Заттық әйнектің



Дата06.05.2020
өлшемі17,89 Kb.
#66191
Байланысты:
30 (Автосохраненный)


№30

Бояу. Бояулардың көпшілігі- судың немесе спирттің ерітіндісі, сандықтан тіннің кесіндісін бояу алдында алдында одан парафинді ксилолмен шығарып тастап (депарафиндеу), орнын сумен толықтыру қажет. Бұл үшін кесіндіні заттық әйнектің бетіне жабыстырғаннан кейін, оны ксилолға батырады . Осылайша алып тасталған парафиннің орнын сумен толтыру үшін, концентрациясы төмендейтін-100, 90, 80, 70 және 60% спирт қатарынан өткізеді. Заттық әйнек бетінде орналасқан кесінді кепкеннен соң, оны бояудың су ерітіндісіне белгілі бір уақытқа батырады.

Жасушалар мен тіндер массасының 70%-ын су құрайды, сондықтан, олардың оптикалық тығыздығы (жарық сілесінің амплитудасын басу қабілеті) төмен және әр бөліктерінде бірдей. Сол себепті, жасушалар мен тіндердің құрамдастары бір-бірінен ашықтау немесе ақ-қара ( контрастты) болып көрінбейді, яғни, түссіз жіне мөлдір болады. XIX ғасырдың 50-ші жылдарынан бері жасушаның құрама бөліктерін айқындау үшін гистологияда органикалық бояулар қолданыла бастады. Жасушалар мен тіндердің әртүрлі құрама бөліктері бояуларды әртүрлі дәрежеде сіңіреді. Нәтижесінде, біріншіден, бояуды көп мөлшерде байланыстырған құрылымның оптикалық тығыздығы артады да, өтетін сәуле толқындарының амплитудасу басылады. Сондықтан, бұл құрылым басқа- бояуды аз сіңірген құрылымдармен салыстырғанда, түсі күңгірттеу болып көрінеді. Екіншіден, құрылыммен байланысқан бояу өтетін сәуле толқындарының ұзындығын өзгерткендіктен, жасуша компоненті белгілі бір түске ие болады.

Тіннің құрама бөліктерінің әртүрлі бояуларды қабылдау қабілеттілігі олардың құрамындағы заттардың қышқыл-негіздік қасиеттеріне байланысты. Осыған орай, сілтілі реакциялы құрылымдармен немесе заттармен (мысалы гемоглабин) байланысатын қышқылдық ( мысалы, эзоин, конгоқызыл, әртүрлі қызғылт сарылар) және жасушаның қышқыл компоненттерімен (мысалы, ядро мен рибосомдардың нуклеин қышқылдарымен) байланысатын негіздік (сілтілік) бояуларды (мысалы, гематоксилин, метилді көк, толуидинді көк, азур) ажыратады. Нейтральді бояулар құрамында негіз және қышқыл бояғыш бөліктері бар, өйткені, олар негіз бояулар мен қышқыл бояулардың тұздары болып табылады. Сонемен, әрбір бояу жасушаның белгілі компонентіне спецификалық (өзіне тән, арнаулы) тартқыштық қасиет көрсетеді.



Қышқылдық бояулармен (мысалы, эозинмен ) боялу қабілетін оксифилия немесе оцедифилия ( гр. oxys немесе лат. acidus –қышқыл, philia- сүйіспеншілік, қабылдау,жұғысу ) деп атайды. Бұл бояуды сіңіріп, қызғылт немесе қызылдың әр түрлі реңдерінде боялатын құрылымдар оксифильді немесе ацидофильді деп аталады. Жасуша цитоплазмасының оксифильді боялатын құрылымдарына митохондриялар, сілті ақуызды секреторлық гранулдар, эритроциттердің сілтілі ақуызы- гемоглабин, т.б жатады.

Негіздік бояулармен (мысалы гемотоксилинмен) боялу қабілетін базофия деп атайды, ал, олармен байланысып, көк немесе күлгін көктүстерге боялатын жасуша құрылымдары- базофильді деп аталады. Оларға жататын құрылымдар - ядро (себебі, мұнда қышқылдар- ДҢҚ және РНҚ көп) және синтездік белсенділігі жоғары жасушаның цитоплазмасы- мүнда РНҚ көп, өйткен, гранульды (т.йіршікті) эндоплазмалық торы немесе еркін рибосомалары жақсы дамыған.

Нейтральді бояулармен байланысып боялатын құрылымдар нейтрофильді (гетерофильді) деп аталады. Мысалы, қанның нейтродильді гранулоциттерінің цитоплазмасындағы қызғылт-күлгін (қышқыл және негіз бояулармен боялған) ұсақ түйіршіктер.

Микроскоппен зерттеудің алғашқы кездерінде бояулар жеке дара қолданылған, бірақ, бірте –бірте гистологиялық препараттарды бояуға олардың әртүрлі үйлесімдері (мысалы, негіздік бояу гемотоксилин және қышқылдық бояу эозин) ең қолайлы болып шықты, сондықтан, күрделі бояулар қазіргі гистология мен патогистологияда жиі қолданылады.



Кейбір негіздік бояулар (мысалы, азур II , толуин көк) жасушаның ерекше химиялық қасиеттерге ие құрылымдармен (мысалы, сульфатталған гликозамингликандармен) байланысқан жағдайда, өз реңін өзгертеді. Бұл құбылыс метохромазия (гр. Meta-өзгерілу, chroma-бояу) деп аталады. Метахромазиялық боялатын құрылымдарға базофильді лейкоциттердің және дәнекер тіннің толық жасушаларының гранулдары, шеміршек тннің негізгі заты жатады.

Белгілі бір бояуларға жоғарғы дәрежеде тартқыштық көрсететін тіндердің нақтылы құрылымдарын айқандау үшін тағамды (арнайы) бояу әдісін қолданады. Мысалы, аорта қабырғасындағы эластикалық талшықтар мен мембраналарды таңдап айқындау үшін – орсеин деген бояу, май жасушаларын (липоциттерді) немесе ішек жасушаларына (энтероциттерге) сорылған май тамшыларын анықтау үшін судан III немесе осмийдің тетроаксиді қолданады. Кейбір эндокриндік (гормондар өсіретін) немесе жасушаларды, нейрондарды күмістің тұздарымен импрегнациялайды, мұндай жасушалар агрифильді ( гр. Argyros- күміс, philos-жақсы көру) деп аталады. Сонымен, тіндер мен жасушалардың кейбір құрылымдарын анықтауға мүмкіндік туғызатын талғамды бояу әдісі, нақты заттарды айқындайтын цито- және гистологтялық әдістерге жақын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет