«№ жалпы білім беретін мектеп» кмм-сі химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері



бет1/4
Дата28.11.2023
өлшемі29,43 Kb.
#194015
  1   2   3   4
Байланысты:
Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелер1


«№ жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі


ХИМИЯ КАБИНЕТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2021-2022 жж

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері
1.Лабараторияда және кабинетте тек химия пәнәнің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек.
2.Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып,ондағы қолданатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
3.Химиялық лаборатория мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның,көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім отты сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т.б.тұрған жерін дәл біліп алу керек.
4.Кез-келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп,қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тағып алғаны дұрыс.Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де,қажет болуы мүмкін.
5.Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып керек.
6.Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап алған жөн.
7.Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды.Егер газ күйіндегі заттың иесін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек.
8.Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды.Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
9.Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды.Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.
10.Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алындар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек..
Конец формы
Начало формы
Кіріспе
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия -эксперименттік ғылым. Сондықтан, мектеп қабырғасынан оқушыны техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, қарапайым тәжіриебелер жасауға үйрету, зертханалық құрал-жабдықтарды қолдана білу икемділігін қалыптастыру – жалпы білім беретін орта мектептерде химияны оқыту үрдісінде оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың бір бөлігі болып табылады. Осы талаптарды жүзеге асыруда химия сабақтарында сарамандық және зертханалық жұмыстарды әр оқушы өзі жеке орындап, мәнін түсіндіре алатын деңгейде жүйелі әрі тиімді етіп ұйымдастырудың маңызы зор. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, білімді жүйелі де түсінікті жолмен берудің негізі оқу-тәрбие үрдісін технологияландыруда жатыр. Осы бағытта химия сабақтарында оқушылар сарамандық жұмыс пен зертханалық тәжірибе жасау үшін ең бірінші қауіпсіздік ережелерін, оны қалай қолдану керек екенін білу болып табылады. Ұсынылып отырған әдістемелік құралда химия пәнінің қауіпсіздік ережелері мен талаптары, химия бөлмесі, лаборант бөлмесіне қойылатын талаптар, химиялық заттардың сипаттамалары және оқушылардың қауіпсіздік ережесін меңгеруге арналған тест пен танысқаны туралы мәліметтер берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет