№ исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы


Білімін тексеру туралы мәліметтер



бет2/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#11529
1   2   3   4

Білімін тексеру туралы мәліметтер
Ол _____________________ біліміне емтихан тапсырды
Негіздеме: 20___ж. __________________________ № ____ хаттама
20___ж. __________________________ дейін жарамды
Басшы _________________________________________________

(ұйым немесе оқу орталығының) (Т.А.Ә.)

М.О.

Ұйымдардың қызметкерлері мен



халықты өрт қауіпсіздігі шараларына

оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі

шараларына оқыту жөніндегі оқу

бағдарламаларының мазмұнына қойылатын

талаптарға

6-қосымша



Өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндіріс санаттарындағы сақтау объектілерінің, өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарға және басшыларға арналған өрт-техникалық минимум

Тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с




Тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер.

2

2

Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылу қауіптілігі, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар.

2

3

Ұйымдағы өрт қауіптілігі.

4

4

Өрт қауіпті жұмыстар жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Негізгі нормативтік құжаттама.

4

5

Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.

2

6

Ұйымдағы өрттен қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер.

2

7

Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері.

3

8

Өрт кезінде қызметкерлердің іс-қимылдары.

2

9

Практикалық сабақ.

3

Жалпы сағат саны

24


1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер
Өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын бұзғаны және (немесе) орындамағаны үшін өрт жауапкершілігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу.

2-тақырып. Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылу қауіптілігі, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар
Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылу-өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық процестерді өрт-жарылу қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Құрылымдарды оттан қорғау тәсілдері.

3-тақырып. Ұйымдағы өрт қауіптілігі
Өндірістің өрт қауіптілігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

Электр тогынан өрт шығу себептері және олардың алдын алу шаралары. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары.



4-тақырып. Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен материалдарды
сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Тұрақты және уақытша отпен байланысты жұмыстар жүргізу бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

Тез тұтатанатын сұйықтықтардың, жанғыш сұйықтықтардың, жанғыш газдың өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтің таратушы қоймаларында тез тұтатанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде тез тұтатанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Тез тұтатанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.



5-тақырып. Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Эвакуациялау жолдары. Эвакуациялау жолдары мен көшіретін шығу жолдарын анықтау. Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Эвакуациялау жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайда эвакуациялау жоспары. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастыру.

6-тақырып. Ұйымдағы өрттен қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер
Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіргіштерді орнату, тактикалық-техникалық сипаттамасы және пайдалану қағидалары.

Сыртқы және ішкі сумен жабдықтау, мақсаты, құрылғысы. Өрт крандары, орналастыру және оларды бақылау. Өрт кезінде қолдану қағидалары.

Автоматты өрт сөндіру және дабыл жүйелерінің мақсаты, қолдану саласы. Өрт дабылы, өрт хабарлағыштары станцияларын жіктеу, негізгі параметрлері. Монтаждау және пайдалану қағидалары. Техникалық қызмет көрсету және жүйелердің жұмыс қабілеттілігін бақылау. Сумен, көбікпен, газбен және ұнтақпен өрт сөндіру жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары, құрылғысы.

Түтіннен қорғау қондырғыларының мақсаты, түрлері, негізгі элементтері. Түтіннен қорғау жүйелеріне қойылатын нормалар мен ережелердің талаптары. Түтіннен қорғау жүйелерін пайдалану және тексеру.


7-тақырып. Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
ұйымдастырушылық негіздері
Өрт-техникалық комиссия. Қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту. Өртке қарсы нұсқаулық және өрт-техникалық минимум. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық. Өртке қарсы іс-шараларды әзірлеу тәртібі. Ұйым қызметкерлерімен практикалық сабақтар. Өртке қарсы насихат. Өрт қауіпсіздігі бұрыштары.

«Өртке қарсы режим» терминінің ұғымы. Объект аумағындағы, жертөле және шатыр үй-жайларындағы өртке қарсы режим, үй-жайларды ұстау.



8-тақырып. Өрт кезінде қызметкерлердің іс-қимылдары
Өрттің дамуының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін от қауіпті және бағалы заттар мен материалдарды сөндіруді ұйымдастыру, адамдарды эвакуациялау. Өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу. Өрттің таралуынан болдырмау шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-қимылдар.

9-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Өрт кранын қолдану бойынша жаттығу. Өрттен қорғау жүйелерімен практикалық түрде таныстыру. Адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығулар.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімдерін тексеру.
Өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндіріс санаттарындағы сақтау объектілерініңжұмысшыларға арналған өрт-техникалық минимум

Тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с




Тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын реглементтейтін негізгі нормативтік құжаттар.

1

2

Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылу қауіптілігі қасиеттері, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар.

1

3

Ұйымдағы өрт қауіптілігі.

1

4

Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

2

5

Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.

1

6

Өртке қарсы жабдықтар және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі

1

7

Өрт кезінде қызметкерлердің іс-қимылдары

2

8

Практикалық сабақ.

3

Жалпы сағат саны

12


1-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын реглементтейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі объектілік нұсқаулықтар, бұйрықтар, ұйым басшысының өкімдері.

2-тақырып. Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылу қауіптілігі қасиеттері, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар
Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылу-өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық үдерістерді өрт, жарылыс қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Конструкцияларды оттан қорғау тәсілдері.

3-тақырып. Ұйымдағы өрт қауіптілігі
Өндірістің өрт қауіптілігін регламетттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

Өрттің электр тогынан шығу себептері және олардың алдын алу шаралары. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары.



4-тақырып. Өрт қауіпті жұмыс жүргізу және заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Тұрақты және уақытша отпен байланысты жұмыстар жүргізу бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

Тез тұтатанатын сұйықтықтардың, жанғыш сұйықтықтардың, жанғыш газдың өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтің таратушы қоймаларында тез тұтатанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде тез тұтатанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Тез тұтатанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.



5-тақырып. Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Эвакуациялау жолдары. Эвакуациялау жолдары мен көшіретін шығу жолдарын анықтау. Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Эвакуациялау жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайда эвакуациялау жоспары. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастыру.
6-тақырып. Өртке қарсы жабдықтар және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі
Өртке қарсы жабдықтарды және мүкәммалдықолдану түрлері және саласы. Мақсаты мен құрлысы. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаттамасы, жұмы істеу тәртібі және олардың орналасу орны. Ішкі өрт сөндіру крандар.
8-тақырып. Өрт кезінде қызметкерлердің іс-қимылдары
Өрттің дамуының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін от қауіпті және бағалы заттар мен материалдарды сөндіруді ұйымдастыру, адамдарды эвакуациялау. Өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу. Өрттің таралуынан болдырмау алу шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-қимылдар.

9-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Өрт кранын қолдану бойынша жаттығу. Өрттен қорғау жүйелерімен практикалық түрде таныстыру. Адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығулар.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімдерін тексеру.
Газбен, электрмен дәнекерлеуу, бензинмен кескіш жұмыстарды орындайтын қызметкерлерге арналған өрт-техникалық минимум

Тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі

1

3

Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары

1

4

Жарылыс, өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері

2

5

Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары

1

6

Өртке қарсы жабдық және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі

1

7

Өрт кезіндегі іс-қимылдар

1

8

Практикалық сабақтар

2

Жалпы сағат саны

10


1-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі объектілік нұсқаулықтар, бұйрықтар, ұйым басшысының өкімдері.

2-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі
Газбен, электрмен дәнекерлеу және қыздыру жұмыстары, металл кесу, желіммен, шайырмен, битуммен, полимермен және өзге де жанғыш материалдармен жұмыс істеу. Оларды жүргізу тәртібі. Жұмыстардың өрт қауіптілігі және олардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

3-тақырып. Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары
Газбен, электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрттің негізгі себептері: жұмыс істеу қағидаларын бұзу, газбен, электрмен дәнекерлеу жабдығының ақаулығы, жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орындарын бақылаудың болмауы. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге дайындау, жүргізу, жұмыс орындарын бақылау, сондай-ақ оларды аяқтау процесінде өрттің алдын алу шаралары.
4-тақырып. Жарылыс, өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері
Тез тұтатанатын сұйықтықтар, жанғыш сұйықтықтар, жанғыш газ босатылған сыйымдылықтарда оларды алдын ала дайындамай, жұмыс істеу кезінде қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу. Жарылыс қауіпті және жарылу, өрт шығу қаупі бар бөлімшелерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі.

5-тақырып. Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары
Жұмыс істеу кезінде қолданылатын газдардың өрт қауіптілігі. Сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондармен жұмыс істеу ерекшеліктері. Кальций карбиді тасымалдау кезіндегі оның қасиеттері, сақтау және қолдану ережесі. Ацетилен генераторы, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Ацетилен аппараттары мен газ баллондарының орналасу орындары, оларды ашық оттан және басқа да жылу көздерінен қорғау. Газ өткізу шлангілерін сынау және тексеру тәртібі. Электрмен дәнекерлеу аппараттары, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы алдын ала жөндеу.Дәнекерлеу аппараттарын іске қосу, кабельдерді қосу. Дәнекерлеу кезінде қолданылатын электродтар, қосқыш құрылғыларға қойылатын талаптар.

6-тақырып. Өртке қарсы жабдық және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі
Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман түрлері және қолданылу саласы. Мақсаты мен құрылғысы. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаты, жұмыс тәртібі және олардың орналасу орны. Сумен жабдықтау көздері. Ішкі өрт крандары.

7-тақырып. Өрт кезіндегі іс-қимылдар
Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіру тәсілдері. Өрттің таралуынан алдын алу шаралары. Эвакуациялау жолдары мен тәртібі, эвакуациялау жоспары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін қызметкерлердің іс-қимылдары (жең желілерін төсеуге көмектесу, материалдық құндылықтарды көшіруге қатысу және өрт сөндіру жетекшісінің өкімі бойынша өзге де жұмыстарды орындау). Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі. Тұрғын үйде өрт шыққан кездегі іс-қимылдар.

8-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Түтін, жану, өрт байқалған кезде іс-қимылдарды машықтау. Ұйымнан эвакуациялау бойынша практикалық сабақтар.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру

Өрт қауіпті жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерлерге арналған
өрт-техникалық минимум

Тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі

1

3

Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары

1

4

Жарылу-өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері

2

5

Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары

1

6

Өртке қарсы жабдық және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі

1

7

Өрт кезіндегі іс-қимылдар

1

8

Практикалық сабақтар

2

Жалпы сағат саны

10


1-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт
қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі объектілік нұсқаулықтар, бұйрықтар, ұйым басшысының өкімдері.

2-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі
Газбен, электрмен дәнекерлеу және қыздыру жұмыстары, металл кесу, желіммен, шайырмен, битуммен, полимермен және өзге де жанғыш материалдармен жұмыс істеу. Оларды жүргізу тәртібі. Жұмыстардың өрт қауіптілігі және олардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

3-тақырып. Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары
Газбен, электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрттің негізгі себептері: жұмыс істеу ережесін бұзу, газбен, электрмен дәнекерлеу жабдығының ақаулығы, жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орындарын бақылаудың болмауы. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге дайындау, жүргізу, жұмыс орындарын бақылау, сондай-ақ оларды аяқтау процесінде өрттің алдын алу шаралары.

4-тақырып. Жарылу-өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері
Тез тұтатанатын сұйықтықтар, жанғыш сұйықтықтар, жанғыш газ босатылған сыйымдылықтарда оларды алдын ала дайындамай, жұмыс істеу кезінде қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу. Жарылыс қауіпті және жарылу, өрт шығу қаупі бар бөлімшелерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі.

Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Министерство внутренних дел
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет