№ исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы



бет1/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#11529
  1   2   3   4



№ исх: 39-6-06/1547-И/ВН от: 07.09.2015


Қазақстан Республикасы 
Төтенше жағдайлар министрінің
2015 жылғы «___» _______
№ бұйрығымен    
бекітілген

Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту
жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар


  1. Жалпы ереже

1. Осы Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленген және ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібін және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Өрт қауіпсіздігі шараларына оқытудан:

1) жұмыспен қамтылмаған халық;

2) жұмыспен қамтылған халық өтеді.


  1. Жұмыспен қамтылмаған халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту

3. Жұмыспен қамтылмаған халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту:

1) оқу кезінде «Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздік негіздері» курсы шеңберінде тиісті бағдарламалар бойынша жалпы білім беру мекемелерінде, ал «Тіршілік әрекеттері қауіпсіздігі» бағдарламасы бойынша арнайы орта және жоғары оқу орындарында сабақтар өткізуді;

2) өрт-техникалық орталық базасында дәрістер, әңгімелесулер, оқу фильмдерін қарау, тақырыптық кештер, саяхаттар, жалпы білім беру мекемелерінде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқудан тыс кезде конкурстар, өртке қарсы тақырыпта сұрақ-жауаптар өткізуді;

3) жарылыс, өрт қауіпті заттар мен материалдарды қолдануға, үй-жайларда адамдар жаппай болатын мәдени және спорттық іс-шаралар өткізуге байланысты сабақтар басталмас бұрын өртке қарсы нұсқаулықты;

4) мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің халықпен әңгімелесулер, дәрістер өткізуді, оқу фильмдерін қарауды;

5) халықты тұрғылықты жері бойынша оқулар мен жаттығуларға қатысу үшін тартуды;

6) мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында ақпаратты, қоғамдық орындарда, теледидар және радиоарналарында әлеуметтік жарнаманы орналастыруды;

7) қоғамдық орындарда, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде билбордтарды, баннерлерді орнатуды, бейне және аудио сөз сөйлеулерді көрсетуді қамтиды.

4. Халықты оқыту кезінде жылдың мезгілі мен ауа райының жағдайларына байланысты өрт қауіптілігінің өзгеруі ескеріледі.

5. Күзгі-қысқы кезеңде оқу жылыту және жылу беру қондырғылары мен электр құралдарын пайдалану мәселелері бойынша жүргізіледі.

6. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жыл сайын жылу беру маусымы алдында елді мекендерде өрт қауіпсіздігі айлығын жүргізеді.

7. Көктемгі кезеңде халықпен қоқысты, қалдықтарды және бос ыдысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы әңгімелесулер мен нұсқаулықтар жүргізеді.

8. Жазғы кезеңде орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі талаптары туралы нұсқаулықтар жүргізіледі.


3.Ұйымдардың қызметкерлерін оқыту және өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар
     9. Ұйымдарда жұмыс істейтін халықты оқыту өртке қарсы нұсқаулық және өрт-техникалық минимум түрінде жүзеге асырылады.

10. Ұйымдарда өртке қарсы нұсқаулық қызметкерлерге өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын жеткізу, өндірістер мен жабдықтың технологиялық процестерінің өрт қауіптілігін, өртке қарсы қорғау құралдарын, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда олардың әрекет етуін зерделеу мақсатында жүргізіледі.

11. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық және сабақтар көрнекі құралдармен (қағидалар, нұсқаулықтар, плакаттар, өрт сөндіру құралдарының макеттері) жабдықталған үй-жайда өткізіледі.

12. Өртке қарсы нұсқаулықты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Өртке қарсы нұсқаулықтың үлгілік бағдарламасы бойынша (бұдан әрі - Бағдарлама) ұйым басшысы немесе өрт қауіпсіздігіне жауапты адам жүргізеді.

Өртке қарсы нұсқаулықты жүргізу кезінде ұйым қызметінің ерекшелігі ескеріледі.

13. Өртке қарсы нұсқаулық ұйымның қызметкерлерін:


     1) аумақты, ғимараттарды (құрылыстарды) және үй-жайларды, оның ішінде эвакуациялық жолдарды, сыртқы және ішкі су құбырын, өрт туралы хабарлау жүйелерін ұстау қағидаларымен және адамдарды эвакуациялау жөніндегі іс-шаралармен;

2) өндірістер мен объектілердің технологиялық процестерінің өрт қауіптілігі ерекшелігі негізінде өрт қауіпсіздігі талаптарымен;

3) ғимараттарды (құрылыстарды), жабдықты пайдалану, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралармен;

4) ашық отты пайдалану және отпен байланысты жұмыстарды жүргізу қағидаларымен;

5) қызметкерлердің өрт кезіндегі міндеттерімен және іс-қимылдарымен;

6) өрт сөндіру құралдарын және өрт автоматикасы қондырғыларын қолдану қағидаларымен таныстыруды қамтиды.

14. Сипаты және өткізу уақыты бойынша өртке қарсы нұсқаулық: кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты болып бөлінеді.

15. Кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты өртке қарсы нұсқаулықтарды, Өрт-техникалық минимумды жүргізу бағдарламалары ұйым басшысының бұйрығымен (өкімімен) бекітіледі.

16. Кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс, мақсатты өртке қарсы нұсқаулықтарды жүргізу және қызметкерді жұмысқа жіберу туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтарын жүргізуді есепке алу журналына жазылады.

17. Кіріспе өртке қарсы нұсқаулық:

1) біліміне, кәсібі (лауазымы) бойынша жұмыс өтіліне қарамастан, жаңадан қабылданған барлық қызметкерлермен;

2) уақытша және маусымдық қызметкерлермен;

3) өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқытылатындармен және студенттермен жүргізіледі.

18. Кіріспе өртке қарсы нұсқаулық техникалық регламенттердің, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптарын ескере отырып әзірленген бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Кіріспе өртке қарсы нұсқаулық көрнекілік құралдармен жабдықталған (қағидалар, нұсақаулықтар, плакаттар, өрт сөндіру құралдарының макеттері) үй-жайларда жүргізіледі.

19. Кіріспе өртке қарсы нұсқаулық ұйымда белгіленген өртке қарсы режимді сақтаудың қызметкер алған дағдысы мен білімін тексерумен, өрт шыққан кездегі іс-қимылдарды практикалық жаттығумен және өрт сөндіру құралдары мен өртке қарсы қорғаныс жүйелерін білуін тексерумен аяқталады.

20. Кіріспе нұсқаулықтан өтпеген адамдар қызметтік міндеттерін атқаруға жіберілмейді.

21. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулық өндірістік объектілерде, сақтау және сауда объектілерінде, сондай-ақ адамдар жаппай болатын объектілерінде тікелей жұмыс орнында жүзеге асырылады.

22. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулық:

1) барлық жаңадан қабылданған қызметкерлермен;

2) бір бөлімшеден басқасына ауысқан қызметкерлерімен;

3) ауысқан жағдайда, олар үшін жаңа жұмысты атқаратын қызметкерлермен, іссапарға жіберілген, уақытша қызметкерлермен;

4) маусымдық қызметкерлермен;

5) ұйым аумағында құрылыс-монтаждау және басқа да жұмысты орындайтын құрылыс саласының мамандарымен;

6) өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқытылатындармен және студенттермен жүргізіледі.

23. Алғашқы өртке қарсы нұсқаулық алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануды, өрт шыққан кездегі іс-қимылдарды, эвакуациялау қағидаларын, зардап шеккендерге көмек көрсетуді практикалық көрсетіп және дадылануын пысықтап, әрбір қызметкермен жеке-жеке жүргізіледі, сондай-ақ біртекті жабдыққа қызмет көрсететін адамдар тобымен және жалпы жұмыс орнының шегінде жүргізіледі.

24. Қайта өртке қарсы нұсқаулық ұйым басшысы бекіткен сабақтарды өткізудің кестесіне сәйкес мынадай кезеңділікпен жылына кемінде 1 рет жүргізіледі:

1) білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау объектілерде – жарты жылда кемінде бір рет;

2) өндірістік объектілерде, сақтау және сауда объектілерінде, адамдар көп жиналатын объектілерде – жылына бір рет;

3) адамдар көп жиналатын объектілерге жатпайтын қоғамдық ғимараттарда – 2 жылда бір рет.

25. Қайта өртке қарсы нұсқаулықты жеке немесе жалпы жұмыс орнының шегінде біртекті жабдыққа қызмет көрсететін адамдар тобы жүргізеді.

26. Қайта өртке қарсы нұсқаулық барысында өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды, нормаларды және нұсқаулықтарды білуі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі, эвакуациялау жолдарын, өрт туралы хабарлау жүйелерін және адамдарды эвакуациялау жөніндегі іс шараларды білуі тексеріледі.

27. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулық:

1) өндірістің технологиялық процесін өзгеру, жабдықты, құралдарды, негізгі шикізатты, материалдарды ауыстыру немесе жаңғырту кезінде;

2) ұйым қызметкерлері өрттің шығуына әкелген немесе әкелуі мүмкін өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған кезде;

3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау лауазымды адамдары ұйымға өрт-техникалық тексеру барысында ұйымдардың қызметкерлерінің жеткіліксіз білімін анықтағанда олардың ұйғарымы бойынша (тексеру нәтижелері туралы акт) өрт қауіпсіздігі шараларын қосымша зерделеу үшін;

4) ұқсас өндірістерде, ғимараттар мен құрылыстарда шыққан өрттер туралы ақпараттық материалдар келіп түскен кезде;

5) ұйымдардың қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттанарлықсыз білу фактілері анықталған кезде жүргізіледі.

28. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулық жекеше немесе жалпы жұмыс орынында бірқилы құрал-жабдықтармен қызмет көрсететін бір топ қызметкерлермен жүргізіледі. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаулықтың мазмұны әрбір нақты жағдайда оны өткізудің қажеттілігінен туындаған себептер мен жағдайларға байланысты анықталады.

29. Мақсатты өртке қарсы нұсқаулық:

1) жоғары өрт қауіптілігімен және басқа да отты жұмыстармен (ашық отты пайдаланатын, ұшқын түзетін, газ-ауа, бу-ауа және тозаң-ауа қоспаларының, өзге де жанғыш заттардың (электрмен және газбен дәнекерлеу, бензокесу, дәнекерлеу шамдарын, факелдерді, шілтерлерді пайдаланатын жұмыстар, битум қайнату және жылу мен ұшқын шығаратын басқа да жұмыстар) тұтануы (өздігінен тұтануы) мүмкін температураға дейін жабдықты, аспапты, материалдарды қыздыратын жұмыспен) байланысты бір реттік жұмыстарды орындау кезінде;

2) төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде;

3) рұқсат-наряд рәсімделетін жұмыстарды жүргізу кезінде, жарылыс қауіпті өндірістерде отты жұмыстарды жүргізу кезінде;

4) ұйымдар мен өндірістерде экскурсиялар жүргізу кезінде;

5) адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға дайындық кезінде жүргізіледі.

30. Жұмыс орнындағы нұсқаулықтар қызметкерлердің ұйымдарда алған белгіленген өртке қарсы сақтау дағдылары мен білімдерін тексеру, өрт туындаған кездегі іс-қимылдарға практикалық машықтануы және өрт сөндіру құралдарын және өртке қарсы қорғау жүйесін білулерін тексеру арқылы аяқталады.

31. Қанағаттандырарлықсыз білімін көрсеткен адамдар өздігінен жұмысқа шығуына жол берілмейді және қайта нұсқаулық өтеді.

32. өрт қауіпсіздігі саласындағы, өртке қарсы режим, ұйымның технологиялық процесі мен өндірісінің өрт қауіптілігі, сондай-ақ ұйымда өрт шыққан кезде өрттің алдын алу, өрт кезінде адамдардың өмірін, денсаулығын және мүлкін сақтау бойынша практикалық дағдыларды машықтандыруға мүмкіндік беретін тәсілдер мен іс-қимылдар бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білу көлемінде өрт-техникалық минимумге міндетті түрде оқытуға тізімі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген адамдар жатады.

33. Қызмет бағытына қарамастан, ұйымдардың басшылары, мамандары мен қызметкерлері өрт-техникалық минимумын оқыту жұмысқа қабылдағаннан кейін бір ай ішінде және кейіннен соңғы оқытудан өткен күнінен бастап 3 жылда кемінде бір рет, сондай-ақ жарылыс-өрт қауіптілігі бойынша өндіріспен байланысты ұйымдардың басшысы, мамандары мен қызметкерлері 1 жылда кемінде бір рет өткізіледі.

34. Әзірленіп бекітілген өрт-техникалық минимумы бағдарламасы бойынша өндірістен қол үзіп және өндірістен қол үзбей оқыту ұйымдастырады.

35. Оқу орталықтарында өндірістен қол үзіп өрт-техникалық минимумын оқытудан:

1) басшылар және өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдар;

2) өндірістік объектілер мен А, Б, В жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндіріс санаттарындағы сақтау объектілерінің, адамдар жаппай болатын объектілердің қызметкерлері;

3) газбен, электрмен дәнекерлеу, бензинмен жұмыс істейтін, қыздыру шамдарымен, шырақтармен, күйдіргіштермен, битуммен жұмыс істейтін және жылу бөлетін әрі ұшқын шашатын жұмыстарды жүргізетін қызметкерлер;

4) басшының шешімімен өзге санаттағы жұмысшылар өтеді.

36. Өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқытуды тікелей ұйымда оқу орталықтарында оқудан өткен, ұйым басшысы немесе өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.

37. Өрт-техникалық минимумын оқыту аяқталғаннан кейін кемінде үш адамнан құрылған біліктілік комиссиясы өрт қауіпсіздігі талаптарын білуін тексеру жүргізеді, комиссия құрамын ұйым және оқу орталықтарының басшысы белгілейді.

38. Өндірістен қол үзу арқылы оқудан өткен қызметкерлердің білімін тексеруді жүзеге асыратын біліктілік комиссиясының құрамына азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор енгізіледі.

39. Емтихан соңында сынақтың және (немесе) ауызша емтиханның нәтижелері бойынша құрастырылған хаттама біліктілік комиссиясының құрамымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қойылады.

40. Емтиханды ойдағыдай тапсырған адамдарға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым және оқу орталықтарының басшысы қол қойылған өрт-техникалық минимум көлемінде өрт қауіпсіздігі саласында білімдерді тексеру бойынша біліктілік куәлігі беріледі.

41. Емтихан тапсыра алмаған адам біліктілік емтиханның нәтижесі бойынша эмтиханнан өтпеген адам деп танылып, сол күннен бастап, бір айдан кешіктірмей қайта тапсыра алады. Қайта тексеруге дейін қызметкер дербес жұмыстарға жіберілмейді.

42. Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқыту бағдарламасы кәсіби қызмет ерекшелігін, лауазымы бойынша міндеттерді атқару ерекшеліктерін және салалық құжаттардың ережелерін ескере отырып, оқытылатындардың әр санаты үшін жасалады. Өрт-техникалық минимуміне оқыту сағатының санын атқарылатын жұмыс сипатына байланысты ұйым және оқу орталықтарының басшысы белгілейді және осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген сағат санынан кем болмауы тиіс.

Ұйымдардың қызметкерлері мен  
халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі
шараларына оқыту жөніндегі оқу 
бағдарламаларының мазмұнына  
қойылатын талаптарға     
1-қосымша

Өртке қарсы нұсқаулықтың үлгілік бағдарламасы
1. Өрт және жарылыс қауіптілігі жағдайлары бойынша ұйымның (өндірістің) ерекшелігі мен өзгешіліктері туралы жалпы мәліметтер.

2. Қызметкерлердің міндеттері және олардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаулары үшін жауапкершілігі.

3. Ұйымдағы өртке қарсы режиммен таныстыру.

4. Өртке қарсы режимді сақтау жөніндегі бұйрықтармен, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтармен таныстыру.

5. Өрттің алдын алу және оны сөндіру бойынша жалпы шаралар:

құрылымдық бөлімшелердің, цехтердің, учаскелердің басшылары үшін (гидранттар мен ішкі өрт крандарын тексеру және сынау, өрт сөндіргіштерді, автоматты өрт сөндіру және дабыл құралдарын зарядтау мерзімдері, цех немесе учаске персоналын алғашқы нұсқаулықтан өткізу бағдарламасымен таныстыру, жеке және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б.);

қызметкерлер үшін (жану немесе өрт кезіндегі іс-әрекеттер, өрт туралы өрт сөндіру бөліміне және тікелей басшыға хабарлау, жануды немесе сөндіру тәсілдері мен құралдары, жеке және ұжымдық қауіпсіздік шаралары, объектіде белгіленген өртке қарсы режимді білу және сақтау).

6. Алғашқы өрт сөндіру құралдары, гидранттары, су қоры мен құм, көшіру жолдары мен шығу жолдары орналасқан орындармен танысу (көшіру жоспарына сәйкес). Тиісті үй-жайлар мен аумақтарды аралау.

7. Қолданылатын шикізаттың, материалдардың және дайындалатын өнімнің өрт қауіпті қасиеттері. Технологиялық үдерістің өрт қауіптілігі.

8. Өрт сөндіргіштердің түрлері және оларды өрттің сыныбына (жанғыш заттың түріне, жабдықтың ерекшелігіне) байланысты қолдану.

9. Электр қондырғылары мен өндірістік жабдықты сөндіру кезіндегі талаптар. Өрт кезінде және көшіру жолында қою түтіндеген кезде нұсқаулықтан өтушінің жүріс-тұрысы мен іс-қимылы.

10. Өрт туралы хабарлау тәсілдері. Өрт шыққан кезде жеке қауіпсіздік шаралары. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері.

11. Практикалық сабақ.

Ұйымдардың қызметкерлері мен  


халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі
шараларына оқыту жөніндегі   
оқу бағдарламаларының мазмұнына
қойылатын талаптарға    
2-қосымша

(нысан)


(ұйымның атауы)

Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізуді есепке алу


№ ___журналы
Журналды жүргізуді бастаған күні 20__ ж. «___» _____

Журнал жүргізуді аяқтаған күні 20__ ж. «___» _______


(ішкі жағы)


№ р/с

Нұсқаулықты өткізген күні

Нұсқаулықтан өтушінің аты-жөні (туған жылы)

Нұсқаулықтан өтушінің лауазымы (кәсібі)

Нұсқау лық түрі

Нұсқаулық берушінің Т.А.Ә.

Нұсқаулық берушінің лауазы

мы


Нұсқаулықтан өтушінің қолы

Нұсқаулық берушінің қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  

    Ескертпе:

     - өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтарды өткізуді есепке алу журналы нұсқаулықтардың барлық түрлеріне немесе ұйым басшысының шешімі бойынша нұсқаулықтың әр түрі үшін бөлек ресімделеді;

- егер бұйрық бойынша нұсқаулықтарды өткізуге ұйымның немесе объектінің бір қызметкері жауапты болса, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасымен бірге бір журналда өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардың барлық түрлерін өткізуге жол беріледі.


Ұйымдардың қызметкерлері мен 


халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларына және өрт  
қауіпсіздігі шараларына оқыту
жөніндегі оқу бағдарламаларының
мазмұнына қойылатын талаптарға
3-қосымша

Өрт-техникалық минимумге міндетті оқытылатын
қызметкерлер тізбесі
1. Басшылар және өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдар.

2. Өндірістік объектілер мен А, Б, В жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндіріс санаттарындағы сақтау объектілерінің, адамдар жаппай жиналатын объектілердің қызметкерлері.

3.Дәнекерлеу шамдарын, шырақтарды, күйдіргіштерді пайдалану арқылы газбен, электрмен дәнекерлеу, бензинмен кескіш жұмыстарын, битумды дәнекерлеуді және жылу бөлетін әрі ұшқын шашатын жұмыстарды жүргізетін қызметкерлер.

4. Өрт қауіпті жұмыстарды (желіммен, мастикалармен, битуммен, полимерлермен және өзге де жанғыш заттар мен материалдармен; газбен дәнекерлеу жұмыстары, электр дәнекерлеу жұмыстары, металл кесу, дәнекерлеу жұмыстары және басқа да өрт қауіпті жұмыстар) жүзеге асыратын қызметкерлер.

5. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері.

6. Мектепке дейінгі, жалпы білім беру, техникалық және кәсіби білім беру, жоғары оқу орындарының педагогикалық қызметкерлері.

7. Электриктер.

8. Жеке меншік күзет ұйымдарының күзетшілерінен басқа, ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын қызметкерлер.

9. Автожанармай құю станцияларының қызметкерлері.

10. Басшының шешімі бойынша қызметкерлердің өзге де санаттары.


Ұйымдардың қызметкерлері мен  


халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі
шараларына оқыту жөніндегі  
оқу бағдарламаларының мазмұнына
қойылатын талаптарға   
4-қосымша
Өрт-техникалық минимумы көлемінде өрт қауіпсіздігі бойынша
білімдерді тексеру жөніндегі біліктілік комиссиясы отырысының
№ ___ хаттамасы

____________________________________________


(ұйымның толық атауы)

____________________________________20__ ж. «___» _____


№ ___ бұйрығына (өкіміне) сәйкес біліктілік комиссиясы мынадай құрамда:
төраға _________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

мүшелері:


1. __________________________________________________________________

           (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)


2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
20__ ж. «___» _____ өрт-техникалық минимумы көлемінде өрт
қауіпсіздігі бойынша емтихан қабылдап, мынадай нәтижелерді анықтады:


р/с



Оқытудан өтушінің Т.А.Ә.

Лауазымы

Ұйым (цех, учаске)

Оқыту себебі

Білімдерді тексеру жөніндегі белгі (өтті, өтпеді)

Қолы















Комиссия төрағасы ___________________________________________________
                  (Т.А.Ә.)

Комиссия мүшелері:


1. __________________________________________________________________

(Т.А.Ә.)
2. __________________________________________________________________


3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
М.О. 20__ ж. «___» _____

Ұйымдардың қызметкерлері мен 


халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларына және өрт  
қауіпсіздігі шараларына оқыту
жөніндегі оқу бағдарламаларының
мазмұнына қойылатын талаптарға
5-қосымша
Мұқаба
Өрт-техникалық минимум көлемінде
өрт қауіпсіздігі саласында білімдерді тексеру бойынша
біліктілік куәлігі

(ішкі беті, сол жағы)


_______________________________________
(ұйымның толық атауы)
Өрт-техникалық минимум бойынша
№ ___ біліктілік куәлігі


Берілді ___________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)


Лауазымы ________________________________________
Жұмыс орны ____________________________________








Түрлі түсті сурет

(3x4)







(ішкі беті, оң жағы және келесі беттері)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет