді. Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-нің экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттік жоспарларын, мемлекеттік бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітті.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, оның бірінші орынбасары, орынбасарлары, министрлер және Қазақ КСР мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрамында Қазақ КСР Үкіметін құрды. Кезектен тыс сессиялар Жоғарғы Кеңес Төралқасының бастамасымен немесе депутаттардың кем дегенде үштен бір бөлігінің ұсынысымен шақырылды. Жоғарғы Кеңес сессиясы оның мәжілістері, ал олардың аралығында Жоғарғы Кеңес тұрақты комиссиялары мен өзге де комиссияларының мәжілістері түрінде өткізіліп тұрды. Әрбір жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңес өзінің бірінші сессиясында тұрақты жұмыс істейтін, өзінің бүкіл қызметінде Жоғарғы Кеңеске есеп беріп тұратын және оның сессиялары аралығындағы кезеңде Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік құзырын жүзеге асыратын органы – Жоғарғы Кеңес тің Төралқасын сайлап отырды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік билік түрлерінің бірі саналатын сот жұмысы саласында да толық билікке ие болды. Ол сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін, сот органдары жүйесін, оларды сайлау тәртібін, өкілеттігін, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілігін белгіледі, сот ісін жүргізу қызметіне бақылау жасады.
Жоғарғы Кеңес Төралқасының Төрағасын, орынбасарын, хатшысын, мүшелерін және үкімет мүшелерін, Жоғарғы сот мүшелері мен халық заседательдерін өз міндеттерін орындаудан мерзімінен бұрын босатуға өкілетті болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-сайлауы 1938 жылы 24 маусымда, ең соңғы 12-сайлауы 1990 жылы өткізілді.
Қазақ КСР-інің осы соңғы сайланған Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін баянды еткен аса маңызды тарихи заңнамалық құжаттар қабылдады. Атап айтқанда:
1990 жылы сәуірде “Қазақ КСР Президенті қызметін белгілеу туралы” Заңын қабылдап, Қазақстанда Президенттік басқаруды енгізді, бұл мәртебелі қызметке Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды;
1990 жылы 25 қазанда “Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы” Декларацияны,
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауын Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп қайта атау туралы Заңды,
1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын қабылдады;
1992 жылдың 4 маусымда егеменді тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздерін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі мен Мемлекеттік Туын, желтоқсанда Мемлекеттік Әнұранын бекітті;
1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын (Негізгі заңын) қабылдады.
Бұл Конституция өтпелі кезеңдегі жағдайды сипаттайтын құжат қызметін атқарып, елде жүргізіліп жатқан реформалар мен әлеуметтік-экономикалық, саяси міндеттерді шешуге бағытталды және екі жыл бойы Негізгі заң ретіндегі тарихи қызметін орындап шықты. Алайда, КСРО ыдырап, тәуелсіз мемлекеттілікті жүзеге асыра бастаған кезде қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайда Қазақстандағы бұрынғы халық депутаттарының кеңестері түріндегі өкілетті органдар жүйесі республиканы дағдарыстан алып шығуға дәрменсіз болды. Ескі өкілетті билік жүйесімен және олардың заң шығарушылық әдістерімен нарықтық экономикаға бет алған жаңа қоғам орнату мүмкін емес еді.
Кеңестік дәуірде сайланған соңғы Жоғарғы Кеңес елде қалыптасқан осындай жағдайда өз отырыстарын өткізуге қажетті депутаттар санын жинай алмайтыны айқын болғандықтан өзін-өзі таратуға мәжбүр болды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі[өңдеу]
1993 жылы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің Төрағасы оның таратылғанын ресми түрде жария етті. Республиканың жаңа Жоғарғы Кеңесі сайланғанға дейін биліктің барлық тұтқасы Президенттің қолына уақытша көшті.
Президент 1993 ж. 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа кодекс туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа кодекс бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 117 депутаттан тұрды. Оның 42-сі Президент ұсынған тізім бойынша сайланады. Қоғамдық бірлестіктердің депутаттыққа өз кандитаттарын ұсынуына мүмкіндік беретін баптар енгізілді, сондай-ақ азаматтың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік туды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесін және жергілікті заң шығарушы органдар – мәслихаттарды жаңа кодекс бойынша сайлау 1994 ж. 7 наурызда өтті. Республикада алғаш рет көп партиялылық негізде заңдар қабылдауға қабілетті Жоғарғы Кеңес сайланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995 жылдың 30 тамызында өткен республикалық референдумда елдің жаңа Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституция бойынша 1996 жылы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жоғары заң шығарушылық өкілеттігін жүзеге асыратын қос палаталы (Сенат пен Мәжіліс) жоғары өкілетті билік органы – Қазақстан Республикасының Парламенті жұмыс істей бастады.
1990 жылдың 24 сәуір күні Қазақстанда алғаш рет республика Президенті деген лауазым енгізілді 1990 жылдың сәуір айында "Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау туралы баяндамамен депутат, танымал заңгер, профессор Сұлтан Сартаев сөз сөйледі. Өзінің баяндамасында республикадағы президенттік билік туралы мәселе – бұл орталыққа көзсіз еліктеу, жалпы федерация деңгейінде белгіленген мемлекеттік билік құрылымын белден басу емес, жалпы кеңестік федерация жағдайында мемлекеттілікті демократиялау шеңберінде атқарушы билікті күшейту процесін саяси жолмен жалғастыру деп атап өтті. Президенттік институтты талқылау пікірталас жолымен жүргізілді. Бір депутаттар президенттік институт республиканы кеңестік орталықтан алыстатады, Қазақстанның толық дербестігі үшін құқықтық негіз құрайды, авторитаризмді тудырады деп есептеді. Ал басқалары, керісінше, әртүрлі саяси және құқықтық дәлелдер келтіре отырып, республикада Президент лауазымын енгізу қажеттілігін толықтай құптады. Кейбір депутаттар сол кездің өзінде президентті жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайлау керектігі туралы пікірлер білдіргені есте қаларлық нәрсе, өйткені «шынайы халық президенті – бүкіл халықтың қалаулысы». Көпшілк дауыспен (18 дауысқа қарсы 317 дауыс) ҚазақКСР Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президенттің орынбасары (вице-президент) С.А. Терещенко болды. Президент қызметін қамтамасыз ету үшін Президент Кеңсесі (Аппараты) және Президент кеңесі құрылды. Президент аппаратының басшысы болып танымал администраторлардың бірі Нұртай Абықаев тағайындалды. Президент кеңесіне – Мемлекет басшысы жанындағы саяси-кеңесші органға – Жоғары Кеңес Төрағасы Ерік Асанбаев, премьер-министр Ұзақбай Қараманов және бірқатар депутаттар енді. Президент лауазымын тағайындау халықтың экономикалық және саяси реформаларын жедел іске асыруға, әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға деген халық үмітін білдірді. КСРО және Қазақстандағы саяси құбылыстардың барысы Президент Н.Ә. Назарбаевтың беделі мен танымалдығының артуына ықпал етті. Қазақстанның егемендігі мен экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған Мемлекет басшысының қызметі, кеңестік басшылықтың кемшіліктері мен олқылықтарына айтылған өткір сын Қазақстан азаматтары арасында ғана емес, Кеңестік Одақ республикасы азаматтары арасында да қолдау мен құптауға ие болды. Н.Ә. Назарбаевтың КСРО-дағы танымалдығының артқаны соншалық, 1990 жылдың желтоқсан айында Федерация Кеңесінде оны КСРО вице-президенті етіп сайлау туралы мәселе қойылды. Қазақстанда президенттік институтты енгізу Ресейден бір жыл бұрын орын алғанын айта кету керек. Осылайша, Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңында басқару формасы басқарудың бірнеше формаларын: президенттік, вице-президенттік, премьер-министрлік институттардың болуын жорамалдайтын президенттік, жартылай президенттік және парламенттік белгілерді біріктірді. 1991 жылы президенттік институт дамуы Жоғары Кеңес сайлауынан жалпыхалықтық сайлауға қарай маңызды қадам жасайды. Қазақстан үшін тарихи маңызды күндері, 1991 жылдың 1 желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өткізілді, оның қорытындысымен Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Н.Ә. Назарбаев сайлауға қатысқан сайлаушылар ішінен 98,78% дауыс жинады. Бір мезгілде вице-президент сайлауы өтті: оған Е.М. Асанбаев сайланды. 1991 жылдың 2 желтоқсан күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Президент мандатына ие болады. Қазақстанның вице-президенті болып Н.Ә. Назарбаевпен бірге сайлауға түскен Е.М. Асанбаев тағайындалады. 10 желтоқсан күні Алматы қаласында Республика Сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн" деген антын берді. 10 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы Заң қабылдады.
іл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
Қазақ тілінің индустриясы дамыған республикада жетекші тіл бола алмауына кедергі жасаған объективті және субъективті факторлар болды. Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қынжыла жазғандай: «қазақтар ірі кәсіпорындарына бармағандықтан тіліміз өндіріс тілі бола алмады» /3/. Сондықтан, Қазақстанның өнеркәсіп саласында орыс тілділердің үстемдігі орнықты. Ұлы Отан соғысы жылдарында да қазақ тілі мен басқа аз ұлттар тілдерінің қолданылу аясы тарылып, орыс тілінің ықпалы күшейе түсті. Бұлай болуы елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси, этнодемографиялық жағдайларға байланысты заңды құбылыс еді (әкімшіл-әміршіл билік жүйесі соғыс өрті шарпыған өңірлердегі көптеген ірі кәсіпорындарды жері байтақ, елі жомарт Қазақстанға көшірді). Тың игеру саясаты Қазақстандағы жергілікті ұлт – қазақтарды өз туған жерінде аз ұлтқа айналдырып, қазақ тілінің өрісін тарылтты. Ал, тоқырау жылдарында біздің ғалымдарымыз қазақ тілінің тек ішкі құрылысын ғана зерттеді де, оның қоғамдық мәні, өмірдегі орны, ана тілінің тілдік қызметінің толық мәнді принциптері туралы сөз қозғамады. Жалпы, Кеңестік дәуірдегі зерттеулер, яғни 1989 жылы Қазақ ССР Тіл туралы Заңы қабылданған кезге дейінгі жарық көрген еңбектер ресми идеологияның шеңберінен шыға алмай, біржақты ғана жазылды. Бұл еңбектерде ұзақ жылдар бойы интернационалдық біртектілікті, «ұлттарды біріктіруді», яғни КСРО халықтары мен тілдерін жақындастыруды насихаттау мақсатты түрде көрініс берді. Мұның өзі кеңестік жүйе белгілегендей, Қазақстандағы ұлт тілдерінің дамуы негізінен алғанда, сол кезеңдегі партиялық мемлекеттік саясат ыңғайына сәйкес зерттелгендігін байқатады. Осылайша, 1980-жылдардың бас кезінде қазақ тілі өз республикамызда белгілі бір дәрежеде беделін жоғалтып алды деуге болады. Міне, осындай объективті себептерге байланысты қазақ тілінің беделінің төмендеуі, қолданыс аясының тарылуы оны республика бойынша мемлекеттік тіл деп тануға итермеледі. Елдi демократияландыру үдерiсi кең өрiс жайды. Ұлт аймақтарындағы халықтардың тiлiне, дiнiне, мәдени дамуына еркiндiк лебi жеттi. 1987 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң қазақ және орыс тiлдерi туралы қаулылары шықты. Осыдан бастап тiл мәселелерi Қазақстанның iшкi саяси айтыстарында жиi сөз бола бастады. Көп жылдан берi қордаланып қалған тiлдiң өзектi мәселелерi баспасөзде үнемi көтерiлетiн болды. Мұның нәтижесi тiлдер туралы арнайы заңның қабылдануына түрткi болды. “Қазақ КСР-iндегi тiлдер туралы Қазақ КСР-інiң заңын” республиканың Жоғарғы Кеңесi 1989 жылдың қыркүйегiнде қабылдады.Бұл құжатта Қазақ КСР-інің мемлекеттiк тiлi қазақ тiлi деп көрсетiлдi. Орыс тiлi республикадағы ұлтаралық қатынас тiлi болып жарияланды. Бұл заң қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтерiп, оны одан әрi дамыту iсiне кең жол ашты. Қазақ тiлiнiң қолданылу аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар шеңберi күрт кеңейдi. Iсқағаздарын қазақша дайындайтын және қазақ тiлiнде жұмыс жүргiзе алатын хатшы-машинкашылар даярлайтын кәсiптiк-техникалық училище ашылды. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейiнгi бiр жылдың iшiнде республика бойынша қазақ тiлiнде тәлiм беретiн 482 балабақша, қазақ тiлiнде бiлiм беретiн 155 мектеп, 4 кәсiптiк-техникалық училище, жоғары оқу орындарында факультеттер, бөлiмдер ашылып, қазақ тiлiн үйрететiн топтар құрылды.Тiлдер туралы заң орыс тiлiнiң өзектi мәселелерiн де көтеруге мұрындық болды. Орыс тiлiнде сөйлеу мәдениетiн арттыру, ондағы жаргондық сөздердiң көбеюiне тосқауыл қою әрекеттерi жасалды. Қазақ тiлiнiң қоғамдық өмiрдегi рөлiнiң күрт артуына байланысты тiл саясатының ұлтаралық қатынастарға әсерiнен туындайтын өзектi мәселелер жиi және салауатты талқылауға түсiп жүрдi. Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлттық топтардың — украиндердің, ұйғырлардың, немiстердiң, татарлардың, түрiктердiң де шоғырланған жерлерiнде ана тiлдерiнде сабақ оқытатын мектептер ашу қолға алынды. Көпұлтты Қазақстан да тiл саясатының салауатты жүр гi зiлуi қоғамның саяси ор нық ты лы ғын қам-тамасыз ететiн факторлардың бiрi едi. Қазіргі таңда мемлекет жүргізіп отырған тіл саясатының негізгі мақсаты – жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, тіл саясатын жүзеге асырудың жаңаша тетіктерін табудағы нақты іс-әрекеттерімізді белгілеп алудың тағы бір кезекті қадамын жасау болып табылады.
Тамыз бүлігі[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigationJump to search
Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. кәсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-тің №1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Аталған к-тке қолдау көрсетпейтін бұқаралық ақпарат кұралдары «Комсомольская правда», «Московский комсомолец», «Московские новости» секілді газеттер жабылып, қалғандарының үстінен қатаң бақылау қойылды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г.Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э.Шеварднадзе және т.б. қолдады. Украина мен Кырғызстан басшылары республикаларында Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-ттің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Балтық бойындағы республикалар Тамыз бүлігін «басқа, шет мемлекеттің мәселесі, біздің оған қатысымыз жоқ» деп мәлімдеді. Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары үнсіз қалды.
Әзірбайжан мен Тәжікстан республикаларының басшылары А.Муталибов пен K.Max - камовтар Тамыз бүлігіне қолдау білдірді. АҚШ Президенті Дж.Буш Тамыз бүлігін айыптады. Еуропа экономикалық қоғамдастығы Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитетке қарсы шығып, заңды екіметті қалпына келтіруін талап етті. Төңкерісшілерді жоғары шендегі әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде Тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, Тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. комитет мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.[1]
Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Достығының (ТМД) құрылуы.
еңестер Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңындағы ең елеулі оқиғалардың бірі. Ол жаңа тарих беттерінің бастамсына алып келген оқиға десек шатаспаймыз деп ойлаймын. Әр түннің артынан күн келеді демекші бұл одақтың ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Әрине, оның кері салдарлары болды. Орныққан экономикалық, саяси, мәдени қатынастарды қайта орнату жаңа тәжірибесіз мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы отарда болған, мәжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, әлемдік қауымдастыққа өздерін жаңа, тәуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік туды. Көпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бөлігін өз уысында ұстаған одақтың ыдырау себебіне тоқталар болсақ.
КСРО-ның ыдырауына алып келген басты себеп-биліктің күшті орталықтандырылуынан. Екіншіден, КСРО-ның орталық билігі бұқаралық көпшіліктің сана-сезімінің әсіресе, ұлттың қайта өрлеп дамуы мен өсуінің заңдылығын мойындамағандығынан. Үшіншіден, өзінің дұрыс екендігіне сенген басқарушы элита әлеуметтік төмен адамдардың мәселелрін тыңдаудан және түсінуден қалды. Орталықпен одақ республикаларының мүдделері көп нәрселерде сәйкес келе бермейтін болды. Бұлардың бәрі әлеуметтік наразылықтар тудырып, қоғамның деформациясына алып келді. Қайта құру кезіндегі «реформаторлар» қоғамды жаңаша басқаруға қабілетсіз болып шықты. Қоғам саяси және мемлекеттік жетекшілерден түбегейлі өзгерістер күтті. Бірақ ол бітпейтін саяси талқыламаларға түсіп, нәтижесіз қалып жатты. КСРО ыдырауының тағы бір себебі ол оның құрылымдық бөлімдерінің иерархиялығында. Бөлек этникалық қауымдастаықтар әр түрлі бағыныштылы, тәуелділік сатысына қойылды.
Қоғамның көп бөлігінде осы тәртіпке деген наразылығы күшейе түсті. Дәл осы үрдіс КСРО өмірінің соңғы 5 жылының әлеуметтік саяси динамикасын анықтайды. 1986-1987 жылдардағы жариялылық жетекші элитаның артықшылығы мен өмір жағдайын ашқан кезде жай қарапайым адамдардың оларға қарсы ашу-ыза сезімі күшейді. Бұлардың барлығы ұйымдастырылған және жүйелі қоғамдық қарсылық қозғалыстарына алып келді. Ортаға шыққан ұлттық мәселелер орыс «отаршылдары» мен «жергілікті» ұлт өкілдерінің арасындағы немесе көршілес ұлттардың арасындағы қақтығысқа алып келді.
1990 жылдың 24 шілдесінде ақпарат құралдарына жаңа одақтың келісімінің алғашқы жобасы ұсынылды. Рыноктық экономикаға көшумен тығыз байланысы бар, жаңа федеративті келісім республикалардың құқын кеңейту керек болды. Тура бір жылдан кейін 1991 жылы 24 шілдеде Горбачев салтанатты түрде «Одақты» келісім бойынша жұмыс аяқталдың және «қосыламын деушілерге» есігіміз ашық деп жариялады. Армения, Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Эстония бұл келісімге қосылмайтындықтарын білдірді. Орталық Азиялық мұсылман елдері орталыққа өз ойларын білдірмей, екі жақтық келісімдерге отырды.
1991 жылы 19 тамызда ТАСС, КСРО-дағы төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитеттің құрылғаны туралы жариялады (ГКЧП). Оның құрамына КСРО-ның вице-президенті Г.Н.Янаев, премьер-министр В.С.Павлов, президенттің жанындағы қорғаныс кеңесінің жетекші орынбасары О.Д.Бакланов, ішкі істер министрі Б.К.Пуго, қорғаныс министрі Д.Т.Язов, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жетекшісі В.А.Крючков және т.б. Бұл жаңа келісімге қол қоюға кедергі жасауға бағытталған саяси дағдарыс. ГКЧП оппозициялық партия мен қозғалыстар және бірнеше газеттердің қызметтеріне тиым салу туралы шешім қабылдады. ГКЧП-ның құрылуына жауап ретінде Москва, Ленинград және т.б. қалаларда көптеген демонстрациялар мен митингтер болды. Осы ГКЧП-нің қызметіне қарсылардың басында РСФСР-дің президенті Б.Н.Ельцин және басқа Ресей Федерациясының жетекшілері тұрды. Ельциннің жарлығымен ГКЧП-нің құрылуы мемлекеттік төңкеріс шарасы ретінде қарастырылып, атқарушы биліктің одақтық органдары РСФСР президентіне қайта бағындырылды. 22 тамызда ГКЧП жойылды. Оның мүшелері және басқа да қызметкерлері сотталды. 23 тамызда Ельциннің жарлығымен РСФСР территориясында Компартияның қызметі тоқтатылды. 24 тамызда Горбачев өзінің ЦК КПСС бас хатшылығынан кететіні туралы жариялады және ЦК мүшелеріне өз өзін таратуға шақырды. Одақтас билік органдарының қызметі тоқтатылды. Москвадағы орталық билік Ресей жетекшілігіне өтті. Латвия, Литва, Эстония КСРО-дан шығу туралы жариялады, олардың тәуелсіздігі КСРО-ның ресми жетекшісі тарапынан 1991 жылы 5 қыркүйекте танылды. Тамыз дағдарысы дезинтеграция үрдісін күшейтіп, КСРО-ның ары қарай ыдырауын тездетті. 1991 жылы 1 желтоқсанда Украинаның 80 пайызы өз республикаларының тәуелсіздігі үшін дауыс берді. Бір аптадан кейін Ресей, Украина, Белоруссия президенттері Минскіде жиналып, «Кеңес Одағы енді жоқ» деп жариялады. Олар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы» құрылғаны және «бұрынғы КСРО елдері үшін ашық» деп жариялады. 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ға 8 республика қосылды, осылайша олар КСРО-ның ыдырағанын айғақтай түсті.
Өзінің 13 жылдық өмірінде ТМД көптеген сынақтардан өтті. Ең бастысы көпшіліктің «өлі туылған бала» деген көріпкелділіктерге қарамастан ол өз өмірін жалғастыруда. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық тәуелсіздіктерін алғандықтары, бұрынғы одақ республикаларының бірігу идеясын жоққа шығармады. Тіпті өзара ынтымақтастықтың бұл түрі одан ары тереңдей түсіп, бірнеше біріккен саяси құжаттармен, белгілі бір істерде әсіресе экономикалық сферадағы қатынастармен толыға түсті.
ТМД өз өмірі кезінде бірнеше кезеңнен өтті:
1. Бірінші кезең - 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас Республикалар саяси тәуелсіздігін алады. Мемлекеттілігін, қаржы-экономикалық, кеден, шекара құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық кешені біртұтас экономикалық кеңістікте, бір валютамен өз жұмысын жалғастырып жатады.
2. Екінші кезең - 1993-1996жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси егемендігін нығайта түседі, өз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, өздерінің кеңес одағына кірмеген жақын көршілерімен шаруашылық байланыстарын орнатады. Ал Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге байланысты қатынастар ауырлай түседі. Көптеген келісілген заттар орындалмай қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық.
3. Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері дағдарысты мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ мақсат-мүдде қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-нің барлық атқарушы органдарын біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, еркін сауда, кеден, тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |