«№ жалпы білім беретін мектеп» кмм-сі химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері


Жеңіл тұтанатын затпен жұыс істеу (ІҮ нұсқа)



бет3/4
Дата28.11.2023
өлшемі29,43 Kb.
#194015
1   2   3   4
Байланысты:
Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелер1

Жеңіл тұтанатын затпен жұыс істеу (ІҮ нұсқа)
1. Жеңіл тұтанатын затпен жұмыс істегенде, спиртшам мен электроқыздырғышты өшіріп қою керек.
2. Спиртшамды жанып тұрғанда ашық тастап кетуге болмайды, қақпағын жабу арқылы өшіріледі.
3. Электроқыздырғыштан өрт шыққан жағдайда өрт сөндіргіш заттар: құм, от алмайтын маталар.
Тартпа шкаф астында жұмыс істегенде есте сақтайтын ережелер (Ү нұсқа)
1. Улы затпен жұмыс істегенде тәжірибе тартпа шкафы астында жүргізіледі.
3. Жұмыс басталарда тартпа шкафын іске қос.
3. Тәжірибені жасап болған соң тартпа шкафын істен алуды ұмытпа.
Газ жанарғысымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері (ІҮ нұсқа)
1. Газ жанарғысын жағу үшін жанған шырпыны жаңарғының тесігіне апарып, шүмегін жайлап ашындар.
2. Газ жанғанда жалының шалқуы байқалса, шүмекті тез жабыңдар, газ жаңарғысы салқындаған соң ауа реттегішті жауып, жанарғыны қайта жағындар.
3. Жұмыс аяқталған соң газ шүмегінің жабылғанын тексеруді ұмытпаңдар.
4. Бөлмеде газ иісі сезілсе, сіріңке жағуға болмайды, газдың иісі туралы мұғалімге хабарлау керек.

Қауіпсіздік ережесін меңгеруге арналған тест
1. Егер химия кабинетінде бір нәрсе жана қалса, ең бірінші не істер едіңіз?
А. Кабинеттен жылдам жүгіріп шығу. Ә. Өртті сөндіруге тырысу.
Б. Оқытушының нұсқауын күту.
2. Сабақ барысында оқушы өзінде ыңғайсыздық байқаса не істеу керек?
А.Оқытушыға немесе лаборантқа хабарлау.
Ә.Кабинеттегі көршілеріне ескертіп, дәрігерге көріну.
Б. Сабақтың бітуін күтіп ауруханаға бару.
3. Сабаққа қоңырау болғанға дейін оқушылар химия кабинетінде бола ала ма?
А. Оқушы немесе лаборант кабинетте болса.
Ә.Оның болуға рұхсаты болса.
Б.Кабинетке тек қоңыраудан кейін кіруге болады.
4. Зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындау кезінде оқушылар халатты киюге міндетті ме?
А. Міндетті
Ә. Егер жұмысты орындауға күйдіргіш сұйықтар қолданса.
Б. Оқытушының рұхсатымен.
5. Егер сіз химиямен әуестеніп жүрген болсаңыз, кабинеттен үйге реактивтерді алуға бола ма?
А. Мұғалімнің рұхсаты болса болады.
Ә. Қатаң тыйым салынған.
Б. Ата -ананың жазбаша ұсынысы бойынша.
6. 220В тоқтың әсерінде болудың адам өміріне қауіпсіз уақыт ұзақтығы:
А. 30 сек. дейін Ә. 5 сек. дейін Б. 1 сек. көп болмау
7. Аспаптың жұмысында ақаулық көрсе, оқушы алдымен не істеу керек?
А. Экспиеримент біткен соң оқытушыға айту.
Ә. Ақаулықты жөңдей алса, жөндеу.
Б. Экспериментті тоқтатып, оқытушыға айту.
8. Қыздыру алдында сынауыққа сұйықты қандай биіктікке дейін толтыру қажет?
А. 1/3 Ә. 1 /2 Б. 3/4
9. Теріге күйдіргіш сұйықтар тигенде не істеу кажет ?
А.Тамшыны сілкілеп түсіру Ә.Теріні сумен жуу Б. Бейтараптандырушы сұйықпен өңдеу.
10. Егер күйдіргіш сұйық оқушының денесіне, көзіне немесе киіміне тисе, ең алдымен ол не істеу керек?
А. Көзді ағынды сумен жуу. Ә.Теріні сумен жуу Б.Оқытушыға хабар беру
11. Қанды қандай жолмен тоқтатқан жөн.
А. Жараны қолмен басу Ә. Қолды бинттеу Б. Қан тамырын басып ұстау
12. Электір аспаптарды неліктен ылғалды қолмен ұстауға болмайды
А. Олар қолдан тайып түсуі мүмкін.
Ә. Терінің электр өткізгіштігі ұлғайып, тоқ соғуынан.
Б. Аспапта дақ қалуы мүмкін.
13 Күкірт қышқылының ертіндісін дайындау кезенде қышқылды суға құю қажет.
А. Қышқыл тамшылары шашырамау үшін
Ә.Қышқыл судан аз болатындықтан
Б. Суды қышқылға құюға болады.
14. Оқушының үстіндегі халат жанып кетсе не істеу керек?
А. Өртке төзімді мата алу Ә. Адамға су шашу. Б. Халатты жұлып алу.
15. Өртттің қандай түрін көбікті өрт сөндіргішпен сөндіруге болмайды?
А. ЖБС- ашық ыдыста жанып тұрғанда.
Ә. Тоққа қосулы электр аспаптар.
Б. Бөлме ішіндегі өртті.
Тест кілті:
1. Б 6.А 11.Б
2.А 7.Б 12. Ә
3.А 8.А 13. А
4. А 9.Б 14 Б
5.Ә 10.Б 15. Б



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет