Қ. А. Ясауи атындағы казақ-түрік унтверситеті



бет4/5
Дата07.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#156835
1   2   3   4   5
Байланысты:
патфиз бөж 3-3-3

Клиникалық көріністер:


Ол өзiнiң ауыр сипатта дамуымен көрiнедi. Бұл бiрiншiлiк инфекциялық ошақтың бас миымен жакындасуынан дамиды. Сепсистiң ен алғашқы белгiлерiне тез арада температураның 40 градуска дейiн жоғарылап кетуi жатады. Пациент өзiн жайсыз сезiнiп, онда кызба мен тердiн көп мөлшерде болуы байкалады. Тердiң көп мөлшерде ағуы ағзаның сусыздануына және жалпы жағдайының нашарлауына әкеледі. Сонымен катар, жүрек соғысы жиiлейдi, әлсiз қысымның темендеуi, шырышты қабыктардық кебуі, тілде ақ дақтар пайда болады, терi қабатының түсі-ақшыл жасыл. Егерде бас миы зақымдалган болса, бастың ауруы, құсу, менингеальды симптомдар байкалады. Тыныс алу жиілеп, көздiң склера сарғыштау болады, бұлшықеттерде, буындарда, белде, журек аумағында ауырсыну басталады. Құлақ артында кызару, iсiну, бөртпелер көрiнуi мумкiн. Отогендiк сепсис иммуножетіспеушілік кезінде байкалады. Мысалы: ЖИТС, гипогаммаглобулинемия, лейкопения, онкогематологиялык аурулар кезiнде. Отогендік сепсис құлақ ауруларының iшiндегi ең сирек кездесетiн және тек қана 4-5% алатын сепсис. Дер кезінде емделмесе, өлімге әкелу қауіпі бар

Диагностикасы


Отогендiк сепсис диагностикасы шектелген уакыт аралығында жасалуы керек, өйткен пациенттер ауыр, критикалық жағдайда болады. Диагноз анықтау кезiнде ауру анамнезі манызды рөл атқарады. Диагностикага кiредi: 1) физикалық зерттеу-АҚ төмендеуі, жағдайының нашарлауы, сигмоидты синус және iшкi венаның тромбозының белгiлерi болып табылатын спецификалык Уайтинг және Гризингер симптомдарының байкалуы. Керек болса, отоларинголог наукаска сепсисті анықтау үшiн Отоскопия жасайды. 2) Жалпы қан анализ осы тәсiл отогендiк сепсистің бейспецификалык белгiлер анықтауға мүмкіндік береді, яғни лейкоцитоз және СОЭ ның жоғарылағандығынкөрсетеді. Сепсистің болуын лейкоциттердiн, түзілуі, гипохромды анемия, альбуминдердiн жетiспеушiлiгi, жалпы акуыздардын азаюы дәлелдейді
3) Қанның бактериаларды культурасы бұл зерттеу кан айналымындағы сепсистің қоздырғышын анықтауға мүмкіндік береді. Диагнозды далелдеу үшін қолданылады және анықталған микрофлораның азаюын дәлелдейді.
Сепсистен кейiнгi организмнiң қалпына сепсистен емделгеннен кейiн жедел түрде қалпына келтiру процесін бастаған жөн. Көптеген жағдайларда физиотерапия "белсендi" терапия бөлiмiнде басталады. Әр пациентке емдеу процессінің жеке жоспары құрастырылады. Күнделікті отыру, тұру, жүгіру және т.б жаттығулардан бастайды. Науқастар келесi ем шарасын реалибилитация бөлiмшесiнде жалғастыруға мүмкiндiгi бар. Сол бөлімшеде науқас физикалық жаттығуларды жалғастыруға жағдай жасайды, болашақта науқас күнделiктi өмiрдегi немесе денсаулығындағы қиындықтармен өз бетінше күресе алуға бейімделеді және жағдай жасайды. Кейбiр жағдайларда наукас дәрi-дәрмектер қабылдағысы келмей, емдеудi токтатқысы келедi. Кейбiр жағдайларда наукасқа оның ауруымен күресе алуы мүмкiн емес болып көрінеді, сондықтан ол емдеу шараларын тоқтатқысы келедi. Бұл жерде науқаска туыстары жағынан қолдау, демеу беру маңызды рөл аткарады. Наукастың психикалык жағдайын калыпты ұстап тұру үшін психологтар мен психиаторлармен жүргiзiлетiн жүргізілетін консультация және терапия кажет. Сонымен катар антидепресанттар және тыныштандыратын дәрiлердi тағайындайды.
Сепсистің алдын-алу шаралары:
Денсаулықты сақтау және отогендік сепсистің дамуын тоқтату үшiн уақытылы арнайы, рационалды дәрiгерлiк көмекке жүгіну керек. Негiзiнен құлақтын әртүрлi зақымдануларында ең алдымен отоларингологтын консультациясын алу керек. Дер кезінде дәрiгерге жүгінбесе, ауру одан әрі асқынып iшкі ағзалардың патологиясына алып келедi. Инфекциялық сепсис және метастаздық ошақтары каншалыкты көп болса, соншалықты жағымды не алып келуi аз. Профилактикалық шараларға ауруды ерте диагностикалау, аурудан толық емделу, отоларингологтын антибактериалды терапияга қатысты ұсыныстарын сақтауымыз қажет. Екiншiлiк профилактика иммуножетіспеушілік жағдайды қалпына келтiру, иммунитет жүйесiн жаксарту. Емнен кейiн жоғары нәтижелерге жету үшін пациенттер де, дәрiгерлер де, медперсонал да, физиотерапевтер де, емдеу-сауықтыру шараларын жасайтын адамдардын да атқаратын рөлi манызды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет