1.Зоология тарихынан қысқаша мәліметтер. 2. Жануарлар әлемінің жүйесі. 3.Саркодалылардың түрлері (амеба, бақалшақты амебалар) 4.Бақалшақты амебалардың және фораминифералардың құрылысы, систематикасы. Т Талшықтылардың құрылысы. Жасыл эвглена, вольвокс, трипаносома.
Зоология - (көне грекше: ζῷον „жануар“ көне грекше: λόγος – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, қалыптасуы мен дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы. Зоологияның анатомия, гистология, физиология, зоогеография, жүйелендіру, палеозоология және филогенетика тәрізді көптеген салалары бар.Жануарлар туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі Қытай, Үндістан, т.б. елдерде жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен, зоология ғылым ретінде алғаш Ежелгі Грекияда дамыған және ол Аристотель (б.з.б. 384–322) есімімен тығыз байланысты. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа бөлді. Зоологияның дамуына 16 ғасырдың аяғы – 17 ғасырдың басында ойлап табылған микроскоптың маңызы зор болды. Оны ойлап тапқан голландия ғалымы А.Левенгук (1632–1723) алғаш рет жануарлардың қан түйірлері мен қан капиллярларын сипаттап жазды. Левенгуктың басты жаңалығы – микроскоп арқылы су тамшыларын зерттеп, оның құрамында қарапайым жәндіктердің тіршілік ететінін ашуы болды. 17 ғасырдың аяғы және 18 ғасырдың басында жануарлар жүйеленімінің негізін ағылшын табиғат зерттеушісі Д.Рей жасады. Ол өзінің «Жануарларға жүйеленімдік шолу» (1693) атты кітабында жануарларды сыртқы белгілеріне қарай жіктеді. Мысалы, сүтқоректілерді ол екі топқа: саусақты сүтқоректілер және тұяқты жануарлар деп бөлген.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор және алуан түрлі. Олардың бірқатары пайдалы жануарлар болып табылады. Азықтүлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізат өнімдерін: ет, май, CYT, тері, жүн, бал, балауыз, жібек, мүйіз, бақалшақ және т. б. береді. Жануарлардың пайдасы мұнымен бітпейді. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдатушылар, топырақ түзушілер, басқа жануарларға азықтық қорлары мен органикалық заттардың ыдыратушылары болып келеді.
Қазіргі кезде жануарлар дүниесін мынадай 23 типке бөледі.
1. Саркомастигофора типі – Sarcomastigophora
2. Споралылар типі - Sporozoa
3. Книдоспоридиялар типі – Cnidosporidia
4. Микроспоридиялар типі – Microsporidia
5. Кірпікшелілер немесе Инфузориялар типі - Сіііорһога
6. Тақталылар типі - Placozoa
7. Губкалар типі - Spongia
8. Ішекқуыстылар типі - Coelenterata
9. Ескектілер типі - Ctenophora
10. Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes
11. Немертиналар типі - Nemertini
12. Жүмыр құрттар типі - Nemathelminthe
13. Скребнилер типі - Acanthocephales
14. Буылтық құрттар типі - Annelida
15. Буынаяқтылар типі - Arthropoda
16. Онихофоралар типі - Опусһорһога
17. Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі - Mollusca
18. Қармалауыштылар типі - Tentaculata
19. Тікентерілілер типі - Echinodermata
20. Погонофоралар типі – Pogonophora
21. Қылтанжақтылар типі - Chaetognatha
22. Жартылай хордалылар типі - Hemichordata
23. Хордалылар типі - Chordata
Жануарлар типтерін даму ерекшеліктеріне, денесінің құрылым айырмашылығына, зерттеу әдістеріне қарай екі бөлімге бөледі. Бірінші типтен бастап 23-ші типке дейінгі - омыртқасыз жануарлар, ал 23-ші хордалылар типі - омыртқалы жануарлар.
Саркодиналар — 10 000-нан аса түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда, ылғалды топырақтарда жиі кездеседі.
Адамның және жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Барлық өкілдері жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары арқылы қозғалады.
Саркодиналар
Саркодиналар үш класс тармағына бөлінеді: тамыраяқтылар - Rhizopoda, сәулетәрізділер - Radiolaria, күнтәрізділер - Heliozoa.