Бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағаты Өткізу уақыты: 21 тамыз 2020 жыл Сынып сағатының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды ақпараттандыру Бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағаты Күн тәртібіндегі сұрақтар:
Оқушылар мен педагогтердің дене қызуын күнделікті өлшеу;
Дене температурасынормадан жоғары балалар үйге қайтарылады. Егер сыныпта бала ауырып қалса, сынып қашықтан оқытуға ауыстырылады, мектеп оқуын штаттық режимде жалғастырады.
Кабинеттік жүйенің болмауы, оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
Әр сынып белгілі бір кабинетте оқиды.
Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр уақытта беріледі;
Маска кию режимін қамтамасыз ету;
Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда ауысымдар арасында тазарту жүргізу;
Таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;
Мектеп асханасы мен буфеттің қызметін уақытша тоқтату;
Сапалы сумен қамтамасыз ету, өңдеуге арналған зарарсыздандыру құралдарымен аяқ киімге арналған кілемшелермен, санитайзерлермен қамтамасыз ету;
Медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі.
Қашықтан оқытудың қосымша ресурсы - ТВ-сабақтар
Оқу форматына қарамастан «Балапан» арнасында қазақ тілінде және «Ел-Арна» арнасында орыс тілінде оқитын оқушыларға дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қосымша білім беру ресурсы ретінде телевизиялық сабақтар арқылы оқуға мүмкіндік беріледі.
Телевизиялық сабақтар теледидар эфирінде, әлеуметтік желілерде жарияланған кестеге сәйкес өткізіледі.
Телевизиялық сабақтардың ұзақтығы 10-нан 15 минутке дейін. Телевизиялық сабақтар жаңа тақырыптың негізгі тұстарын түсіндіруге арналған. Сабақтардағы тақырыпты әр мұғалім бекіту жұмыстарымен толықтырады.
Телевизиялық сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің online.edu.kz ресми арналарында тегін қолжетімді болады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу іс-шараларына байланысты бағалау ережелеріне өзгерістер енгізілді;
1 сынып оқушылары бағаланбайды
2-11 сыныптарда пәндер бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне күнделікті/формативті, 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - БЖБ) және 1 тоқсандық жиынтық бағалау (бұдан әрі - ТЖБ) жүргізіледі;
5-15 қазан аралығында 2-11 сыныптарда БЖБ, 28 қазаннан бастап 2-11 сыныптарда ТЖБ өткізу ұсынылады. Әр мектеп өз оқу кестесіне байланысты, оңтайлы уақытта өткізеді;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау электрондық журналдарда, электрондық журналдар болмаған жағдайда - қағаз журналдарда жүзеге асырылады.