Үздіксіз педагогикалық тәжірибесінің мақсаты: орта білім беру жағдайында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыратын педагогтың педагогикалық іс-әрекетімен танысу



Дата20.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#197775
Байланысты:
Aikyn upp




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
КЕАҚ

Үздіксіз педагогикалық тәжірибе туралы есебі

Орындаған: Айтбасов Айқын Айдарұлы


Топ: МК-221

Көкшетау, 2023


Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау
Университетінің «Математика, физика және информатика»
кафедрасының 6В01506-«Математика » мамандығының
2-курс студенті Айтбасов Айқын Айдарұлы


Үздіксіз педагогикалық тәжірибе туралы есебі

Үздіксіз педагогикалық тәжірибесінің мақсаты: орта білім беру жағдайында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыратын педагогтың педагогикалық іс-әрекетімен танысу. Студенттердің оқыту үрдісінде алған білімін бекіту және білім беру сферасында жұмыс дағдыларымен меңгеру болып табылады. Тәжірибе болашақ мұғалім үшін қажетті кәсіби қызметінің негізгі түрлерін ескере отырып жүргізіледі. Тәжірибе болашақ бакалаврлардың кәсіби қасиеттерін, зерттеу дағдыларын және жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.


Үздіксіз педагогикалық тәжірибесінің міндеттері:

  1. ҮПП базасымен танысу;

  2. Топпен (сынып, мектеп ұжымы) жұмыс істеуге қажетті коммуникативтік қабілеттерді дамыту;

  3. Болашақ педагогты педагог-тәрбиешінің нақты оқу-тәрбие процесіндегі негізгі кәсіби-педагогикалық қызметін шығармашылықпен атқаруға даярлау;

  4. Болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.

ҮПТ өту орыны:


Мектеп: әл-Фараби атындағы IT лицейі
Мектеп мекен-жайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа7а
Мектеп директоры: Кошанова Айгерим Болатбековна
Сынып жетекшісі: Сарсенбаева Жанерке Айтбековна

04.09.2023ж - 16.12.2023ж аралығында мен Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің 6 «Б» сыныбында Үздіксіз педагогикалық тәжірибе өттім. Менің сынып жетекшім – Сарсенбаева Жанерке Айтбековна.


Тәжірибе барысында мен сынып жетекшінің қызметінің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстым. Сынып жетекшісінің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін бақылап, оқушыларымен тәрбие жұмысы қалай жүргізілетінін білдім. Мектептегі мұғалімдердің сабақ өткізу кезінде қызықты оқу әдістерін мен технологияларды бақыладым, өзіме түртіп алдым. Әр апта сайын белгілі бір тақырыпқа тәрбие сағатын өткізуде, презентация немесе жоспар жасап сынып жетекшісіне көмектесуге тырыстым.
Мен сабақ өткізген сынып мейірімді және ізденімпаз. Сыныпта 27 адам бар, оның ішінде 16 қыз және 11 ұл. Көпшілігінің қабілеті жақсы, балалары мейірімді және құрметті. Сабақтарда белсенді жұмыс істейді, барлық қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді, олардың көпшілігі қосымша секцияларға қатысады. Әр оқушы туралы көбірек біле отырып, байланыс орнатуға тырыстым
Сонымен қатар, мектептің материалды-техникалық базасы өте жақсы екенін атап өтуге болады. Мектепте ең жаңа заманауи жабдықтар: проекторлар, компьютерлер, интерактивті тақта және басқа да көмекші құралдар, бұл сөзсіз педагогикалық қызметке көмектеседі. Осылайша, оқушы сабақтан жалықпайды.

Тәрбие сағаты


Тәжірибе кезінде өткізген тәрбие сағат тақырыптары:

  • Салауатты өмір салты

  • Еңбек күні мерекесі

  • Математика

Тәрбие сағатын өткізер алдында, сынып жетекшімен ақылдасып, ұсынған кеңестер мен нұсқауларды қолданып өткіздім. Тәрбие сағат өткізер алдында жоспар мен презентация дайындадым, қолданатын көрнекті құралдарды, карточкаларды және т.б. алдын ала дайындап қоямын.
Тәрбие сағатынның басында шаттық шеңбер жасадық. Берілген тақырып бойынша тақырыпты түсіндіріп, әңгімелесу әдісі арқылы ойларын, пікірлерімен алмастық. Өмірде кездесетін жағдаяттарды шешуге бердім, «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақ-жауапты, викториналарды өткіздім.
Тәрбие сағатында АКТ, ойын технологияларын қолдандым. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді. Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады. Қызықты болу үшін қазіргі кездегі әлеуметтік желідегі танымал тренингтерді өткізіп көрдім, оқушыларға өте қызықты болды және белсенділіктері артты.
Көбінесе Ақпараттық коммуникациялық технологиясын қолдандым, өйткені оқушыларға ұнағандықтан. Бейне-видеолар көрдік, Learning Apps, Wordwall, Kahoot сайттармен тапсырма бердім, оқушылар қызығушылықпен орындады.

Тәрбие сағатын өткізгеннен кейін сынып жетекшімен тәрбие сағатын бірге талдадық, көптеген жағымды және жағымсыз жақтары болды. Мен өзімнің білім қоржыныма жағымды тұстарды қостым, өз тәжірибемде мұндай қателіктерге жол бермеуге тырысам.








Қорытындылай келе, мен өз тәжірибемді жақсы, сапалы өтті деп ойлаймын. Педагогикалық практика жоспары толығымен орындалды. Мен барлық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыра алдым, оның психологиялық құрылымы мен даму деңгейін ескере отырып, сынып ұжымымен жұмыс істеудің баға жетпес практикалық тәжірибесі мен дағдыларын игердім; педагогикадағы білімімді тереңдете алдым; сабақта және одан тыс уақытта сыныппен байланыс ұйымдастыру бойынша дағдыларды қалыптастырдым (жеке байланыс орнату, ынтымақтастық, диалогтық қарым-қатынас дағдылары және т. б.); педагогикалық араласуды талап ететін сынып ұжымында туындайтын жағдайларды байқай және талдай білу; мұғалімдер өткізетін сабақтар мен тәрбиелік іс - шараларды бақылап, көп тәжірибе жинақтадым.
Студент: Айтбасов Айқын

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет