Яғни жастайынан



Дата17.10.2023
өлшемі1,85 Mb.
#186158
Байланысты:
Отбасы


Отбасы – адам өмірінде кездесетін бағалы құндылықтың бірі. Жер жаһанда жанұясынан жылулық, ата-анасынан махаббат, шаңырағынан шаттық іздемейтін адам жоқ-ау, сірә? Өйткені, күрмеуге келмейтін қысқа ғұмырда көңілді көтеріп, жанды жадырататын бірден-бір орын отбасы.


Сонымен қатар отбасы – адамзат баласының қанаты қомданып, өмірге бейімделетін алғашқы баспалдағы. Жұмыр жердегі әр пенде ата-ана ақылымен болашағына бағдар жасайды, өн бойына өнеге дарытып, тәрбие мен тағылым қалыптастырады. Демек бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ана мен отбасының маңызы зор.


Қазақ «Жалғыздық
Құдайға ғана жарасқан» деумен қатар ұл-қыздарын жас­тайынан отбасылық өмірге дайындаған. Әсіресе, қыз бала дүниеге келген сәттен бастап оны қонақ ретінде құрметтеп, жатжұрттық деп жүрегіне жара салатын ауыр сөз айтпаған. Қыз тәрбиесіне ерекше көңіл аударып, ата-ананың екеуі де бей-жай қарамаған. Ал шаңырақтың иесі болып қалатын шекесі торсықтай ұлды жауапкершілігі мол, ақылы асқан, отбасының асыраушысы болатындай етіп өсірген
Яғни жастайынан
ана ақылын, әке тәрбиесін көріп өскен бала болашақта өнегелі отбасы құруға қауқарлы болады. Бұл туралы Елбасы да Жастар жылының ашылу салтанатында айтқан болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Жас­тарды жаңа әлеуметтік рөлдерге және отбасылық өмірдің шынайылығына дайындау қажет. Мұны орта мектептердің жоғары сыныптарынан бастау керек. Ана институтын қолдаумен бірге, әке институтын дамыту, жасөспірімдерде өз отбасына жауапкершілік сезімін қалыптастыру маңызды.
Отбасылық қатынастардың
барлық аспектілері бойынша қолжетімді психологиялық және консультациялық көмекті қамтамасыз ету қажет. Отбасылардың ажырасуы біздің ерекше алаңдаушылығымызды тудыруда. Ғалымдар, қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары бұл мәселеге ерекше назар аударуы тиіс» деген еді. Расымен, қазіргі таңда шаңырағы шайқалып, отбасы ойрандалып жатқан жандар аз емес. Әлемге әйгілі психолог Констанция Аронстың дерегінше дүниежүзінде әр 13 секунд сайын бір жұп ажырасады екен




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет