Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет178/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ДУЛА
ДУЛА


171
лік барлығын сезіп, өз жолына түссе 
ғана көзге көрінеді... Жақсы суретші 
адамның сыртқы түрін айнытпай сала 
білсе, жақсы жазушы да адамның іш-
кі сырын, мінезін, әдетін бұлжыт-
пай көрсете біледі, оқығанын да кө-
ріп тұрғандай боласың...».
Халқымыз егемендік пен тәуелсіз-
дікке ие болып жатқан кезде жас 
өрендерді жерге шырылдап түскен
кезден есейіп, есі кіріп болғанға де-
йінгі аралықта ана тілінің уызына
жарытып қана қоймай, олардың ұлт-
тық рухпен, дәстүр-салт, әдет-ғұрып-
тан мейлінше сусындауына ерекше 
көңіл аударуымыз қажет. Бұл жөнін-
де ол мектепке зор міндет жүктеле-
тіні жәйлі жеріне жеткізе айтқан: 
«Бастауыш мектепте алған тәрбие-
нің, – деп жазды ол, – әсерлі, күшті, 
сіңімды болуы, қай халықтың мек-
тебінде болса да, оқу кітаптары ана 
тілімен, өз ұлтының тұрмысынан 
һәм табиғаттан жазылып, баяндап 
оқытудың асыл мақсатына муафик 
үйретуден, осылай біліп баяндап 
оқытқанда, балқыған жас баланың 
ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы 
сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, кере-
кті мағлұмат алып шығады. Мұндай 
балалар бастауыш мектепті бітiр-
геннен кейін қай жұрттың мектеп, 
медресесінде оқыса да, қай жұрттың 
арасында жүрсе де сүйегіне сіңген
ұлт рухы жасымайды. Қайда болса 
да, тіршілігінде қандай ауырлық өз-
герістер көрсе де, ұлт ұлы болып қа-
лады. Оқудағы мақсат жалғыз құр-
ғақ білім үйрету емес, біліммен бір-
ге жақсы тәрбиені қоса беру...»
М.Дулатовтың психология ғылымы-
ның оқу-тәрбие процесінде алатын
орны жайлы айтқандары осы айтыл-
ғандармен шектелмейді. Бұлар арна-
улы зерттеуді қажет етеді.
ДІН ПСИХОЛОГИЯСЫ 
– діни 
сананың ерекшеліктеріне, құрылы-
мы мен функцияларына негіз бола-
тын психологиялық және әлеумет-
тік-психологиялық факторларды 
зерттейтін психологая ғылымының 
саласы. Д.п. XIX ғасырдың аяғында –
XX ғасырдың басында пайда болды 
және діни сананың құдай (рух), жұ-
мақ, тозақ, күнә және т.б. ұғымдар-
ды қамтитын мазмұны туралы, сон-
дай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және 
басқа да парыздарды атқару кезін-
дегі адамның эмоциялық күйі мен 
сезімдері туралы едәуір материал
жинақталды. Д.п-да әртүрлі теория-
лық-әдістемелік тұрғаларға негіздел-
ген бірнеше ағым бар. Қазіргі Д.п. 
жалпы және әлеуметтік психология-
ның, әлеуметтанудың, этнография 
мен дін тарихының теориялық ере-
желері мен әдістемелерін пайдала-
нады. Д.п-ның заңдылықтарын, да-
муы мен өз функцияларын атқа-
руын зерттеу мына бағыттарда жүр-
гізіледі: 1) Д.п.-ның жалпы теория-
сы діни сананың мазмұны мен құ-
рылымын, діни сезімдерге тән сипат-
ты ерекшеліктерді, тұлға мен қо-
ғамның рухани өміріндегі діннің пси-
хологиялық функцияларын зерт-
тейді; 2) дифференциалдық психо-
логия нақты әлеуметтік орта мен 
тарихи дәуірді ескере отырып, дін ұс-
танатындардың діни сана-сезімі мен
сезімдерін қарастырады; 3) діни 
топтардың психологиясы діни қа-
уымдастықтардың әлеуметтік-пси-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет