Зар заман ақындары



бет1/4
Дата11.01.2022
өлшемі222,96 Kb.
#111361
  1   2   3   4
Байланысты:
зар заман ақындары

Зар заман ақындары

1. Дулат Бабатайұлы


Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ірі ақын. Оның поэзиясында өз кезінің қоғамдық өмір шындығы, көкейкесті мәселелері зор ақындық қуатпен, сыншылдықпен бейнеленеді. Ақын отаршылдық тауқыметін күйзеле суреттей отырып, өз бастарының қамын ойлап кеткен атқамінерлерді аяусыз шенеді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіннің көрнекті өкілдерінің бірі - Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында (бұрын Семей облысы болған) дүниеге келген. Болашақ ақын жасында ауыл молдасынан оқып, хат таниды, мұсылманша сауатын ашады. Өзіне дейінгі әдебиет үлгісі неаяусызн мол сусындап, көне ақын, жыраулар мұрасынан, ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырларды тыңдап, жастайынан нәр олып өскен олөз дәуіріндегі ең білімді адамдардың бірі болды. 

Дулат халықтық шығармаларды, алдыңғы дәуірлерден жеткен ұлттық поэзия үлгілерін жаттап өскен, құрметпен қарай білген, көне түркі поэзиясынан тағлым алған. Бұқар және Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан. Өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған ол ақындық дәстүр арнасында шығармалар туғызып, қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байытып, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан сапалық белгілер әкеліп, жаңа сатыға көтерді. Дулат өзі өмір сүрген уақыттың ахуал-жайын қаз-қалпында жырлаған, оған өзінің азаматтық ой-пікірін батыл білдірген күрескер ақын болды. Өз кезінде ел ішіндегі жан ауыртқан іс-әрекет, оқиғаларды өлеңге айналдырған жыр дүлдүлі ғана емес, сол жайлардың үлкен әлеуметтік ойлар түйген ойшыл дәрежесіне көтерілді. Дулат шығармалары, негізінен, қазақ халқының екі жақты езгіге түскен ауыр халін суреттеуге құрылған: бірінші, патша үкіметінің отаршылдық қанауы; екінші, патша үкіметі тарапынын тағайындалып, солардан қолдау табатын жергілікті әкім, билердінң езіп-жаншуын өз өлең, толғауларына арқау етеді. Өнер жолына ерте түскен, өмірінің соңғы күндеріне дейін ел ықыласына, үлкен құрметке, даңққа бөленіп өткен Дулат 1874 жылы өзі туған өлкеде




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет