Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет181/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ЕЛЕС
ЕЛЕС


174
кес бейнелер жасау. Кеңістіктік Е. 
сызбаларды зерделеу және т.б. жағдай-
да қолданылады. Тұлғаның даму 
деңгейі көбіне оның құрылымында 
елестетудің қай түрі басым болуына 
байланысты. Егер жасөспірім жет-
кіншекте нақты әлеуметтік маңызы 
бар қарекетке жүзеге асатын шығар-
машылық Е. құрғақ қиялдардан ба-
сым болса, тұлғаның неғұрлым жо-
ғары деңгейде дамуын көрсетеді. 
Баланың елестетуі оның қарекетінің 
әр алуан түрлерінде қалыптасады. 
Мектепке дейінгі балалық кезең бо-
йынша баланың елестетуі сыртқы ті-
ректі (ең алдымен, ойыншықты) ке-
рексінетін қарекеттен өз алдына іш-
кі қарекетке біртіндеп ауысады да, 
қарапайым сөздік (ертегі, тақпақ шы-
ғару) және бейнелеу (сурет) шығар-
машылығын жүзеге асыруға мүмкін-
дік береді.
Е. сөйлеуді меңгерумен байланысты. 
Демек, үлкендермен қарым-қатынас 
процесінде дамиды. Сөйлесу балалар-
ға өз тәжірибесінде ешқашан болма-
ған заттарды елестетуіне мүмкіндік 
береді. Баланың сөйлесуіндегі кінә-
раттар, кешеуілдеу елестетуінің да-
муына әсер етіп, оны азайтады. Мек-
тепке дейінгі жаста елестету қоғам-
дық тәжірибені меңгерудің ең ма-
ңызды шарттарының бірі болып та-
былады. Ересек адамның Е. арқылы 
айналадағы дүниені игеруіне себеп-
теседі. Оқу процесінде балалардың 
елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріле-
ді. Баланы оқуға, жазуға анық, дәл 
елестерсіз үйрету мүмкін емес. Елес-
тер қабылдаудың негізінде қалыпта-
сып отырады. Оқушы өзі байқап отыр-
ған нәрсенің кейін қажет болатынды-
ғын сезінетін болса, оның елесі де тия-
нақты қалыптасады. Мектеп жасына 
дейінгі балалардың елестерін дамы-
тып отыру олардың оқу әрекетіне 
дайындалуының негізгі шарты екен-
дігі ата-аналардың естерінде болуы 
тиіс.
ЕЛЖАНДЫЛЫҚ 
– тарихи тамыры
терең әлеуметтік, саяси, психология-
лық құбылыс. Ол ұлттардың ара-
сындағы демократиялық дүниета-
нымға, адамгершілікке, бөтенді жатыр-
қамайтын қазақы ұлттық менталитет 
пен дәстүрге негізделген. Қазақ же-
рін барлық ұлттардың шынайы Ота-
нына айналдыру, тілін, дінін дамы-
тып, өркениет жолына салатын идео-
логия мен саясат.
ЕЛІГУ
– бұл түрткілердің әлде де 
аңғарылмаған айқын емес, бұлдыр 
түрі. Нақты көзқарасы тұрақсыз, сенімі 
жоқ адамдар осындай жағдайға жиі
тап болады. Яғни олар кез келген 
нәрсеге еліге кетіп, соған имандай се-
ніп жүреді. Сондықтан да елігу адам-
ның тұлғалық қасиеттерінің келеңсіз 
түрлерінің бірі болып есептеледі.
ЕЛІКТЕУ 
(лат. 
imitatio – 
еліктеу) –
басқалардың мінез-құлқын өзіне кө-
шіру процесі. Е. ерікті және еріксіз 
болуы мүмкін. Өз әрекетін басқаның 
үлгісімен модельдеуге тырысу. Бұл 
терминді «мимикрия» терминінен 
ажырата білу керек. Бұл термин, сон-
дай-ақ имитациялық әрекет механи-
калық түрде орындалады деп түсін-
діріледі. Бұлай сипаттау қате. Мыс., 
бала анасының әрекетіне немесе 
топтағы құрбыларымен ойнаудағы 
өзара әрекет тәсілдеріне тек еліктеп 
қана қоймайды, мұндағы мінез-құ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет