№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының


Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдарды өндіру



бет5/15
Дата06.07.2018
өлшемі3,7 Mb.
#48073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдарды өндіру

Саланың мекемелері 2009 жылы 1063,0 млн.теңгеге өнім шығарды, немесе физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 86,9 % құрады. Олардың ішінде ағаштан өнімді шығару көлемінде – 883,7 млн.теңге, ал ағаш кесі және жону өндірісі – 179,3 млн.теңге. 2010 жылы – 1118,3 млн.теңге немесе өсу көрсеткіші 105,2 % құрады. 2015 жылға қарай өндіріс көлемін 1410,6 млн.теңгеге өсіру күтіледі, немесе 2009 жылмен салыстырғанда өндіріс 132,7 % өседі.

2011-2013 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында осы саладағы кәсіпорындар өнім шығаруы: 2011жылы – 1414,4 млн. теңге (НКИ – 89,6 %), 2012 жылы – 1211,4 млн. теңге (НКИ – 142,1 %), 2013 жылы – 1483,2 млн. теңге (НКИ – 143,5 %), 2010 жылы тиісті кезеңімен 43,5 % (2008ж. - 75,2 %). 2014 жылы саланың өндіріс көлемі 2073,4 млн. теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 89,2% құрады.

Облысымызда Ағаш өндірісі және ағаштан бұйымдарды өндіру өндірісін шығару көлемі бойынша 0,5 % алады.

2012 жылы 1211,4 млн. теңгеге өнім шығарды, немесе нақты көлем индексі 2011 жылмен салыстырғанда 142,1 % құрады. Олардың ішінде ағаштан өнімді шығару көлемінде – 848,7 млн. теңге, ал ағаш кесі және жону өндірісі – 362,7 млн. теңге.

Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды шығарудың НКИ 2014 жылдың жоспары 100%, 2014 жылдың орындалуы 89,2%. Ауытқуы(-10,8) п.п. құрады.

2014 жылы саладағы кәсіпорындарымен 2073,4 млн. теңгенің өнімі өндірілген, 2013 жылға (1483,2млн.тг.) қарағанда 590,2 млн. теңгеге өнім артық өндірілген. Жалпы өнеркәсіп өніміндегі саланың үлесі 0,3%-ды құрайды.

Саладағы «Арыс шпал зауыты» ЖШС (шпал өндіру көлемінің төмендеуі), «Телекомтрейд» ЖШС (ағаш бағаналары өндірісі көлемінің төмендеуі) орын алды. Қазіргі кезде, ағаш өнімдерінен заманауи темірбетон шпалдарына және бағаналарға көшу байланысты, ағаштан жасалған өнімдерге деген сұраныс болмауда.

Нақты салада негізінде ағашты өңдеумен және ағаштан дайындалған өнімдер өндірісімен айналысатын шағын мекеме-цехтар қызмет көрсетеді (терезелер, есіктер, олардың рамалары, табалдырықтар, құрылысқа арналған ағаш құрастырғыштар, столярлық өнімдер және т.б.).



Целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі, баспа ісі

Сала мекемелері 2009 жылы 1476,1 млн.теңгеге өнім шығарған немесе олардың физикалық көлем индексі 2008 жылға қатысты 168,2 % құрады. Олардың ішінде қағаз және қағаз өнімдері көлемінде 945,4 млн.теңге, ал баспа және терілген материалдарды қайта өңдеп шығару – 530,7 млн.теңге. 2010 жылы – 1773,5 млн.теңге немесе өсу көрсеткіші 96,5 % құрады. 2015 жылға қарай өнім көлемін 2415,6 млн.теңгеге өсіру жоспарланып отыр, немесе 2009 жылмен салыстырғанда 1,6 есе өседі.

2011-2013 жылдары Бағдарламаны іске асыру мақсатында облыста кәсіпорындармен шығарылғын өнімі: 2011 жылы – 2684,0 млн. теңге, және қағаз және қағаз өнімдерін 2009,9 млн. теңгені құрады, баспаханалар баспа материалдарын – 674,1 млн. теңге. (НКИ – 66,8 % және 101,8 %), 2012 жылы – 2278,7 млн. теңге, (1510,7 млн.теңге; 768,0 млн.теңге; НКИ – 142,2 % және 112,5 %), 2013 жылы – 4532,8 млн.теңге (2618,0 млн.теңге; 1914,8 млн.теңге; НКИ – 142,9 % және 107,0 %). 2014 жылы өнім көлемі 3969,5 млн. теңгені немесе 2013 жылға қарағанда 77,4% құрады.

Нақты салада негізінде баспаханалар баспа қызметін және шағын мекемелер қағаз өнімдерін шығару бойынша қызмет көрсетеді.

2012 жылы 1510,7 млн. теңгеге қағаз және қағаз бұйымдары шығарылды немесе 2011 жылға қарағанда нақты көлем индексі 142,2 % құрады; баспа және жазылған материалдарды басып шығару – 768,0 млн. теңге, НКИ – 112,5 %.

Салада негізінде баспаханалар баспа қызметін және шағын кәсіпорындар қағаз өнімдерін шығару бойынша қызмет көрсетеді.

ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде салада жалпы құны 1332,0 млн. теңге құрайтын және 106 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 2 жоба жүзеге асырылуда.

2012 жылы «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС (Қағаз өндірісін және картон бұймыдары жобасы ашылды. Кәсіпорын кеңселік қағаздарды шығарады 2013 жылы кәсіпорынмен 3,3 мың.тонна қағаз жалпы құны 563,4 млн. теңге. 2014 жылы 3,1 мың тонна қағаз шығарылды жалпы құны 796,1 млн. теңге.


Электр қуатын, газды және буды өндіру және үлестіру

2009 жылы облыс бойынша электрқуатын өндіру және үлестіру 1 386,0 млн. кВт/сағ болды, немесе жалпы республикалық көлемі 1,4 %, 2013 жылы - 1231,2 млн. кВт/сағ, жалпы республикалық көлемнің 1,3 %-ын құрады. 2009 жылы жылуэнергиясының өндірісі мен үлестіруі 1 782,5 мың Гкал болды немесе жалпы республикалық көлемнің 2,1 %, 2013 жылы - 3332,7 мың Гкал, жалпы республикалық көлемнің 3,2 % құрады.

Облыстың ішкі көздерімен облыстың электр қуатындағы қажеттігінің жартысы өндіріледі.

2009 жылы электр қамтамасыздығы, газды, буды жеткізу және ауада кондиционирлендіруі 24009,4 млн.теңге, 2012 жылы - 6780,4 млн. теңгені құрады, физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 106,2 %, 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 135,9 % құрады.

2012 жылы облыс бойынша электр қуатын өндіру және үлестіру 1 399,9 млн. кВт/сағ болды немесе жалпы республикалық көлемнің 1,5 %-ын құрады. Жылу энергиясын өндіру мен үлестіруі 3332,7 мың Гкал болды немесе жалпы республикалық көлемнің 3,2 % құрады.

2012 жылы электр қамтамасыз ету, газды, буды жеткізу және ауаны кондиционерлеу 6780,4 млн. теңгені құрады, 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 135,9 % құрады.

ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде энергетика саласында жалпы құны 14,2 млрд. теңгені құрайтын және 216 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 3 жоба жүзеге асырылуда.

Бағдарламаны іске асыру кезінде (2011-2013жж) электр қуатын өндіру және үлестіру 2011 жылы 33381,0 млн.тг, НКИ -105,2 %, 2012 жылы 37620,4 млн.тг НКИ 113,2 %, 2013 жылы 42366,4 млн.тг НКИ 95,6 %, НКИ 2010 жылмен 113,8 % (2008-133,4 %).

2014 жылы 52757,9 млн. теңге немесе 2013 жылға қарағанда 108,2% құрады.

Салада өндіріс өндіру көлемін өсіру үшін, қызмет көрсетіп отырған өндірістер көлемін арттыру және инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған.

ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде энергетика саласында жалпы құны 81,2 млрд. теңгені құрайтын және 291 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 6 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңда жалпы құны 0,5 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырылды және 31 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жергілікті мазмұнды дамыту

Қазақстандық мазмұндағы мәселедегі негізгі міндеттерді іске асыру мақсатымен ұйымдармен және мемлекеттік органдармен сатып алынатын ауарларды, жұмыстар мен қызмет түрлерін сатып алуда 2009 жылдан бастап қазақстандық мазмұнды және мемлекеттік тапсырыстарды ұлғайту, ұлттық өндірушілермен байланыстарды және отандық өндірушілерді қолдауды нығайту бойынша кезеңді жұмыс басталды.

Облыстың өндірістік кәсіпорындарына өнімді үлестірумен байланысты проблемаларын шешуде қолдау көрсету мақсатымен 2009 жыл бойында Шымкент қаласында «Самұрық-Қазына» ҰБҚ»АҚ ұлттық компаниялармен қазақстандық мазмұндағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуын арттыру бойынша Форум өткізілген.

Республиканың 7 облыс орталықтарында және жақыншетел өңірінде облыстың өндірістік кәсіпорындарының шығаратын өнімінің көшпелі тұсау-кеселері ұйымдастырылды.

Қазақстандық мазмұнды ұлғайту шеңберінде облыстың жүйетүзегіш мекемелерінің және ұлттық компаниялардың қызметіндегі жергілікті тауарлардың, жұмыстар мен көрстілетін қызметтің үлесін, сонымен қатар мемлекеттік сатып алымдардағы қазақстандық мазмұнның үлесін талдау және мониторингін жүргізу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасарының басқаруымен жұмыс тобы құрылған. 2009 жылдың қорытындылары бойынша 31 келісім-шарт 9 926,2 млн.теңгеге жасалды, соның ішінде: ұлттық компаниялармен 28 келісім-шарт 7 644,4 млн.теңге сомасында, жүйетүзегіш мекемелермен 5 келісім-шарт 2 281,8 млн.теңге сомасында. Мониторинг нәтижелері бойынша осы келісім-шарттар түгел орындалды. 2010 жылы ұлттық компаниялармен өткізілген көшпелі мәжілістер аясында (Тараз қаласы) 7 меморандум 556,6 млн.теңге сомасында жасалды, осы меморандумдар негізінде 13 келісім-шарт 1 075,7 млн.теңге сомасында бекітілді.

2011-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы 3 жылдың қорытындысы бойынша Республикада бірінші қатарларда.



2013 жылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:

Облыста бойынша жалпы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер 390,2 млрд.теңгеге сатып алынды, соның ішінде отандық тауарөндірушілерден тауарлар, жұмыстар мен қызметтер-302,5 млрд.теңге, қазақстандық қамту үлесі 77,5 % оның ішінде:

- мемлекеттік органдарда 203,6 млрд.теңге, отандық тауар өндірушілерден 185,1 млрд.теңге қазақстандық қамту үлесі 90,9 %;

- ұлттық компанияларда- 156,5 млрд.теңге, оның шінде отандық тауарөндірушілерден 102,9 млрд.теңге, қазақстандық қамту үлесі 65,7 % ;

- жүйе құраушы кәсіпорындарда - 30,2 млрд.теңге, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден 14,5 млрд.теңге қазақстандық қамту үлесі 48,2 %;

2014 жылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер 310,6 млрд. теңгеге сатып алынды, оның ішінде ішінде отандық тауар өндірушілерден 244,9 млрд. теңге жергілікті қамту үлесі 78,8%.

Оның ішінде:

- мемлекеттік органдарда 132,8 млрд.теңге, отандық тауар өндірушілерден 126,5 млрд.теңге (жергілікті қамту үлесі - 95,2%);

- ұлттық компанияларда – 40,4 млрд. теңге, оның шінде отандық тауарөндірушілерден 28,3 млрд.теңге (қазақстандық қамту үлесі - 69,8%);

- жүйе құраушы кәсіпорындарда - 31,4 млрд.теңге, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден 5,5 млрд.теңге (қазақстандық қамту үлесі – 17,7%).

Мониторинг көрсеткендей жүйе құраушы кәсіпорындарда қазақстандық қамту үлесі төмен болуда, соның ішінде тауар сатып алуда. Қазақстандық қамту үлесі төмен болудың себебі отандық тауарөндірушілердің СТ-KZ сертификаты болмаса бұл көрсеткіш отандық емес деп есептелінеді. Аталған мәселені шешу үшін әкімдік тарапынан фифндустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсыныстар жолданды, сонымен қатар жүйе құраушы кәсіпорындардың тауар жеткізімшілерге СТ-KZ сертификатын алу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстандық қамту үлесінің өсу резерві облыста отандық тауарөндірушілердің белсенді индустриалды-инновациялық жобаларға қатысу.

Қазіргі таңда, әлеуметтік құрылыс нысандарында (мектеп құрылысы, аурухана, балабақша, газқұбыры және су құбыры) отандық тауарөндірушілерден құрылыс материалын алуға мониторинг жүргізілуде.

Құрылыс нысандарында отандық тауарөндірушілердің материалдарын қолданылады. Бұл өз кезегінде жергілікті қамту үлесін арттыруға және отандық тауарөндірушілерге қолдауға ықпал етеді. Қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС мен бірлесе 2013 жылдың 21 маусымында отандық тауарөндірушілердің көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты тауар сатып алуда мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, жүйе құраушы кәсіпорындардың жергілікті қамту үлесін ұлғайту. Облыста отандық тауар өндірушілер базасы құрылды онда 700-ге жуық жергілікті тауарөндірушелердің шығаратын өнімдері туралы ақпараттар сенсорлы экрандар мен мониторларда жарнамалары орнатылды.

2013 жылы 137 кәсіпорын 459 сертификат алды, ал 2014 жылы 576 кәсіпорын 2130 «СТ-KZ» сертификат алды. Қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін жергілікті тауарөндірушілерді инвестициялық жобаларға тарту болып табылады.

ҚР 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарламасына сәйкес республикалық және өңірлік индустриаландыру картасы құрылды.

Қазіргі таңда, облыста 170 жоба іске асырылуда жалпы құны 705,2 млрд.теңге, 21 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Соның ішінде 2 жоба республикалық индустрияландыру картасына енген, ал қалған 168 жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген.

Жобаларды жүзеге асыруда қосалқы жабдықтарды сатып алынатын болады және жаңа технологиялар мен шетелдік компаниялардың құрылыс монтаждау жұмыстарына отандық мердігер мекемелері тартылуда.

Проблемалардың, қатерлердің, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы

Өңір өнеркәсібінің жүйетүзегіш мекемелерінің сатып алған тауарларындағы қазақстандық мазмұн дәрежесінің жоғары болмауына:



  • республика экономикасындағы қосалқы салалардың даму деңгейінің жеткіліксіз болуы, шикізатты сатып алуға мәжбүрлік;

  • өңдеу секторы өнімінің бәсекеге қабілетінің төмен болуы, осыған себеп алдымен мекемелердің технологиялық деңгейінің төмен болйына, олардың физикалық тозығына және жабдықтардың моральды түрде ескіруіне байланысты;

  • отандық мекемелердің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

  • айналым қаржыларының жетіспеушілігі және пайыздық ставкасы төмен ұзын несиелердің қолжетімсіздігі әсерін тигізеді.

Одан басқа, өнеркәсіп мекемелерінің маркетинг қызметтерінің әлсіз деңгейі тұтынушылар жағынан сұранысты төмендетеді.

Қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатымен келесі іс-шаралар өткізілуде:

Отандық тауарөндірушілердің республикалық Форумы, семинарлар, жұмыс бабында кездесулер. 2011-2015 жылдарға арналған қазақстандық мазмұнды дамытудың облыстық бағдарламасын әзірлеу жұмысы жүргізілуде, онда бірінші жетекшілердің қазақстандық мазмұн индикаторларына жетудегі жауапкершілігі қарастырылады. Қазақстандық мазмұн үлесін арттыру бойынша жұмысқа тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысы 2 жылдық кезеңнің (2011-2012жж.) және 2013 жылдың қорытындысы бойынша, жергілікті қамтуды дамытудың көрсеткіштері бойынша Республикада көш басында келеді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сатып алынған көлемі 196,3 млрд. теңгені құрады, жергілікті қамтудың үлесі - 80,4 %.


Облыс мекемелерінде менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарын ендіру

Қазіргі уақытта, өнімді үлестіру нарығын жаулап алу жоғары сапалы өнім шығармай, озық технологияларды қолданбай, ИСО 9000 халықаралық стандарттарға сай келетін сапа менеджментін енгізбей мүмкін емес.

Облыста «ИСО 9001, 14001, 22000, OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандартатрына сәйкес менеджмент жүйесін енгізу бойынша жоспар» бекітілген. ИСО халықаралық стандарттары қазіргі уақытта облыста кең танымал және ИСО стандарттарының рөлі жыл сайын артып отыр. Облыс мекемелерімен және кәсіпорындарымен менеджмент енгізу динамикасы, ол келесідей көрініс тапты: 2010 жыл – 129, 2011 жыл – 73, 2012 жыл – 100, 2013 жыл - 102, 2014 жыл - 155 кәсіпорын. Жалпы 2002 жылдан 2014 жылдар аралығында 670 кәсіпорын менеджмент жүйесін енгізген.

Оның ішінде:

1. ИСО 9001 сериясындағы – СПМ енгізген 510 кәсіпорын;

2.ИСО 14001 сериясындағы–СПМ енгізген (экологиялық стандарт) – 19 кәсіпорын;

3. OHSAS 18001 сериясындағы (еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы) – 13 кәсіпорын;

4. ҚР СТ РК ИСО 22000 сериясындағы СМБПП серии (тамақ өнеркәсібіндегі стандарт) – 5 кәсіпорын.

2015 жылға халықаралық сапа менджментінің сертификатын алған мекемелер саны 520 жетеді.

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2009 жылдың 3 тамызындағы «Отандық өндірушілердің халықаралық стандарттарға өтуге дайындығын анықтау бойынша жұмыс топтарын құру туралы» №388-од бұйрығына сәйкес, облыста жұмыс тобы құрылды.

Жергілікті бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды ынталандыру мақсатымен, жыл сайын өңір деңгейінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына үміт білдірушілердің «Қазақстанның таңдаулы өнімдері» байқау-көрмесі өтіп тұрады. Өңірлік байқаулар дипломанттары республикалық байқауларға қатысады.

2009 жылдың 12 қарашасында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйылығына үміт білдірушілердің «Қазақстанның таңдаулы өнімдері» байқау-көрмесіне Оңтсүтік Қазақстан облысынан 8 мекеме қатысты:

Республикалық Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйылығына үміт білдірушілердің байқауы қорытындылары бойынша «Меланж» АҚ «Тұрғындар үшін тауар өндіретін үздік мекеме» номинациясында жеңімпаз танылды.

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 14 кәсіпорын қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының жеңімпазы «Химфарм» АҚ атанды.



Инвестициялар

2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 319,0 млрд. теңгені немесе 2008 жылға қарағанда 151,3% құрады, 2010 жылы - 262,6 млрд. теңге (78,6%); 2011 жылы – 273,0 млрд. тенге (97,5%); 2012 жылы – 318,2 млрд. теңге (110,2%); 2013 жылы – 415,3 млрд. теңге (124,7%), 2014 жылы – 449,4 млрд. теңге (102,8%).



Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетел (сыртқы)инвестицияларының үлесі 2014 жылдың жоспары 24,5%, 2014 жылдың орындалуы 21%. Ауытқуы(-3,5)п.п. құрады.

2014 жылы облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 449 384,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде сыртқы инвестиялары 94292,3 млн.тг. 2013 жылмен салыстырғанда сыртқы инвестиялар көлемінің индексі 41,8%-ға төмендеді. Бұл облыста жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларға (Азия және Бейнеу-Шымкентмагистралды газ құбырлары, Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі) тартылған сыртқы инвестициялар көлемінің төмендеуімен түсіндіріледі. Осы жобаларға 2013 жылы 149274,9 млн. теңге тартылған болса, 2014 жылы ол 97099,3 млн. теңгені құрады немесе 52175,5 млн. теңгеге азайып, өткен жылдың 65%-ын құрады.



1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 2014 жылдың жоспары 47,4 бірлік 2014 жылдың орындалуы 46 бірлік. Ауытқуы (-1,4) құрады.

Болжам бойынша көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда 47,4 бірлікті құрауы тиіс, алайда нақты көрсеткіш 46 бірлікті құрады (-1,4 бірлік). Көрсеткіштің орындалмауы шағын және орта бизнес субъектілерінің есептеу методикасының толық жетілмегені есебінен орын алып отыр. Статистикалық көрсеткіштер нысаналы көрсеткіштер бойынша статистикалық есептерді тапсырған кәсіпкерлердің есебінен жинақталған. Уақытша тоқтап тұрған және нөлдік есептерді тапсырған кәсіпкерлер белсенді субъектілер болып саналмайды. Бүгінгі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есептеу методикасы өзгертілген. 2015 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіш орындалатын болады.



Қаржыландыру көздері бойынша





2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

Негізгі капиталға инвестициялар

319 043

100

262595

100

273 094

100

318 168

100

415276

100

449385

100

республикалық бюджет

75 202

23,6

68 053

25,9

60 103

22,0

78 908

24,8

51 963

12,5

42570

9,5

жергілікті бюджеті

11 364

3,6

25 589

9,7

41 110

15,1

44 519

14,0

56 712

13,7

95300

21,2

меншікті қаражаттар

52 615

16,4

79 881

30,5

87 491

32,0

124 950

39,2

116967

28,2

178972

39,8

шетелдік қаражаттар

161 504

50,6

60 983

23,2

54 297

19,9

24 347

7,7

153870

37,1

94292

21,0

қарыз қаражаты

18 357

5,8

28 089

10,7

30 093

11,0

45 445

14,3

35764

8,6

38251

8,5


Технологиялық құрылымы бойынша

жалпы көлемге пайызбен





Пайдалану бағыттары бойынша
жалпы көлемге пайызбен

Экономикаға инвестициялардың жұмсалу динамикасы соңғы жылдары жыл сайын өсу тенденциясы байқалады. Өнеркәсіп инвестициялар үшін басым сала бола тұрып, 2009 жылы негізгі капиталға жұмсалып отырған инвестициялардың жалпы көлемінің 23,8 %, 2010 ж. – 47,6 %, 2011 ж. – 45,5 %, 2012 ж. – 44,0 %, 2013 ж. – 32,3 % және 2014 ж. – 37% құрайды.

2009 жылы өнеркәсіптің негізгі капиталына жұмсалған 75950,4 млн.теңгеге құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 33734,2 млн.теңге инвестициялар тартылды (2008 жылға - 79,5 %), өңдеу өнеркәсібіне түскен инвестициялар – 24957,7 млн.теңгені құрады (2008 жылға – 164,5 %). Өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялардың қаржыландыру көздері кесіндісінде: бюджеттік салымдар – 13603,7млн.теңге, кәсіпорындардың өз қаражаттары - 26610,4 млн.теңге, шетелдік – 20639,1 млн.теңге және қарыз қаражаттар – 15097,2 млн.теңге.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінде (2011-2013 жж.) өнеркәсіптің негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі келесідей қалыптасты: 2011 ж. – 124187,3 млн. теңге (ИКИ – 93,1 %), о.і. тау-кен саласында – 37015,6 млн. теңге (ИКИ – 96,4 %), өңдеуде – 23922,2 млн. теңге (ИКИ – 58,0%); 2012 ж. – 140066,5 млн. теңге (ИКИ – 106,7 %), о.і. тау-кен саласында – 32384,1 млн. теңге (ИКИ – 82,8 %), өңдеуде – 23125,0 млн. теңге (ИКИ – 91,5 %); 2013 ж. – 134121,6 млн. теңге (ИКИ – 91,5 %), о.і. тау-кен саласында – 44254,0 млн. теңге (ИКИ – 130,5 %), өңдеуде – 35486,4 млн. теңге (ИКИ – 146,6 %), 2014 ж. – 166285,6 млн. теңге (ИКИ – 117,7 %), о.і. тау-кен саласында – 38438,0 млн. теңге (ИКИ – 82,5 %), өңдеуде – 51399,0 млн. теңге (ИКИ – 137,6 %).

2012 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 318,2 млрд. теңгені құрап, 2011 жылға қарағанда 10,2 %-ға, 2013 жылы 355,3 млрд.теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 46,6%-ға, ал 2008 жылға қарағанда 59,2 %-ға өскен.

Жалпы ішкі өнімдегі негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың үлесі 2014 жылдың жоспары 22,0%, 2014 жылдың орындалуы 19,0% Ауытқуы(-3) п.п. құрады.

2014 жылы жалпы өңірлік өнім 2399860,9 млн.теңгені құрады. 2014 жылы облыс бойынша негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 449 384,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде сыртқы инвестициялары 94292,3 млн.тг. 2013 жылмен салыстырғанда оның көлемінің индексі 41,8%-ға төмендеді. Бұл облыста жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларға (Азия және Бейнеу-Шымкент магистралды газ құбырлары, Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі) тартылған сыртқы инвестициялар көлемінің төмендеуімен түсіндіріледі. Осы жобаларға 2013 жылы 149274,9 млн. теңге тартылған болса, 2014 жылы 97099,3 млн. теңгені құрады немесе 52175,5 млн. теңгеге азайып, өткен жылдың 65%-ын құрады. Соның есебінен ЖІӨ негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың үлесі 22,0%-дан 19%-ға төмендеді.

2014 жылы өнеркәсіптің негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 104,1 млрд. теңгені, 2013 жылы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,1 % құрады.

Облыста «Оңтүстік» АЭА қызмет етеді. 2005 жылы мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылды, оның жалпы ауданы 200 га, негізгі мақсаты – тоқыма және тігін өнеркәсібінің дамуы үшін жағдай жасау және үстеме бағасы жоғары бәсекеге қабілетті тауарлар өндірісне көшу үшін қолайлы жағдай жасау. «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымы толығымен жасалды.

2015 жылдың 1 қаңтарына «Оңтүстік» АЭА 21 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 8-і іске қосылды: «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Oxy Textile» ЖШС, «Шымкент-Кашемир» ЖШС, «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС, «ПК «АГФ групп» ЖШС, «Kazbiolife» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС және «Назар Текстиль» ЖШС. 2013 жылы кәсіпорындармен 1145,0 млн. теңгеге өнім шығарылды, бұл 2012 жылмен (504,6 млн.тг) салыстырғанда 640,4 млн. теңгеге артық өндірілді. 2014 жылы 3600,0 млн. теңгеге өнім шығарылды, 2013 жылмен салыстырғанда 2455,0 млн. теңгеге артық өндірілді.



«Оңтүстік»АЭА инфрақұрылымы жасалды. ҚР Үкіметінің 2007 жылы 28 желтоқсандағы №1331 қаулысымен 2010 жылы жалпы аумағы 337,0 га жер телімінде Шымкент қаласында бұрынғы фосфор зауыты аумағында индустриялық аймақ құрылды. Индустриалды аймақты ашудың мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту, облыс индустриализациясын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын өсуіне ықпал ету.

Жеке кәсіпкерліктің индустриалды аймақ аумағында қолайлы жағдай жасау, инженерлік-коммуникация жартылай жаңартылған. Бұл бағытта «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 4,9 млрд.теңге бөлініп, толығымен игерілді.

«Оңтүстік» индустриалды аймағына жалпы құны 1 439,0 млн.теңгеге инфрақұрылым құрылысының 4-ші кезеңі жүргізілуде.

Индустриялды аймаққа инвестицияларды тарту

«Оңтүстік» индустриалды аймақ аумағында жалпы құны 76,2 млрд.теңгені құрайтын 68 инвестициялық жоба іске асырылуда, 6539 жаңа жұмыс орындарының ашылуы күтілуде. Оның ішінде 23 жоба жалпы құны 51,7 млрд.теңге Өңірлік индустриалды картасына енгізілген, онда 3985 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланған.

«Оңтүстік» индустриалды аймақ аумағында - 31 жоба іске асырылды, 15 млрд.теңгені құрайтын - 2312 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2011 жылы – 8 жоба (6,8 млрд.тг, 811 ж.о.), 2012 жылы – 10 жоба (2,8 млрд.тг.,505 ж.о.), 2013 жылы – 13 жоба (5,4 млрд.тг., 996 ж.о.) 2014 жылы – 14 жоба (4,3 млрд.тг., 988 ж.о.) іске асырылды. 2014 жылы жалпы құны 3,8 млрд.теңгені құрайтын 11 жобаны жүзеге асырылып, онда 866 жұмыс орындары ашылды.

Индустриалды аймақтарды барлық аудан және қалаларда құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда жалпы құны 101,2 млрд. теңгені құрайтын 68 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып, 8000 астам жұмыс орындарын құру күтілуде.

Арнайы экономикалық аймақта және индустриалды аймақта эскпортқа бағытталған, импортты алмастыру мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде үдемелі индустриалды-инновациялық бағытында өз септігін тигізеді. Осы мақсатта тікелей инвестицияларды тарту, отандық және шетелдік инвесторларды ынталандыру механизмдері бойынша кешенді институттық жүйе құрылды. («Шымкент» ӘКК, Инвесторларға қызмет көрсету орталығы, «Шымкент –инновация», Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Максимум» АИО, Техносаябақтар, бизнес инкубаторлар ж т.б.).

2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту шеңберінде облыста сауда-экономикалық байланыстар және шетел мемлекеттерімен бәсекелестікке сай өнімдерді шығару үшін бірлескен кәсіпорындарды ашу және инвестицияларды тарту жұмыстары жүргізілуде.

Индустриалды аймақтарға отандық және шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары жалғасуда және шағын, орта кәсіпкерлік саласын дамыту, қазақстандық қамтуды ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру және салық түсімдерін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- «Шымкент қаласының Индустриялық аумағы Дирекциясы» ГКП-МКМ-мен (мемлекеттік коммуналды мекемесімен) инвесторларға қызмет көрсету мақсатымен инвестициялық орталық құрылды. Орталық инвесторлардың барлық рұқсат беруші құжаттамаларын (экология, сәулет, СЭС, жер комитеті және басқалармен) бір терезе қағидасымен келістіріп отырады.

- «Шымкент қаласының Индустриялық аймағы» Веб-сайты құрылды. Сайт атауы: www.iz-ontustik.gov.kz/
Индустрияландыру картасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасы туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі №302 Жарғысына сәйкес, облыс әкімінің 2010 жылдың 4 шілдесіндегі №27 шешімімен бекітілген өңірлік индустриялизация Картасы әзірленді.



Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Индустрияландыру картасы шеңберінде облысымызда жалпы құны 1,2 трлн.тг. құрайтын және 33 мың жаңа жұмыс орнының ашылуымен 223 жоба жүзеге асырылуда (бүкіл Республикадағы жобалар санының 1/5). Бұл көрсеткіш бойынша облыс өңірлер арасында көш бастап тұр. Жобалардың жартысы ауылдық жерлерде жүзеге асырылуда.

2010-2013 жж. жалпы құны 146,7 млрд. тг. құрайтын 103 жоба іске қосылып (олардың қатарында, 48,3 млрд.тг. ҚР ТЖМ (МЧС РК) «Селге қарсы Көксарай су реттегіші» инфрақұрылымдық жобасына тиесілі), 8873 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде:

–2010 ж. – 7 жоба (33,7 млрд.тг, 1775 ж.о.);

–2011 ж. – 21 жоба (57,3 млрд.тг, 1235 ж.о.);



  • 2012 ж. – 29 жоба (14,7 млрд.тг, 2226 ж.о.);

  • 2013 ж. – 46 жоба (41,0 млрд. тг, 3637 ж.о).

Жалпы инвестиция көлемі 57,4 млрд. тг. құрайтын (ҚР ТЖМ инфрақұрылымдық жобасын есепке алмағанда) 2010-2012 жж. іске қосылған жобалармен 2013 жылы 28,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, оның ішінде, 27,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі шығарылған (өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің 7,8 %). Бес жылдың ішінде жаңа жобалардың есебінен 100 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (2012 ж. – 16,1 млрд.тг., 2013 ж. – 28,1 млрд.тг, 2014 ж. - 57 млрд. тг.)

Индустрияландыру картаның шеңберінде 2014 жылы құны 43,3 млрд. тг. құрайтын 43 жобаны іске қосылып, соның есебінен 3229 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, Индустрияландыру картасының іске қосылған кәсіпорындарымен мемлекеттік бюджетке 1,8 млрд.тг. астам салық төлемдері жасалған (2012 жылы – 1,5 млрд.тг.). 2014 жылы құны 43,3 млрд. тг. құрайтын 43 жобаны іске қосылып, соның есебінен 3229 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Индустриялық-инновациялық дамытудың екінші бесжылдық шеңберінде 2015-2019 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының өңірлік индустрияландыру картасы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №77 қаулысымен бекітіліп, Индустрияландыру картасына 851,2 млрд. теңгенің 104 жоба енгізілді.



Облыс өнеркәсібінің және кәсіпкерліктің дамуындағы негізгі проблемалары:

  • электрқуатының тапшылығы;

  • өндірістік өнеркәсіп өсуі құрамында шикізаттық және қазып шығаратын салалардың басым болуы;

  • өнеркәсіп мекемелерінің төмен дәрежедегі инновациялық белсенділік;

  • облыстағы, әсіресе «дәстүрлі емес» өндірістік аудандарындағы жалпы өнеркәсіптің баяу дамуы;

  • өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорларының жоғары дәрежеде тозығына жетуі (40-80%) сонымен қатар олардың жаңару дәрежесі өте төмен;

  • өңдеу өнеркәсібінің отандық және шетелдік инвестициялар жағынан тартымсыз болуы;

  • мекемелердің өндірісті дамыту үшін жеке қаржысының тапшылығы;

  • отандық өнімнің төмен бәсекелестік дәрежесі және олардың номенклатурасының ауқымды болмауы;

  • көлік шығындарының жоғары болуы;

  • табиғи монополиялар қызметіне тарифтердің жоғары болуы;

  • техникалық мамандықтардың жетіспеушілігі;

  • арнайы экономикалық аймақтар үшін жеңілдіктердің және артықшылықтардың жойылуы.


Инновациялар

Инновациялық-белсенді мекемелер үлесі 2009 жылы - 2,2 % құрады, 2011 жылы - 7 %, 2012 жылы - 5 %, 2013 жылы - 6,4 % құрады, оны 2015 жылға қарай 9,6 % жеткізу жоспарлануда.



Мекемелердің инновациялық белсенділігі

2008 жылмен салыстырғанда инновациялық өнім көлемі 3 есеге өсіп, 4422,5 млн.теңгені құраған, инновациялық сипатта көрсетілген қызметтер – 352,9 млн.теңгені құрады. Технологиялық инновацияларға арналған капиталдық және ағымды шығындар 713,0 млн.теңгені құрады (2008 жылы – 1367,9 млн.теңге). Бұл жағдайда технологиялық инновациялармен байланысты машиналарды және жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындар 46,4 %, жаңа өнімдерді, өндірістік үрдістерді зерттеуге және әзірлеуге – 46,1 % бағытталды. Инновациялық жобаларды инвестициялаудың негізгі үлесі мекемелердің жеке қаржысына түседі – 55,1 %, республикалық бюджетке – 41,0 %, дамыту институттарының қаржысына – 3,7 %, жергілікті бюджетке – 0,2 %.

2009 жылы орындалған ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі 367,0 млн.теңгені құрады, ғылыми-техникалық жұмыстардың жалпы көлемінде негіз қалаушы зерттеулер үлесі – 17,7 %, қолданбалы – 61,9 %, ғылыми-техникалық әзірлемелер – 20,4 %.

2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 2081 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 104 шаруашылық жүргізуші субъектілер технологиялық инновацияларға ие болды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 2009 кәсіпорындарының инновациялық қызметіне статистика-лық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 129 шаруашылық субъектілері инновацияларға ие болды (2012 жылы – 104 кәсіпорын).



2012 жылы инновациялық өнімнің көлемі 22588,7 млн. теңгені құрады, (2009 ж. - 4422,5 млн.тг) инновациялық сипаттағы қызметтер 936,7 млн. теңге көлемінде көрсетілді.

2013 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 46,9 %-ға өсіп, 33177,5 млн. теңгені құрады (2009-4422,5 млн. тг) және одан 37134,9 млн. теңгенің өнімі өткізілді. Өткізілген инновациялық өнімнің ішінен 3591,4 млн. теңгенің өнімі экспортқа шығарылды.

Жүргізілген зерттеулер бойынша өнімдік және үдерістік инновациялар үлесі 2,3 есе өскен, өткен жылмен салыстырғанда 26382,3 млн.теңгені құрады (2012 ж. – 11208,2 млн. теңге). Кәсіпорынның өз қаражаты 10726,4 млн.теңге, жалпы қаражаттың 40,7 % құрайды.

2013 жылы жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша өнімдік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялары бар кәсіпорындардың көпшілігі Шымкент қаласында (67,4 %), Сайрам ауданында (8,5 %) және Түркістан қаласында (7,0 %) істейді.

Инновациялық қызметті белсендіру және технологияларды трансферттеу мақсатында облыс әкімдігінің жанынан «Шымкент инновация» ЖШС 2012 жылы 18 мамырда құрылды. Нәтижесінде облыста жалпы сомасы 527,5 млрд. теңгені құрайтын шетелдік қатысуы бар 46 жаңа инвестициялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылуда.

2013 жылы «Шымкент инновация» ЖШС және ОҚО кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасымен бірге мемлекетке тиесілі гранттар бойынша "Бизнес жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында үш байқау өткізілді.



Инновациялық қызметтің негізгі проблемалары:

  • Инновациялық қызметті дамыту үшін қаржыландыру көздеріне қол жеткізу.

Проблемаларды шешу жолдары:

- Қазіргі таңда, «Шымент инновация» ЖШС қызметін қаржыландыру бойынша, «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» 004 мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде (қызмет көрсету) Астана Innovations» АҚ аналогиясы бойынша «Шымкент инновация» ЖШС қызметін облыс бюджетінен тікелей қаржыландыруды ұсынылды. (Анықтама: Астана Innovations» АҚ аналогиясы бойынша «Шымкент инновация» ЖШС қаржыландыру бойынша Ұлттық даму институттарының және индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесіне «Шымкент инновация» ЖШС енгізу туралы ұсыныс ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовтың атына жолданған (2013 жылдың 13 қыркүйекте №05/73 облыс әкімдігінің хаты)).


1 кесте



Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша индустриализациялаудың республикалық

Карта жобаларының тізбесі




Жобаның атауы

Жобаның өтінім берушісі

Жүзеге асыру мерзімі, жылдары

Пайдалануға беру, жылы

1

2

3

4

5

1

«Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ-да іске қосылған қуаттарды кеңейту және GMP стандарттарына сәйкестеп Астана қаласында фармацевтикалық фабрика салу»

«Химфарм» АҚ

2009-2013

2013

2

«Үшбас пен Герес кен орындарының базасында моноаммоний- және диаммонийфосфатты өндіру»

ЖШС «МК «Казахстанские минеральные ресурсы»» («ҮшГер» АҚ )

2010-2016

2016

3

«Шардара ГЭС-сын модернизациялау»

«Самрук-Энерго» АҚ

2011-2016

2016

4

«Мақтаның сұрыптық ұрығын өндіруге арналған зауытын салу»

«Қазақстан мақтасы» АҚ

2008-2010

2010

5

«Мақта жіп өндірісін ұйымдастыру»

«Oxy-Textile» ЖШС

2008-2010

2010

6

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта тоқыма өндірісін ұйымдастыру»

«Ютекс KZ» АҚ

2007-2016

2016

7

«Мақтақұрамдас шикізаттан ылғал жұтқыш мақта, мақталық целлюлоза және техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін ұйымдастыру»

«Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС

2008-2010

2010

8

«Түйе тауықты өсіретін, оның етін өндіретін және қайта өндіретін тауықкомплексі»

«Ордабасы Құс» ЖШС

2009-2010

2010

2 кесте



Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша индустриализациялаудың республикалық Карта жобаларының тізбесі




Жобаның атауы

Жобаның өтінім берушісі

Жүзеге асыру мерзімі, жылдары

Пайдалануға беру, жылы

1

2

3

4

5

1

«Жоғары санатты жағар материалдарын өндіретін зауытын салу»

«Hill Corporation» ЖШС

2007-2010

2010

2

«Цемент зауыты»

«Стандарт Цемент» ЖШС

2008-2010

2010

3

«Керамогранитті жылына 2,5 млн. м2 қуатымен өндіретін зауыты»

«Азия керамик» ЖШС

2006-2010

2010

4

«Битум зауытын салу»


ТОО «Битум»


2009-2011

2011

5

«Өсімдік май өндірісін ұйымдастыру»

«Бақдәулет» ЖШС

2009-2011

2011

6

«Металлоконструкция (үйлесім) өндірісі»

«Alageum Electric» АҚ

2009-2011

2011

7

«Шошқа бағу, қарқынды жем беру ісін үдету, ет өнімдеріне арналған шошқа етін қайта өндіру өнеркәсіптік технологиясын енгізу арқылы бұрын жұмыс істеген шошқа фермасын жандандыру»


«Племенной комплекс Ордабасы» ЖШС

(«Ордабасы асыл тұқым комплексі» ЖШС)



2009-2011

2011

8

«Өсімдік май өндірісін ұйымдастыру»

«Шардара май-жем комбинаты» ЖШС

2009-2012

2012

9

«Минералды тыңайтқыш өндірісі»

ТОО «Қайнар»

2008-2011

2011

10

«Шымкент қаласында сауда-логистикалық орталығын салу»

«Торгово-логистический центр г.Шымкент» ЖШС

2009-2015

2015

11

«Келес өзенінде орналасатын шағын гидроэлектростансасын салу»

«Келес-гидрострой» ЖШС

2009-2013

2013



Өңіраралық ынтымақтастық

Әлемдік экономикада дағдарыс кезеңінде бүгінгі күндемаңызды міндеттердің бірі, өнеркәсіптің түрлі салаларында дәстүрлі қалыптасқан өндірістік кооперация тізбелерін қалпына келтіру және жаңаларын құру арқылы өңіраралық байланыстарды дамыту болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысы негізінен Республиканың барлық өңірлермен сауда-экономикалық қарым-қатынас орнатқан. Облыспен өңіраралық қарым-қатынастағы белсенді қатысушылары болып Алматы, Астана қалалары және Жамбыл,Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстары болып табылады.

2014 жылы жұмысшылар саны 50 адамнан асатын өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің басқа өңірлерге тасымалданған көлемі 913700,9 млн. теңгені құрады.


Өңіраралық ынтымақтастық жүргізетін, облыс кәсіпорындарының тізімі

1 кесте

Кәсіпорын атауы

Қызмет түрі

Әріптес-өңірдің атауы

«Шымкентцемент» АҚ

цемент

Жамбыл, Қызылордаоблыстары;

Алматы, Тараз қалалары.



«СастобеТехнолоджис» ЖШС

цемент

Атырау, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстаноблыстары;

Алматы, Тараз, Семей қалалары.



«Стандартцемент» ЖШС

цемент

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды,Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

Астана, Алматы қалалары.



«Кентау трансформатор зауыты» АҚ

трансформаторлар

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды,Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

Астана, Алматы қалалары.



«Химфарм» АҚ

дәрілік препараттар

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды,Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

Астана, Алматы қалалары.



«Завод Триумф М.М.С.»ЖШС

ПВХ профильдер

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары;

Астана, Алматы қалалары.



«HILL Corporation» ЖШС

мотор, трансмиссиялықмайлар

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

Астана, Алматы, Көкшетау, Қордай қалалары.



«ЭкоФармИнтернейшнл» ЖШС

бір ретті стерильді вакуумдық түтіктер (57 атауы), бір ретті стерильді екіжақтама инелер (6 түрі)

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

Астана, Алматы қалалары.



«Казмедприбор» ЖШС

медициналық жабдықтар мен жиһаздар

Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

Астана, Алматы қалалары.



«Барыс 2007» ЖШС

макарон өнімдері

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

Астана, Алматы қалалары.



«Ордабасықұс» ЖШС

үндік еті, үндік етінен жасалған шұжық және ысталған өнімдер

Жамбыл, Қарағанды облыстары;

Астана, Алматы қалалары.



«ВИЗИТ» ЖШС

безалкогольсіз сусындар

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары;

Астана, Алматы қалалары.



«Планта» ЖШС

фито шай

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары;

Астана, Алматы, Байқоңыр, Көкшетау, Теміртау, Семей қалалары.



ЖК «Құдайбергенов»

жиһаз, үстелдер

Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары;

Астана, Алматы қалалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет