Байланысты: Заманауи білім берудің әдіс тәсілдері (1)
Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері ( жас мамандарға арналған коучинг сессиясының жоспары)
Күні
Тақырыбы:
Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері
Жалпы мақсат:
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Жас мамандардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс — әрекетке, өз-өзіне рефлексия жасай білуге үйрету.
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 78 -бет Үлестірмелі нұсқаулық
Оқу нәтижесі
Жас мамандар заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасалады.
Жас мамандар көңіл – күйіне, сабақтағы іс — әрекетке, өз-өзіне рефлексия жасай білуге үйренеді.
Түйінді идеялар:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы әдіс-тәсілдер байланыс, оның түрлері, әдістері.
АКТ Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуДиалогтік оқыту, Топтық жұмыс
Дерек көздері:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері /А.Әлімов/ Мұғалімге арналған нұсқаулық
Тапсырмалар:
топтық жұмыс, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия.
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу(3 минут) Ұқсас суреттер бойынша топқа бөлу.
Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға шақыру.
Тренинг өткізу.
«Суретші»Сессияға қатысушы мұғалімдер Қатысушылардың екі адамнан жұптасуын сұрау.
Қатысушылар екі адамнан бір — біріне қарама — қарсы тұрады. Олар құшақтасқан күйі бірінің арқасына бірі ақ парақты қойып сурет салады. (Не салып жатқанын өздері көре алмайды) Енді осы суретті бір — біріне сыйға тартады.
«Миға шабуыл» (5 минут)(жеке, топтық жұмыс)«Сөздік банкі» әдісі
Жас мамандардың коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау.
Екі банка беріледі. Бірінде «оң әсері», екіншісінде «кері әсері» деген сөздер болады. Берілген ойларды тиісті банкіге салады.
Жұмысты бірінің арқасынан бірі қағу арқылы бағалайды.
Коучинг сессиясына қатысушыларға
- Сабақта топтық жұмысты қолданамын.
- Топтық жұмысты ұйымдастыра білемін.
- Топтық жұмыстың тиімділігі көп.
- Сынып ішіндегі тәртіпке кері әсерін береді.
- Топтық жұмыс барысында кейбір оқушылар қамтылмай қалады.
- Сынып ішінен көшбасшысын анықтайды т.б