№ басылым орнына



бет33/81
Дата06.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#48603
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81
Көбеюі және өсіп-дамуы: буаз болу мерзімі 86-92 тәулікке созылады. Балаларын кеуекте (қуыста) 2-5 –еу етіп туады. Қызыл кітапқа енгізілген.
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)
Сұрақтар:
1. Жыртқыштар отряды, мысық тәрізділер тұқымдасына сипаттама беріңдер.
2. Систематикасын (жүйеленуін)
3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?
4. Көбеюі мен өсіп-дамуы қалай өтеді?


11 - тақырып. Ескекаяқтылар отряды. Итбалықтар тұқымдасы PINNIPEDIA.
Ескекаяқтылар отрядына қысқаша сипаттама. Ескекаяқтылар — орташа және ірі көлемді жыртқыш жануарлар, сулы ортада мекендейді, бірақ өмірінің белгілі бір кезеңдерінде (көбею және түлеу кезінде) қатты субстратты (организм қоректеніп тіршілік ететін орта) (мұз, құрлық) және ұзақ уақыт бойы ауада болуды қалайды. Ескекаяқтылар- көп емес 30 түр шамасындағы топ. Қысқа мойны бірітіндеп біліктей денеге білінбей ауысады. Алдыңғы және артқы аяқтары жүзу ескектеріне өзгерген. Белгілі бір тұқымдастың артқы ескектері денесінің артына қарай қайырылады және құрлықта жануарлардың қозғалуына ықпал етеді. Кәдімгі итбалықтардікі алдыға қарай қайырылмайды, үнемі артқа қайырылып жүреді және қатты субстратта қозғалуға көмектеспейді. Көбінесе ескекаяқтылар ірі немесе орташа көлемдегі жануарлар, денелерінің ұзындығы 1.2-ден 6,0 м-ге дейін., салмағы 20 кг-нан 20 т-ға дейін болады. Көп түрдің жүн (котиктерден басқасы) қысқа, қатты, аздап түбітті, ал кей түрінде тіптен редукцияланған (морждар). Тістері қоректену ерекшеліктеріне қарай құрлықта өмір сүретін жануарлармен ұқсас, бірақ аздар дифференцияланған. Морждардың жоғарғы күрек тістері үлкен, кескіш тістерінің және азу тістерінің беткей жағы тегістеу келеді. Жануарлар тірі балықпен, моллюскалармен, шаянтәрізділермен және т.б. қоректенеді. Енскекаяқтылар суық және қалыпты жылы солтүстік пен оңтүстік жартышарда мекендейді. Тұқымдастың үшеуінен ТМД фаунасында, Қазақстанда тек бір түрі ғана нағыз итбалықтардың (Phocidae) —каспийлік итбалығы (Phoca caspica) мекендейді.

Нағыз итбалықтар тұқымдасыPHOCIDAE


Орташа және кішкентай көлемдегі, біліктей денелі, денесінің астына қарай қайырылмайтын артқы аяқтары бар жануарлар. Ересек жануарлардың түкті жамылғысы қысқа, қатты, түбіті жоқ. Көп түрдің жаңа туған балаларының жүні үлпілдек жәнеқалың болады. Бұл тұқымдастың 10 түрінен қазақстанда тек біреу-каспийлік итбалық (Phoca caspica ) ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет