№ басылым орнына


Систематикасы (жүйеленуі)



бет34/81
Дата06.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#48603
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81
Систематикасы (жүйеленуі): каспийлік итбалықтың байкал итбалығымен (Phoca sibirica) және Шығыршықты нерпамен ортақ ұқсастықтары көп.
Каспийлік итбалық Каспий теңізінің бассейніндегі жалғыз түр және географиялық басқа пішіні жоқ.
Сипаттамасы: бұл итбалықтың суда өмір сүруге бейімділігі және құрлықты қаламайтыны сыртқы пішініне көп өзгерістер әкелген. Сыртқы пішіні бойынша ұршық тәрізді формалы, денесінің алдыңғы жағы жуандау. Басы үлкен емес, денесі сияқты тығыздалған. Мойны қысқа және денесіне қарай бірқалыпты ауысады, қозғалысы шектелген. Алдыңғы аяқтары редукцияланған, ескектерге өзгерген және де қатты субстратта қозғалу мақсатында қолданылмайды. Олар алдыға, артқа және төмен жоғары қарай бүгілу қабілетін сақтап қалған. Алдыңғы аяқтарындаңы бармақтарының мықты тырнақтарымен мұз бетіндегі тыныс алу үшін, мұз бетіне шығу үшін тесіктерді кеңейтеді, қоректерін жұлмалау үшін пайдаланады. Артқы аяқтары денесінің астына қарай қайырылады, Аяқ-қол бөлімдерінің үлкен бөлімі кожно - бұлшық етті қапта орнында болады; дистальді олардың бөлімі ұзартылған және көлденеі еркін иіледі - оңға және солға .
Артқы аяқтарының бірінші және бесінші бармақтары ұзындығы бойынша үлкен емес, ал ортаншысы қысқарақ. Барлық бармақтарының арасы жарғақпен қосылған, бұл ескегінің көлемін үлкейтіп тұрады. Итбалықтың артқы аяқтарының табаны жоғарыға қаратылған. Құрлықта өмір сүретін жануарлармен салыстырғанда суда өсім сүруге бейімделгендіктен қаңқасының және бұлшық ет массасы аз болады: дене салмағының 7—10%, тері асты майының — 34—52, қаңқасының — 4,03—7,31, бұлшық етінің— 27,7—30,3%. Итбалықты су астында жүзу кезінде оттегімен қамтамасыз етіп туратын көптеген механизмдері бар. Бұл олардың сыртқы демалысын уақытша тоқтатып қоюға мүмкіндік береді, бұл дельфиндерде 3-4 реттен аспайды. Жануарлардың қоректену ерекшеліктеріне қарай тістерінің жүйесі тек қоректі ұстап тұруға бейімделген. Азу тістері 3 қырлы, төртінші қыры кейбір особьтерде ғана кездеседі. Тістері астыңғы үстіңгі жақ тістері бірбіріне қосылған кезде құлып сияқтанып жабылып қалады. Бұндай жабылу кезінде көлемі тіптен кішкентай азықтарын да ұстап тұра алады. Каспийлік итбалықтың бас сүйегі жіңішке, созылыңқы. Тұмсық сүйектері маңдайы сүйегіне бекітіледі. Оның алдыңғы қырларында үш шығыңқы екі ұзын (шеткі) және қысқалау-орташа жақтары болады. Есту көпіршіктері сәйкесінше үлкен емес және үшбұрыш пішінді. Жыны жағынана жетілген жануарлардың дене тұрқы 125—160 см-ді құрайды, сонымен қатар аналықтары аталықтарынан едәуір кішкентай болады. Салмағы 100 кг болатын жануарларда кездеседі. Жыл мезгілдеріне байланысты жануарлар ең көп салмақты терең күзгі уақытта және қыс мезгілінің басында жинайды. Итбалықтардың барлық жас мөлшеріне қарай ең аз салмағы приплодтан басқасы, түлеу аяқталар шақта көктемде және жаз мезгілінің бастапқы кезінде байқалады.
Түлеу: ересек жануарларда түлек бір – ақ рет болады. Кейбір особьтерің түктерінің толығымен ауысуына 2-3 аптадан 1 айға дейінгі уақыт кетеді. Негізінде түктерінің түсуі көз айналасынан, басының бекі жағынан, ескектерінің алдыңғы жағынан, құйрығының маңайы және артқы ескектерінен басталады. Кейін арқа тұсында басынан құйрығына дейін домалақ және сопақша пішінде дақтар пайда бола бастайды. 7-10 күн ішінде ескі жүннен босаған аймақтары жоғарыдан төмен арқасынан ескектеріне қарай ауыса береді ол кезге дейін басқа жеріндегі ескі жүндері толығымен түсіп үлгереді. Ең ақырғы жандарындағы жүндер түседі. Итбалықтар қысқы ұзын жүндерін тастап жаңа қысқа сирек жүндермен қапталады. Бұл кезде жүннің көптеген реңдері болады, және бүкіл денсіндегі бұл реңдер оларды өте сүйкімді, әдемі етіп көрсетеді. Бірақ бұндай әдемі болып жүруі тек 2-3 аптаға ғана созылады.
Таралуы: каспийлік итбалық тек Каспий теңізінің маңын ғана мекендейді. Жануар сонымен қатар аз мөлшерде Иран территориясындағы өзен-суларда мекендейді.

Шығыршықты нерпа Тевяк









Хохлач Узделла итбалығы


Көбеюі және өсіп дамуы: аналық итбалықтар жыныстық жағынан 5 жылы ғана жетіледі. Аталықтары да осы кезде шағылысуға түседі. Каспийлің итбалықтың буаз болу мерзімі 11 ай. Халықшаруашылығындағы маңызы: ұзақ жылдар бойы итбалық өндіріс көзінің шикізаты болып келеді. Өйткені құнды шикізат-май береді. Бұл май парфюмерияда және медицинада пайдаланылады. Ірі жануарлардың терісін тері шикізаты ретінде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет