Клиникалық және морфологиялық түрлері бойынша:
- септицемия
- септикопиемия
- септикалық эндокардит
Сепсистің алғашқы белгілері
Клиникалық-морфологиялық белгілеріне қарай:
Септицемия — сепсистің метастазсыз түрі. Бұл кезде көкбауыр үлкейіп, лимфа түйіндері ұлғаяды. Ішкі органдарда дистрофиялық өзгерістер, қабынулар байқалады.
Септикопиемия кезінде сепсистік ошақтар өкпеде, бүйректерде, ми тінінде, жүректе басталады. Іріңді қабыну сепсис ошағынан айналадағы тіндерге өтіп, іріңді плеврит, перикардит, перитонит дамиды.
Сепсистік эндокардит жүрек қақпақшаларынан басталады. Соның нәтижесінде некроз ошақтары пайда болады. Өзгерген қақпақшалар ыдырап, олардың бетінде тромбтар түзіледі.
Тромбоз организмде инфаркт ошақтарының қалыптасуына жағдай туғызады. Кейбір жағдайда ішектің, аяқтың және терінің гангренасы дамуы мүмкін.
Сепсис — өте қауіпті ауру, сондықтан, көп жағдайда бұл аурумен ауырған адамдар жазылып кетпейді
Ауыр сепсис – деп, айқындалған жұқпа ошағы және жүйелік қабынулық серпілістер синдромының екіден астам көрсеткіштері болуымен көрінетін, белгілі организм жүйесінің жеткіліксіздігімен сипатталатын сепсисті айтады. Бұл кезде ересек адамдарда тыныстық дистресс-синдром, кардиогендік қан айналым жеткіліксіздігі, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі т.с.с. бұзылыстар байқалады.
Сепсистік сілейме – артериялық қысым сынап бағанасы бойынша 90 мм-ден төмен түсіп кетуімен көрінетін сепсистік синдром және бұл кезде тамыр тарылтатын дәрілер әсер етпейді.
Сепсиске жиі ұшырайтын адамдар:
• Егде жастағы адамдар;
• Соңғы 6 аптада операция жасалған адамдар;
• Жақын арада жарақат алған адамдар;
• Иммунитеті төмендеген адамдар.
• Аяғы ауыр әйелдер немесе жақын арада туған әйелдер;
• Химиотерапия жасалған адамдар;
• Ауруханада ұзақ жатқан адамдар;
Сепсис симптомдары:
артериялық қысымдын төмендеуi;
температураның жоғарылауы;
тамыр соғысы жиiлiгiнiң жоғарылауы:
науқастың жағдайынын нашарлауы:
әлсiздiк;
шаршағыштық;
несеп бөлінуінің азаюы;
Достарыңызбен бөлісу: |