Замануи тақырыптарда жазылған қазақ романдары



Дата03.11.2022
өлшемі23,91 Kb.
#156504
Байланысты:
Замануаи тақырыптарда жазылған қазақ романдары


Замануи тақырыптарда жазылған қазақ романдары
Қазақ романы – тарихи даму барысында түрлі ізденістермен кемелдік жолына түскен әдебиеттің жанры. Халық өнерінің қайнарларынан нәр алған «ұлы әңгіме». Ел тәуелсіздігі жылдарында кеңес кезеңіндегі «бұғауынан босаған» еркін сөз үлгісі. Уақыттың қысымы мен «тыйым салынған тақырыптар» төңірегінде өнерге тән тынысымен жұрт тұрмысына дем берген қадірі бар. Тілімізде жарық көрген роман бастауы ХХ ғасыр басына тура келеді. Сол кезден қазақ романы жарысы ұйымдастырылып, бәйге тігіліп, роман теориясы жасалған. Қазақ әдебиеттануының қалыптасу, даму барысы да сол кезден.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету. Сондықтан болашақ ұрпақ қазіргі ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған ғалымдар мен ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. Жаңа қоғамдық формацияның болашақ маманы ғылымның өзекті мәселелерге сай зерттелуіне, білімнің сапасы мен тиімділігіне, практикалық тәжірибенің нәтижелігіне байланысты қалыптасады және тәрбиеленеді. Жаңа қоғам жаңа маманды қажет етеді.Әдеби көркем туындыда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, тұрмыс-салты, әдеп-ғұрпы, психологиясы, менталитеті, адамгершілік-эстетикалық-философиялық ұғым-түсінігі, арман-мұраты – баршасы көрініс тапқан, тілдік бай қазынасы жинақталған. Көркем шығарманың табиғатын тану үшін оқулықпен ғана шектеліп қалу жеткіліксіз. Оқырмандардың тәжірибе жинақтау кезінде көркем әдебиет туындыларын үзбей оқудың маңызы ерекше екенін ескеру керек.Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін, алдымен оқушылардың өнер шығармасына деген қызығушылығын оятып, оны көре, әсерлі тыңдап қабылдай білуге, тыңдаған, көрген, естіген көркем шығармаларын терең талдай білуге, оның қайталанбас әсемдігін сезініп қабылдай білуге, әдемілікті сезіне білуге баулу қажет. Нағыз көркем әдебиетті нағыз тума талант, хас шебер, сөз зергері туғызады. Көркем дүниені туғызудағы негізгі құрал тіл болғандықтан, ондағы образдар жүйесі мен оқиға тіл арқылы көрініс табады. Ең бастысы, көркем шығарманың тууы, көркемдік деңгейге жетуі ең алдымен авторға, оның таланты мен авторлық шеберлігіне, таланттық қуатына тікелей байланысты.Кезінде одақтық мемлекеттік сыйлыққа ие болып, шығармалары дүниенің біраз еліне таралған. Ә.Нұрпейсісовтың «Соңғы парыз» романында адам тағдыры, табиғатты сақтау, әділет пен зұлымдық үшін күрес, болашаққа көзқарас, ел басқарудағы проблемалар шығарма өзегі болған. Жазушының осы бағыттағы көркем ой деңгейі – диплом жұмысының барысында негізгі жұлын болып таратылған, бұл әдебиет үшін ең өзкеті мәселе. «Соңғы парыз» романы алғаш рет 1998-1999 жылдары «Жазушы» баспасынан жарық көрген болатын. Роман үш қана кейіпкердің (Бәкизат, Жәдігер және Әзім) жан дүниесіндегі ақаулығына, шырғалаң сезімдеріне құрыла отырып, бір дәуірде болып өткен оқиғалардың көркем шежіресін береді. Ол бірінші кітапта «Сондай да бір күн болған» және екінші кітапта «Сондай да бір түн болған» деген атпен суреттеледі. Романда сөз болған мәселелер оқырманды жай қалдырмайды, өткен өмірдің ащысы мен тұщысы, күні мен түні барынша шынайылықпен баяндалады. Роман адамның кешегісін, бүгінін, сондай-ақ ертеңгісін суреттеп отырып, қоғамның, әлеуметтік ортаның, туған жердің бүкіл тіршіліктің апатты экологиясын көркем тіл, кемел бейнелермен жеткізуімен құнды. Көркем шығармадағы психологизм көзбен көріп, қолмен ұстайтын нәрсе емес. Оны сезуге, тануға, көкейде қорытуға жіті назар, рухани дайындық, парасат, көңілдің өткір жанары керек. Көптеген көркем шығармаларда аталмыш бейнелеу арнасы ту ұстап, ұран салып тұрмайды, өңін жасырып, сырын бүгіп, жеті қат жердің астындағы қымбат асылдай сақтайды.Көркем әдебиеттің мақсаты қоғам мен адам, бұқара мен жеке адам арасындаға жанды әлеуметтік-психологиялық байланыстарды шынайы бейнелеу болса, кейіпкердің жалаң іс-әрекеттерін олардың жан дүниесіндегі жетекші құбылыстарға мән бермеу нағыз өнер туындысына жат нәрсе. Кейіпкердің рухани әлемі оның мінез-құлқы, қам-қарекеті психологиялық талдаудың мақсаты. Яғни, адам рухани–әлеуметтік өсу жолында әр түрлі қоғамдық қарым-қатынастардың әсерімен өзгеге ғана емес, өзіне де сын көзбен, еселі талаппен қарауға бейімделмек. Әдебиет кейіпкерлерінің өз ұғым түсінігіндегі өзгеріс нышандарына көңіл қою шақтары, нақты іс-қылығына, айналасына, жекелеген субъектілерге қатысты толғану, күйзелу, тебірену сәттері – психологиялық талдаудың қайнар көзі. Дара басындағы түрлі сана, сезім импульстарына назар аударып, толымды баға беру, байлам жасау әдеті рухани, адамгершілік өрісі мол интелектуал қаһарманға лайық.«Соңғы парыз» - бүгінгі күннің бас тақырыбына айналған роман. Роман біз бастан кешкен адыра қалған арман, ақталмаған үміт, зая заман жайлы.Роман финалы таң қаларлық. Автор аспан құлап жерге түскендей заманақырлық пессимизмді қалай еңсерген. Бәрі қарапайым. Тіл безеу атымен жоқ. Нұрпейісов романы – дала психологиясының энциклопедиясы. «Қан мен тер», «Соңғы парыз» – ұлттық ғарышқа тән мінездер галереясы.
«Жармақ» романы 2007 жылы Прага қаласында алғаш жарық көрген. Шығарма қазақ әдебиетінің есігін жаңалық ретінде айқара ашып кірді. Себебі, соны үлгіде әлі де болса қайталана қоймаған фантастикалық жанрда жазылып, қалың оқырманға жол тартқан. Шығарма 200 бетке таяу көлемде жазылған. Ұзын саны 65 тараудан тұрады. Әр тарау өз кезегінде кейіпкердің ойы арқылы екшеленіп, жалпы шығармаға қатысты идеяның бөлшектерін арқалайды. Романның басты кейіпкері – Мұрат Бейсенұлы Қазыбеков және оның жармағы Марат Бейсенұлы Қазыбековтер. Романның өн бойы тола қиял мен мистика болғанымен, негізі шынайы өмірден алынған. Адамдар қақ жарылып, бүтіннің бөлшегіне айналып жатпаса да, әр адам өз ішінде ұдайы екі ойдың жетегінде жүретіні, әр кезде екі жолдың жолайрығында тұратыны айтпаса да ақиқат. Әдетте, түрлі фантастикалық фильмнен көріп жүрген бұл «транс» жүйесінің қазақ әдебиетіне енгені бір өзгешелік болып отыр. Шығарма арқалаған тағы бір мұрат - көркем тарихилық пен қоғамдық ахуал. Әдеби шығармада ескі қоғам мен жаңа қоғамның тай-таласы, ақша мен дүние-мүліктің құлына айналған және ілім, ғылымның соңына түскен жанның қос тағдыры бір-бірімен жарыса суреттелген. Шығармада елдің өткені мен бүгінгісіне қатысты түрлі тарихи кезең, оқиғалар детальды түрде баяндалады. Жалпы, Мұхтар Мағауиннің жазушылдығынан тарихшылдығы басым. Осыған орай шығармада тарихтың ізі жатуы да орынды. Роман өз кезегінде жаңалығымен де, жаңылысымен де оқырман қауымға таныс болып үлгерді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет