а) Сепсистің клинико-физиологиялық ерекшеліктері в) Сепсистің жіктелуі г)Сепсистің диагнозы
д)Сепсистің емі
е)Отогенді сепсис оның емі
III Қорытынды IV Пайданылған әдебиеттер
Кіріспе
Сепсис – бұл ауыр инфекционды ауру. Әр түрлі қоздырғыштардың және олардың токсиндерінің әсерінен пайда болады.
Сепсис туралы түсінік тарихи көзқарастарға ұшырады. Бүгінгі күні сепсис дамуында адам тәнінің серпілістеріне маңызды орын беріледі. Шын мәнінде микробтың түріне қарамай организмнің сепсиске қайтаратын жауабы әрдайым бірдей болады.
Америка ғалымдарының ұсыныстары бойынша жұқпалы үрдістерді: жүйелі қабынулық серпілістер синдромы, сепсис, жұқпа, бактериемия, ауыр сепсис, сепсистік сілейме деп ажыратады.
Жүйелі қабынулық серпілістер синдромы – деп микроорганизмдердің, олардың тіршілік өнімдерінің немесе қабыну медиаторларының, жергілікті ошағынан шығып, жалпы қан айналыммен бүкіл денеге тарап кетуін айтады.
Сепсис. Сепсистің дамуы Сепсис (латынша, sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты, сол жердегі бактериялардың саны және адамның иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде адам сепсиске ұшырайды. Сепсисте фагоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан жасуша ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады.
Сепсис – жұқпалы аурудың ең ауыр түрі. Сепсис инфекциялық қоздарғыш адам ағзасына еніп, көбейген кезде басталады. Көптеген жұқпалы аурулардың түрі белгілі, мысалы: тұмау, пневмония, бүйрек түтігінің қабынуы, қуықтың қабынуы. Егер олардың дер кезінде алдын алса, адамда сепсис жұқпалы түрге айналмайды, дене сепсиспен тез күреседі. Кейбір жағдайларда инфекцияның әрекеті өте кенет болуы мүмкін, оның әсерінен дененің ішкі мүшелерінің функциялары, мысалы: жүрек, өкпе, бүйрек, бұзыла бастайды. Сепсис ауруханаішілік инфекция нәтижесінде де дамуы мүмкін. Сепсис көптеген себептерден туындайды: стафилококк, стрептококк, пневмококк. менингококк. Mycobacterium Koch қоздырғышы. Оның клиникалық айырмашылығы дамуында кезеңдерге бөлінбей, айларға, жылдарға созылады, ағымы бойынша жедел, жеделдеу, созылмалы болып анықталады. Иммунологиялық тұрғыдан ол инфекцияға жауап бермейді, көбінесе жоғары сезімталдық реакциясы дамиды. Сепсис кезінде жұқпалар бүкіл денеге таралады. Бұл өлімге әкелетін инфекция.
Ағымы бойынша:
-жарақаттық-көлемді инфекциялық жарақатта.
-абдоминальді-перитонитте,іш қуысының абцесінде.
-гинекологиялық-ананың жыныс ағзаларының жедел қабынулық
ауруларында,босанғаннан соң.
-уросепсис-несеп шығару жолдарының жедел инфекциясында
-операциядан кейінгі-операциядан кейінгі іріңді асқыну салдарынан.
-имплатациялық-ағзаға енгізілетін немесе сонда қалдырылатын
заттардың инфекциялануы\тамыр катеторлары және
протездер,жүректің клапоны т.б\
-криптогендік-бұнда инфекция көзін табу қиын.