жоқпын
бар-ма-дым барған
емеспін
мүмкін
кел-ер-мін келуім
ықтимал
айт-ып-ты айтқан екен
бол-ып-ты болған екен т. б.
7. Ётістіктің дүркінді және қайталама сыпатта айтылуы қосым-шалар арқылы беріліп морфологиялык; тәсілмен де, қосарланып немесе күрделеніп аитылатын аналитикалық
132
тәсілмен де қолданылады және бұлар өз ара мағыналас топ құрайды. Бұған:
айт-ыңқыра айта түс айта бер
жүр-іңкіре жүре түс жүре бер
түрт-кіле-у көп түрткі көрсету
сөйлеп-сөйлеп көп сөйлеп ұзақ сөйлеп
естілер-естілмес әрең естілетін
т. б. көптеген салыстырма мысалдар келтіруге болады.
8. Морфологиялық тұлғалардың өз ара мағыналас болып келетіні тәрізді аналитикалық тіркестердің де өз ара мағыналасып келетіні жоқ емес.
Айта ғой мен айтып ж і б е р, ұ ра т ү с пен ұра бер, (ин-ститутте) оқып ж ат ы р мен оқып ж ү р, қоя с а л мен қоя ғ ой тәрізді көптеген күрделі компоненттер бұған мысал болады.
Етістік саласындағы грамматикалық синоним мәселесін сөз ету-мен бірге мына жәйіттерге де назар аудару қажет болады.
Біріншіден, жоғарыда келтірген бірсыпыра салыстырма мысалдар ішінара синонимдік топ құраумен қатар тарихи зерттеуде тілдік факті есепті белгілі роль атқарады. Солай бола тұрып, күні бүгін көп қиындықтарға кездестіріп отырғандары да жоқ емес. Мәселен, мен барғанша сен кетпе деген сөйлемдегі -ғанша күрделі аффиксті етістікті мағынасын сақтап, мен б а р м а й сен кетпе деуге әбден болады. Сөйтіп -ғ а н ш а формалы етістік көп жағдайда мезгілді, қимыл-сын, себеп-салдарды білдіріп, көсемше мағынасында қолданылады. Осыдан барып -ған\\-ген формалы есімшелер: кел-ген-ше, кел-ген-мен, кел-ген-нен, кел-ген-діктен, кел-ген-дей т. б. тұлғаларда сөйлемнің пысықтауыш мүшесінің қызметтерін атқарып, етістік тұрғысынан көсемшелермен ұштасады. Сондықтан да бұл тәрізді формалар бірде есімше, енді бір жерде көсемше категорияларына телініп, тілдегі өзінің тиянақты орнында көрінбей келеді. -мақ\\ ~м е к аффиксінің де есімше мен қимыл атаулары аралығында ауытқуы грамматикалық синоним болып келуінің салдарынан деп қарауға тура келеді.
Екіншіден, жеке сөздер тәрізді грамматикалық тұлғалар да бір-біріне мағыналары қанша жақын бола тұрып, тіл талғамы мен стильдік ерекшелікте толық балама есепті ауысып қолданыла бер-мейтін жағдайы да жиі ұшырайды. Бұған етістіктің болымсыз мағы- наларын беру тәсілдерін мысал етіп келтіруге болады. Көр-ме-дім мен көр-ген ж о қ-пын, сондай-ақ көр-ген е м е с п і н дегендерді қатар қойып, алғашқыдан соңғы екеуінің мәні өзгеше екенін оңай аңғаруға болады. Көрген жоқпын мен көрген емеспін дегенде болымсыздық мәні үзілді-кесілді айтылып тұр. Көрмедім дегеннен бұрынды-соңды көріп жүрсе де соңғыда көрмегендік баяндалады. Бұл сияқты мағыналық ауытқу, стильдік айырма синоним категориясына тән қасиеттерден саналады.
ЕТІСТІКТІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Етістіктің жоғарыда атап өткен лексика-грамматикалық сипаты мен оның таза грамматикалық қасиетін, былайша айтқанда, сөздерді түрлеңдіруші (формообразование) және сөздерді байланыстырушы (словоизменение) категорияларынан бөліп қарауға меже болатын ерекшеліктерінің қатарына болымсыздың -ма\\-ме аффиксі де жа-
133
тады. Өйткені етістікке тән рай, шақ, жақ және есімше мен көсемще аффикстерін қосқанда, олар:
т. б. осы тәрізді вертикальды тәртіппен орын ауысып, түбірден соңғы болымсыздық жұрнағынан соң қосылады. Осы бір заңдылықтар туынды түбір тұлғалы етістіктерде де, етіс және вид категорияларында да сақталып отырады. Мыс.:
Болымсыздық мәніндегі -ма\\-ме аффиксінен соң беретін ма-ғынасы мен атқаратын қызметіне сай бірінің орнына екіншісі ауысып, орын алмастыра қосылатын рай мен шақ, есімще мен көсемше және жақ категориялары етістіктің грамматикалық сипатын айқындайды да, өзіндік қасиеттерімен танылады. Бұларға қарағанда қимыл есімдерінің (тұйық рай) орны өзгеше болып келеді.
Етістік түбіріне -у (жет-у, қу-у, боя-у); -ы с, -і с (ол к е т і с і-м е н) форманттары үстелу арқылы тідде аса жиі кездесіп, кең тараған бұл тұлғалар к і р-у-г е болады, б і л-у-г е тиіс, барысымен т. б. осы тәрізді қолданылуыңда етістік аясына жатады да, көптеліп, тәуелденіп, септеліп (қ а р с ы л а с у ы ң д ы қой, оқудың шегі жоқ, ауыл шетіне жетулері-ақ мұң екен; Онда олардың бұл ұзақ отыры- старының себебін білмеген едік), есімдермен ұштасады.
Ескерту: Грамматикалық орны даулы болып отырған -мақ//-мек (айт-пақ, күт-пек), -ыс, -іс (отырысы да ұнамады) аффикстерін, біріншіден, түртпек (т ү р т п е к к е салды), жұм-бақ (жұмбағым жұтылды) тәрізді есімдермен шатыстыруға боямайды. Екіншіден, ол бүгін к е л м е к, сен онда б а р ма қ(шы) с ы ң т. б. тұлғаларда тұрып, -мақ //-м е к аффикстілер белгілі рай; шақ, жак; т. б. етістікке тән грамматикалық тұлғалануға түсіп, есімшелер тобымен жалғасады.
Ортақ етіс немесе көптік мәнде айтылатын келіс (олар өз ара келісті),
134
қалыс (бізге қарай қалысты) т. б. сөздердегі -ыс//-іс формасы мен жүр-іс, тұр--ыс-ы дегендердегі омоним формалардың да әрқайсысының өзіндік орны бар. Сон-дай-ақ: Қырғын соғ-ыс жүріп жатты немесе оның балға соғ-ыс-ы ерекше еді дегендегі соғыс сөздері де табиғаты бөлек сөз таптары тұрғысынан қарауды керек етеді. Соңғы сөйлемдегі соғ-ыс, кір-іс (ол есіктен кірісімен үйдегілерге сәлем берді) т. б. кимыл есімдерінің тобына жатады.
Өздерінің грамматикалық қолданылуында бір-бірімен ауыс-түйіс қарым-қатынаста келетін шақ пен рай және жақ категориялары же-ке-дара сараланып қаралатын есімше және көсемшелермен де тығыз байланысып жатады. Бұл, әсіресе шақ пен рай категорияларында, соның ішінде ашық райда, көзге айқынырақ түседі. Бар-ар-сың, бар-ған-быз, бар-мақ-(шы) тәрізді т. б. есімше мен қара-й-сыз, көр-іп-ті, бер-ме-й-міз т. б. көсемше тұлғаларындагы етістіктердің осы грамматикалық тұлғалануы мен рай, шақ, жақ категорияларының белгілі мағыналарында қолданылуы бұған айқын дәлел болады.
Сөйтіп, жоғарыда санап өткен категориялар осы тәрізді тұтастығы және грамматикалық ерекшеліктерімен етістіктің грамматикалық жалпы сипатын танытады. Бірақ оған қарамай олардың әрқайсысы бір-бірінен бөліп, өз алдына саралап қарауға келетін дербес катего-рияға жатады.
Сөйлеушінің айтуы арқылы іс-әрекеттің ақиқат шындыққа деген қарым-қатынасын білдіретін рай категориясы: а ш ы қ р а й, б ұ й-рық рай, шартты рай, қалау рай болып төрт түрге бөлінеді.
Әрбір райдың өзіндік мағыналық ерекшелігімен қатар беретін белгілі шақтық мәні, жақтық көрсеткіштері болады.
Іс-әрекет, амал, қалып процесінің мезгілдік шама-шарқымен сөй-леп тұрған немесе басқадай уақыт қарым-қатынасын білдіретін: ө т-кен шақ, осы шақ, келер шақ түгелімен дерлік ашық райда, жекеше және көпше больш сараланатын үш жақта жан-жақты және реальды мәнінде толық көрінеді.
Жекеше (мен, сеп, сіз, ол), көпше (біз, сендер, сіздер, олар) және анайы (сен, сендер), сыпайы (сіз, с\здер) дөп жіктеліп, үш жаққа (1 —.мен, біз; 2 — сен, сіз, сендер, сіздер; 3 — ол, олар) қаратыла айтылатын бұйрық рай келер шақ мәнін білдіреді.
Шартты рай мен қалау рай шақ пен жақ категориясына қаты-насты болып келуі тұрғысынан бұлардан оқшауланады. Орнына қарай өткен шақ (барғым келіп еді; ол келсе, сіз кетіп қалыпсыз), осы шақ (сөйлегісі келіп тұр) және келер шақ (барсаң етті, келсе игі еді) мағыналарын беріп үш жақтың жекешесі мен көпшесінде (бірак,: ол(ар) келсе) қолданыла беретін бұл райлардың әрқайсысына тән өзіндік мәні мен грамматикалық тұлғалары, жіктелу ерекшеліктері бар.
Есімдер мен етістіктерге қатынасты болып келуі жағынан аралық қасиетімен танылатын есімшелер де рай (есті-ген-сің білмеген
бол, кел-ер бол-са) мен шақ (айт-қан-сыз, кел-етін) және жақ
көрген категорияларымен тікелей байланысьш жатады.
Мағынасы мен грамматикалық қолданылуында етістік пен үстеу сөз таптарын байланыстыратын көсемшелер де, рай мен шақ және жақ категорияларына тікелей қарым-қатынаста болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |