Ластанған ас тұзын даярлау үшін химиялық стаканға қасықтап ас тұзын және құмды саламыз. Шыны таяқшамен араластырамыз. Үстіне 50 мл дисстелденген суды құямыз. Шыны таяқшамен қайта араластырамыз(стаканның шетіне тимейтіндей етіп). Ластанған ас тұзын осылайша аламыз.
Ендігі, фильтр қағазын 4ке бүктеп, оны құйғының ішіне саламыз. Әртекті қоспаны шыны таяқша бойымен, құйғының үстінен өткізіп құямыз.Фильтрден өткен суды карден табақшаға қойып, майшаммен қыздырамыз.
Бүгінгі тәжірибеде біз ластанған ас тұзын тазартуды үйрендік. Бұл тәжірибе күнделікті үй жағдайында жасауға болады. Алып бара жаткандай еш киындық тудырмайды. Тек айта кететін жайт, майшаммен жұмыс жасағанда абай болу керек.
Ас тұзы – күнделікті өмірде қолданылатын өнім. Ешқандай тағам тұзсыз дәмі кірмейді. Оның осындай қасиеттерінің барын білу бізге артық етпейді.