Ұзақ мерзімді жоспар тарауы



бет1/7
Дата05.09.2020
өлшемі253,21 Kb.
#77354
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
04022020-6



Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

6.4 Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер



Мектеп: Ж.Махамбетов атындағы № 43 мектеп

Күні: 05.02.2019

Машықтанушының аты-жөні: Қордашова Әлия

Сынып: 6 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

6.2.2.8 Сан аралықтарды кескіндеу.

6.2.2.9 Сан аралықтарының бірігуін және қиылысуын табу



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуі ережесін біледі.

  • Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндей біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Берілген теңсіздіктерденсан аралықтарын жазып бірігуі мен қиылысуын ажыратып,шешімін жазады.

Кейбір оқушылар:

  • Сан аралықтарын ажыратады, бірнеше аралықтардың бірігуі мен қиылысуын тауып,шешімін жазады.

  • Өз бетінше теңсіздіктер құрастырып,координаталық сәуледе кескіндеп бірігуі мен қиылысуын көрсетіп дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

  • Екі сан аралығын бір координаталық түзу бойында кескіндейді.

  • Екі сан аралықтарынның әрқайсысына тиісті ортақ аралықтарын таба алады.

  • Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысу аралығын жаза алады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қиылысу, бірігу, тиісті, ортақ аралық, мәндері, бос жиын, кескіндеу, координаталық түзу,сан түзуі,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет