Ядролық физика Атом құрылысының күрделілігін дәлелдейтін құбылыстар.
Атомның күрделілігін дәлелдейтін құбылыстардың ашылуы: катод сәулесі (1879, Крукс тәжірибесі), термоэмиссия (1881, Эдисон), фотоэфффект құбылысы (1887, Столетов), рентген сәулесі (Рентген, 1895), радиоактивтілік құбылысы (1896, Беккерель), атом модельдерімен (Томсон, 1904, Резерфорд) жалғасты. XIX ғ. аяғы XXғ. басында ашылған бірқатар құбылыстарды атом күрделі және бөлінеді деген тісініктерге сүйенгенде ғана түсіндіруге мүмкін болды. Катодтық сәулелерді зерттеу, бұлардың электрондар ағыны екендігін көрсетті. Электрондардың атомдардан, катодтың қандай заттан екендігіне қарамастан шығарылуы, электрондардың әр түрлі атом құрамында болатындығын көрсетті. 1896 жылы француз ғалымы А.Беккерель радиоактивтілік құбылысын ашты. Осы құбылысты зерттеу нәтижелері атом өзгермейді және бөлінбейді деген түсінікті бүтіндей жоққа шығарды.
Ал, атом тұтас алғанда электрлік бейтарап болатындықтан, оның құрамындағы электрондардың теріс зарядын теңестіретін оң зарядталған бөлшектер де болуға тиіс. Енді атомдағы осы оң және теріс зарядтар қалай таралып, орналасқан деген сұрақ туады.
Бұл сұраққа жауапты 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд тәжірибе жүзінде тапты.
1903 жылы ағылшын физигі Дж. Томсон атомның алғашқы физикалық моделін ұсынды. Осы модельге сәйкес атом – оң зарядталған сфера, ал электрондар сфераның әр жеріне, атом тұтас алғанда бейтарап болатындай орналасады.
Бірақ Томсон моделі көптеген күдік туғызды. Радиоактивтiліктiң — атом ядросының күрделi құрлысын дәлелдейтiн құбылыстың ашылуы сәттi кездейсоқтықтың жемiсi болды. Атом туралы ғылымның дамуына үлесін қосқан ағылшын химигі.
Атом туралы ғылымның дамуына ағылшын химигі Р. Бойлю(1627-1691 жж.), ағылшын физигі Р. Гук (1635-1703 жж.) жəне голландық физик Х. Гюйгенс (1629-1695 жж.) еңбектерінің үлкен əсері тиді.Роберт Бойль ғылыми қызметi физика мен химия салаларына байланысты эксперименталдық әдiстерге негiзделген және атомистикалық теорияны дамытты. 1660 ж. ол газ қысымының көлемге тәуелдiлiгiн анықтайтын заң тапты.