119
ғы айтылды. Бұл еңбекте тек туа біт-
кен қасиеттердің
мәні жоққа шыға-
рылған жоқ, сонымен қатар жеке тұл-
ғаның өзінің сенімі, ұстанымы және
қатынастары жоққа шығарылды. 30-
жылдардың өзінде бихевиоризм идея-
сының өміршеңдігі, оның мәнділігі
бірте-бірте шайқала бастады. Амери-
када кезекті
экономикалық тоқырау
басталды, жаппай жұмыссыздық, ха-
лықтың жағдайы одан әрі нашарлай
түсті.
Көрнекті америка психологі Роберт
Вудвортс функционалдық психоло-
гияның
негізін салушылардың бірі
(1869-1962) болды. Ол бихевиорис-
тердің ұсынған «стимул – реакция»
үлгісін жоққа шығарып, оның құра-
мына аралық буын – ағза мен ұста-
нымды енгізді, түрткі
туралы ілім-
ді талдады. Сонымен, Б. қатты сынға
алынып, мінез-құлық психология-
сының реформасы басталды. Ол ре-
форманы Эвард Толмен жене Кларк
Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал
жаңа бағыт «необихевиоризм» деп
аталды. Олардың айтуынша, психоло-
гиядан дәстүрлі ұғымдарды: образ,
түрткі және т.б. шығарып тастау мүм-
кін емес, олар реакция мен стимул-
дың арасында тұрады деді. Сонымен
Б. барлық өз тарихының барысында
психологияны
мінез-құлық ағзасы
туралы жаратылыстану ғылымына ай-
налдыру ұранымен шұғылданды.
Б. және необихевиоризмнің барлық
нұсқаларының негізгі кемшілігі –
олардың әдіснамалық негізі позити-
визм және адам механикалық фило-
софиясы. Бірақ, нәтиже көрсеткендей,
осы екі әдіснамалық ұстаным негіз-
сіз болды.
БИЯзЫЛЫҚ
–
адамның сыртқы
ортамен байланыс жасайтын қарым-
қатынастарының ішіндегі сыпайы-
гершілік, әдептілік жиынтығы. Жа-
ғымды мінез бітістерінің бір сипаты.
Әлеуметте белгілі нормалар мен адам-
гершілік принциптерін орындауға
бейімділік. Б.
адамға қажет қасиет,
сезімталдық мөлшерінің негізгі бел-
гілерінің бірі. Ұлы ақын Абай «Жү-
ректен қозғайтын, әдептен озбайтын»
деп, биязылықтың нормасын сақ-
тауды адамдық парыз санаған. Б. –
мәдениеттіліктің белгісі. Игі әдет,
оның
әдет-ғұрыпқа айналуы бия-
зылықты қалыптастырады. Б. әлеу-
меттік ортаның талабына бейімделу-
ге жетелейтін тұлғаның қасиеті.
Достарыңызбен бөлісу: