Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет176/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ДУЛА
ДУЛА


169
алу, болашақты болжау қасиеттерін 
меңзей келіп, карапайым адамдар-
ды жамандықтан, жеңілтектіктен, 
жалақорлықтан, суайттықтан, т.б. ке-
леңсіз қасиеттерден сақтандырады.
Ол «тек жеке бастың пайдасын ой-
лау, сайып келгенде, адамды жаман-
дық пен бақытсыздыққа душар ете-
ді», – дейді. Ел ішінде жақсы адам-
дармен қатар жауыздар мен қаскөй-
лердің кездесетінін еске салады. Яғ-
ни үнемі қатар жүретін жақсылық 
пен жауыздықтың шайқасында түп-
тің түбінде әділдіктің жеңетініне кү-
мән келтірмейді.
Мұхаммед Хайдар Дулати жақсы 
өнеге қоғамдағы адамдардың бір-бі-
рімен қарым-қатынасы арқылы олар-
да жақсы адамгершілік қасиеттердің 
қалыптасуына жәрдемдесетінін, діни 
талапқа негізделе жүргізілген тәлім-
тәрбиелік шаралар ғана адамдарды 
имандылыққа алып келетінін айта-
ды. Оның ойынша, адам өзі басқа-
рып отырған елдің әдет-ғұрпын, салт-
сана, жөн-жоралғасын сақтай білме-
се, бұл оны қолайсыздыққа душар 
етеді; ал ел арасындағы достық, жол-
дастық, іскерлік, бауырмалдық, туыс-
қандық қасиеттердің болуы адамдар-
ды ынтымақ пен бірлікке, бірлесіп 
өмір сүруге, ылғи да бейбітшілік сая-
сатты ұстануға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған шарттардың бә-
рі де кезінде Мұхаммед Хайдар Ду-
латидің өз басында болғаны даусыз. 
Оның ел ішінде талас-тартысты, дау-
дамайды болдырмағаны, мәселені
көз жұмбайлыққа салып асығыс ше-
шуден бойын аулақ ұстағаны байқа-
лады. Дулатидің ел басқарудағы тап-
қырлығы халықтың салт-дәстүрін, 
әдет-ғұрпын сақтап, шариғатты қас-
терлеуіне байланысты екендігі хақ. 
Адам жанының нәзік білгірі Мұхам-
мед Хайдар Дулати тұлға қасиеттері 
туралы да сындарлы пікірлер айтып 
кеткен. Адамның психологиялық 
ерекшеліктері, нақты ілім-білімнің 
сан саласына орай айтқан келелі тұ-
жырымдары тыңдаушысын өзіне бау-
рап алары сөзсіз. Ол сондай-ақ, қа-
зақтың ұлттық психологиялық атау-
ларын жасауға да көңіл бөлген. Мә-
селен, аталған еңбектерде «Қылық», 
«Аңсар», «Таза ой», «Оңтай», «Қиял», 
«Шыдамдылық», «Ұшқыр сөз», 
«Амал» т.б. психологиялық мәнді тер-
миндер кездеседі. Олардың кейбірі 
осы кезге дейін қазақ психология-
сында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет