— 177 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
бастағысы келетін жандарға арналған. Несие сомасы
180 миллион теңгеге дейін. Банктың сыйақы үстемесі
– 7%. Несиелеу мерзіміне келетін болсақ, инвестииция
үшін 2023 жылдың 1 қарашасына дейін, айналымдағы
қаражатты толтыру мақсатындағы несиелер 36 ай-
дан аспауы тиіс. Қатысушы банктер тізімі: NURBANK,
ForteBank, АТФ Банк және HalykBank.
Басымдылық
берілетін салалар тізіміне сауда, тұрғын жай, меди-
циналық және ортопедиялық тауарлар, жарнама
қызметтері,
фитнес клубтар, мектепке дейінгі білім
беру орталықтары, шаштараз, дене шынықтыру және
сауықтыру қызметтері кіріп отыр. Не
керек кәсіп
бастаймын деген жандарға тамаша мүмкіндік.
«Алматы Өнім»
Шағын және орта бизнесті қаржыландыру
бағдарламасы. Аталған бағыт бойынша несие алу
үшін жоғарыда айта кеткенімдей Алматы қаласының
тұрғындарына немесе Алматыда кәсіп бастағысы
келетін жандарға арналған.
Басымдылық берілетін
сала – минералды және алкоголсіз сусындар өндірісі.
Максималды несие сомасы 100 миллион теңге, сыйақы
үстемесі 8,5% аспайды, 7 жылға дейін несие алуға
мүмкіндік бар. Негізгі қарызды қайтару бойынша
жеңілдік кезеңі 18 айға дейін. Қатысушы банк –
HalykBank.