Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: апайыз Сынып: Сабақ тақырыбы



Дата16.02.2022
өлшемі56,34 Kb.
#132022
түріСабақ
Байланысты:
Пиза 2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4АПайыз Сынып: 5 Сабақ тақырыбы: Пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме: 5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару.

Топтық жұмыс. Әр топқа 3 деңгейдегі 3тапсырма беру. PISA-2012 жинағынан 15 мин 1-Соус

Топтық жұмыс. Әр топқа 3 деңгейдегі 3тапсырма беру. PISA-2012 жинағынан 15 мин 1-Соус

Сіз салатқа өзіңіздің тұздығыңызды дайындап жатырсыз. 100 миллилитрге (мл) есептелген тұздық рецепті :

Осы рецепт бойынша 150 миллилитр (мл ) тұздықты дайындау үшін салат майынан қанша мл қажет болады?

Жауабы: 100мл тұздықта 60 мл салат майы болса, яғни 60 % деген сөз. Енді 150 мл тұздықтың 60 пайызын табамыз. 150*0,6=90 /мл/


Салат майы:

60 мл

Сірке суы:

30 мл

Соя тұздығы:

10 мл

2 . ТИЫНДАР

2 . ТИЫНДАР

Сізге тиындардың жана жинағын жасау ұсынылады. Барлық тиындар дөңгелек және күміс түсті болады, бірақ олардың диаметрлері әртүрлі.

Ғалымдар дұрыс жасалған тиындар келесі талаптарға жауап береді деп анықтады:

1) тиындардың диаметрлері 15 мм-ден кем болмауы және 45 мм-ден аспауы тиіс.

2)тиынды ескере келе, келесі тиынның диаметрі кем дегенде 30%-ға артық болуы тиіс.

3)тиынды соғу жабдығы тек миллиметрлердің тұтас санындағы диаметрлі тиындарды шығара алады (мысалы, 17 мм болады,

ал 17,3 мм диаметр болуына жол берілмейді).

1 сұрақ Сізге жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тиындар жинағын әзірлеу ұсынылады. Сіздің 15 миллиметрлік тиындардан бастауыңыз керек және Сіздің таңдауыңызда барынша көп тиындар болуы тиіс. Сіздің жинағыңыздағы тиындар диаметрі қандай болды?

Жауабы: 30%=0,3

15*0,3=4,5≈5 15+5=20/мм/

20*0,3=6 20+6=26/мм/

26*0,3= 7,8≈8 26+8=34 /мм/

34*0,3≈11 34+11=45/мм/

Тиындар диаметрлері келесідей болады: 15-20-26-34-45

  • Мазмұны: Өзгерістер мен тәуелділіктер 
  • Ойлау процесі: түсіну және қолдану.
  •  Мәнмәтін: ғылыми 
  • Күрделілік деңгейі: 3 деңгей, өйткені берілген мәліметтерді пайдаланып пайыздармен және пропорционалдық қатынастармен жұмыс жасаймыз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет