Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет172/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ДОСТ
ДУЛА


165
сы жоралғысы не деп сұраса, онда
Сізді меймандостықпен құрметке 
бөлеуді айтқан болар едім».
Мұхаммед Хайдар Дулати сол кезде-
рі құрыла бастаған Қазақ хандығы-
ның күш-қуатын ерен тұлғалардың, 
аса қабілетті басшылардың қадір-
қасиеттеріне қарай таразылайды. 
Оның ойынша, білікті ел басшысы –
мемлекет күштілігінің тұтқасы. Ав-
тор осындай ерен тұлға қатарына 
Қасым ханды жатқызып, «Қасым 
салған қасқа жол» деген ұлағатты 
сөздің мән-мағынасын түсіндіреді. 
Қасым хан билік құрған кезде Қазақ 
хандығы өзінің саяси-әлеуметтік қуа-
тымен бүкіл Еуропа жұртына мәлім 
болғаны белгілі. Хандықтың тер-
риториясы батыста Сырдарияның 
оңтүстік жағалауынан басталып, оң-
түстік-батысы Түркістанға дейін же-
тіп, оңтүстік-шығыста Жетісудың 
солтүстік бөлігіндегі таулы алқаптар-
ды қамтыған. Хандық халқының са-
ны бір миллионнан асып, орыс князі 
Василий III бірінші болып онымен 
дипломатиялык байланыс орнатқан. 
Қасым хандық құрған кезде ел басқа-
ру ісінде қолданылатын әдет-ғұрып 
заңдарының ережелері жасалды. Бұл 
заңда көтерілген мәселелер: 1) жер,
мал-мүлікті иемдену мәселесі; 2) ұр-
лық, кісі өлтіру, талау, шабу, ойран 
салған кісілерді жазалау тәртібі; 3) әс-
кери заң (қосын жасау, аламандық 
міндет, ер-азамат құны); 4) елшілік 
мәселесі (халықаралық қатынастағы 
әдептілік, сыпайылық, шешендік 
өнер); 5) жұртшылық заңы (түлен 
тарту, ас, той, мереке үстінде қол-
данысқа түсетін ережелер, жасауыл, 
тұтқауылдардың міндеті). Қасым 
салған қасқа жолдың заңдары ешбір 
өзгеріссіз XVII ғасырға жетіп, Есім 
ханның (1595-1693) кезінде ол «Есім 
салған ескі жолға» жалғасты.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ел ба-
сының психологиясы жайлы айт-
қандарына қысқаша талдау жасайық. 
Орта ғасырда Шығыс Аристотелі
атанған Әбу Насыр әл-Фараби ел-
басының бойында 18 қасиет болу ке-
ректігін айтқан. Осы іспеттес тұжы-
рымға 5 ғасырдан кейін Мұхаммед 
Хайдар Дулати да оралыпты. Оның 
пікірінше, ел басқару – қыры мен сы-
ры мол, ерекше өнер. Басшы – қа-
жырлы, салиқалы, терең ақыл-пара-
сатты, зерек те зерделі, әрдайым ел 
тыныштығын, халық қамын ойлай-
тын ерен тұлға. Басшының сарқыл-
мас ерік-жігері, нәтижелі іс-әрекеті 
оның ақыл-ой парасатымен ерекше 
ұштасады. Оның бес аспаптылығы, 
адам жанын жазбай танитын абзал 
қасиеті ылғи да көзге түсіп, жұрт кө-
ңілінен шығып тұрады. Басшы адам 
өзге көрмегенді көре алады. Онда 
өзін елге беделді ететін небір тамаша 
қадір-қасиет мол. Ол өзінің жайсаң
мінезділігімен, батылдығымен ерек-
шеленеді, бүкіл өмірін халық тағды-
рына бағыштап, осы мақсатына же-
ту жолында бұлтартпайтын шешім 
қабылдап отырады. Осындай қасиет-
тері бар адамның іс-әрекеті қылыш 
пен садақтың оғынан әлдеқайда асып 
түседі.
Тіршіліктің сан қилы талабынан туын-
дайтын өзекті мәселелерге ерекше
мән беріп, ол жөнінде жұртпен кеңе-
сіп, олардың көзқарасын ой таразы-
сына салып, керектісін алып, келең-
сізінің ауаға жайылып кетпеуін, қы-
ңыр, қырсық адамдардың пікірінен 
ел ішінде алауыздық пен араздық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет