Көбеюі және өсіп дамуы: Түрдің көп бөлігінің аналығы жылына бірнеше ұрпақ әкелді. Балаларының саны 2 ден 8 - ге дейін тіпті 15 көжекке дейін құбылып өзгереді. Інде тұратындарының балалары жалаңаш және соқыр, әлсіз болып туады. Ал жақсы тұрағы жоқтары көреген, денесі түкті тіптен туа сала қозғалысқа бейім болып туады. Буаз болу мерзімі 26 – 55 күнге дейін. Жыныстық жетілуі 10 аптадан 2 жасқы дейін. Қояндардың жаулары көптеген жыртқыш құстар және сүт қоректілер.
Халық шаруашылығындағы маңызы. Қоян жүні фетр өндірісінде (қоян жүнінің және мех қалдықтарынан басылған мата дайындау өндірісі) шикі зат, сирек жүн тауары ретінде қолданысқа ие.
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)
Сұрақтар:
1) Системетикасы
2) Таралған мекені
3) Қоян тәрізділер отрядына сипаттама беріңдер?
4) Көбею мен өсіп дамуы қалай жүреді?