№ исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы



бет4/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#11529
1   2   3   4

3-тақырып. Өрт кезіндегі іс-қимылдар
Өрт өршуінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейінгі іс-қимылдар. Өрт таралуының алдын алу бойынша шаралар. Өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу және олар келгеннен кейінгі іс-қимылдар.

4-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргішті практикалық түрде таныстыру және онымен жұмыс істеу. Өрт кранын қолдану бойынша машықтану.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру

Қайта салынып және реконструкцияланып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларға арналған өрт-техникалық минимум
Тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

1

Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Қайта салынып және реконструкцияланып жатқан объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары

2

3

Қайта салынып және реконструкцияланып жатқан объектілердің өрт қауіпсіздігі шаралары

4

4

Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт кезінде қызметкерлердің әрекеттері

2

5

Практикалық сабақтар

1

Жалпы сағат саны

10


1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты басшылардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.
2-тақырып. Қайта салынып және реконструкцияланып жатқан объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары
Құрылыс объектілеріндегі сипатты өрттердің қысқаша талдауы. Өрт сөндіру профилактикасының негізгі міндеттері. Өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік атқаратын тұлғалардың міндеттері. Қайта салынып және реконструкцияланып жатқан объектілерде, құрылыс алаңдарында және қосалқы қожалықтарда өртке қарсы тәртіпті орнату және ұстау жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралары.

Бөлек құрылыс учаскелерінің, корпус, цехтер, қоймалар, шеберханалардың өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік. Өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларына қызметкерлерді үйрету. Өрт-техникалық комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыру. Олардың міндеттері мен практикалық қызметі туралы қсықаша мәліметтер. Объектіден эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуларды ұйымдастыру.



3-тақырып. Қайта салынып және реконструкцияланып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Ауданның, облыстың құрылыс объектілерінде барынша кең таралған себептерден болған өрттер мен тұтануларды талдау. Электр желілерін, электр жабдығын, электрмен жылыту және электрлі жарық беру құралдарын пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Электрлік асырмалы жүктемелердің, қысқа тұйықталулардың, күрделі ауыспалы қарсылықтардың мәні мен пайда болу себептері. Қыздыру шамдарының өрт қауіптілігі. Электр құрылғыларын қысқа тұйықталу және асырмалы жүктемелерден қорғау шаралары. Автоматты және иілмелі сақтандырғыштар. Жылыту және қыздыру құралдарын, желдеткіш құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен жұмыстар жүргізгенде, ашық отты қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Қайта құрылып және реконструкцияланып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі ерекшеліктері. Құрылыс алаңдарын ұстау (орман материалдарын, ағаш қалдықтарын сақтау тәртібі, уақытша қызметтік, тұрмыстық, қойма, және басқа үй-жайларды орналастыру). Тұрмыстық үй-жайларда, арнайы киім кептіргіштерінде және үй-жайларды кептіруге арналған уақытша пештерді, электр құрылғыларын, жылу генераторларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Құрылыс ағаштарына қойылатын талаптар. Ғимараттарға, құрылыстарға, су көздеріне, өрт сөндіру гидранттары аумақтарын, жолдарын, кіреберістерін ұстау және қатты, сұйық және газ тәрізді отында жұмыс істейтін пештерді, каминдерді, пайдаланғанда өрт сөндіру құралдарына жету, сондай-ақ тезтұтанғыш сұйықтықтармен жұмыс істеу. Эвакуациялау жолдарына өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары.

4-тақырып. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт кезінде қызметкерлердің іс-қимылдары


Өрт сөндіргіштердің мақсаты, құрылысы және әрекет ету принципі. Оларды пайдалану және оларды тұтануды немесе өртті сөндіруде қолдану қағидалары. Ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты, құрылысы, жабдықталуы; оларды пайдалану қағидалары. Өрт сөндіру қалқандары және оларды жарақтандыру. Өрт сөндіру үшін өрт сөндіру құрал-сайманын және қосалқы құралдарды пайдалану қағидалары. Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан ғимараттарды өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Өрт туындаған кезде қызметкерлердің әрекеттері: өрт сөндіру көмегін шақыру, қолда бар құралдармен сөндіру, өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшесін күтіп алу және олармен еріп жүру. Өртеніп жатқан үй-жайлардан адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.

5-тақырып. Практикалық сабақтар
Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.

Сынақ. Өрт-техникалық минимум білімдерін тексеру

Адамдардың жаппай жиналатын объектілердің басшылары мен өрт
қауіпсіздігі үшін жауапты адамдарға арналған өрт-техникалық
минимум
Тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

1

Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Тұрмыстық қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтану, емдік, театралдық ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелерінде, адамдар жаппай жиналатын ғимараттар мен бөлмелерде, базаларда, қоймаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

4

3

Тұрмыстық қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтану, емдік, театралдық ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелердің, адамдар жаппай жиналатын ғимараттар мен бөлмелердің, базалар мен қоймалары бар ұйымдардың ғимараттары мен құрылыстарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары

4

4

Алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт кезіндегі әрекеттер

2

5

Практикалық сабақтар

3

Жалпы сағат саны

14


1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.

2-тақырып. Тұрмыстық қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтану, емдік, театралдық ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелерінде, адамдар жаппай жиналатын ғимараттар мен бөлмелерде, базаларда, қоймаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
Тұрмыстық қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтану, емдік, театралдық ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелеріндегі, адамдар жаппай жиналатын ғимараттар мен бөлмелердегі, базаларда, қоймаларда өрттер мен тұтанулардың негізгі себептерінің қысқаша талдауы. Өндірістік, әкімшілік, қойма және қосалқы үй-жайларында қатаң өртке қарсы режимді орнату және ұстау жөнінде негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар. Ведомстволық бағынысты объектілердің (учаскелердің) өртке қарсы жағдайына жауапкершілік атқаратын лауазымды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктері. Өрт-техникалық комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыру. Қызметкерлерге өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын үйрету. Адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарын, өрт кезінде қызмет көрсету персоналының іс-қимылдары жоспарын және объектідегі (учаскедегі) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты әзірлеу.

3-тақырып. Тұрмыстық қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтану, емдік, театралдық ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелердің, адамдар жаппай жиналатын ғимараттар мен бөлмелердің, базалар мен қоймалары бар ұйымдардың ғимараттары мен құрылыстарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының жалпы талаптары: аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды, жылыту, желдеткіш, түтін жою, сигнализация және өрт сөндіру жүйелерін ұстау. Электр қондырғыларының өрт қауіптілігі. Жөндеу және от жұмыстарын жүргізу кезіндегі өртке қарсы режим.

Азық-түлік тауарларын сату ұйымдарында, азық-түлік қоймалары мен базаларында өрт қауіпсіздігі шаралары. Өрт қауіптілігі бар азық-түлік тауарларының қысқаша өрт сипаттамасы: өсімдік, мал және синтетикалық майлар, спирт арақ өнімдері, шөп, сіріңке және т.б. Сақтау мен сату кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Мұздату қондырғылары мен электр қозғалтқыштары бар тетіктерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары.

Базаларда, қоймаларда, дүкендерде және басқа да өнеркәсіптік тауарларды сату ұйымдарында өрт қауіпсіздігі шаралары. Тезтұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықты, жанғыш газды сақтау мен сату кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары және қысқаша сипаттамасы. Еденге арналған мастика, тұрмыстық химия тауарлары, парфюмерлік өнімдерінің, оқ-дәрілердің, пистондардың және т.б. өрт қауіптілігі. Сауда залдары мен қосалқы үй-жайларда, қоймалар мен базаларда өртке қарсы режим.

Қоғамдық тамақтану ұйымдарында өрт қауіпсіздігі шаралары. Түскі ас залдарында, цехтерде, қоймаларда, қойма, тұрмыстық және қосалқы үй-жайларда өрт қауіпсіздігі шаралары. Дәнекерлеу пештерін, қайнатқыштарды, мұздатқыш қондырғыларды, ас үй плиталары мен жабдықтарын пайдалану кезінде өртке қарсы іс-шаралар. Жаппай іс-шараларды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Аумақтарды, ғимараттарды, гараждарды, шаруашылық құрылыстар мен эвакуациялау жолдарын ұстауға өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары. Жылыту және қыздыру құралдарын, электр қондырғыларын, радио және теледидарларды, сондай-ақ тезтұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықты, жанғыш газды ұсатуда және сақтауда өрт қауіпсіздігі қағидалары. Өртті анықтау, құлақтандыру және сөндіру құралдары.

Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың өрт қауіптілігін анықтайтын негізгі факторлар. Жарылыс туралы түсінік. Тезтұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықты, жанғыш газды сақтау орындарына қойылатын талаптар. Өрт қауіпті сұйықтықтарды қабылдау, беру және пайдалану кезінде, отқа қарсы жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы режимі. Ғимараттардағы өртке қарсы режимі. Эвакуация жоспарларын әзірлеу. Өрт кезінде лифті пайдалану, эвакуация жолдарының мазмұны. Жоғары қабатты ғимараттарда өрт таралуының негізі. Түтіндемейтін баспалдақ торлары.
4-тақырып. Алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт кезіндегі әрекеттер
Өрт сөндіргіштердің мақсаты, құрылысы және қолдану қағидалары. Ұйымдарды, базаларды, қоймаларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Автоматты жүйелер: өрт туралы хабарлау, түтін жою және өрт сөндіру. Ішкі өрт сөндіру крандарының құрылысы мен пайдалану қағидалары. Өрт (тұтану) туындаған кезде қызметкерлердің қолда бар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жасайтын әрекеттері. Өрт сөндіру бөлімшелерін күтіп алу және оларға ілесіп жүру. Адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.

5-тақырып. Практикалық сабақтар
Персоналды эвакуациялауды ұйымдастыру. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімдерін тексеру

Пәтер иелері кооперативтерінің басшылары мен өрт
қауіпсіздігі үшін жауапты адамдарға арналған өрт-техникалық
минимум
Тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

1

Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Тұрғын үйдегі ұйымдастырушылық өртке қарсы іс-шаралар

2

3

Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт туындаған кезде қызметкерлердің, пәтер жалдаушылардың және олардың отбасы мүшелерінің әрекеттері

3

4

Практикалық сабақтар

3

Жалпы сағат саны

9


1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.

2-тақырып. Тұрғын үйдегі ұйымдастырушылық өртке қарсы іс-шаралар
Қоғамдық ғимараттардағы өрттерді қысқаша шолу. Тұрғын секторларында болған барынша сипатты өрттердің үлгілері. Оларды талдау, себептері. Мекеме басшыларының өрт қауіпсіздігі шараларын жүзеге асыру жөніндегі міндеттері. Өртке қарсы режимді орнату жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралар.

3-тақырып. Алғашқы өрт сөндіру құралдары, автоматты өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру қондырғылары. Өрт кезіндегі әрекеттер және өртке қарсы қызметті шақырту.
Алғашқы өрт сөндіру құралдары және тұтану кезінде оларды пайдалану. Автоматты өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру қондырғылары. Көмір қышқылды, ұнтақты және аэрозоль өрт сөндіргіштердің мақсаты мен жұмыс істеу принципі. Ішкі өрт сөндіру крандарының мақсаты мен пайдалану қағидалары. Өрт сөндіруде алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру құрал-саймандарын қолдану. Мекемелерді өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Өрт кезінде қызметкерлердің әрекеттері. Өрт сөндіру бөлімшелерін шақырту, оларды қарсы алу және оларға ілесіп бару. Қабаттылығы жоғары ғимараттардан эвакуациялауды жүргізу тәртібі. Қалын түтін басқан жағдайдағы әрекеттер. Үрей жағдайдың алдын алу жөніндегі әрекеттер. Өрт кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.

4-тақырып. Практикалық сабақ
Персоналды эвакуациялау жөніндегі оқу-жаттығуларды ұйымдастыру. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.
Сынақ. Өрт-техникалық минимум білімдерін тексеру.
Результаты согласования
08.9.2015: Иманкулов Р. Ю. (Иманкулов Р. Ю.) - - cогласовано без замечаний


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет