Зертханаға зәр немесе несеп 250мл, қан 50мл, шаш 5г зерттеуге әкелінді. Қысқаша тарихы



Дата09.06.2022
өлшемі18,62 Kb.
#146247
Байланысты:
МЕТАЛЛ УЛАР Туймебаева (1)
инкл Сабина

Металл улары бойынша жағдайлық есептер

  1. Зертханаға зәр немесе несеп 250мл, қан 50мл, шаш 5г зерттеуге әкелінді.

Қысқаша тарихы: Азамат А қуық безі рагын емдеуге байланысты хирургия(операция) жүргізді. Клиникалық зерттеу нәтижесінде: скелеттің деформациясы және бүйрек қызметінің бұзылы байқалды. Науқастың айтуынша ол ұзақ уақыт бойы кадмий қосылыстары бар бояғыштар өндірісінде жұмыс жасаған.
Зерттеу мақсаты: кадмий қосылыстарына химия-токсикологиялық зерттеу жүргізу.


Жауабы:
Зерттелетін объект: несеп 250мл, қан 50мл, шаш 5г
Кадмийдің болуын оны кадмий диэтилдитиокарбаминаты түрінде минерализаттан бөліп алғаннан кейін растайды, содан кейін оны 1 моль/л хлорсутек қышқылымен қайта экстракциялайды.

Қайта реакцияны (реэкстракция) келесі реакцияларды жүргізу үшін қолданылады.


1. Кадмий сульфидінің түзілу реакциясы


CdCl2 + Na2S = CdS ¯ + 2NaCl. -сары түсті тұнба пайда болады.

2. Кадмий ферроцианидінің түзілу реакциясы


2CdCl2 + K4[Fe(CN)6] = Cd2[Fe(CN)6] ¯ + 4KCl. Бұлт немесе ақ тұнба пайда болады.

Осы реакциялардың оң нәтиже берген жағдайда микрокристалды реакциялар жүргізіледі:


а) бруцинмен және натрий бромидімен Реакция. Кадмийдің қатысуымен сфероидтар түрінде түссіз призмалық кристалдар пайда болады: [C23H26N2O4H]2 [CdBr4].
б) пиридинмен және калий бромидімен Реакция. Түссіз призмалық кристалдар сфероидтар түрінде пайда болады:[C5H5NH]2 [CdBr4].
Қорытынды: адам ағзасына кадмийдің токсикалық мөлшері 3-330мг құрайды, және ол остеопороз, яғни қаңқаның деформациясымен, нефропатия, анемия және простатопатия көріністерімен байқалады. Кадмий 25-гидрокальциферолдың 1,25-дигидрохолекалциферолға айналуын тежейді де сүйектегі лизилоксидазаның белсенділігін төмендетеді.



  1. Зертханаға несеп 250мл, қан 50мл, шаш 5г зерттеуге әкелінді.

Қысқаша тарихы: электр дәнекерлеуші А кәсіби аурулар ауруханасына жүрек ауруы бойынша шағым жасады. Клиникалық зерттеу нәтижесі бойынша жүректің созылмалы ишемиялық ауруы және өкпесінде, бронхтарында өзгерістер байқалды.. Науқастың айтуынша ол соңғы 5 жылда хром-никель құйма дәнекерінде жұмыс жасаған.
Зерттеу мақсаты: хром-никель қосылыстарына химия-токсикологиялық зерттеу жүргізу.

Жауабы: хромды анықтау:
Объект: несеп 250мл, қан 50мл, шаш 5г

Нысанды күкірт және азот қышқылдарының қоспасымен минералдандыру кезінде 3+ тотығу күйінде болатын хром анықталған кезде, ол аммоний персульфатымен 6+тотығу күйіне дейін тотығады.

Негізгі реакция ретінде cr6+ дифенилкарбазидпен әрекеттесу реакциясы қолданылады.

1. Дифенилкарбазидпен Реакция
Cr2(SO4)3 + 3(NH4)2S2O8 + 7H2O = H2Cr2O7 + 3(NH4)2SO4 + 6H2SO4

Пробиркаға 5 мл минерализат енгізіп, оған 4 мл су, 1 тамшы 10% күміс нитратыы ерітіндісін және 0,5г аммоний персульфатын қосады. 20 минут қыздырады, 1мл натрий дигидрофосфатн және 5% күйдіргіш натрий ер-н қосады. 1мл этил спиртін және ацетон қоспасындағы 0,25% дифенилкарбазид ер-н қосып шайкайды. Хром иондары болса,ерітінді қызғылт немесе қызғыш күлгін түс береді.


2. Қосымша реакция ретінде Надхром қышқылдарының түзілу реакциясын жүргізуге болады. Хром болған кезде еріткіш көкшіл-күлгін түске боялады.

Никельді анықтау:
Обьект: 250 мл несеп.
Ең алдымен обьектіні күкірт және азот қышқылымен минерализациялаймыз. Содан, элемент құрлымдарының бөлініп деструкция басталады. 30-40 минут аралығында 150°С-та жүргізіледі. Және 1 н тұз қышқылы мен металдардың ионға алмасуы жүреді. Бұл кезең 6 сағат 350°С жүзеге асады. Осыдан кейін, 110-140°С формальдегиттің көмегімен денитрация кезеңі жүреді. Яғни, минерализаттарды азот, азотты, қышқылдардан және азот оксидтерінен тазалау процесі.
Никельді сапалық анықтау.
0.5-1.0 г еритін никель тұзын (сульфат, нитрат, хлорид және т.б.) шыны ыдысқа саламыз. 100-150 мл су қосып араластырамыз. Жасыл түсті ерітінді пайда болады. Оған тұрақты иіске дейін аммиак ерітіндісін және бірнеше миллилитр 1% диметилглиоксим (ДМГ) спирт ерітіндісін қосамыз. Аммиак ерітіндісінде никель диметилглиоксиммен ашық қызғылт (немесе қызыл) комплекс түзеді, ол тұнбаға түседі.
Қорытынды: Зерттеу нәтежесінде ашық-қызғылт түсті комплекс түзілді. Яғни, Азамат А алынған обьектінің құрамында никель ионы бар.
Ал никельді сандық анықтауды - атом-абсорбциялық спектрометрия әдісімен жүргізіледі. Никельдің 50мг-ы адам ағзасына токсикалық әсер көрсетеді,
Хром және никельдің ағзаға ұзақ әсер етуінен жүректің созылмалы ишемиялық ауруы және өкпесінде, бронхтарында өзгерістер байқалды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет