3 - тақырып. Кеміргіштер отряды. Ақ қояндар тұқымдасы. (Sciuridae) Кемірушілер отрядына қысқаша сипаттама:
Системетикасы (жүйеленуі): кемірушілер тұқымдасы – 35, туыс 355 және түр 1597 сүтқоретілер отрядын құрайды. Отряд сыртқы белгілірі әр түрлі, ұсақ және орташа мөлшердегі көптеген сүтқоректілерді қарастырады. Отрядқа келесі тұқымдастар кіреді: ақ қояндар, құндыз, жайра, шиншилла, су тышқан, қосаяқ, көртышқандар, тышқандар, атжалман тәрізділер,
Сипаттамасы: бас суйегінің беткі жағы ми бөлігінен қысқа. Көздері суйек доғасы жоқ ашық, есту аппараты қатты қампиған. Төменгі жағы тез қимылдайды (өсімдік тектес азықты жеп, шайнауға бейімделген). Шайнау бұлшық еттері дамыған. Тістері: күрек және азу тіске дифференцияланған, жыртқыш тістері жоқ. Азу тістері күрек тістерінен алшақ орналасқан ірі азу тістері үшкірленбеген. Шайнауға арналған тістер өткір емес төмпешік, ал кейбірінде жазық болып келеді. Бұл тістер үнемі өсіп және шайнау кезінде қайралып отырады. Мидың үлкен бөлігі үлкен емес, миы тегіс, жатыры 2 бөлікті, жыныс мүшесінде сүйек бар кейде кездеспейді. Түкті қабаты әр түрлі, кейбір түрлерінде ине тәрізді түрге ауысады ұштары 5 салалы, сирек 4 салалы, және 3 салалы болады. Күрек тістері жақсы жетілген және жануарлардың даму кезінде үнемі өсіп отырады; қоректенгенде өздері қайралып отырады. Көбінің асқазаны жай түрлі, ішегі сәйкесінше ұзын және соқыр ішегі жақсы дамыған.
Таралуы. Кемірушілер әр түрлі ландшафтыда өмір сүреді. Олар қилы өмір жағдайына бейімделген. Жабайы сүтқоректілердің ішіндегі кемірушілер ғана адам баласының мекенінде бірге жүреді. Олар қазіргі заманғы құрылыстарда және қалаларда жүре береді. Бұлардың қозғалу қабілеті де әр түрлі: жүгіретіндер, секіретіндер, өрмелегіштер. Кейбіреулері тіпті жоспарлап ұшады. Өсімдікпен қоректенеді. Экваторға дейін полярлы және жазықтан қарлы таулы жерге дейін таралған. Кемірушілердің таралуы өсімдік жамылғысымен байланысты, олардың қорғаныштық және азықтық маңызы бар. Әр түрлі температуралық режимдерді жақсы көтереді және соған байланысты жүнінің жыл мезгіліне қарай өзгереді. Кейбір кеміргіштер жайсыз уақытта азық жинаса, кейбірі ұйқыға кетеді. Кеміргіштердің кейбір топтары (мысалы тышқандары) кеуде алды аутотомиясы бар. Жауымен құйрығынан ұстаған жануардың терісі құйрық құйрық омыртқасынан сырғып түседі. Жаланаш қалған құйрық ұшы құрап түсіп қалады, кей түрлерінде шектеулі регенерация байқалады.