Мен Махамбет поэзиясымен танысқан сәттен бастап-ақ, ақын жырларының көбі өзінің досы, бауырындай боп кеткен адамы Исатай Тайманұлына арналғандығын, досына адал екендігін, пір тұтқандығын байқадым.
Сол сәттен бастап менің қызығушылығым артып, ақынның Исатай Тайманұлына арналған өлеңдерін жинақтап, ақын жырларындағы Исатайдың бейнесін, батырлық, ерлік істерін ашу мақсатында зерттеу жұмысын жаздым.
Махамбет Өтемісұлы кім?
Б
А
Т
Ы
Р
А
Қ
Ы
Н
К
Ү
Й
Ш
І
С
А
Р
Д
А
Р
Ж
Ы
Р
Ш
Ы
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында Бекетай деген жерде дүниеге келген. Махамбет он ағайынды болған. Оның ақындық, шешендік дарыны елге ерте танылды. Ол жас кезінен батыр, палуан, мерген, домбырашы, ақын атанды.
Жәңгір хан өз беделін көтеру үшін жанына талантты адамдарды жинайды. Махамбетті де баласы Зұлқарнайынның ақылшысы етпек болады. Махамбет орыс тілінде жақсы сөйлеген. Жәңгір хан өз баласын Орынборға оқуға жібергенде, қасына Махамбетті серік етеді. Ханның баласын сеніп тапсыруы да тегін емес. Сенімге лайық болуының бір себебі Махамбеттің өрлігі, қайсарлығы болса, екіншісі-хан сарайында он жылын, ал орыс жерінде бес жылын өткізген Махамбет көкірегі ояу, көзі ашық, бірнеше тіл, соның ішінде орыс тілін өте жақсы білгендігі.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарыны ерекше. Көтеріліс кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, оларды Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты құралы - өршіл жырлары болды.Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын жоғалтпады. Халықты көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салады. Ақын өлеңдерінің тәлімдік-тағылымдық негіздері тереңде жатыр.
Ерегіскен дұшпанға қызыл сырлы жебедей қадалған Махамбет-жақсыларға еп, жамандарға көп, лапылдап тұрған өрт. Еркіндік пен теңдікті аңсап, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, Махамбет ақын Ақ Жайыққа ат салмай өтер күнді, боз ордаға еңкеймей кірер күнді, күмбір-күмбір кісінетіп, күренді мінер күнді, Кетбұғадай билерден ақыл сұрар күнді, ата-ананың қолын ризалықпен алар күнді, шалғынға бие байлап, күліп-ойнап, қымыз ішер күнді аңсайды.
Көтеріліс үстінде туған Исатай бейнесі:
«Соғыс»
«Исатай деген ағам бар»
«Кел,кетелік, кетелік»
Исатайдың атынан шығарған өлеңдері:
Әй, Махамбет, жолдасым
Исатайды жоқтау, сағыну барысында дүниеге келген өлеңдері:
«Тарланым»
«Мұнар күн»
«Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай»
«Есіл ер»
«Мінкер ер»
«Қызғыш құс»
Махамбет жырлаған Исатай-әдеби батыр емес, тарихи адам, патша үкіметіне қарсы бұхара көтерілісінің ұйымдастырушысы, даңқты қолбасшы. Ол Махамбет жырларында «есіл ер», мінкер ер» сынды атаулармен орын алған. Махамбет ақын өзінің жан серігін «Қызғыш құсқа» теңеген. Ақын өз жырларында Исатай орны ерекше екенің, басқалардан шоқтығы бір бөлек екенің көрсетеді. Исатайдың өжет намысын, қажымас қайратың, асқар асудай ақылын, тапқырлығын ерекше жырлап өтеді. Қазіргі жас буын Махамбет өлеңдері арқылы Исатайдың анық портретін тани алады.
Ерлердің ерлік істерің сипаттау сонау халық ауыз әдебиетінің батырлар жырынан бастап келе жатқан дәстүр болса, Махамбет сол дәстүрді одан әрі күшейте түсті және өзінің досына деген сезімі мен сенімін бұрын-соңды болмаған дәрежеде жырлады.
“Тарланым” өленіңде Исатайдың сыртқы сұлу бейнесі суреттеледі. Бұған қоса, ақын «Хиуадай базарлым» деп, сері екенін, «Теңіздей терең ақылдым, тебіренбес ауыр мінездім!» деп, парасатты, ойлы, сабырлы жан екенін танытады да, метафоралардың кең қолануы арқылы Исатай батырдың бейнесін тастай қашалғандай мүсіндеп, міңездеп алады. Одан әрі бұл суреттеуді асссонанс пен аллитерация арқылы асқақтата, аспандата шырқап өтеді.
Махамбеттің жалынды жырларындағы Исатайдың образы-ол ХІХ ғасырдағы нағыз
Махамбеттің жалынды жырларындағы Исатайдың образы-ол ХІХ ғасырдағы нағыз батырдың образы. Жоғары да айтқанымыздай Исатай батыр тұлға болған. Исатайдың образын аша түсу үшін, ақын Исатайдың батырлығын, ұрыстағы іс-әрекеттерін, астындағы тұлпарын және қасына ерген көп әскерді «Соғыс» өлеңінде ерекше жырлайды.
«Жақсы ат-жанға серік» демекші, жоғары да байқап отырғаныздай, Исатайдың қасына сенімді серігі-«Ақтабан» деп аталатын, желденде жүйрік тұлпары болған. Махамбеттің қаламынан Исатайдың тұлпары да тыс қалған жоқ.
«Мінгені Исатайдың ақтабан-ай» өлеңінде ақын Исатайдың атының өте төзіміді екенін, қайратты екенін «Зеңбірек үш атқанда дарымады» деген өрнекті сөзбен әсерлете суреттейді.
Исатайдың ұлы Жақия да ақын үшін өте қымбат болған. Сондықтан ақын өз өлеңдерінде Жақияны да жырға қосқан.
Осынау бос жатқан иен даланы түйенің қомы, аттың жалында жүріп бізге қалдырған бабаларымыз ер жігітте бес қару болу керек деп санаған. Ату қаруына садақты, кесетінге – қылышты, шаншитынға – найзаны, шабатынға – айбалтаны, соғатынға – шоқпарды таңдап бес қару деп атаған. Міне, Махамбет жырларында Исатайдың қарулары да орын тапқан.
Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар, Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді. Және де өлеңдері тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндіктен Махамбет өлеңдерін ағылшын және орыс тілдеріне аудара отырып, сол пәндердің бағдарламасына енгізсе, біздің оқушыларымыз тарихпен қатар әдебиетті де үш тілде меңгерер еді.
Қорытар болсам, қара қазан,сары бала қамы үшін атой салып ақырған Махамбет пен Исатайдың бейнелері менің жүрегімнен мәңгі орын алады. Себебі,алты алаштың бағы үшін, аламанның арты үшін өз жандарын пида етті.
Қаройда бас кесілгенімен,тіл кесілген жоқ. Туырлық тұл емес,түбіне ту байланды.Махамбеттің ізінде қалған қара нарлардың көңілі жай.Себебі егемендік туы желбіреп тұр. Ұлт азаттығын ойлаған Махамбет пен Исатайдай ағаларымыз біздің жүрегімізде мәңгі от боп жанып тұрады.
Бүгінгі таңда елімізді қорғайтын, тәуелсіздігімізді мәңгі ететін жігіттер «қас бәйтерек,жез қарғылы құба арлан,ақсұңқар құстың сойы,құлжадай айбар мінезді» болса екен деймін.