Затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік



Дата13.12.2021
өлшемі17,17 Kb.
#125986
Байланысты:
Әдеби терминдер
Әдеби терминдер

Теңеу - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.

Ассонанс (фр. assonance, лат. assono – үйлесім) – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады.

Ей, жарым, жаным бірге жаныңменен,
Ей, жарым, құшағыңа-аләніңменен!
Ей, жарым, ұзақ дәурен сөнбес шырақ,
Ей, жарым, тілек етем барымменен!

Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) - дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. Мысалы

Кеттің бе аялдамай асқақ жолға,
Кеттің бе мені санап әлсіз қорға.
Кеттіңбе Абайды ертіп, ата жау боп,
Кеттім де ал ендеше қалың сорта!


Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

  • түсті (алтын күз);

  • әдемілікті (алтын қасықтай); Бұл эпитет-теңеу

  • құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);

  • атақ-дәрежені (алтын жаға);

  • қазына-байлықты (алтын сандық);

  • жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.

Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады. Көркем әдебиетте тұрақты эпитет жиі қолданылады.

Риторикалық сұрау (лепті сұрау) — ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады.

Мысалы:
 Балалық өлді, білдің бе?


 Жігіттікке келдің бе?
 Жігіттік өтті, көрдің бе?
 Кәрілікке көндің бе?
                           (Абай)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет