Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет168/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ДОМИ
ДОНД


161
тығын арқылы түтік өткізеді. Түтіктің 
ыдыс ішіндегі ұшына резеңке қал-
ташаны немесе құрбақа, т.б. өкпесін 
жалғайды. Түтікті шишаның ішіне 
салып тығындап, жоғарғы, сырттағы 
ұшын ашық қалдырады. Осыдан 
кейін шишаның резеңкеден жасаған 
түбін төмен не жоғары созса, түтік 
ұшындағы өкпе немесе резеңке қал-
тадағы ауаның толғаны немесе шыға-
рылғаны байқалады. Бұл өкпе жұмы-
сының қызметін көрсетеді.
ДОСМҰХАМЕДОВ ХАЛЕЛ (1883-
1939) 
– Ол қазіргі Атырау (бұрынғы 
Гурьев) облысы, Қызылқоға ауда-
нында дүниеге келген. Алдымен ауыл 
молдасынан хат таниды, кейіннен 
жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқи-
ды. Одан соң Орал қаласындағы
училищеге оқуға түседі. Оны үздік 
бітірген соң Петербургтегі Әскери-
медициналық академияда оқиды, оны 
алтын медальмен бітіріп шығады.
Академияда Х.Досмұхамедов дүние 
жүзі физиологтарының ақсақалы, шарт-
ты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің 
авторы, академик И.П.Павловтың 
лекцияларын тыңдайды. Кейінірек 
ұлы ғалымның дәрісін тыңдаған 
екінші қазақ зиялысы – профессор 
С.Асфендияров еді.
Сол жылдары Ресейде болған бур-
жуазиялық-демократиялық төңкеріс-
ті өз көзімен көріп, оның мәнісін тү-
сіне бастауы Халелдің идеялық жа-
ғынан шыңдала түсуіне зор ықпал
етеді. Патшалық империяның қа-
зақ халқын аяусыз қанап, тонап отыр-
ғанына оның көзі жете бастайды. 1909
жылы Академияны бітірген соң әуе-
лі Пермь губерниясына, кейіннен 22 –
Орал қазақ-орыс атқыштар батальон-
да әскери кіші дәрігер болып қыз-
мет істейді.
1917 жылдан бастап Алашорда өкі-
метінің басшылық жұмысына белсе-
не араласады. Оның Қазан төңкері-
сіне дейiнгі осы іс-әрекетін бетіне 
шіркеу қылып, есімін атамай келге-
німіз белгілі. Алайда, оның ісі Рес-
публика Жоғарғы сотының 1958 жыл-
ғы ақпанындағы шешімімен қайта қа-
ралып, толық ақталды. Кеңес өкіметі 
жылдарында ол халық ағарту инсти-
тутында оқытушы, Орта Азия универ-
ситетінде ординатор қызметін атқа-
рады, ал 1924 жылы Ресей акаде-
миясының Орталық өлкетану бюро-
сының корреспондент-мүшесі болып 
сайланады.
1926 жылы Қазақ педагогика инсти-
тутының проректоры, кейіннен пе-
дология кафедрасының меңгерушісі,
профессор қызметін (1929) атқара 
жүріп, бұған қоса Қазақ АССР Ден-
саулық сақтау халық комиссариа-
тында жоспарлау-ұйымдастыру бас-
қармасының меңгерушісі болып іс-
тейді. Сол жылдары ұлттық мектеп-
тердің жаңа жүйесін құруға, қазақ 
тіліндегі ғылыми терминология жа-
сау ісіне, ұлт тілінде журнал шыға-
руға белсене кіріседі. Тарих, әдебиет, 
тіл ғылымдарына қатысты іргелі про-
блемалармен («Қазақ халық әдебие-
ті», «Қазақ-қырғыз тіліндегі син-
гармонизм заңы», «Кенесары – Нау-
рызбай», «Тайманұлы Исатайдың 
қозғалысы туралы қысқаша мағлұ-
мат», т.б.) айналысады. Осы жылда-
ры оның қаламынан «Адамның тән 
тірлігі» (1927), «Сүйектілер туралы» 
(1928), «Жануарлар» (1928) атты 
еңбектер туындайды. Х.Досмұхамедов 
еңбектерінде психологияның жеке-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет