Xv ѓасырда ќалыптасќан саяси-тарихи жаѓдайлар ќазаќ халќыныњ ђлттыќ мемлекет болып ќђрылуына елеулі ыќпал етті



бет1/5
Дата26.10.2022
өлшемі84,5 Kb.
#154913
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Нуралнов Д реф


І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті


РЕФЕРАТ


Орындаған: Нурланов Д.
Тексерген: Калелова Ж.У.


2022-2023 оқу жылы


ЖОСПАР:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

а) Керей мен Жәнібек


б) Керей мен Жәнібектің қазақ хандығын
құру жолындағы күресі
в) Ішкі жағдайы
г) Сыртқы саяси жағдайы
д) Есім хан тұсындағы қазақ хандығы
III. Қорытынды.


IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ


XV ғасырдағы тарихи жағдай. XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті.Қазақстан жерінде шаруашылықтың дамуы көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын аймақтарда айқын байқалды.Шаруашылықтың түрлі саласында өзара байланыстар нығая түсті,қолайлы жағдайлар қалыптасты.Тілі,материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады.Қазақ тайпаларына өз жерінде көз алартып,зорлық-зомбылық жасаушыларға ұзақ,әрі табанды қарсылық көрсетіп,тойтарыс беруге ұмтылыс көрініс таба бастады.Қазақ,қырғыз,ноғай,ішінара өзбек,ұйғыр,қарақалпақ халықтарының қандас-туыстық ынтымағы қалыптасып,нығая түсті.
Дегенмен,қазақ тайпаларының жекелеген бөліктерінің бірнеше саяси бірлестіктерге-мемлекеттерге кіруі туыстас этникалық топтардың бытырап кетуіне алып келді.Саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз жүргізілген соғыстар,рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар мұндағы халықтардың бірігіп нығаюын тежеп отырды.Дәл осы кезде іс жүзінде біртекті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды,сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты.Қазақ халқының бірігуінің,құрылуының іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін яғни хандығын құрудың негізгі себептерімен алғышарттары еді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет