Аққояндар тұқымдасы — SCIUR1DAE Систематикасы: аққояндар тұқымдасы. Кіші тұқымдастардан тұрады, нағыз тиіндер, суырлар, ала тышқан, саршұнақ Қазақстанда осылардың барлығы кездеседі.
Сипаттамасы: кемірушілер негізінен орташа және ірі мөлшерлі болып келеді, дене ұзындығы 60см, салмағы 8 кг ге дейін. Ұсақ түрлері тропиктермен суптропиктерде мекендейді. Ағаш және жартылай ағаш кемірушілердің денесі мүсінді, мойны анық көрінеді, құйрығы ұзын, қалың жүнді, аяқтары әсіресе артқысы ұзын, ұзыншақ жінішке бармағында ұшталған тырнағы бар. Үйде тұратын жануарлардың мойны көрінбейді, құйрығы сәйкесінше қысқа, сәл үлпілдек. Аяғы қысқа, бармағында сәл бүгілген тырнағы бар. Бірінші түрлердің алдыңғы аяқтарының бармақтары жетілмеген, ал екіншісінікі кейде тіптен болмайды. Түкті жамылғысы өзгермелі, ағаш кемірушілердікі қалың, жұмсақ және үлпілдек. Жүн түсі сұр, кейде қара және жирен түсті. Суырлар еуразия және солтүстік Америкада санаулы таралған. Олардың жеке өкілдері Тундра және суптропиктерде кездеседі. Азияттық ұзын құйрықты саршұнақ Америкалық ұзын құйрықты саршұнаққа жақын. Қазіргі кезде Азияттық ұзын құйрықты саршұнақтардың келесі түрлері белгілі; олардың ақырғы екеуі Қазақстанда кездеседі:
Байқал сыртындағы ұзын құйрықты саршұнақ; 2) нерчиндік ұзын құйрықты саршұнақ; 3) якуттық ұзын құйрықты саршұнақ; 4) амурлық ұзын құйрықты саршұнақ; 5) алты айлық ұзын құйрықты саршұнақ; 6) моңғол ұзын құйрықты саршұнағы.
Сипаттамасы: арқасындағы жүннін түсі бұрыл қызғылт, басының жоғарғы жағы жирендеу келеді. Ұсақ ашық түсті жолақтар басының жоғарғы жағында байқалады. Саршұнақтардың Қазақстандық түрлерінде мезгілді жүнінің диморфизия көрінеді. Қыста жоғарғы жағы ашық сұр, көрнекі, ал төменгі жағы сарғыштау. Жазда арқасы жирендеу реңі бар қара. Түкті жамылғысы жұмсақ және үлпілдек, 12-15мм.
Таралуы: азияттық ұзын сар шұнақ Тянь Шаньның солтүстік бөлігінде және онт. Сібірден Амурға дейін, Монғолия, солт. және солт. Шығыс Қытайға дейін. Қазақыстанда, Жонғар Алтауды сонымен қатар онт. және онт. Батыс алтайда таралған.